Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы ынтымақтастық

0
2819

Жалпы мәліметтер\r\n\r\nЕуропа мен Азия ежелден бері Ұлы Жібек Жолы арқылы байланысқан болып келетін, ал бірінші еуропалықтардың арасында жеті ғасырдан артық уақыт бұрын қазақ даласын алғаш ашқан поляк францискан тақуасы Бенедикт Поляк болатын. Оның 1245-1247 жылдардағы Қасиетті Тақтың елшілік миссиясының құрамында қазіргі Қазақстанның даласы арқылы Азияның ішіне қарай саяхаты аймақтарымыздың арасындағы елшілік қатынастардың орнауының алғашқы дәйегіне айналды. Саяхаттаушы монах  Бенедикт Поляк Ұлы Дала жайлы ақпаратты жинақтауда басты рөл атқарды, соның арқасында еуропалықтар оның халқының өмірі мен тұрмысы жайлы тұңғыш рет естіп білген болатын.\r\n\r\nКейінгі заман тарихында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының арасындағы елшілік қатынастар 1992 жылдың 6 сәуірінде орнаған.\r\n\r\n1994 жылдың 20 наурызында Алматыда Польша елшілігі ашылды. 2007 жылдан бері ПР-ның Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті елшісінің қызметін Павел Чепляк атқаруда.\r\n\r\n1999 жылдың мамырында Варшавада ҚР-ның Елшілік миссиясы ашылды. 2000 жылдың қазанында Польша Республикасындағы ҚР Елшілігі құрылды (ресми ашылу рәсімі 2002 жылдың мамыр айында бөлып өтті). 2005 жылдың қазан айынан бері ҚР-ның Польшадағы Төтенше және Уәкілетті елшісі Алексей Волков болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nСаяси қатынастар \r\n\r\nОрталық Азия мен Орталық-Шығыс Еуропа аймақтарының жетекші мемлекеттері болып табылатын Қазақстан мен Польшаның арасында екіжақты қатынастардың бүкіл спектрі бойынша әріптестікті дамытуға өзара қызығушылық орын алуда. Екі ел үшін аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қазіргі заманның ланкестік, есірткі трафигі, заңсыз миграция және т.б. тәрізді індеттерімен күресу мәселелеріне деген ортақ көзқарас тән болуда.\r\n\r\nҚазіргі кезеңде сыртқы саяси салада Қазақстанның Польшамен әріптестігінің басымдылыққа ие бағытына ҚР-ның «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын бірлесіп іске асыру болып отыр.\r\n\r\nПольша Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық етуге ұсынысын алғашқылардың бірі болып қолдаған ел болып табылады. Польшаның жоғары өкілдері Қазақстанның толеранттықты, мәдени аралық және діни аралық диалогты нығайту жөніндегі халықаралық бастамаларына – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездеріне, «Ортақ әлем сан-алуандық арқылы прогреске қадам» мұсылмандық әлем мен Батыс өкілдерінің конференциясына үнемі түрде қатысып отырады.\r\n\r\nПольша Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдап отырады. Мысалы, 2009 жылы Варшава ҚР мен Еуропалық одақ арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге (ӘЫК) қол қою мәселесіне қатысты принципиалды келісім мен поляк тарапының қолдауын білдірді.\r\n\r\n«Еуропаға жол» сыртқы саяси бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде жоғары білім, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, заң, құқық қорғау жүйесі, пенитенциарлық жүйені жетілдіру саласында бірқатар шаралар мен бірлескен жобалар ұсынылып және жүзеге асырылды.\r\n\r\nЕкі елді өзара тығыз байланыстырып тұрған көпір «Полония» — Қазақстанды мекендейтін поляк диаспорасы (шамамен алған 50 мың поляк).\r\n\r\nҚазақстан мен Польшаның арасында халықаралық бітімгерлік күштердің құрамында табысты өзара әрекеттесу тәжірибесі бар. Мысалы, «Иракқа еркіндік» операциясының шеңберінде Ирактағы Польшаның жетекшілік етуімен көпұлттық дивизияның құрамында 2003 және 2008 жылдар аралығындағы кезеңде Қазақстанның инженерлік-саперлік взводы жайғастырылған болатын, ол Ирактағы ланкестікпен күрес жүргізу және ондағы тұрақтылықты нығайту ісіне үлкен үлес қосты. \r\n\r\n2001 жылдың қыркүйегіндегі Римдік Папа ІІ Павел Иоанның Қазақстанның егемендігінің онжылдығын атап өту қарсаңында Қазақстанға жасаған сапары тарихи оқиғаға айналды. Сапардың басты оқиғасы Астана алаңында ашық аспан астында 50 000 адамның қатысуымен болып өткен католиктік месса.\r\n\r\nПарламентаралық диалог біртіндеп дамып келеді – ҚР Парламентінің Мәжілісі мен Сеймде (парламенттің төменгі палатасы) парламентаралық ынтымақтастық топтары құрылған. Польша парламентінде «Қазақстан-Польша» параламентаралық ынтымақтастық тобы жұмыс істейді, оған Сейм мен Сенаттың 14 депутаты кіреді.\r\n\r\n2009 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының Орынбасары ҚР-дағы Поляктар одағының жетекшісі етіп Виталий Свинцицкийді тағайындаған болатын.\r\n\r\nЕкіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың дамуына поляк делегацияның Астанадағы 2008 жылдың 28 маусымы мен 3 шілдесі аралығында болып өткен ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының 17-ші сессиясына қатысуы ықпалын тигізді.\r\n\r\nҚазақстандық депутаттар 2008-2009жж. Варшавадағы жыл сайынғы ДИАҚБЕҚЫҰ Мәжілістерінің пікірталастарына белсенді түрде ат салысып отырды.\r\n\r\n \r\n\r\nЕң жоғарғы және жоғары деңгейдегі сапарлар \r\n\r\nКейінгі ондаған жылдар ішінде Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының арасындағы ең жоғарғы деңгейдегі сапарлардың серпіні өте жылдам – саяси, экономикалық, инвестициялық және мәдени-білім салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың көлемі мен ауқымдарына сәйкес түрде дамып отырды.\r\n\r\n1997 жылдың 27-28 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға тұңғыш ресми сапары болып өтті, оның барысында Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының арасындағы достастық қатынастар мен ынтымақтастықты дамыту туралы декларацияға қол қойылды.\r\n\r\nПольша Республикасының Президенті Александр Квасьневскийдің ҚР-ға  ресми сапары 1999 жылдың 29-31 қазанында болып өтті.\r\n\r\n2002 жылдың 23-26 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Польшаға екінші ресми сапары болып өтті. Қазақстан мемлекеті басшысының екіжақты қарым-қатынастарды нығайту ісіндегі ерекше еңбегін мойындаумен А.Квасьневский  ҚР Президентіне Польшаның ең жоғары наградасы — Ақ бүркіт орденін тапсырды (мемлекетіміздің басшысы Президент А.Квасьневскийді бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады).\r\n\r\n2007 жылдың 28-30 наурызында Президент Лех Качыньскийдің Қазақстанға бірінші ресми сапары болып өтті.\r\n\r\nКеліссөздердің қорытындылары бойынша екі мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесі қабылданды. Сапар шеңберінде «Қазақстан — Польша» ІІ экономикалық форумы өткізілді және ҚР Президентінің «Қазақстан жолы» кітабының поляк тіліндегі нұсқасының тұсаукесері болып өтті.\r\n\r\nСапар барысында екіжақты 8 құжатқа, оның ішінде Қазақстан Республикасы азаматтары мен Польша Республикасы азаматтарының, елшілік төлқұжат иегерлерінің бір-біріне визасыз сапарлары туралы келісімдер; Қорғаныс өнеркәсібі саласы мен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы; ҚР мен ПР Ұлттық банкілерінің өзара ынтымақтастығы туралы келісімшартқа қол қойылды.\r\n\r\n \r\n\r\nСауда-экономикалық ынтымақтастық\r\n\r\nПольша Орталық Азия мен Шығыс Еуропа елдерінің арасында Қазақстанның жетекші сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып қалуда. ҚР мен ПР арасындағы тауар айналымы кейінгі онжылдықта 10 есе артумен өсу беталысына ие болуда. ҚР статистикалық мәліметтері бойынша 2009 жылы елдеріміздің арасындағы сауда көлемі тарихта тұңғыш рет 1,25 миллиард доллар деген белгіге жетті, мұнысы 2008 жылдағымен салыстырғанда 35% жоғары (888 млн. долл.). Бұл ретте ПР-ға қазақстандық экспорт 835,8 млн. долл., Польшадан импорт – 421,6 млн.долл. құрады.\r\n\r\nЕкі елдің арасындағы тауар айналымының құрылымы бірнеше жылдар бойы өте тұрақты болып қалуда, тек тауарлық позициялардың меншікті салмағы өзгеруде. Польшаға қазақстандық экспорттың құрылымында көмірсутегі шикізаты, химия өнеркәсібінің, қара металлургия, ауыл шаруашылығы өнімдері, соның ішінде астық пен ұн басым болуда.\r\n\r\nПольшадан Қазақстанға импорттаудың негізгі баптары ретінде химия өнеркәсібінің өнімдері, машиналар мен жабдықтар, электр аспаптары, асыл емес металдар және солардан жасалған бұйымдар, целлюлоза, қағаз, синтетикалық материалдар және резеңкеден жасалған бұйымдар, көлік құралдары, мал шаруашылығы және өсімдік тектес өнімдер, жиһаздар және солардың қосалқы бөлшектері, азық-түлік тауарлары қалуда.\r\n\r\nДағдарысқа қарамастан поляк фирмалары Астана мен Алматыда өткізілген барлық ірі сауда-көрме шараларына қатысып отырды. Іскерлік байланыстардың жандануына сондай-ақ 2008 жылы Варшавада құрылған Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіптік палатасының қызметі ықпал етуде.\r\n\r\nҚР-мен ПР-ның арасында мерзімді негізде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиялар өткізіліп отырады, олардың төрағалары ҚР-нан – СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаев, ал ПР-ның жағынан – Вице-премьер-Экономика министрі Вальдемар Павляк болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nПоляк компанияларының Қазақстан нарығындағы қызмет ету саласында келесі түрдегі жұмыстар басымдылыққа ие болуда қосалқы мердігерлік мұнай-газ жұмыстары, жеке құрылыс, фармацевтикалық, жиһаз және телекоммуникациялық өнімдерді сату, түрлі жабдықтарды, өндіріс желілерін, құрылыс материалдарын, әйнек өнімдерін жеткізу, халықаралық көліктік тасымалдау қызметтерін ұсыну, жарнамалық қызметтер және т.б.\r\n\r\nСтратегиялық маңызы бар аса ірі инвестициялық жобаларға «Петролинвест» поляк жекеменшік компаниясының солтүстік-батыс Қазақстандағы мұнай кеніштеріндегі геологиялық-барлау қызметі жатады. “Эмбаюгнефть” қазақстандық кәсіпорны “Петролинвест” компаниясының негізгі еншілес кәсіпорындарының бірі болып табылады, оның көлемі шамамен алғанда 3 млн. баррельді құрайтын расталған шикі мұнай қорына ие 4 кеніші болған. “Эмбаюгнефть” компаниясының ҚР-дағы негізгі активі “Жұбантам” мұнай кенішін пайдалануға қатысты перспективалық концессияны иелену болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\nМәдениет және білім саласындағы ынтымақтастық\r\n\r\n \r\n\r\nҚазақстан мен Польшаның арасында мәдениет пен білім саласында белсенді диалог пен ынтымақтастық орнаған, мұнысы ҚР-дағы үлкен поляк диаспорасының болуымен, өткен тарихының ортақтығымен негізделуде. \r\n\r\n2008 жылдың 20-25 мамырында Таразда «Ұлы Жібек жолы» І-ші Халықаралық фольклорлық музыка фестиваліне ПР жетекші экономикалық жоғары оқу орны – Варшаваның Жоғары экономикалық мектебінің шығармашылық ұжымы қатысты. \r\n\r\n2008 жылдың тамызында Махамбет Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университетінің «Бапас Сазы» музыкалық ансамблі мен «Арна» би тобы (Орал қ.) «Кычер түбіндегі дүние» XI Халықаралық музыкалық фестиваліне қатысты.\r\n\r\nҚазақстан режиссерлері Дәрежан Өмірбаев және Айдын Сахаманов «ОФФЕЛИАДА 2008» (2008 жылдың 24-26 қазаны, Гнезно қ., Ұлы поляк воеводствосы) ІІ халықаралық тәуелсіз және әуесқой киносының фестивалінде қонақ ретінде болып қайтты, соның шеңберінде Қазақстан киносының І-ші субъективті көрсетілімі ұйымдастырылды.\r\n\r\n \r\n\r\nҚазіргі уақытта Қазақстанның 500 астам студенті Польшаның жоғары оқу орындарында оқып жатыр, соның ішінде Польшаға “Болашақ” мемлекеттік бағдарламасы бойынша да студенттер жіберілуде.\r\n\r\n2009 жылдың ақпан айында Елшіліктің жәрдемдесуімен «Мектеп-ЖОО ынтымақтастықты дамыту перспективалары» халықаралық ғылыми-практикалық телекөпір өткізілді, ол «тікелей қосу» (online) режимінде бір мезгілде Қазақстанның Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз қалалары мен поляктық Краков қаласын бір-бірімен жалғады. Қазақстан-Польша білім беру телекөпірінің басты ұйымдастырушылары ретінде Краков қаласындағы Станислав Сташиц атындағы Таукен-металлургия академиясы мен Алматыдағы экономика және статистика академиясы шықты.\r\n\r\n2009 жылдың 6-8 сәуірінде Алматы мен Астанада ҚР-ның Польшадағы елшілігі мен «Перспективалар» Поляк Білім беру Қоры ұйымдастырған  «Поляк университеттерінің күндері» болып өтті, солардың шеңберінде Қазақстанда құрамына ең ілгері университеттердің жетекшілері, сондай-ақ Варшава мэриясының өкілдері кіретін поляк делегациясы болып қайтты.\r\n\r\n«Қазақстандағы Поляк университеттерінің күндері» шарасының қорытындылары бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды, олардың арасында – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен  «Перспективалар» Білім беру Қоры арасындағы ынтымақтастықты орнату туралы меморандумы». Сонымен қатар, поляк ЖОО жалпы алғанда Қазақстанның мемлекеттік және жекеменшік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 18 келісім мен меморандумға қол қойып олармен өзара алмасты.\r\n\r\n2009 жылдың 21 сәуірінде Познань қаласындағы Адам Мицкевич ат. университетінің Ориенталистика және түркітану институтында Қазақстан бөлімшесі ашылды. Бөлімшенің жетекшісі етіп Познань университетінде 5 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан қазақ тілінің оқытушысы Гуләйхан Ақтаева тағайыналды. Қазіргі кезде университеттің бес курсында қазақ тілінде шамамен 40 поляк студенті оқытылуда .\r\n\r\nЕкіжақты мәдени ынтымақтастыққа қолдау жасау мақсатында ҚР-ның елшілігі Варшавада баспа қызметімен белсенді түрде айналысуда. Мысалы, кейінгі жылдары поляк және қазақ тілдеріндегі “Қазақ даласының аңыздары” халық ертегілерінің жиынтығы, “Қазақстандағы поляктардың тарихынан 1936-1956” мұрағаттық материалдар жиынтығы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақстан жолы” кітабы, “Қазақстан – көптеген халықтар мен діндердің ортақ үйі” кітабы, белгілі поляк классик-ақыны Болеслав Лесьмянның ертегісі бойынша шығарылған және поляк суретшісі Юзеф Вильконның әдемі суреттерімен безендірілген “Сиқырлы ат туралы мақал” сияқты кітаптар жарық көрді.\r\n\r\n«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қазақ әдебиеті мен өнерін жұртқа танымал ету шеңберінде 2009 жылдың мамыр айында Варшавадағы Поляк баспа агенттігінде «Қыз-Жібек» лиро-эпостық поэмасының тұсаукесері болып өтті, ол ҚР-ның Варшавадағы елшілігінің бастамасымен әлемде тұңғыш рет шет тіліне аударылған. Басылым «Қыз-Жібек» поэмасының 500-жылдығына арналған болатын, мерейтой ЮНЕСКО-ның 2008 жылдағы атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген.\r\n\r\nТура сол кездері «Бенедикт Поляк Еуропадан Азияға Қазақстан арқылы (1245-1247)» атты жаңадан шыққан кітаптың тұсаукесері болып өтті, мұнда бұрында Вена мен Париждың ұлттық кітапханаларында сақталып жатқан әйгілі саяхаттың хроникалары әлемде тұңғыш рет оқырмандардың кең тобына ұсынылған. Кітап еуропалықтардың арасынан алғашқы болып қазіргі Қазақстанның даласы арқылы өтумен Азияның ішіне қарай саяхат жасаған францискан тақуасы Бенедикт Поляктың Қасиетті Тақ елшілік миссиясының құрамындағы саяхаты жайлы әңгімелейді.\r\n\r\nМәдениеттердің жақындасуының халықаралық жылы шеңберінде 25-26 қарашада Варшавада  Олжас Сүлейменовтың «Қыш кітап» поэмасының поляк тіліндегі нұсқасының тұсаукесері болып өтті, ол соның алғашқы басылымының 40-жылдығына арналған болатын. «Қыш кітаптың» тұсаукесерлері автордың өзінің қатысуымен Варшава Университетінде, Поляк баспа агенттігінде және «Польша — Шығыс» Достық Қоғамында бөліп өтті.\r\n\r\n2010 жылдың 27 сәуірінде Варшавадағы Виланов жазғы Корольдік резиденцияда Қазақстанның халық әртісі, Құрмаңғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубакірованың Смоленск түбіндегі қайғылы авиаапаттың құрбандарына, сондай-ақ поляк пианисі әрі сазгері Фредерик Шопенның 200-жылдығына арналған фортепьянолық концерті жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ