Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру — аға ұрпақтың міндеті

0
3551

Әскери – патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, қарулы күштер қатарында адал қызмет атқаруға азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды.\r\n Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды,бәрін үйренгісі келеді,еліне керекті азамат боп өскісі келеді.Жастарды қазіргі экономикалық өмір салтының талаптарына сәйкес лайықты азамат етіп тәрбиелеу және оларды жан-жақты дамыған азамат ретінде өсіру мектептің және мұғалімдердің, сонымен бірге әскери жетекшілердің міндеті.\r\n Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты,халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады.Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.\r\n Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасының Қазақстан Республикасының 2003-2006 жылдардағы білім саласындағы тәрбие туралы» бағдарламасында «баланың жеке қалыптасуында саяси мәдениеттілігі қазіргі жаңа қоғам нарықтық экономика құру жолында өзін еркін сезінуіне көмектеседі» делінген.\r\n Қазақстан Республикасы Үкіметі жасөспірімдедің елінің патриоты мен азаматы болып қалыптасуына аса көңіл бөліп отыр.Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу,олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады.Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт дәстүрінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл-қыздары екінші дүниежүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандықтың талай қайталанбас үлгісін көрсетті.\r\n Ұлан байтақ даласын «найзаның ұшымен, білектің күшімен» қорғаған ата- бабаларымыз сан ғасырлар бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай аман сақтап келді.Құрып кету кезі қаупі төнген кезде бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз-Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру» -деп жазды.\r\n Көп ұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімнің рухани саладағы тату тәтті тірлік,азаматтық келісімге ғана емес,мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансүйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден бір күш.\r\n «Патриотизм,-дейді Б.Момышұлы Отанға,мемлекетке деген сүйіспеншілік,жеке адамның аман саулығы,қоғамдық ,мемлекеттік қауыпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,өзінің мемлекетке тәуелді екеніне,мемлекеті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау,қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды ,оның жеке адаммен барлық жағынан өткенімен,бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді».\r\n «Отанды сүю отбасынан басталады»,отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы, «Еліңді сүйсең ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады,ел үшін өледі», «Болат қайнауда ,батыр майданда шынығады», «Жүк ауырын нар көтереді,ел ауырын ер көтереді», «Ел ырыстың орманы, ер ырыстың қорғаны», «Ел үмітін ер-ақтар, ер атағын ел сақтар», тәрізді мақал-мәтелдерден көрінеді.Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз.\r\n Ерлік дегеніміз адам бойындағы туа бітетін қасиет емес.Ол қоғамдық ортаның, игі дәстүрлердің ықпал етуіне байланысты қалыптасатын қасиет.\r\n Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ жауынгерлерінің талай ерліктерінің куәсі болған Б.Момышұлы «Ерлік табиғат сыйы емес ,ең алдымен,өзінің ар-намысыңның және абыройыңды ұятқа қалу ,опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең үлкен сезімін,азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік,теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып,тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес,қауіп қатерінде бөлісіп,жауды барынша жою,жанға жан,қанға қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу,саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу» -дейді.\r\n Қазіргі жағдайда әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіруде өткер әскер тарихын зерттей отырып,бүгінгі өмір талабына сай оның мазмұнын, міндеттерін терең ұғыну керек.Әскери-патриоттық тәрбие берудің басқа тәрбие процестерінен өзіндік ерекшелігі бар.Себебі,әскери потриоттық тәрбие беруде,негізінен әртүрлі жағдайларда отанын қорғауға даяр тұру,әскери міндетін атқаруға және күнделікті бейбітшілік сақтау үшін күреске дайындық жұмыстары қамтыады.\r\n Әртүрлі жастағы оқушыларға әскери патриоттық тәрбие берудің мазмұнына,мақсатына, міндеттеріне тоқтала келе,тәрбие критерлері төмендегідей жүктеледі.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс істеу жолдарына баланың әскери патриоттық әңгімелерге араласуы, әскери ойындарға сезімталдық қатынастары, дене бітімінің өз жасына лайықты болуы жатады.\r\n Бастауыш мектеп оқушылары үшін отанның өткен тарихынан мағұлматы болуы,әскери ойындарда әртүрлі әскери рөлдерді орындауы,тәртіптілікке жатады.\r\n Кіші және жасөспірім оқушылар үшін халқымыздың революциялық,әскери және еңбек дәстүрлерін,жер бетінде болып жатқан әскери жағдайларды дұрыс бағалай білуі,еңбек және соғыс ардагерлеріне құрмет,дене бітімінің дамуы,әскери ойындарға және жарыстарға қатысу міндетті.\r\n Жоғары сынып оқушылары үшін отан қорғаудың негізгі теориясын меңгеру,дүниежүзілік соғыстардың тарихы,олардың себептерін білу,қазіргі әскери саяси жағдай,еңбексүйгіштік,жауаптылық,өзінің іс- әрекетін дұрыс ұйымдастыру,әскери спорт түрлеріне қатысу, әскери орындарға саяхат, Президенттік сынамалар нормативтерін орындау,дене бітімінің жасына сай дамуы міндетті.\r\n Мектеп бітірушілер үшін өз еркімен әскери борышын өтеудің қажеттілігі,сенімді түрде әскери қызметке саналы дайындық,өмірде болып жатқан саяси-әскери жағдайларға талдау жасау,әскери талаптарды түсіну,АӘД сабақтарында терең және нақты біліммен қарулану,әскери-патриоттық шараларға белсене қатысу міндетті.\r\n Біздің мектебімізде сабақтан тыс уақытта «Жас ұландар»клубы, «шекарашылардың жас достары» отряды, «Жас мергендер» үйірмесі жұмыс жасайды. Мектеп ұжымы көршілес 2019 «Қызылқұм» шекарасы заставасымен тығыз қарым-қатынас орнатқан.Дала жиыны уақытында 11-сынып оқушылары заставада болып шекарашы өмірімен олардың әскери тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.Шекарашылар отряд мүшелерімен жоспарлы оқу-жаттығу сабақтарын өткізіп отырады. «Жас ұландар» клубы жұмысы жүйелі жүргізіліп келеді.Республика күні мерекесі қарсаңына клуб мүшелігіне ант қабылдау рәсімі.Саптық даярлықтан сайыс өткізілді,жеңіс мерекесі қарсаңына соғыс ардагерлерімен кездесулер,Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 24-жыл толуына байланысты мектепте интернационалист жауынгер Қ.Қалыбаев пен кездесу,жерлесіміз «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, ақын, Ауғанстан ардагерлер қауымдастығының төрағасы Б Смағұлдың , Халық қаһарманы Б. Ертаевтің өмір жолдарымен таныстыру. \r\nБұлар біздің мемлекетіміздің басты жоспарлары мен мақсаттарында толықтай көрініс тапқан, алайда олар жалпы ұлттық құндылықты бағыттарды нығайту бойынша жастар саясатын жоспарлы жүргізбейінше жүзеге аса алмайды. Жастар үшін осындай тәрбиелік мәнді істердің бірі –і әртүрлі деңгейлер мен мазмұндағы тәрбиелік шаралар, мемлекеттік мекемелерді атап өту, түрлі патриоттық акцияларды ұйымдастыру мен жүлгізу. Олардың ішінде жыл сайын өткізіліп отыратын ҚР мемлекеттік рәміздерінің күнін ттойлау ерекше орын алады. \r\nҚорыта келе айтарымыз, оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеудің маңызы зор. Патриоттық тәрбие беру арқылы біз оқушылардың бойында елжандылық, отансүйгіштік, елін, жерін сүйіп, қадірлеп, қорғау сияқты адами-кісілік қасиеттерді болашақ ұрпақтың бойына сіңіремізү Қазіргі ақпараттық заманда патриоттық тәрбиенің алар орны ерекше. Жас өркеннің мектеп қабырғасынан алған тәлім-тәрбиесі болашақ өмір мектебіне тиер пайдасы орасан зор екеніне сенімдімін!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ