Онтогенез – организмдердің жеке дамуы.

0
4186
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

 

Сабақ: Биология Мектеп: Н.Гоголь атындағы орта мектебі
Күні: 24.11.2017ж Мұғалімнің аты-жөні: Туганбаева Карлыгаш Лесбаевна
Сынып: 9 «Ә» Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Онтогенез – организмдердің жеке дамуы.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.1.1-онтогенез маңызын түсіндіру

9.1.1.2- онтогенез – организмдердің жеке дамуы туралы түсінік қалыптастыру

Бағалау критерийлері
  • Организмнің эмбриондық дамуын зерттеген ғалымдарды біледі
  • Онтогенездің даму,тарихын,маңызын талдайды.
  • Онтогенездің түрлерін анықтайды,ажыратады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады:
  • Онтогенездің даму,тарихын,маңызын біледі, оны сипаттайды
  • Онтогенездің түрлерін анықтайды,ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
  • Организмнің эмбриондық дамуын зерттеген ғалымдарды біледі
  • Онтогенездің даму,тарихын,маңызын талдайды.

Онтогенездің түрлерін анықтайды,ажыратады.

Кейбір оқушылар орындай алады:
Организмнің эмбриондық дамуын зерттеген ғалымдарды біледі; бластула, гаструла, нейрула дамуын қарастырады, онтогенез – организмдердің жеке дамуы баға береді.
Тілдік мақсат Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Онтогенез туралы не білесіздер?

Эмбриология ғылымы қаншалықты маңызды екенін айта аласыз ба?

Құндылықтарды дарыту Бірлескен оқу арқылы оқушыларды ынтымақтастық,шығармашылық қабілеті дамиды.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану,география,қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта,электронды оқулық,ғаламтор
Бастапқы білім Онтогенез туралы біледі
Жоспар
Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

Сабақтың ортасы

15 мин

Сабақтың аяғы

5 мин

Үй тапсырмасын сұрауда «Тікелей сұрақтар», тест. Тұсаукесерде «Миға шабуыл»; Жаңа сабақты меңгеруде ресурстармен жұмыс, постер қорғау; Бекітуде сәйкесін тап, логикалық сұрақ.Бағалау

Бағдаршам,смайлик,басбармақ,бағалау парағы, табыс критерийлері. Табыс критерийлері:

1. Эмбриология ғылымының дамуы туралы білемін.

2. Онтогенездің бластула ,гаструла,нейрула сатысын білемін.

3. Онтогенездің маңызын білемін.

Табыс критерийлері:

Бағалау саласы Егер сұрақты ашпасаңыз 0-ді,толығымен ашылса 5-ті айналдыра сызыңыз Жалпы баға

Үй тапсырмасын тексеру

тест.

0 1 2 3 4 5
Жоғары,төмен сұрақтар 0 1 2 3 4 5
Слайд жасау 0 1 2 3 4 5
Бластула ,гаструла,нейрула туралы постер әдісі кезіндегі белсенділігі 0 1 2 3 4 5
Сәйкесін тап 0 1 2 3 4 5
Жалпы баға

5-20,25

4-16

3-13

Сыныппен амандасу. Топқа бөлу (3 топ)

Үй тапсырмасын тексеру: «Тікелей сұрақтар»

1.Қосарланып ұрықтану қандай ағзаларға тән?

3. Қосарланып ұрықтану дегеніміз не? Зигота қалай түзіледі?

4.Қосарлану процесін кім ашты?

5.Эндоспрем қалай түзіледі?

Суретпен жұмыс

6.Қосарланып ұрықтануды суретті пайдаланып түсіндір

7. Сызбанұсқа арқылы аталық және аналық жыныс жасушасының дамуын түсіндір

8.Мейоз дегеніміз не?

9.Профазаны сипатта?

10.Метафазыны сипатта?

11Анафазаны сипатта?

12.Телофазаға сипаттама бер?

Тест.

1.Жасуша бөліну типінің қайсысы хромасомалар санының азаюымен байланысты?

А)митоз және мейоз

Б) митоз және амитоз

С)митоз

Д)мейоз

Е)эндомитоз

2. Жасушаның бөлінуінің қанша жолы бар?

А)4

Б)3

С)2

Д)5

Е)7

3. Тірі ағзалардың өзінен кейін ұрпақ қалдыруы?

А)өсу

Б)даму

С)тітіркену

Д)қозғалу

Е)көбею

4. Жасушаның бөлінуге дайындық кезеңі қайсы?

А) интерфаза

Б) профаза

С) кариокенез

Д) цитокенез

Е)телофаза

5. Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтану үдерісін ашқан ғалым?

А) К.Тимиразиев

Б) Роберт Гук

С) Ә.Жандеркин

Д) Н.Навашин

Е) Ж.Пристли

6. Митоздың қайсы сатысында хромасомалар экваторлық жазықтыққа тартылады?

А) профаза

Б) интерфаза

С) метофаза

Д)анафаза

Е)телофаза

7. Біржасушалылардың бөліну жолы

А)митоз

Б)мейоз

С)амитоз

Д)митоз және мейоз

Е)эндомитоз

1-с,2-б,3-е,4-а,5-д.6-с,7-а.

Миға шабуыл әдісі арқылы оқушыларға онтогенез туралы бейнекөрніс көрсетіледі.

Не түсіндіңіз? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Сабақта 1- оқушы онтогенез туралы дайындаған слайд көрсетіледі.

Термин сөздерге түсінік беру

сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула),

құстарда, бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула,

қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады.

Кері байланыс

Тапсырманың дискрипторы:

Ақпаратты анықтайды,есіне сақтайды.

Ресурс таратамын. Берілген мәліметтерді оқи отырып, топта талдайды әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша постермен жұмыстанып қорғайды.

1 топ: Бластула сатысы

2 топ: Гаструла сатысы

3топ: Нейрула сатысы.

«Эстафета әдісі» мәтінмен жұмыс

Алдымен өз бетімен,кейін топта талқылайды.

Кері байланыс

Тапсырманың дискрипторы:

Мәтін мазмұнын меңгереді.

Cәйкесін тап:

1-топ

1. Ұрықтың дамуы 1. Бластула
2. Ұрықтанудан кейін зигота дамуының алғашқы сатысы 2.Эмбриогенез
3. Ұрық дамуының екінші сатысы 3. Нейрула
4. Тірі ағзаның туу мерзімінен өлуіне дейінгі жеке дамуы 5. Онтогенез
6. Гаструладағы жасушаның ішкі қабаты 6. Мезодерма
7. Гаструладағы жасушаның аралық немесе ортаңғы ұрық жапырақшасы 7. Эктодерма
8. Ұрық дамуының үшінші сатысы бұнда жүйке түтігі қалыптасады 8. Энтодерма
9. Омыртқасыз жәндіктер қалай дамиды 9. Түрленіп (метаморфоз

Жауабы: 1-2; 2-1; 3-4; 4-5; 5-7; 6-8; 7- 6 8-3; 9-9;

2-топ

Логикалық сұрақ:Құрлықта өмір сүретін балық омыртқалы жанурлардың эмбрионалды даму сатысында ұрықтарында желбезек саңылаулары бар. Бұл нені дәлелдейді?

Жауабы; Эволюция процесінде құрлықтағы омыртқалы жануарлардың шыққан тегі суда тіршілік еткен балықтар екендігін дәлелдейді.

Бластула;3,6,7,8,10.

Гаструла;4,5,9.

Нейрула;2,11,12.

Зигота;1

Кері байланыс

Тапсырманың дескрипторы:

Сәкестігін табады,логикалық сұраққа жауап береді, кестені толтырыды.

Үй тапсырмасы: Онтогенез – организмдердің жеке дамуы, реферат

Оқушыларды мадақтап, қолпаштап отырамын. Бағалау парақтарына қойған балл бойынша бағаланады.

Оқулық

Ресурстар таратамын

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ