ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының Педагогика пәнінен республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді. Олимпиадаға мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары қатыса алады.
Олимпиаданың мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, оларды қолдау, ынталандыру және үздік педагогтарды марапаттау.
Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді. Олимпиада қазақ тілінде оқытатын мектеп мұғалімдеріне арналған.
Олимпиада бір кезеңнен тұрады. Олимпиада 25 мамырға дейін жалғасады. Нәтижесі бірден шығарылып отырылады.
Тесттен өткеннен кейін барлық қатысушыларға сертификат беріледі. Олимпиаданың жалпы қорытынды нәтижесі сайтта жарияланады. 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом беріледі.
Орын ұпайлары:
І орын – 25-23 ұпай
ІІ орын – 22-20 ұпай
ІІІ орын – 19-17 ұпай
Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.