Отан отбасынан басталады
(Республика күніне арналған отбасы жарысы)
I. Құрметті ата – аналар, әріптестер, шәкірттер! Республика күніне орайластырып өткізіп отырған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Жоғарыдан орын алып отыруларыңызды өтінеміз.
Бүгін сіздерге ұсынғалы отырған тәрбие сағатымыз «Отан отбасынан басталады» деген тақырыпта өтеді. Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алуды жөн көріп отырмын.
- Мектеп директоры: Жібек Балташқызы
- Директордың оқу жөніндегі орынбасары: Гүлнәр Мәжитқызы
- Ата-анадан: Шолпан Баянқызы
Бүгінгі мерекеге құттықтау сөз мектеп директоры Жібек Балташқызына беріледі.
II. Республика күніне орайластырылған «Отан отбасынан басталады» атты сайысқа қатысушыларды қошеметтеп ортаға шақырайық.
Рамазановтар отбасы
Игібаевтар отбасы
Торыбаев және Исаховтар отбасы
Бұл жерде айта кетуіміз керек Бағдәулет пен Ильхом әке – шешесіз қатыспақ блып отыр. Сол себепті екі оқушы бірігіп бір команданың құамында өнер көрсететін болады.
Тыныштықбаева Айдананың орындауында «Алатау» әні.
III. 1. Қадірменді қауым! Сайыстың алғашқы тапсырмасында әр отбасы өздерін таныстырып өтулері қажет. Ол бес балдық жүйе бойынша бағаланады.
- Ортаға бірінші болып Рамазановтар отбасы шақырылады.
- Келесі жол кезегі Игібаевтар отбасына беріледі.
- Бағдәулет пен Ильхомның таныстыруын тамашалаңыздар.
2 сынып оқушылары жыр – шашу дайындап әкелген екен. Ортаға шақырайық: (Отан туралы өлеңдерін айтады).
- Әділқазылар бағасы.
2. Сайыстың екінші кезеңіне көшейік.
Онда әр отбасы өз өнерлерін көрсетеді.Жол сіздерге Рамазановтар отбасы!
- Игібаевтар отбасы
- Бағдәулет пен Ильхом
- сынып дайындаған өлеңдері тамашалайық.
3. Сайыстың үшінші шарты бойынша әр отбасының дайындаған Отан, тілге байланысты өлеңдерін тыңдайық.
Келесі әсем ән Бақытжанов Нариманның орындауында «Жан гүлім» әні.
4. Қазақ қонақжай халық болған.Босағасынан аттаған адамға дәм тарттырмай жібермеген. Осыдан қазақта «дәмнен үлкен емессің» деген аталы сөз қалған.
Сайыстың төртінші шарты бойынша әр отбасы дайындаған ұлттық тағамдарды назарларыңызға ұсынамыз. Осы жерде өздері дайындау жолдарын айта кетеді.
5. Әр отбасы жаңылтпаштарын ортаға салады.
Шығыс биі.
6. Жұмбақ жасыру. Әр отбасы қарсыластарына жұмбақ жасырады.
7. Мақал. Мен мақалдың басын бастап беремін, сіздер жалғастырып әкетесіздер.
1.Жақсы – жаныңа жолдас,
Жаман – малыңа жолдас.
2. Өнер алды – бірлік,
Ырыс алды – тірлік.
3.Көп біріксе ел болар,
Көп тілегі көл болар.
4.Көп қорқытады,
Терең батырады.
5.Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы.
IV. Республика күіне арналған сайысқа қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.
Төрт ана, Қазыбек би, Әйтеке би, Әл- фараби
Құттықтау.
V. Әділ қазылар шешімі.