Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (ІІ бөлім)

0
58094

Martebe.kz республикалық білім порталы оқырмандарға «Педагогика» пәні бойынша тест сұрақтарын ұсынады. Дұрыс жауап қанық қара шрифтпен берілген. Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (ІІ бөлім)

Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І бөлім)

№ 51

Қоршаған табиғи ортаға оң көзқарасты, жауапкершілікті тәрбиелеу:

A) Еңбек тәрбиесі міндеті.

B) Адамгершілік тәрбиесі міндеті.

C) Экологиялық тәрбиесі міндеті.

D) Экономикалық тәрбиесі міндеті.

E) Азаматтық тәрбиесі міндеті.

 

№ 52

Тәрбие процесінің қозғаушы күші:

A) Тәрбие мақсаты мен міндеттері.

B) Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары.

C) Педагогтің талап қоюы.

D) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдау білуі.

E) Педагогикалық зерттеулер.

 

№ 53

Баланың денсаулығын шыңдау және оның денесінің дұрыс дамуын   қамтамасыз ету мақсатымен жүретін тәрбие:

A) Валеология.

B) Дене тәрбиесі.

C) Спортшы дайындау.

D) Кәсіби спорт.

E) Дене шынықтыру.

 

№ 54

Еңбек тәрбиесінің міндеті:

A) Еңбек сүйгіштікті тәрбиелеу.

B) Еңбекке деген оң көзқарасты тәрбиелеу.

C) Еңбек мәдениетін қалыптастыру.

D) Еңбек іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

E)Оқыту барысында еңбектің теориясымен таныстыру.

 

№ 55

Тәрбие процесіне арнайы қосылған заттар, жағдайлар:

A) Орта әсері.

B) Тәрбие құралдары.

C) Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы.

D) Тәрбие әдістері.

E) Тәрбие тәсілдері.

 

№ 56

Отбасы тәрбиесі, діни (конфессионалдық)тәрбие,  мектеп тәрбиесі,  мектептен  тыс тәрбие. Тәрбие түрлері қандай белгіге байланысты топтастырылған:

A) Мазмұны бойынша.

B) Интитуционалдық белгі бойынша.

C) Қарым-қатынас стилі  бойынша.

D) Оқыту-тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша.

E) Тәрбие бағыттары бойынша.

 

№ 57

Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез-құлқына ықпал ету амалдары:

A) Тәрбие әдісі.

B) Тәрбие формасы.

C) Тәрбие құралы.

D) Тәрбие тәсілі.

E) Дамуға басшылық жасау.

 

№ 58

Негізгі білім беруде олқылықтардың орнын толтыру бұл —

A) бейімделушлік

B) орын толтырушылық

C) интегративтілік

D) әмбебаптылық

E) түпнегізділік

 

№ 59

Сананы қалыптастыру әдісі:

A) Жарыс.

B) Мадақтау.

C) Жаттығу.

D) Педагогикалық талап.

E) Үлгі-өнеге.

 

№ 60

Мінез-құлықты және іс-әрекетті ынталандыру әдісі:

A) Жазалау.

B) Түсіндіру.

C) Лекция.

D) Тапсырма.

E) Бақылау.

 

№ 61

Адамгершілік мазмұнды нақты фактілер мен оқиғаларды жарқын, эмоционалды баяндау:

A) Этикалық әңгіме.

B) Түсіндіру.

C) Әнгіме-кеңес.

D) Талап қою.

E)  Жаттығу.

 

№ 62

Тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртүрлі   проблемалар бойынша дұрыс бағалар, көзқарастар қалыптастыру:

A) Түсіндіру.

B) Мадақтау.

C) Әңгіме-кеңес.

D) Үлгі-өнеге.

E) Дискуссия.

 

№ 63

Жазалау:

A) Сананы қалыптастыру әдісі.

B) Бақылау әдісі.

C) Іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі.

D) Ынталандыру әдісі.

E) Тәрбие ережесі.

 

№ 64

Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалау және көтермелеу:

A) Талап қою.

B) Мадақтау.

C) Жазалау.

D) Жарыс.

E) Түсіндіру.

 

№ 65

Іс-әрекеттің бір түрін күшейтуге, ал енді бір түрін тежеуге арналған тәрбие әдісі

A) Талап қою.

B) Жазалау.

C) Мадақтау.

D) Үлгі-өнеге.

E) Бақылау.

 

№ 66

Мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сәйкес тәрбиеленушінің әртүрлі  іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі:

A) Тәрбиелік жағдайлар туғызу.

B) Жаттығу.

C) Талап қою.

D) Әңгіме.

E) Үлгі-өнеге.

 

№ 67

Жарыс әдісі:

A) Жеңімпаз анықталатын ойын.

B) Нәтижені бекіту әдісі.

C) Өз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра отырып тұлға қасиеттерін қалыптастыру және бекіту.

D) Тәрбиеленушінің басқа тәрбиеленушілерден артықшылығын анықтау.

E) Тиімді әдісті анықтау жолы.

 

№ 68

Баланың жағымсыз мінез-құлқы мен теріс қылықтарын тежеу әдісі:

A) Талап қою.

B) Мадақтау.

C) Жазалау.

D) Үлгі-өнеге.

E) Бақылау.

 

№ 69

Өзінде тұлғалық оң касиеттерді қалыптастыруға бағытталған адамның саналы іс- әрекеті

A) Тәрбие.

B) Қайта тәрбиелеу.

C) Өзін-өзі тежеу.

D) Өзін-өзі тәрбиелеу.

E) Өздігінен білім алу.

 

№ 70

Нақты тәрбие процесін ұйымдастыру варианты:

A) Тәрбие тәсілі.

B) Тәрбие құралы.

C) Тәрбие формасы.

D) Тәрбие әдісі.

E) Тәрбие мазмұны.

 

№ 71

Мәні проблеманы ашық түрде бірлесе талқылау болатын, сенімді  қалыптастыруға  бағытталған тәрбие әдісі:

A) Пікір-талас.

B) Әнгіме.

C) Талап қою.

D) Жаттығу.

E) Жазалау.

 

№ 72

Оқушылар ұжымының перспективтік ұмтылушылықтарын ұйымдастыру:

A) Тәрбие шараларын өткізу.

B) Ұжым белсенділерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

C) Ұжымның жеке мүшелерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

D) Ұжымның алдына практикалық мақсат қою.

E) Тәрбие мазмұнын анықтау.

 

№ 73

Параллелді ықпал ету принципінің мәні:

A) Мектептің және отбасының ынтымақтастығы.

B) Мектептің, отбасының және жұртшыықтың ынтымақтастығы.

C) Тәрбиеленушінің санасына, жігеріне және жүріс-тұрысына ықпал  етуі.

D) Тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ұжым мүшелері, белсенділері арқылы ықпал етуі.

E) Тәрбиешімен тәрбиеленушінің өз-ара қарым-қатынасы.

 

№ 74

Жоғары ұйымдасқан топ ретіндегі ұжымның белгілері:

A) Биресми лидері болуы.

B) Ұжым ішінде жеке топтар болуы.

C) Ортақ мақсат болуы, біріге іс-әрекет істеуі.

D) Басқа ұжымдармен қарым-қатынасқа түсуі.

E) Ұжым мүшелерінің мақсаттарының әртүрлі болуы.

 

№ 75

А.С.Макаренко бойынша ұжым дамуының кезеңдері:

A) 2.

B) 3.

C) 4.

D) 5.

E) 6.

 

№ 76

жымды қалыптастырудың басталуы:

A) Қоғамдық пікір қалыптастыру.

B) Педагогикалық талап қою.

C) Тәрбие шараларын өткізу.

D) Тәрбие әдістерін таңдау.

E) Тәрбие мазмұнын анықтау.

 

№ 77

Ұжымдық творчестволық істер әдістемесінің авторы:

A) Ю.К.Бабанский.

B) И.П.Иванов.

C) А.С.Макаренко.

D) К.Д.Ушинский.

E) Т.И.Шамова.

 

№ 78

Н.Е.Щуркова ұсынған тәрбие жұмыстарының бағыттары:

A) Тәрбиелеуші іс-әрекет ұйымдастыру, ұжымда тәрбиелеу.

B) Тәрбие мазмұндарымен сәйкес келеді.

C) Мектеп тәрбиесі, отбасы тәрбиесі.

D) Діни тәрбие.

E) Әскери тәрбие.

 

№ 79

Сынып жетекшісінің негізгі қызметі:

A) Оқушыларды және оқушылар ұжымын зерттеу.

B) Пән мұғалімдерінің жұмысын реттеу.

C) Ата-аналармен жұмыс.

D) Оқушыларды тәрбиелеу.

E) Оқыту процесін бақылау.

 

№ 80

Тұлғаның санасын қалыптастыру әдісіне жатпайды

A) Түсіндіру.

B) Лекция.

C) Әңгімелесу.

D) Педагогикалық талап қою.

E) Пікірталас.

 

№ 81

Мемлекеттің белгілі бір жалпы принциптер негізінде құрылған, бір-бірімен байланысты оқыту-тәрбие мекемелерінің жиынығы:

A) Мектептен тыс мекемелер.

B) Әлеуметтік жүйе.

C) Білім беру жүйесі.

D) Дидактикалық жүйе.

E) Педагогикалық жүйе.

 

№ 82

Оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын ғылыми нақтылайтын педагогикалық теория:

A) Оқыту технологиясы.

B) Педагогикалық технология.

C) Дидактика.

D) Педагогикалық менеджмент.

E) Тәрбие теориясы.

 

№ 83

Дидактиканың зерттеу пәні:

A) Оқыту процесі.

B) Білім беру мазмұны.

C) Сабақ беру (мұғалім іс-әрекеті) және оқудың (оқушы ісәрекеті) байланысы, олардың өзара қимылы.

D) Оқыту әдістері.

E) Тәрбие.

 

№ 84

Дидактика категориясы:

A) Тәрбие мақсаты.

B) Тұлғаны қалыптастыру.

C) Тұлғаны дамыту.

D) Білім беру мазмұны.

E) Тәрбие әдістері.

 

№ 85

Оқыту мақсаты — оқушыларда интеллектуалдық іскерліктерді, түсініктерді, көріністерді, білімдерді дайын түрде қалыптастыру:

A) Дамыта оқыту.

B) Дәстүрлі дидактикалық концепция.

C) Педоцентрлік концепция.

D) Проблемалық оқыту.

E) Бағдарламалап оқыту.

 

№ 86

Сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе:

A) Педоцентрлік концепция.

B) Дәстүрлі дидактикалық концепция.

C) Түсіндірмелі-сипаттай оқыту.

D) Дамыта оқыту.

E) Психологиялық оқыту теориялары.

 

№ 87

Оқыту мақсатын іске асыруды, оқушылардың білімдерді қабылдауын, қорытуын және практикада қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған мұғалім іс-әрекеті:

A) Оқу.

B) Сабақ беру.

C) Білім беру.

D) Тәрбиелеу.

E) Оқыту.

 

№ 88

Оқыту процесінің бір жағы сабақ беру, ал екінші жағы – :

A) Оқыту.

B) Оқу.

C) Білім беру.

D) Тану.

E) Тәрбие.

 

№ 89

Оқыту процесінің әдіснамалық негіздері:

A) Таным теориясы.

B) Тарихи материализм.

C) Неотомизм.

D) Бихевиоризм.

E) Экзистенциализм.

 

№ 90

Оқыту процесінде іске асырылатын функциялар:

A) Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыыру.

B) Оқыту мазмұнын, ұйымдастыру формаларын анықтау.

C) Оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу, дамыту.

D) Оқыту әдістерін, құралдарын таңдау.

E) Оқыту маақсатын қою, міндеттерін анықтау.

 

№ 91

Оқыту процесінің қозғаушы күштері:

A) Мұғалімнің жігері.

B) Оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.

C) Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды игеру қажеттілігін оқушылардың түсінуі.

D) Дидактикалық зерттеулер.

E) Ғылым мен практиканың байланысы.

 

№ 92

Қауымның қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық тіл ретінде, шет тілін жаһандану экономикасына интеграциялау ретінде қолдануы айқындалған:

A) ҚР «Тілдердің үштұғырлық» жобасының мазмұнында

B) «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнында

C) ҚР «Білім беру» туралы Заңның мазмұнында

D) ҚР білім беруді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының мазмұнында

E) «Қзахстан Республикасындағы балалар құқығы» туралы Заңның мазмұнында

 

№ 93

Бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлау мақсатында Халықаралық «Болашақ» стипендиясы ҚР-сы Президенті тарапынан бекітілді:

A) 1993ж

B) 1998ж

C) 2000ж

D) 1997ж

E) 1991ж

 

№ 94

Қандай оқыту принципі оқыту мазмұны оқушыларды ғылымның даму деңгейіне сәйкес объективті ғылыми фактілер, теориялар және заңдармен таныстыруды талап етеді:

A) Ғылымилық.

B) Көрнекілік.

C) Саналылық және белсенділік.

D) Жүйелілік және бірізділік.

E) Шамаға лайықтық.

 

№ 95

Қандай оқыту принципі сезім органдарын оқыту материалдарын қабылдауға және өңдеуге мақсатты қатыстыруды талап етеді:

A) Саналылық және белсенділік.

B) Ғылымилық.

C) Көрнекілік.

D) Шамаға лайықтық.

E) Жүйелілік және бірізділік.

 

№ 96

Жүйелілік және бірізділік принципі:

A) Оқытупроцесінжәне оның мазмұнын бір тәртіппен құрастыруды талап етеді.

B) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

C) Оқыту процесінде оқушыларды білімді практикада қолдануға ынталандыру.

D) Көрнекіліктерді қолдануды талап ету.

E) Оқушының мүмкіндіктерін ескеру.

 

№ 97

Оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін қанағаттандыруға бағытталған және жоғары сынып оқушыларының білім алуларын дифференциациялау мен жекелендіруге арналған оқыту жүйесі – бұл:

A) Бейіндікоқыту

B) Кәсіби оқыту

C) Бағдарламалық оқыту

D) Көптілдік білім беру

E) Проблемалық оқыту

 

№ 98

Білімнің есте жақсы сақталуын, олардың оқушы санасының бір бөлігі, жүріс-тұрысының негізі болуын талап ететін принцип:

A) Беріктік.

B) Жүйелілік және бірізділік.

C) Ғылымилық.

D) Саналылық және белсенділік.

E) Оқыту мен практиканың байланысы.

 

№ 99

Оқытудың қандай принципі оқушылардың даму ерекшеліктерін, оқу мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді:

A) Ғылымилық.

B) Көрнекілік.

C) Шамаға лайықтық.

D) Беріктік.

E) Саналылық және белсенділік.

 

№ 100

Қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, практикада қолдану:

A) Педагогикалық процесс кезеңдері.

B) Оқыту процесінің компоненттері.

C) Іс-әрекет компоненттері.

D) Білімді игеру процесінің кезеңдері.

E) Сабақ элементтері.

 

Педагогика пәні бойынша тест сұрақтары жауабымен (І бөлім)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ