Президентім-мақтанышым!

0
1198

Президентім-мақтанышы елімнің,

Иесісіз  ұлан-байтақ жерімнің.

Қаншама жыл «қазағым» деп күн кешіп,

Қорған болдың, қыранындай көгімнің.

 

Мәңгілікке біздер үшін «Ұлысыз»,

Үлгі тұтар азаматтың бірісіз.

Қараңғыда қапа болған қазаққа

Жарық берген, жарқыраған күнісіз.

 

Қыран құсы алтын күнді көтерді,

Нұр шуағын қазағына әкелді.

Бейбіт елде өмір сүрген халқыңыз

Мақтан етер өзіңіздей нақ ерді.

 

Көк байрағы көгімізде желбіреп,

Халқыңыз тұр жүректері елжіреп.

«Президентім ел билейді» деп емес,

Жар салады «Елдің бағы енді!» деп.

 

Өзіңізді нағыз ерге баладым,

«Қазағымның патшасы» деп санадым.

Ел басқарған ұлылардың күшімен

Болашаққа қадам басып барамын.

 

Әр ісіңіз жолыңызды оңдасын,

Елімізде еш жамандық болмасын.

Президентім, өзіңізді әрдайым

Бабалардың рухы жебеп, қолдасын.

 

Халқыңызға әрқашан да данасыз,

Болашақтың көшін бастап барасыз.

Ұлан-асыр еңбегіңіз еленіп,

Мәңгі-бақи жадымызда қаласыз!

 

 

Авторы:  Төлеухан Шынар

«Тұран» университеті

4-курс студенті

 

 

 

 

 

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ