ОТБАСЫ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

0
16860

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің,
жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала
алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.
Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев,
М.Смайылова, М.Оразаев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Ж.Б. Қоянбаевтардың
еңбектерінде жан-жақты сөз болған. Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы сол халық отбасы тәрбиесінің де өзіне ғана тән мәдени құндылықтары қалыптасады. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Қазақ отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қазақ отбасында аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды.Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды.
Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл
мұрат деңгейінде қарады. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек
адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек
түрлеріне баулу, еңбек іс – әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін
қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді. Отбасында еңбекке
тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке
тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды
адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақ отбасы баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың
тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және
қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке
тәрбиелей білді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында адам зиялылығының негізі – ақыл-ой тәрбиесі деп
есептелінді. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім
қорымен қаруландыру, негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен
дүниетанымын қалыптастыру міндеттері шешілді. Тәрбиенің басқа да салаларымен
тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбиеге де қазақ халқы ерекше мән
берген. Қазақ халқы бала тәрбиелеуде экономикалық тәрбие деген ұғ,ымды
пайдалабағанымен, тәрбиенің бұл түрі отбасында мақал, өсиет айту, өнеге көрсету
арқылы жүзеге асқан. Мысалы, «Еңбегі қаттының ембегі тәтті», «Еңбек- өмірдің
тұтқасы, тіршіліктің көзі», « Еңбек – түбі береке», «Үнемшілдік-сараңдық емес», «Ескі
киімді баптағаның, жаңа киімді сақтағаның», «Сараң дүниенің малын жыйса да
тоймайды» деген мақалдары дәлел бола алады. Бұл ата-бабамыздың экономикалық
тәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде екенін жақсы түсінгенін байқатады. Қазақ
отбасында экономикалық тәрбие арқылы айырбас, бөлісу және табыс табу сияқты негізгі
экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгеру жүзеге асты.
Ағылшын отбасы баланы ішкі әлемінен аз қорғайды. Олар баланы өз ортасында,
өз құрбыларымен қатар өскендіктерін қалайды. Сол себепті бала кішкентай кезінен
бастап өз өзіне жауап бере алатын және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлға болып
қалыптасады.
Ағылшын жасөспірімінің білімі аз болғанымен, қарым-қатынаста адамгершілік
қасиетінің жоғары екенін, үлкендер арасында басқа шет елдік құрбыларынан гөрі өзін
өте жақсы ұстай алатындығын көрсете біледі. Өзінің жанұясына жақындығы да аз
сезіледі, алайда қоршаған әлеуметтік ортада өзінің құқығы мен міндеттерін жақсы
біледі.
Әлеуметтік жауапкершілікке тәрбиелеу Британияда ең басты адамгершілік
характердің бірі болып есептеледі. Саяси-қоғамдық жауапкершіліктер белгілі бір
жаттығулар мен оқытудың арқасында емес, олар бала бойына ағылшын біліміне
бағытталған тәрбие мен әр түрлі бағыттағы еркін еңбектің өмірлік тәжірибелері арқылы
сіңіріледі.
Өз қалау бойынша еңбекке араласу ағылшындықтар үшін кең таралған және игі
іс болып есептеледі. Өз сөздеріне қарағанда ағылшындықтар қызметтік міндеттемесі
жоқ кез- келеген жұмысқа өте үлкен ықыласпен беріледі, ал қоғамдық міндет олар
үшін «әлеуметтік хобби».
Қорыта айтқанда, ағылшындықтарУ.Черчиллидің: «Егер жалғыз ағаш тірі қалса,
ол мықты болып өседі» деген сөзін көп қолданғанды жақсы көреді екен. Ал Лондонда:
Француз жанұя мен мемлекет тұрғысынан ойласа, ағылшындықтар үшін жеке тұлға мен
қоғам ең басты бағыт. Бүгінде жаңашыл Ұлыбритания мектептерінде адамгершілік пен
ұлтжандылық тәрбие мәселелерін қарастыратын жаңа реформа жасалған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Асанова Г. «Отбасы – бастапқы тәрбие мектебі» Қазақстан мектебі №1, 2007
ж.
2. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. –А., 1985.
БИСЕНОВА Ж.О.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ