Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы.

0
4395
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақ тақырыбы:

Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

 

Сабақтың зерттеу сұрағы Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті?
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Ұлы Жібек жолының қазақ даласы арқылы өткен тармақтарымен танысады.

Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін түсіндіреді.

Қазақ жеріндегі сәулет өнері ескерткіштерінің бірегей үлгілерімен танысады.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.2.1 – Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау;

6.2.2.2 – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру.

Бағалау критерийлері Ұлы Жібек жолының қалаларды дамытудағы рөліне баға береді.
Тілдік мақсаттар

1-тапсырмада оқушылар мәтінді оқып, талдайды (оқылым дағдысы). Зерттеу нәтижелерін сынып алдында қорғайды (айтылым дағдысы).

Пәндік лексика және терминология:

Жібек, Ұлы Жібек жолы, ортағасырлық қалалар, сәулет өнері, экономикалық байланыстар, сауда, керуен жолы, айырбас сауда, көш, тауар;

Диалогқа және жазуға қажетті сөздер тізбегі:

Ұлы Жібек жолы қалалардың экономикалық/ мәдени дамуына әсер етті, себебі …

Ұлы Жібек жолы арқылы …. дамыды.

Жібек жолы қалалардың сәулет өнері/ дін/ білім/ ғылым/ сауданың дамуында маңызды рөл атқарды, өйткені…

Құндылықтарды дарыту

Мәңгiлiк eл жaлпы ұлттық идeяcы құндылығы:

Тaрихтың, мәдeниeт пeн тiлдiң бiртұтacтығы

-Өткeн тaрихынa құрмeтпeн қaрaп eлiнe дeгeн мaқтaныш ceзiмiн қaлыптacтыру.

-Oқушылaрдың бoйынa жaуaпкeршiлiк, ынтымaқтacтық oртa құру, aшықтық, cыйлacтық, пaтриoттық қacиeттeрдi қaлыптacтыру.

АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта мен презентация жаңа сабақ материалын игеруде пайдаланылады
Пәнаралық байланыстар Оқылым, жазылым тапсырмаларын орындату арқылы қазақ тілімен байланысты, картамен жұмыс арқылы географиямен байланысты жүзеге асыру
Осыған дейінгі білім Ұлы Жібек жолының елдер арасындағы саяси, экономикаық, мәдени қатынастарды дамытудағы маңызын түсінеді.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ақпарат, ресурс көздері

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың ортасы

3 минут

20 минут

3 минут

6 минут

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында орындарынан тұрып ұран айтқызу.

Сұңқардай қалықтаймыз

Ізденуден жалықпаймыз

Үй тапсырмасын тексеру

Б. «Миға шабуыл» әдісі

1. Жібек матасы қалай өндіріледі? Өндірістік жібек, негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайыемен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90%-ын береді. Көп еңбек қажет ететіндіктен, жібек ең қымбат саналады

2.Ұлы Жібек жолында әлемдік валюта қызметін қандай тауар атқарды? Жібек матасы

3. Ұлы Жібек жолы неше мың шақырымды құрайды? 12 мың шақырым

4. Қытайдың ішкі аудандарына Орталық және Батыс Азиядан қандай тауарлар тасымалданды? Иісмайлар, қымбат тастар, әйнектен жасалған бұйымдар тасымалданды

5. Ұлы Жібек жолы қай жерлерді байланыстырды? Батыс пен Шығысты

Дескриптор Оқушы

Жібек матасының өндірілуі және Ұлы Жібек жолының тарихи маңызына сипаттама береді.

Қ/Б« Мадақтау»

Мұғалімнің бағалауы (жарайсын, керемет,өте жақсы)

Қызығушылығын ояту

«Ертегілер терапиясы»

«Ерте,ерте,ертеде ешкі жүні бөртеде…» Қытай елінен Ұлы жібек жолы арқылы батысқа шыққан бір саяхатшы Қазақстанның ортағасырлық қалалары арқылы саяхат жасайды………………………………………………………… (Болжам жасау арқылы аңызды жалғастыру. ).

Ендеше оқушылар сендердің топтарыңның аттарыда осы тақырыпқа байланысты болмақ.

I – «Жібек жолы» тобы

II – «Лазурит» тобы

III – «Нефрит» тобы

IV – «Дала жол» тобы

Сабақтың оқу мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырамын.

БС Бейнебаян тамашалау

Т/ Ж 1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Зерттеу және талдау

I – «Жібек жолы» тобы — Кескін картамен жұмыс. Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалаларды белгілеу

II – «Лазурит» тобы – Ортағасырлық қалалар құрылымына сипаттама беру. Цитадель. Шахристан. Рабад

III – «Нефрит» тобы – Сәулет өнері, мұнара, кесене ұғымдарын постер арқылы баяндау

IV Дала жолы» тобы – «– Ортағасырлық кесенелер мен тарихи ескерткіштерді орналасқан қалалары бойынша тірек сызба жасау немесе кесте толтыру

Дескриптор Оқушы

Кескін картадан ортағасырлық қалаларды белгілейді

-Цитадель, шахристан, рабад ұғымдарына сипаттама береді

-Мұнара, кесене, күмбездердің ерекшеліктерін және қызметін анықтайды

-Ортағасырлық кесенелердің орналасқан жерлерін анықтайды

Қ/Б «Бaғдaршaм» әдici

 

Әр топқа бaғдaршaм түcтeрiнe cәйкec кaртoчкaлaр тaрaтып бeрeмiн. Oқушылaрдaн caбaқты мeңгeргeндeрiнe бaйлaныcты кaртoчкaлaрды көтeруiн cұрaймын.

Жacыл кaртoчкa көтeргeн oқушылaр – бaрлығын түciндi. — Нe түciндiңiз?

Caры жәнe қызыл кaртoчкa көтeргeндeр: — Ciздeргe нe түciнiкciз?

Бұл жүйe aрқылы тaқырыпты пыcықтaуғa нeмece әлi дe жeтiлдiру кeрeктiгiн бiлугe бoлaды.

Ж/Т Жинақтау

«Сұрақты қағып ал» әдісі

Әр топқа алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады.

I – «Жібек жолы» тобы

  1. Орта ғасырларда қазақ жерінде ірі қала орталықтары қай өңірлерде жақсы дамыған? Сырдария өзені, Шу мен Талас өзендерінің аңғарларында, Жетісу өлкесінде, Орталық Қазақстан өңірінде
  2. Іле, Шу, Талас, Сырдария өзендері алқабындағы қалалардан қандай құбырлар табылды? Тұрғын үйлерді еден астынан жылытатын жылу жүйелерінің құбырлары

Дескриптор Оқушы

  • Ірі қала орталықтарының дамыған өңірлерін анықтайды
  • Жылу жүйелерінің бар болғандығын анықтайды

II – «Лазурит» тобы

  1. Ортағасырлық қалалардағы үйлердің құрылысы қандай болған? Үйлер көбіне шикі кірпіштен қаланып, төбесі күмбезді етіп жабылған. Оңтүстіктегі қала үйлері, негізінен, ағашсыз тұрғызылған.
  2. Өз кезегінде қыпшақтардың, кейін Ақ Орданың, Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған қай қала? Сығанақ

Дескриптор Оқушы

  • Тұрғын үйлердің құрылысын анықтайды
  • Қазақ хандығының алғашқы асатнасын анықтайды

III – «Нефрит» тобы

  1. Мұнара түрлерінің ұқсастығы мен ерекшеліктері неде?

Мұнаралар көбінесе сүйірлене түскен биік, дөңгеленген немесе көпқырлы болып жасалады. Олардың ерекшеліктері ерте ортағасырларда қорғаныс, қарауыл немес белгі беру , мешітте азан шақыру мақсатында тұрғызылған биік мұнара.

  1. Қазақ жеріндегі ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштеріне қандай құрылыстар жатады?

Керуен сарайлар, мұнаралар, кесенелер, мешіт, медресе, мазарлар жатады.

ДескрипторОқушы

  • Мұнаралардың ерекшелігі мен ұқсастығын анықтайды
  • Сәулет өнері ескерткіштерін анықтайды

IV «Дала жолы» тобы

  1. Қабір, зират басына салынған күмбезді тарихи-мәдени ескерткіш қалай аталады? Кесене
  2. Қазақ жеріндегі Шығыс моншаларының ерекшелігі неде?

Сумен қамтамасыз ету мақсатында арнайы құдық қазылып, сарқынды суқұбыр арқылы сыртттағы шұңқырға ағызылған жәнеде еден астынан жүргізілген жылу өткізгіш жүйе арқылы қыздырылған.

Дескриптор Оқушы

  • Кесененің не екендігін анықтайды
  • Шығыс моншаларының ерекшелігіне сипаттайды.

Оқулық

Презентация

Презентация

Бейнеролик

Ұлы Жібек жолы

Кескін карта, түйе суреті

А 3 форматтағы қағаз

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия. Ауа райы

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген оқушылар……

Талпындым, мен бүгін өзіме қажетті мәлімет алдым деп есептеген оқушылар……

Өкінішке орай, мен тақырыпты түсіне алмадым деген оқушылар……..

Кері байланыс суреті, стикер
Қосымша мәлімет
Дифференциация (саралау) – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Талқылау барысында барлық оқушылардың қатысуын қадағалаймын. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай беріліп отырды. Жеке, топтық және бүкіл сыныптық тапсырмалар берілді.. Топтық жұмыс нәтижелері топтардың бірін-бірі және өзін-өзі бағалау арқылы іске асырылады. Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша кері байланыс беріледі. Сабақта әр тапсырманы орындау барысында оқушылар тарапынан және өзімнің тарапымнанда бағаланып отырады. «Мадақтау» «Бағдаршам» әдістері арқылы бағалау түрлері қолданылды. АКТ шектеулі қолдану

 

Мұнайлы ауданы
№14 жалпы білім беру орта мектебі
Айтбек Гульназым


ПІКІР ҚАЛДЫРУ