«Ғарышқа сапар» атты ұйымдастырылған оқу қызметі

0
3931
Дене шынықтыру

Тақырыбы:«Ғарышқа сапар»

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті : Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты мен міндеттері:

  • Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын арттыру.
  • Қазақтың тұңғыш ғарышкерлерімен таныстыру.Бақылау жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге үйрету.
  • Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау. Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қоршаған ортаны аялай білуге тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, слайд көрсету, ойын, тәжірибе жасау.

Көрнекіліктер: Аспан денелері, ғарышкерлердің суреттері.

Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Ғарыш әлемі туралы әңгімелесу.

Билингвалдық компонент: Ғарыш-космос-space; ғарышкер-космонавт-cosmonaut; күн-солнце-the sun; жер-земля-earth; зымыран-ракета-rocket;
Әрекеткезендері Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Сәлематсыңдар ма!

Здраствуйте!

Hello!

Шаттықшеңбер:

Осы біздер қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз

Ақылдымыз,өнерліміз

Ғаламшарды шарлаймыз

Қызығамыз, қараймыз,
Кереметке балаймыз.
Бірақ әлі баламыз,
Өссек, ұшып барамыз.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші?

Сәлематсыңдар ма!

Здраствуйте!

Hello!

Балалар шеңберде бір- біріне қарап тұрып орындайды.

Қазір жылдың көктем мезгілі.

-Көктем мезгілінде күн жылынады.

Қар ериді, жылғалардан су ағады. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.

-Наурыз, сәуір, мамыр.

Іздену ұйымдастырушы

-Балалар, сендер ғарышқа ұшқыларың келе ме?

-Балалар, ғарыш әлемімен, ғарышкер туралы мағлұматпен танысайық.

-Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.

Ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Ғарышқа біздің Қазақстан жері «Байқоңыр» қаласынан ұшады. (макетінен қарайды)

Ең бірінші ғарышқа лайка иті ұшырылды. Ит ғарыштан аман келгесін, адамдарды ұшырды.Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері — Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов деген ағаларымыз. ғарышта қысым өте жоғары болады. Сондықтан ғарышта адамдар да, заттар да ұшып жүреді. Ғарышкерлер арнайы құтыдағы тағамдармен коректенеді.

Дыбыс естіледі.

Ұшқыш Айдын Айымбетов ағамыз келеді.

-Сәлематсыңдар ма балалар!

-Мен ұшқыш Айдын ағаларың болам.

Сендер өскенде ұшқыш болғыларың келе ме?

Кім ғарыш, ғарышкер туралы тақпақ біледі?

-Ұшқыш болу үшін білімді, шыдамды болу қажет.

Біз бүгін ғарышкер ағамызбен, аспан әлемімен танысамыз. Ол үшін біз ғарышқа ұшуымыз қажет.

Ғарышкер:-Мен сияқты арнайы киім киіу қажет. Бұл киім сырттағы ыстықтан немесе салқындықтан қоғайды. Бас киімді «скафандр»- деп атайды.

-Ендеше зымыранның қасына барып арнайы киімдерімізді киіп, ұшуға дайындалайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстайық.

54321 дыбыс арқылы ұшу.

-Міне ғарышқа да келдік.

-Қандай керемет, балалар.

Мына біз көріп тұрған жарқыраған жұлдыздар, олар планеталар, оларды біз калейдоскоп арқылы көріп алайық. Бұл құралды калейдоскоп деп атайды. Ол аспан әлемін зерттеуге арналған құрал.

-Мынау –Күн. Ол сары түсті болып көрінеді, бірақ ол ақ түсті. Ол өте ыстық, сондықтан ол планетаға жақындау мүмкін емес.

-Мынау-Меркурий. Ол кішкентай ғаламшар, күнге өте жақын орналасқан.

-Мынау-Венера.Оны қызыл планета деп те атайды. Өте жарық ғаламшар болып келеді.

-Мынау-Жер. Ол біздің тұратын ғаламшарымыз.

Мынау-Марс күндіз ыссы түнде өте салқын болады.

-Мынау-Юпитер.Ол ірі ғаламшарлардың бірі. Ол күннен бесінші орналасқан.

-Мынау- Сатурн. Бұл алтыншы қатарда орналасқан. Сатурнның сақинасы бар. Ғаламшардың жартысы мұздан тұрады.

Мынау-Уран ғаламшары. Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. Ол газдан тұрады. Ол күннен алыс орналасқаннан мұздан тұрады.

-Ал мынау-Нептун ғаламшары. Ол күн жүйесінен өте алыс орналасқан ғаламшар.

Бұл планеталар бәрі күнді айналып жүреді.

-Балалар біздер калейдоскоп арқылы планеталарды көрдік.

-Енді біз зерттеу жүргізейік.

Күннен жердің қалай айналып жүретінін бақылайық. Мынау күн жарқырап сәулесін шашып тұр. Ал жер күнді жылына бір рет айналып шығады. Жер айналып шыққанда жылдың төрт мезгілі өтеді.

-Балалар, қараңдаршы жұлдыздар бізге нүкте сияқты көрінеді. Сол нүктелерді қосса бір бейне шығады. Мысалы мына нүктелерді қоссақ бақыраш тәріздес болып шығады. Оны «Жеті қарақшы» деп атайды.

Логикалық ойын: «Жұлдыздарды қос»

Мақсаты: балалардың байқағыш қабілеттерін дамыту, шапшаңдық қабілеттерін дамыту.

Шарты:Тақтадан нүктелерді қосу арқылы жеті қарақшы жұлдызын құрастыру.

Енді балалар осы жұлдыздарды қолымызбен құрастырып көрейікші.

Логикалық ойын: «Жеті қарақшы»

Мақсаты: балалардың икемділігін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты:Жұлдызшаларды таяқшалар арқылы түйреп, жеті қарақшыны құрастыру.

-Балалар сөздердің үш тілде баламасын айтып жіберейікші.

Билингвалдық компонент: Ғарыш-космос-space; ғарышкер-космонавт-cosmonaut; күн-солнце-the sun; жер-земля-earth; зымыран-ракета-rocket;

-Жарайсыңдар, балалар!

Біздер ғарыш әлемімен таныстық. Енді Айдын аға біз тобымызға қайтайық.

Дөңгеленіп тұрайық та, қолымыздан ұстайық.

54321 ал кеттік.

-Ал міне топқа да келдік. Бойымызды сергітіп жаттығу жасап алайық. Ғарышта шаршаған болармыз.

Сергіту жаттығуы: «Ғарышкер болам»

Біз ғарышкер боламыз,

Ғарышқа самғап ұшамыз

Шынығумен шыңдала,

Тез-ақ өсіп толамыз.

Жұлдыздарды жағалай,

Айға барып қонамыз!

-Жарайсыңдар, балалар!

Шығармашылық жұмыс: «Түнгі аспан»

Мақсаты: балалардың шығармашалық қабілеттерін, қиялын дамыту.

Шарты: Қара гуашьпен боялған картонды сырып сурет салу арқылы жұлдыздарды, күнді салу.

Ғарышкер: -Балалар сендерге ғарыш әлемі ұнады ма? Мен мына кішкентай балаларға кішкене сыйлығым бар соны берейін жүріңдер.(II кіші топ балалары шығып кетеді)

Сау болыңдар!

Ересек топқа:

Логикалық сұрақтар:

Дұрыс па, бұрыс па??

-Айдын Айымбетов ғарышқа ұшақпен ұшты.

-Жерде тіршілік бар.

-Күн өте салқын ғаламшар.

-Қазақтың тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин.

-Барлық ғаламшарлар күнді айналады.

-Ия

Балалар ғарыш туралы деректерді қызыға тыңдады.

-Сәлематсыз ба?

-Ия

Айбат:

«Мен ғарышкер боламын,

Жұлдызға ұшып барамын.

Жолын қуам атақты

Тоқтар сынды ағаның»,-
Дария:

Ғарыш сондайалыс па?
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Т.Іңкәр:

Тоқтар ұшты ғарышқа
Талғат, Айдын ағамда

Болып келді ғарышта
Таңқалдырып қазағым
Тағы ұшса ғой Марсқа.
Сұлтан:

Көк аспанға ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның

Ғарышкердің әңгімесін қызыға тыңдайды.

Балалар ғарышқа ұшуға қызығушылық танытады.

Калейдоскоп арқылы қарап, аспан денелерін атайды.

Жеті қарақшыны құрастырады.

Сөздердің үш тңлде баламасын айтады.

Сергіту жаттығуын қызыға орындайды.

Суретті қызығушылықпен салады.

Рефлексивті-коррекциялаушы

-Балалар сендерге ғарышқа барған ұнады ма?

-Бізге кім қонаққа келді?

-Біздер немен таныстық?

-Қандай ғарышкерді білеміз?

Балалар оқу қызметінде алған білімдерін бекітеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ғарыш әлемін және ғарышкер жайында және олмамандықтуралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді : Аспан әлеміндегі планеталарды ажыратудыигерді.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктер: ғарыш әлеміне зерттеу жүргізе алады, сырып сурет салу (граттаж)арқылы сурет сала алады.

Тәрбиеші: Галиева Б.К.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ