Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында екенін ескере отырып, 2017 жылы қаңтардың 10-12 жұлдыздарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Жас оқытушылар мектебінің» семинары өткізілді.

Семинарды факультет деканы, ф.-м.ғ.д., профессор М.А. Бектемесов салтанатты түрде ашты. Семинарда Қазақстанға белгілі ғалымдар мен факультеттің белсенді оқытушылары баяндамалар жасады. Сонымен қатар, факультет басшысының шақыртуымен педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогикалық шеберлік орталығының қызметкері Берікханова Айман Еженхановна келіп жас оқытушыларға педагогикалық бағытта әр түрлі қызықты ойындар мен тренинг өткізді. Баяндама тақырыптары өзекті мәселелерді қарастырғанын жас мамандардың семинар барысындағы белсенділіктерінен, профессорлар қауымына қойған сұрақтарынан айқын байқалып тұрды. Әсіресе, Берікханова А.Е  «Формативті бағалаудың тиімділігі», Тұрғанбаева А.Р  «Жас оқытушы келбеті», Бөрібаев Б.Б  «Алгоритмдеу және программалау пәндерін мемлекеттік тілде оқыту әдістемелері» және Сүлейменов Ж.С  «Студенттердің оқу-зерттемелік қабілеттерін дамыту мәселелері» тақырыбындағы баяндамалары жоғары деңгейде оқыды.

Семинардың басты мақсаты — жас мамандарды шәкірттердің оқуға деген ынтасын арттырып, оқыту мен тәрбиелеу, дамыту салалары бойынша теориялық және әдістемелік көмек ұйымдастыру, ізденіске жетелеу, талапты азамат етіп тәрбиелеуге бейімдеу. Сондай – ақ ұстаз деген ұлы есімге лайық болу мақсатында жас мамандармен өтетін отырыстарда баяндамалар жасатып, заман талабына сай оқытудың қандай тиімді тәсілдерін қолдану керектігін үйрету.

Семинарға қатысқан оқытушылар осы семинардан алған тәлім-тәжірибелері өздерінің сабақ өту барысында үлкен көмегін тигізетінін айтып, баяндамашыларға үлкен алғыстарын білдірді.

Бүгінгі жас маман – ертеңгі ұлағатты ұстаздардың орнын басатын білікті кадр болмақ. Жас мамандардың біліктілігін арттырып, мықты маман болып қалуыптасуына факультет деканы мен әдістемелік бюро мүшелерінің ықпалы зор.

Адилжанова С.А.

Гусманова Ф.Р

Төлепбердинова Г.А.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ