Қоспа түрлері, оларды бөліп алу әдістері (химия сабағынан ашық сабақ)

1
21680
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қоспа түрлері, оларды бөліп алу әдістері

Оқу мақсаты 7.4.1.5 -қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу;

7.4.1.6 -қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу;

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Қоспалардың түрлері мен оларды бөлу әдістерін біледі.

Көптеген оқушылар : ҚТ ережелерін сақтай отырып тәжірибе жүргізіп,қорытынды жасай алады.

Кейбір оқушылар: Қоспаларды бөлу әдістерін өзара салыстырады,заттардың физикалық қасиеттеріне сүйене отырып қоспаларды бөлу әдістеріне жоспар жасай алады.

Бағалау критерийі Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • Қоспалардың түрлерін анықтай алады
  • Қоспаларды бөлу әдістерін біледі
  • Қоспаны бөлуге негізделген тәжірибе жүргізу жоспарын құрайды
  • Тәжірибе жүргізіп, қорытындылай алады
  • Қоспаларды бөлу әдістерін өзара салыстыра алады

Тілдік мақсаттар химиялық лексика мен терминологияны пайдалана отырып оқушылар өз ойларын дұрыс жеткізе алады, өткізілген тәжірибелеріне анализ жасап,тақырып бойынша қорытынды жасай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Таза зат,қоспа, біртекті қоспа, әртекті қоспа,бөлу әдістері,сүзу,тұндыру, магнитпен бөлу,буландыру.

Құндылықтар

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары

«Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өсу»

  • Маңызды химиялық қоспаларды өндіру үдерістерін және олардың негізін құрайтын химиялық қағидаттарды түсіну.
  • Топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік; жеке жұмыс –табыстылыққа ұмтылу, өздік жұмыс орындау кезінде адалдылық.

Пәнаралық байланыс Физика . Заттарды физикалық жолмен бөлу

Химия. Заттарды химиялық әдістермен бөлу.

Алдыңғы білім Таза заттар және қоспа заттар

Қоспадағы заттарды бөліп алуға болады ма? Себебі • Қоспаның құрамындағы заттардың физикалық қасиеттері әртүрлі болады (мысалы, қайнау температурасы). Қоспаның құрамындағы заттар өзара химиялық байланыстармен байланыспаған, сондықтан оларды бір-бірінен ажыратып алуға болады.

Қоспа – бұл әртүрлі заттардың жиынтығы

Көрсетілім: Алдарыңызда әк суы мен сүт беріліп тұр қалай ойлайсыздар қайсысы қоспа болып беріліп тұр?

1. Бірінші зат ол- Бор су мен лайдың ерітіндісі.Қоспада бор бөлшектері көрініп тұр.

2.Екінші зат ол- Сүт оның құрамында май тамшыларын, ақуыз молекуларын көруге болады.

Топтық жұмыс. «Эксперимент» әдісі.

Орындалатын тапсырмалар:

1. Күкірт, құммен темір қоспасын араластыру. 2. Темірді магнит көмегімен бөлу.

ІІ топ: Тұндыру тәсілі  — заттардың тығыздықтарының әр түрлі болатынына негізделген

Орындалатын тапсырмалары:

1. Суға құм мен ағаш ұнтақтарын қосу 2. Тұндыру әдісі арқылы ағаш ұнтақтарын бөлу

ІІІ топ:Су мен топырақ қоспасын бөлу

Орындалатын тапсырмалар:

1.Қоспаны құмнан бөлу. 2.Ерітіндідегі қоспаны сүзу.

ІҮ топ. «Ластанған ас тұзын тазарту»орындау.

Орындалатын тапсырмалар:

1.Қоспаны суда ерітіп,ас тұзын құмнан бөлу. 2.Ерітіндідегі қоспаны сүзу. 3.Сүзіндіні буландыру.

Критерийлері Дескрипторлары
Әртекті қоспаны бөлуге арналған эксперимент жасай алады. — қоспаны суда еріте алды;
— сүзу әдісін қолдана отырып,ерітіндіден құмды бөліп алды;
Біртекті қоспаны бөлуге арналған эксперимент жасай алады. -буландыру әдісін қолдана отырып,тұзды судан бөліп алды;
жасалған экспериментке түсініктеме бере алады. экспериментте қолданған қоспаларды бөлу әдістерін анықтап,қорытынды жасай білді.

Бекіту.

1-тапсырма. «Ойлан, Топтас, Бөліс!» ( топтық жұмыс) Суретте қоспаларды бөлу әдістері бейнеленген, осы әдістерді қоспалардың қандай түрлеріне қолдануға болатынын көрсетіңіз.

* Берілген суреттерді мұқият қараңдар, олардың қолданылуын анықтаңдар.

* Флипчартқа қоспаны бөлу әдістерін, қолданылуын мысалдармен көрсетіп жазыңдар.

қоспа түрлері қоспа түрлері

Бағалау: Жетістік баспалдағы

Дескриптор:

— суреттен қоспаны бөлу әдістерін атайды

— олардың қолданылуын анықтайды

— мысалдар келтіреді

2-тапсырма. «Иә немесе жоқ» ойыны

1.    Заттарды таза заттар және қоспалар деп екіге бөледі.

2.    Таза заттар табиғатта кездеспейді.

3.    Қоспаның біртекті түрі бар.

4.    Әртекті қоспаға су мен тұз қоспасын жатқызуға болады.

5.    Әртекті қоспаларды тұндыру әдісімен бөлуге болады.

6.    Біртекті қоспаларды  магнитпен бөледі.

7.    Буландыру арқылы біртекті қоспаларды бөледі.

Бағалау: Смайликтер

Дескриптор Білім алушы

— оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап табуға дағдыланды.

— оқушылар ойланып, зерделеп дұрыс жауап берді.

«Мен үшін бүгінгі сабақ…»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

Сабақ Мен сабақта Қорытынды
1. қызық 1. жұмыс істедім

1. материалды

түсіндім.

2. қызықсыз 2.демалдым

2. білетінімнен

де көп білдім.

3.енжарлық басым 3.басқаларға көмектестім. 3.түсінбедім
Сабақ бойынша өзінің іс — әрекетіне рефлексия жасау. Үй жұмысы:1) 16-18 беттерді оқу,

2) Тапсырмаларды орындау (a – 2-3, b – 4-7, с –8)

3) Эксперимент «Крахмал алу» (18 бет)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың

материалды

меңгеру

деңгейін

қалай

тексеруді

жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабақтың келесі сатыларында іске асады:

-сабақта және үй жұмысын ұсынған кезде деігейлік тапсырмаларында;

-мазмұнына сай дерексөздерді пайдалану;

-сабақ барысында тапсырмаларды

орындаған қарқындылығы кезінде;

-қорытынды жасау кезінде;

тапсырмаларға сай уақытты ұтымды пайдалану кезінде;

-«Температураны өлшеу»

әдісін қолданған кезде;

-жеке,топтық ,жұптық жұмыс орындау кезінде;

-мүдделері ұқсас оқушыларды топтарға бөлген кезде;

Бұл сабақта оқушылардың қоспалардың түрлері мен бөлу әдістері туралы түсініктері қалыптасты,топтық,жұптық және жеке жұмысты орындалды.

Мына бағалау түрлері пайдаланды:

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатындағы

«Біз-өзгешеміз» ойыны.

Лабораториялық тәжірибе жүргізу кезінде «Спірт шаммен жұмыс»

ҚТ ережелері.

Сабақ бойынша рефлексия

Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап

беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Айзат Болатбекқызы

Басқа материалдар

1 ПІКІР

  1. Осы қоспаларды қалай бөлуге болады? Өз әдісіңізді ұсыңыңыз Жауабыңызды кестеге көрсетіңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ