«Орманда болған оқиға» атты балабақшаға арналған ашық сабақ

0
3589
Дене шынықтыру

ТАҚЫРЫБЫ: «Орманда болған оқиға»

Біріктірілген оқу қызметі: Көркем әдебиет. Қоршаған орта.

Мақсаты: Мамандық туралы түсінік беру, «Түлкі мен тырна» ертегісін театрландыру арқылы мінез-құлқын бере білу.

Міндеттері:

  • «Түлкі мен тырна» ертегінің мазмұнын бекіту, сюжетін рөлмен ойнату арқылы кейіпкерлер мінез-құлқын бере білуге, дауыс ырғағын қабылдауға үйрету.
  • Байланыстырып ауыз екі сөйлеуін түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып дамыту;
  • Достыққа, табиғаттың әсемділігін сезіне білуге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:

  • тақырып бойынша суреттер;
  • интерактивті тақта;
  • Эйлер шеңбері
  • Квест ойыны
  • аңдар мен үй жануарлары
  • Бусыград
  • “Түлкі мен тырна” мультфильмі
  • Театр қойылымы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
  • әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, қайталау

Сабақтың барысы:

І. Мотивациялық қозғаушы күш  (қимылмен)

Қуанамын, күлемін,

Жылы менің жүрегім.

Достарыма үнемі,

Риза болып жүремін.

Бүгінгі көңіл-күйлерің қалай?(балалардың жауабы)

ІІ. Іздену – ұйымдастырушылық кезеңі

Сендер менімен орманға  серуендегілерің келе ме?

— Олай болса орманға серуендеп келейік. Cеруенге шықпастан бұрын жылы киініп алайық (алгоритм бойынша киім атауларын музыка арқылы мимикамен көрсету) Серуенге шығып бара жатқанда шаңғымен жүрген пошташы тапсырма алып келеді. (аңдардың іздері)

ІІІ. Пошташы: (шаңғымен келеді) Сәлеметсіңдер ме! Мен сендерге орман әлемінен хат алып келдім.

Тәрбиеші: Айтыңдаршы, хат алып келетін маманды кім деп айтамыз?

Балалар жауап береді

Пошташы: Ия, дұрыс айтасыңдар, мен пошташымын. Менің сөмкем бар, бұл хат салуға арналған сөмке, ал сендер қайда бара жатырсыңдар?

Балалар: Орманға

Пошташы: Ал, сендер үй жануарлары мен ормандағы аңдарды ажырата аласыңдар ма? (Балалардың жауабы)

ІV. Д/о: “Аңдарды ажырат?”Ақ пен сары түсті обручтың ішіне аңдарды ажырату арқылы қойып шығады. (Эйлер шеңбері)

Пошташы: Дұрыс, енді менің қолымдағы  тапсырманы орындасаңдар орманға жетесіңдер.(Тапсырманы тәрбиешіге береді)

  1. Орманға аңдардың ізімен қимылмен көрсетіп бару. (Бара жатқанда орманның қауіпсіздігін айтып бару: шулауға болмайды, от жағуға болмайды, жеке кетіп қалуға болмайды) Экранда орманның суреті, аңдардың, құстардың дыбыстары. Қандай тамаша! Таза ауа! (тыныс алу жаттығуы)
  2. Тәрбиеші: Орманның ағаштарын, құстарын, аңдарын қорғайтын маманды орманшы деп атайды. (Орманның суретін көрсету).
VII. Тосын сәт.
— Балалар экранға қараңдаршы, бұл қандай аң? Экраннан түлкі шығып сөйлейді.

Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Түлкімін! Сендерді көріп қатты қуанып тұрмын.

Тәрбиеші: Түлкі сендердің келгендеріңе қатты қуанып тұр, жай түлкі емес сөйлейтін түлкі екен.

Түлкі: Ал, сендер аңдар туралы ертегі білесіңдер ме?

VIII. Балалардың жауабы: “Бауырсақ”, “Үйшік”, “Айлакер түлкі”, “Маша мен Аю” ертегілері

Түлкі: Мен туралы  ертегі тыңдағыларың келе ме? Олай болса «Түлкі мен тырна» ертегісін тыңдайық.

  1. Стоп кадр элементтерімен мультфильм көрсетру («Түлкі мен тырна»)
 Мультфильмді ортасынан тоқтату арқылы сұрақ-жауап: (толық жауап алу)

— Түлкі немен дос болыпты?

— Түлкі қонағын қалай күтіпті?

— Тырна Түлкіні қалай күтті?  

 Тәрбиеші: — Ертегі сендерге ұнады ма? (балалардың жауабы)

 — Ертегіде не туралы айтылған?

Тәрбиеші: Ертегі желісі бойынша сахналайық, сахналамастан бұрын ең алдымен сергіп алайық.

Сергіту сәті (музыкалық) “Мен Түлкімін”

  1. Сахналау ертегі желісі бойынша (балалар ойнайды)

Айтыңдаршы  балалар,   Түлкі мен Тырна дос болып қалды ма?

-Ал, сендер доссыңдар ма? Олай болса бір-бірімізді құшақтайық.

  1. XI. -Енді “Түлкі мен тырнаны” да достастырайықшы. Достықтары мәңгі болу үшін не істейміз? (Балалардың жауабы) (Квест технологиясы)

XII. Моншақтан Тырнаға құмыра, Түлкіге жайпақ табақ жасап берейік.

Түлкі: Тырна екеумізді достастырғандарыңа қатты қуанып тұрмын. Рахмет, балалар!

Тәрбиеші: Енді балабақшамызға барып есімізге түсірейік.

ІV. Қорытынды

Күтілетін нәтиже:

-Балалар, біз бүгін қайда бардық?

— Не істедік?

-Бүгін сендер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Түлкі сендерге қатты риза болды, себебі сендер “Түлкі мен тырнаға” достасуды көмектестіңдер.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ