Проблемалық оқыту технологиясы

0
3698
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Проблемалық оқыту технологиясы.

 

Мекеме: Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі.
Уақыты: 01.02.18 Пән : жаңа педагогикалық технологиялар
Топ: ББМ-02 Қатыспағандар :
Осы сабақта жететін мақсат:

Проблемалық оқыту технологиясына жалпылама түсініктеме бере алады .

Проблемалық оқыту технологиясының білім беру жүйесіндегі маңызын түсінеді.

Тақырыпқа зерттеушілік жағынан диалог құра білуді үйренеді.

Оқу іс-әрекеттерін қортындылап, бағалауға үйренеді.

Барлық оқушылар біледі :
  • Тақырыпқа жалпы шолу жасай алады.
  • Тақырыпқа өзіндік жеке ой қосады.

Негізгі және қосымша ақпаратқа сүйене отырып ынтамақтаса топпен жұмыс жасай алады.

Оқушылардың кейбірі :
  • Тақырыпты талдап, мән-маңызын түсіне алады.
  • Тақырыпта кездесетін ғылыми терминдермен жұмыс жасай алады.
Оқушылардың кейбірі :

представления о современной морали

  • Проблемалық оқыту технологиясының білім беру үдерісіндегі өміршеңдігіне көз жеткізеді.
Өткен сабақпен байланыс Ойын технологиясының мақсат міндеттері мен маңызын еске түсіру
Тілдік мақсаттар Проблема,проблемалық оқыту, проблемалық жағдаят, проблемалық тапсырма, проблемалық сұрақ, талдау, қортындылау, танымдық қызығушылық .
Бағалау критерийлері

Тақырыптың мазмұнын толық түсінеді .

Негізгі және қосымша ақпаратты анықтай алады.

Өткен тақырыппен және практикамен байланыстыра алады.

Тақырыппен еркін жұмыс жасай алады.

Пән аралық байланыс: Педагогика, Психология, Этнопедагогика
АКТ қолдану дағдылары Интернет көздері арқылы тақырыпқа қажетті материалдар мен ресурстар қарастыру
Құндылық:

ЖаҺандану заманында Қазақстанның өркендеп дамуына білім деңгейі жоғары бәсекеге қабілетті ұлттық рухты жас мамандар тәрбиелеу.

Болашақ мамандардың жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып , еңбексүйгіштік және жауапкершілік сынды құндылықтарын дамыту.

Жоспар
Сабақ кезеңдері және белгіленген уақыт Мұғалім мен студенттің бірлескен іс-әрекеті Құрал жабдықтар

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

 

Ұйымдастыру кезеңі.

  • Топпен амандасу.
  • Топты түгендеу.
  • Сабаққа дайындықты тексеру.
Психологиялық ахуал

Осы өмірде бақыттымын дегендер орнынан тұрсыншы!

2.Осы өмірдегі басты байлығым ата-анам дегендер оң қолын көтерсін!

3.Осы өмірде денсаулық маған ауадай қажет дегендер сол қолын көтерсін!

4.Осы өмірде арман мақсаттарым көп дегендер алақандарымен шапалақтасын!

5.осы өмірде айналадағы адамдардың барлығын жақсы көремін дегендер қасындағы көршісін құшақтасын.

6.Осы өмірде сол арман мақсаттарға қайтсем де жетемін дегендер орындарына отырсын! Сіздердің бүгінгі сабақтарыңызға талмас талап, адал еңбек, терең ой тілеймін.

5 мин

Топқа бөлу «Қаламсаптар»

Барлық студентердің қаламсаптары алынып, кейін партаға әр түрлі ретпен қойылады. Сол қойылған қаламсаптар бойынша оқушылар топқа отырғызылады.

Топ ұстанымын бекіту.

Топқа ұлағатты сөздер жазылған қима қағаздар беріледі. Топ мүшелері ақылдасып берілген сөздердің ішінен таңдап , топ ұстанымын шығару керек. Кейін сол ұстанымды студент шығып дауыстап оқып , түсіндіріп береді.

Топ ережесі.

Жабайы қаздардың өзара ынтымақтастық жайлы бес сабағы.

1.Бірге болу.

2.қатарды сақтау

3.орын алмасу

4.қолдау көрсету

5.жалғыз қалдырмау

Қаламсаптар .

Жабайы қаздар видеосы.

15 мин Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сана аллеясы

Мұнда студенттер аллея болып тұрады. Үйге берілген тапсырмаға дайындалмай келген немесе жеткілікті түрде түсінбеген студентті ортаға шақырамын. Студент аллеяны айналып ақырын жүреді. Қалған студенттер үй тапсырмасынан түйінді идеяларды айтып отырады. Түйінді идеялар бір-бірін қайталамау тиіс.Соңында студент барлық айтылған түйінді идеяларды қосып қортындылап сабақ айтады.

Бағалау: Ортаға шыққан студент пен ең пайдалы , маңызды түйінді идеяларды айтқан студенттерге стикерлер беріледі.

Ең маңызды түйінді идеяларды айтқан студентті ортадағы студент анықтайды.

2. kahoot.com бағдарламасымен білімді тексеру.

Кахут әдісі бойынша үй тапсырмасынан тест орындау. Ол үшін лекциядан 10 сұрақ беріледі. Тест сұрақтарына жылдам әрі дұрыс жауап беру керек.

Бағалау: Студенттердің дұрыс жауап бергенімен және уақыт жағынан алда болғандар «өте жақсы» бағаға ие болады.

10-9 сұрақ дұрыс болса -5

8-7 сұрақ дұрыс болса -4

5-7 сұрақ дұрыс болса -3

Қима қағаздар

Видео тамашалау.

Түрлі-түсті стикерлер

Интернет желісімен жұмыc

https://kahoot.com/welcomeback/

5 мин Жаңа сабақты хабарлау.

Миға шабуыл.

1.Қазіргі оқыту жүйесінде жаңа технологиялардың алатын орны қандай?

2.Практика барысында мұғалімнің сабақ берудегі әрекетін бақыладыңыздар? Қандай ой түйдіңіздер?

3.Қандай жаңа технологияларды білесіздер?

4.«Жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны табуды үйретеді» А.Дистервергтің сөзін қалай түсінесіздер?

(студенттердің жауабы тыңдалады~

-Дұрыс айтасыздар, балаға білімді дайын күйінде бермей , білім алушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып , оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Бұл технологияны білім беру жүйесінде проблемалық оқыту тенологиясы деп атаймыз.

10 мин Жаңа сабақ. Проблемалық оқыту технологиясы Слайдтан көрсетілім
15 мин
Топтық жұмыс.

«Аялдама» әдісі бойынша жаңа тақырыпты 3 ке бөліп 3 топқа беремін.

Тапсырма:

1-топ .Қазақстанның картасы бойынша проблемалық оқытудың даму тарихын анықтау.

2 топ. Рухани Жаңғыру бағдарламасын негізге ала отырып проблемалық оқытуды ойын технологиясымен салыстыра отырып , өнімді ой шығару.

3 топ . Шаңырақ бейнесі бойынша проблемалық оқытудың мүмкіндіктері мен маңызын анықтауы тиіс.

Топ мүшелерімен ақылдаса отырып айтылған бейнелерді сурет қылып сала отырып лекцияны оқып шығып , ішінен түйінді анықтамаларды жазуымыз керек

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды Жұмыс қорытындысы ретінде постерді толтырады. Кейін топ ішінен бір студент шығып барлық топқа қорғайды.

Бағаланады:

  • Тақырыптың ашылуы;
  • Жаңа ойдың қосылуы;
  • Сөздік қордың әдебі мен топ алдында өзін-өзі ұстауы;
А3 қағаздар мен маркерлер
2 мин

Сергіту сәті.

Презентациядан сурет беріледі. Суретке мұқият қарап , жылдам әрі дұрыс қазақтың мақал мәтелдерін ойлап табуы тиіс.

Презентациядан көрсетілім
10мин
Жеке жұмыс.

«Бір сөзбен тұжырымда» әдісі

Берілген тақырып бойынша студенттерге тапсырма беріледі.

1 .Нақтылау. Ғалымдардың «Проблемалық оқыту» ұғымына берген анықтамасына сүйене отырып ,өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

Салыстыру . проблемалық оқыту технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Қортындылау. Студенттер жеке -жеке ең керекті түйінді идеяларды бір сөйлеммен айту керек.Тақырыпты бір сөзбен тұжырымдау.

Дәптермен жұмыс .
5 мин
Кері байланыс

Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Студенттер параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?

2. «Балалы үйрек»— бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім

Ақ парақтар таратылады.
Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия

Шығу парағын толтырады.

Студенттер жауабы тыңдалады.

Шығу парағы

Бағалау

1 мин

Топ мүшелерінің бағалау парағы мен тест бағасы және сабақ үдерісінде қатысу белсенділігіне сүйене отырып қортынды баға шығарылады. Бағалау парағы

Үйге тапсырма

1 мин

Тақырыпқа шолу жасау. Қосымша мәлімет жинақтау.
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ