Портреттік очерк

0
317
Қазақтың мандайына біткен айбынды ақын, біртуар азамат,  Абайдан кейінгі заманының аса дарынды да арынды ақыны Ілияс Жансүгіров.  Қазақ даласындағы Үш арыстың бірі Ілияс атамызды танымайтын адам кемде кем. Өзінің сезімге толы өлеңдерімен,  қанатты сөздерімен барша адамның көңілінен шығып,  жүректерін тербете білген.

1894жылы Алматы облысы Ақсу ауданыңда дүниеге келген. Ілияс атамыз өз жолын қарапайым мұғалімдіктен бастаған. Бірақ аз уақыттың ішінде өзінің еңбекқорлығымен, білімділігімен, қарапайымдылығымен Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. Ол кісі тек осы қалыппен тоқтамай «Еңбекші Қазақ» газетінде жұмыс атқарады. 1932-1934 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комиссиясының төрағасы , 1933-1936жылдары Қазақ КСР Орталық атқару комитетінің мүшесі болған.

Ілияс Жансүгіров шығармашылығы алуан түрлі. Ілияс атамыздың өзіңдік қолтаңбасы бар тегеурінді ақын.  Ол өз заманының тарихын, ел мен жер қамын,  халық тағдырын, ұлттың сақталуын шығармаларына арқау етіп,  әсерлі жеткізе білген.  Өр тұлғамыздың қай шығармашылығын оқысаң да  қазақтың тұрмыс- тіршілігін,  азаттықты көксеген арман аңсарын ашып жеткізеді. Ол кісінің қаламынан туған «Күй»,  «Күйші» сияқты он бестен аса поэмалары қазақ халқының әдебиет шығармашылығының дамуына үлкен үлесін қосқан. Халықтың рухын байытатын сәттерге ерекше көңіл қоя білді.

Ілияс «Күйші» поэмасы арқылы қазақтың күй өнеріне деген құрметі ерекше екенін білесіз. Ол күйдің құдіреттілігін жыр өрнектерімен шебер көркемдеп жеткізе білді.  Поэмада ақын қазақ халқының күй өнері жайлы, күйді әсерлі етіп жеткізе білетін тарланбоз күйші жайлы тебірене толқиды. Күйші Кене ханның ақ ордасында қалың жиналған жұрт алдында домбыраның әсем үнімен, дүйім жұртты тамсандыра өнер көрсетеді. Күйіне де, өзіне де таңдай қақтыра тамсандырған. Сол күйлердің құдіреттілігінен маңайдағы аң да, табиғат та үн-түнсіз тына қалды.

«Алатау күй тыңдады ауылдай боп,
Тас балқып толқып жатты бауырдай боп»деп, тіпті жансыз жатқан тастың өзіне де күйдің құдіреттілігімен жан бітіре өрнектейді. Алуан үнде сөйлеген күйге айналадағы бар жан құлақ түре сүйсінді.Күйші жігіттің күйі қолында ақ найзасы жарқылдаған, қол бастаған қас батыр Кене ханды да бейжай қалдырмайды.

Сонымен қатар, ең көлемді шығармасы «Жолдастар» романы. Онда 1916жылы  көтерілісте болған  оқиғаны суреттеп ашып көрсетті. Ілияс атамыздың қай шығармашылығын алсақ та еңбекке баулып ,  тәрбиеге шақырып,  елін сүюге тәрбиелейді. Сонымен қатар, білім жолы маңызды екенің көрсететін,  ұлт қасиеті әрқашан жоғарыда тұратының меңзейтін шумақтары әр талшық тамырымыздан өтіп,  жүрегімізге жетеді. Ақынымыз қазақ сөз өнерін кемелдендірген,  көріктендірген қайталанбас дарын иесі.

Жобалаева Дана Асқарқызы
Тұран университеті,  Журналистика-181(4)-3курс


ПІКІР ҚАЛДЫРУ