Профессор-жазушы, ақын Әдібай Табылдының ұлттық мінез бен ұлттық тәрбие төңірегінде ой – тұжырымдары

0
2843

Қазақ халқының ұлттық мінезі ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне, тарихи жағдайларға байланысты дамып, қалыптасты. Қалыптасып, халықтық әдепке айналған ұлттық мінезге заман зардабы әсер етпей ме? Әрине, әсері болар, бірақ ұлт тұрған жерде оның мінезін өзгерту «күші» мүлде қалады.

Жас ұрпақты тегіне тербеп, олардың бойына ұлттық қасиет¬терді (мінезді) сіңіре білуіміз үшін, мінездің ұлттық ерекше¬ліктерін жан-жақты терең зерлеп, тәлімдік тәсілдерін қолдана білу қажет болады.

Мінез – жеке тұлғаның болмысындағы психологиялық (сезімдік, ұғымдық, түйсіктік) қасиеті. Ол меланхолик, флегматик, сангвиник, холерик сияқты темпераменттік қасиеттер ар¬қылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан генотиптік (тектік) адами ерекшелік.

Мінез болмысқа (текке), тұрмысқа, қоғамдық құрылысқа, кәсіпке, әлеуметтік жағдайларға байланысты ыңғайлануға, бейімделуге, құбылуға сай болады.

«Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады» дейді Абай дана (32-сөзінде). Мінез тұрмысқа байланысты салмақты – күйгелек, қоғамдық құрылысқа байланысты кішіпейіл – тәккәпар, әлеуметтік жағдайға байланысты өзімшіл – көпшіл болып қалыптасады.

Мінездің түрі көп (біз зерттей келе, мінездің 50 түріне анықтама бердік). «Адам санасын тұрмыс билейді», тұрмысқа байланысты мен¬мендік билеген адамда дөрекі мінез, қасіретті адамда ашуланшақ мінез пайда болады. Біздің тәуелсіз еліміздегі адамның мінезі – кішіпейіл, көпшіл болуға тиіс. Көбінесе, кәсіпке байланысты жеке бастың темпераменті сол кәсіптің ерекшелігіне сай бейімделеді. Дегенмен, тектік (генотиптік) мінез негізін жоймайды.

Мінездің жақсы болып қалыптасуы тәрбиеге, жеке тұлғаның ақыл-санасына байланысты. Адам мінезін көбінесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «түзейді». Кейде темпераменттік ерек¬шелік «мінез түзеуге» кедергі болады. Сонда ақыл, сана, ой адамға қуат береді.

Мінезді ескерту, түсіндіру, іс-әрекетте көр¬сету, мадақтау, жазалау арқылы тәрбиелеу¬ге болады. Мінезді тәрбиелеу арқылы жақсартуға болады. Төменде біз ұлттық мінездердің тәлімдік мәнін ашып, оны тәрбиеде қолдану тәсілдеріне назар аударамыз.

Ақкөңілділік мінез тәлімі. Адам баласына тек жақсылық ойлап, оған адам¬гер¬шілікпен жақсылық жасауға бейім, ақжарқын, аялы нұр көрсететін ұлттық мінезді ақ¬көңілділік мінез дейміз.

Ақкөңілділік мінез өзара сыйласымнан, жайдары жарасымнан, ақниетті әрекеттерден, жақсылыққа құштарлықтан, жанашырлық әрекеттерден айқын көрінеді.

Ақкөңіл адам ақниетті әрекеттерімен ақкө¬ңілділік мінез нұрын шашады да, өзі сүйіс¬пен-шілікке бөленеді, жақсылыққа құштарлығымен айналасындағы адамдарға адам¬гершілік қуат береді. «Өзіңді-өзің жаттай сыйла, жат өзінен түңілсін» деп, ақкөңілділік мінез¬дің сыйласымдық мәнін халық жоғары бағалайды.

Халық «ақкөңілдің аты арымайды, тоны тозбайды», «ақылдының көңілі ақ болады, оған абырой мен бақ қонады» деп, бұл мінезден үлгі алуды уағыздайды. Ақкөңілді тұлғаларды насихаттап, олардың өнегесін жас ұрпаққа үйретуді мақсат тұтады. Халықтық тәлімде Қожанасырдың ақкөңілділігі, Жиреншенің ақниеттігі жас ұрпаққа үлгі – өнеге ретінде пайдаланылады.

Қоғамдағы іштарлық, менмендік, тәккәпарлық мінездер ақкөңілділік мінездің шырқын бұзып, шын бойына батқанымен, ақкөңіл адам ол келеңсіз қасиеттермен үнемі күресуде болып, оларды сабырлылықпен жеңіп отырады. Ақкөңілділік мінездің асыл қасиеттерін ашып көрсетіп, ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, оны дәлелдеу, сезіндіру тәсілдерімен ұрпақтың бойына сіңіреміз.

Әдептілік мінез тәлімі. Әдептілікті, кісілікті, әдеппен сөйлеуді, әдеппен қимылдауды, имандылықты, ұлттық әдеп нышандарын көрсететін бұл ұлттық мінез жеке тұлғаның беделін арттырып, бейнесін бедерлейді.

«Әдептілік – әдемілік» деп халық әдептілікті уағыздайды. Баланың әдептілік мінезін қалыптастыру үшін халық оның тілі шыға бастағаннан-ақ «жаман» мен «жақсыны» ажырата көр¬сетіп, мінезіндегі әдептілікті үйретеді.

Әдептілік мінез әдепті іс-қимылда, бет-қи¬мыл¬дан да айқын көрінеді. Үлкен-кіші алдындағы ізетті қимыл-әрекет жеке тұлғаның әдепті¬лігін көрсетеді.

Ұлттық әдеп – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған ұлттық құндылығы. Сондықтан біз қазақ халқын (жалпы алғанда) әдеп¬ті халық дейміз. Әдептілік мінездің үлгі¬ле-рін әсерлеп көрсетіп, ұрпақты әдептілікке баулимыз.

Байсалдылық мінез тәлімі. Асықпауды, аңғарымпаздықты, ақылға сенуді, сабырлы әрекетті, түбін ойлауды көрсететін бұл ұлттық мінез жеке тұлғаның беделін биік¬тетеді.

«Байсалды болса мінезің, бақыттысың сен өзің» деп, халық байсалды мінезді жоғары бағалайды. Асықпай сөйлеу, абайлап қимылдау, жылы шыраймен «салмақтылық» көрсету арқылы жеке тұлға өзінің байсалдылығын (ақылдылығын) көрсетеді. Сезімтал жастар мұндай мінезден үлгі алады.

Байсалды мінез аңғарымпаздықты көрсе¬теді. Байсалды мінезді тұлға әр нәрсенің «байыбына барып» сөйлейді, байыпты іс-әрекет жасайды. Айналасының көңіліне көркемдік құятын байсалдылықты жұрт сүйсіне қабылдап, үлгі тұтады.

Бауырмашылдық мінез тәлімі. Жеке тұлғаның мейірімділігінен, қайырымдылығынан, қамқорлығынан, сүйіспеншілігінен, ынтымақтығынан, ұлттық мақтанышынан пайда болатын бұл мінез оның адами асыл қасиетін көрсетіп, беделін арттырады.

Отбасындағы әрбір тұлға бір-біріне мейірімді болуға тиіс. Ағайындардың бір-біріне көрсеткен мейір-шапағаты олардың адамгершілік абыройын арттырады. Мейірімді жандар жанұяға жарқын нұрын төгіп, бейіл-берекені арттырады. Ағаның ініге, қарындасқа деген, әп-кенің ініге деген, сіңліге деген мейірімділігі күн¬нің шуағындай әсер етіп, татулық татымын арттырып, бақыт бағына ендіреді.

Бауырмашыл адам қайырымды болады. Ол жақын адамдарға әрқашан көмек көрсетіп, қиындығын бөлісіп, шаттығын бірге көреді. Үлкеннің кішіге деген қайырымдылығы кішінің мейір-шапағатын арттырады.

Зиялылық мінез тәлімі. Әдеп¬тілікті, білік¬тілікті, қайырымдылықты, ұлтжандықты, ұлағаттықты, мәдениеттілікті білдіретін бұл ұлттық мінез көбінесе зиялы қауымда болады.

Ұлттық тілде сөйлеген сөзі де, іс-қимылы да, жүріс-тұрысы да, қарым-қатынасы да әдеп-тілікті көрсетеді. Зиялы адамдар ұлттық әдепті бойына сіңірген «әдепті адамдар».

Зиялылық біліктіліктен пайда болады. Ол білгенін басқаларға үйретуден жалықпайды. «Білген адам білдім демес, білдім десе білгені емес» деп, халық зиялы қауымның үнемі білгенін дамытып отыратын, үлгі-өнегесін уағыздайды.

Зиялы тұлға қайырымды, мейірімді болады. Ол басқаларға барынша жақсылық жасауға тырысады. «Басшы болса зиялы, елге нұрын құяды» деп, халық зиялы тұлғаның мәртебесін уағыздайды.

Имандылық мінез тәлімі. Инабаттылық, ізеттілік, әдептілікті, мейірімділікті, тазалықты, діндарлықты көрсететін бұл ұлттық мінез қазақ халқының ұлттық психологиясына тән құбылыс. Иман арабша «сенім» адам арына, Аллаға сенім.

Иманды адам – инабатты адам. Ол басқа адамның қасиетін қадірлейді, арын ардақтайды, адам баласына тек жақсылық жасауға иманды адамнан басқалар байыппен қарап үлгі-өнеге алады. «Иманы бардың – сыйламы бар» деп, халық иманды адамды сыйлау құрметін жоғары бағалайды.

«Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» деп, халық имандылық қасиеттерін ұрпаққа үлгі етіп көрсетеді. «Кішілігім сыйланым, кісілігім иманым» деп, ақын кісілік үлгісі арқылы ұрпағын ұлылыққа тәрбиелейді. Имандылық – адам¬гершіліктің арлы бейнесі.

Имандылық әдептілікті көрсетеді. Ұлттық әдептілікті сақтаған иманды тұлға әдеппен сөйлейді, әдепті сақтайды, ұлттық мәдениетті құлшына құрметтеп, өзінің мәдениеттілігін, әдептілігін көрсетеді.

Иманды адамның жаны таза, тәні таза, бойы таза, пиғылы таза болады. Тазалық пен тақуалықтың арқасында, денсаулығы мықты, жансаулығы құтты болады. Діни қағидалардың тәрбиелік мәніне зер салып, оны тәлім-тәрбиеге қолдана білетін, адамдық асыл қасиетті тұлға, басқаларды да бақытты болуға баурайды. Біз ұлттық тәрбиеде имандылықты жастардың бойына сіңіру тәсілдерін қолданамыз.

Кісілік мінез тәлімі. Инабаттылықты, иман¬дылықты, әдептілікті, ізеттілікті, салауаттылықты, сабырлылықты, қайырымдылықты көрсе¬тетін бұл (қазақи) ұлттық мінез ел қуантады.

Кісілік имандылыққа да байланысты. Иманды адам адам баласына, табиғатқа, жан-жануарларға тек жақсылық тілейді. Көпшіліктің көңілін қалдырмайды. «Кісі болар баланың кісі¬менен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деп, халық кісілікке тәрбиелейді.

Ұлттық әдепті бойына сіңірген «кісі» әдепті (мәдениетті) жоғары бағалайды, өрендерді әдептілікке баулиды. «Әдептілік – әдептен, әдеп біліп әдеттен» дейміз.

«Кісімсіген кісі болмас, кішірейген кіші болмас» деп, халқы кісілік мінезді адамның кішіпейілді болатынын үлгі-өнеге етіп көрсетеді, «ұлық болсаң, кішік бол» дейді.

«Кісі болған» адам салауатты болады. Ол ішкіліктен, темекі тартудан аулақ болып, жан тазалығын, тән тазалығын сақтайды, артық сөз сөйлемейді, іс–тәртібін қалыптастырып, оны бұлжытпай орындайды. Сөз мәдениетін, жүріс–тұрыс мәдениетін сақтайды.

Кішіпейілділік мінез тәлімі. Мейірім¬ділікті, сый–құрметті, қайырымдылықты, әдептілікті, инабаттылықты, ізеттілікті, мәдениеттілікті көрсететін бұл ұлттық (қазақи) мінез – адами игі қасиеттерді айқын көрсетеді, адамды сүйіндіреді.

Кішіпейілді адам мейірімді болады, ол басқа адамдарға мейір–шапағатын төгіп, олардың жақсылығына қуанып, «ұлық болсаң, кішік бол» деген қағиданы берік ұстанады.

Кішіпейіл адам кішіні сыйлайды, үлкенді құрметтейді. Ол «үлкендігін», «мансабын» бұлдамайды, жаны жарқын, сөзі жылы, жайдары бейнесімен жұртты сүйіндіріп, көңілін көтереді.

Жанашыр, қайырымды іс-әрекеттермен кішіпейілді, ол адам адалдығын ардақтап, қадірлеп, қамқорлық жасайды. «Жақынды жаттай сыйла, жат өзінен түңілсін» деп, халық кішіпейілділік мінездің қадір-қасиетін уағыздайды.

Кішіпейілді мінезді ұяңдықпен, ұялшақтықпен шатастыруға болмайды. Кішіпейілді мінез жасанды болмайды, жан дүниенің жарқындығын көрсетіп тұратын бұл мінезді халық үлгі-өнеге тұтады. «Кішіпейілдіктен кішіреймейсің» дейді халық. «Кісілік кішіліктен танылады» деген халық қағидаларын ұлттық тәрбиеде қолдану арқылы біз ұлттық тұлғаның кішіпейіл-ділігін қалыптастырамыз.

Қайсарлық мінез тәлімі. Әдептілікті, батылдықты, қайсарлықты, қаһарлықты, қажырлықты, өткірлікті көрсететін көрікті мінез азаматтың шыңжаңдығын айқындайды.

Қайсар жан шындық үшін жанын қиятын әділетті болады. «Қорғай білсең шындықты, сонда сенсің шын мықты» деп, халық шындықты қорғай білетін тұлғаны жақсы көреді.

Қайсарлықтың белгісі – батылдық. Батыл адам қиындықтан қымсынбайды, жақсыны жанындай бағалайды. Қайсар жігіт «айтпайды, – айтқанынан қайтпайды» деп, халық қайсар адамның сөзі – берік, бірсөзді, табанды болатынын өнеге тұтады, мадақтайды, мақтайды.

Қайсар адам қажырлы болады, ол қандай қиындық болса да, «қиып түседі». Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарап, айтқанын атқарады, дегеніне жетеді, әрбір істің қалпын біліп, оны қажырлықпен орындайды. «Әр істің қалпын біл, арыстың салтын біл» дейді халық. Мұны қайсар адам өнеге тұтады.

Қайсарлықты дөрекілікпен шатастыруға болмайды. Қайсар адам әдептілігімен сыйланады, әділеттілігімен құрметтеледі. «Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ» деп, қайсар адам әділ айтады, әдепті сөйлейді. Оны үлкен–кіші ізеттілікпен құрметтеп, үлгі алады. Қайсарлық мінездің қажырлы қасиеттерін мысалдар арқылы дәлелдеп, жастарды қайсарлыққа тәрбиелейміз.

Қонақжайлылық мінез тәлімі. Әдептіліктен, қайырымдылықтан, мейірімді¬ліктен, жомарттықтан, кішіпейілдіктен, жанашырлықтан, ұлтжандылықтан пайда болатын бұл ұлттық мінез адамгершіліктің асқақ бейнесін көрсетіп, адамды сүйсіндіреді.

Қазақ халқы әдептілікті уағыздайды, әрбір қазақ әдеп сақтап, қонақжайлылық рәсімдерін орындайды. «Қонақ келсе, қоң етін кесіп беретін» қазақ бейхабар қонақ үшін де «сыбағасын» сақтап, оны күтіп алуға дайын болған.

Қонақжайлылық мінездің негізі – қайырымдылық. «Бір күн қонған, қонақ-құт» деп, қазақ қонақты құп алып, оған қайырымдылық рәсімдерін жасайды.

«Құтты қонақ келсе қой егіз табады» деп, халық әрбір қонаққа қонақ иесі жомарттық жасауы – міндет екенін уағыздайды. Бізде бар нәрсені қонақ күтуге лайықты пайдалану дәстүрге айналған.

«Үйің тар болса да, пейілің кең болсын» деп, қонақжай адамның жүзі жарқын, әзілі әдемі, сөзі қисынды болады. Қонақжайлылық – адамгершілік қасиет. Адамгершілігі мол адам қонағына адами қасиеттерді көрсете біледі.

Қонақ күту рәсімдері, әсіресе қазақ халқында қасиетті әрекет ретінде қалыптасқан, бұл ұлттық дәстүрі ретінде басқа ұлттарға үлгі болады. Қонақжайлылық әрбір қазаққа тән қасиетті құлық.

Момындық мінез тәлімі. Момындық – ілтипаттылықты, ыждағаттылықты, имандылықты, инабаттылықты, ықыластылықты білдіретін биязы мінез.

Момын мінезді үлкен-кішіге ілтипат көрсе¬тетін, назар аударып, көмек көрсетіп, сый-сияпат білдіріп, адами асыл қасиетімен сүйіс¬пеншілік нұрын төгеді.

Момын адам әдепті, иманды болады. Әр нәрседе әдептілік сақтап, имандылық шарттарын көрсете білу – адамгершілік қасиет. «Момын болсаң момын бол – ынжық болма» дейді қазақ. Имандылық – ынжықтық емес.

Үлкенге жалпы адам баласына инабаттылық көрсетіп, адамгершілік қасиеттерімен көріне білген адам мұсылман (момын). «Момынның ісін құдай оңдайды» дейді қазақ. Өйткені момынның ісі әділетті болады.

Момын мен ынжық екі басқа. Момындық – ақылды, ынжықтықтың ақыл парасаты болмайды. Момын адам өз ісіне ықтиятты, «тындырымпаз» тиянақты болады.

Пайыммен пайда болатын момындық мінезді халық үлгі-өнеге тұтады. «Момын болсаң жолың болады» дейді халық, момындық мінез үлгі. «Үндемеген үйдей бәледен құтылады». Ұлттық тәрбиеде біз момындықтың әдептілікпен сабақтастығын дәлелдеп, ұрпақты қарапайымдылыққа тәрбиелейміз.

Мұсылмандық мінез тәлімі. Жайсаң¬жан¬дылық, ар-имандылық, шыншылдық, әді¬леттілік, момындық, қайырымдылық, мейірім¬ділікті көрсететін мұсылмандық мінез – діни қағидаларды орындау нәтижесінде қалыптас¬қан қасиетті мінез.

«Барлық істе турашыл болып, адамдармен сыпайы қатынас жасаңдар» деген хадистік қағида бойынша, мұсылман адам жайсаңжандылықпен қарым-қатынаста өзінің сыпайылығын, әдептілігін көрсетеді.

Мұсылман адам өтірік айтпайды. «Өтірікші¬нің шын сөзі зая кетеді», «өтірік айтқан адам – мұсылман емес» деген хадистік қағида шыншылдықтың шынайы мәнін көрсетеді. Шыншылдық – имандылықтың бір белгісі.

Мұсылмандық мінез – жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсететін қасиетті мінез. Біз оның тәр¬бие¬лік мәнін пайымдап, пайдалану тәсілдерін үйретеміз.

Парасаттылық мінез тәлімі. Сабырлылық, ілтипаттылық, инабаттылық, әдептілік, пайымдылық, мейір-шапағаты жеке тұлғаның парасаттылық мінезін паш етеді.

Сабырлық, шыдамдылық, төзімділік адамның адами қасиетін қалыптастырып, парасатты бейненің кейпін кемелдендіреді. Жақсылыққа да жамандыққа да шыдау ақылға байланысты.

Ақыл-парасаты бар адам ашуланбайды, алуан түрлі қайшылықтарды ақылға жеңдіреді. Парасаттылық – ақылдың жеңісі. «Ашу аптығады, ақыл аяңдайды» деп, халық ақыл-парасатты жоғары бағалайды.

Сабырлы, салмақты, инабатты адамның әдептілігі оның беделін арттырады. Әдеп – парасаттылықтың алтын арқауы, адами қасиеттің нұры.

Парасатты адам пайымды болады. Ол сезімтал, әрнәрсенің парқын білетін тұлға. Жан-жақты пайымы жоқ адам «парасатты» болмайды.

Парасатты адам айналасындағыларды, мейірім шапағатымен баурап алады. Ол жақсы көргенін өбектемейді, «өзім» деп, «өзгеше» қызмет жасайды.

Мейірім-шапағаты мол парасатты адам жанбіткенді жақсы көріп, жадырап, қатынас жасайды, тек жақсылық ойлайды, жаһаннамға жақсылық жасайды.

«Жақсыдан парасат, жаманнан кесапат», «парасатты мінез, патшадайын бір өзі» деп халық, парасатты мінезді адамнан үлгі-өнеге алуды уағыздайды. Біз ұрпаққа ұлттық парасаттылық мінезді қабылдаудың тәсілдерін үйретеміз.

Сабырлылық мінез тәлімі. Ақыл тоқтату, шыдамдылық, төзімділік, салмақтылық, байыптылық, кешірімпаздық, кемелділік нысандарын көрсететін сабырлық жеке тұлғаның беделін арттырады.

Сабырлы адам қуанышта, қайғыда «ақыл тоқтатып, жақсылықта тасымайды, жамандықта жасымайды». Сабырсыз, арсыз адам одан соққы көріп, сабыр сақтамаудың сазайын тартады.

Қиындықта, қысылтаяңдыққа шыдамдылық көрсету, сабыр сақтаудың нәтижесі. Қилы заманның қиындықтарына шыдай біліп, сабыр мен ақыл ұстанған адам мақсатына жетеді.

Төзімділік шыдамдылықтан пайда болады. Сабырлы адам «бәріне де төзеді». Аштыққа ары-май, тоқтыққа толмай, төзімділік жасаған адам ақылдың айбарымен адамдығын сақтайды.

Сабырлы адам әрбір әрекетті байсалдылықпен бастайды. Байсалды басталған іс баянды болады. Байыптылық пен байсалдылық іс-әрекеттің өнімділігіне себепші болады. «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» дейді қазақ. Байсалдының күші басым болады.

«Сабыр түбі-сары алтын, сақтасаң жетерсің мұратқа» деп қазақ халқы ұрпағын сабырлыққа тәрбиелейді.

Сабырлылық – байып пен байсалдылық арқылы қалыптасқан өнегелі мінез. Біз жастарға сол мінезден үлгі алу жолдарын үйретеміз.

Салауаттылық мінез тәлімі. Салауаттылық-жеке тұлғаның тазалығын, тақуалылығын, адалдығын, денсаулығын, жансаулығын, саналығын, сергектігін көрсететін ұлттық мінез.

Жан тазалығы, тән тазалығы, сөз тазалығы, ой тазалығы тұлғаның салауаттылық өлшем¬дері болып табылады. Жаны жайсаң, тәні таза, ана тілінде таза сөйлейтін, жамандық ойла¬майтын, жақсы ниетті адамды салауатты адам дейміз.

Өз тілін, өз ділін, өз дінін құрметтейтін тақуа адам нағыз адам. Тілдің құдыретін бағалап, адами қасиеттерін, ар-ожданын қалыптастыра білген тұлға – салауатты.

Салауатты адамның асы да адал, ниеті ақ. Ақ жүректі, ақпейілді адам жақсылық жасайды, жақсылық ойлайды. «Ердің саналығы -салауаттылығында». Салауатты адам денсаулығын сақтай біледі.

Біз ұлттық тәрбиеде салауаттылық мінезді жастарға өнеге тұтып, оларды салауаттылыққа тәрбиелейміз.

Ұлтжандылық мінез тәлімі. Ұлттық намыс, ұлттық сана, ұлттық әдеп, ұлттық рух, ұлттық дәстүр, ұлттық болмыс, ұлттық қағида арқылы пайда болған ұлтжандылық мінез қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қасиетті ұлттық мінезі.

«Атаңның ұлы бол, халқыңның құлы бол» деп қазақ халқы ұрпағын отансүйгіштікке тәр-биелейді. Ұлы күрестерде, қилы-қилы замандарда қалыптасқан ұлттық намыс ұрпақты ерлікке, бірлікке тәрбиелейді. Қазақ ұлты қан төкпеген, қанішерлерді ұлттық ақыл-айламен жеңіп, ұланғайыр жерін, ержүрек елін қорғап қалған.

Қазақ халқы ұлттық әдепті бойына сіңіріп өскен ұрпақты ұлағаттайды, әдептілік мінез қалыптасқан ұлттық әдептіліктің үлгілерін уағыздайды. Әдепті халық ұлттық әдепті қастерлей біледі, адамгершілікті ардақтайды.

Ұлтжандылық мінез қазақ халқының ержүректік, қонақжайлылық, қайырымдылық, имандылық, әдептілік қасиеттерімен қалыптас¬қан.

Ұлтжандылық мінез әрбір қазақтың қажет¬ті¬лігі, болмыстық құндылығы. Ол қасиетті жастардың бойына сіңіре білу үшін біз дидактикалық тәсілдерді қолданамыз.

Ұялшақтық мінездің тәлімі мен тәр¬биесі. Ізеттіліктен, имандылықтан, әдепті¬ліктен, арлылықтан, адамдықтан, сыйласымдықтан пайда болатын ұялшақтық мінез әдепті көрсетеді.

Ұялу – имандылықтың нышаны. Иманды адам жақсылық жасап, қайырымды, мейірімді болуға бейім болады. Адамдық асыл қасиет¬тер¬ді толық орындай алмай, толғанған адам ұялады, мейірлене түседі.

Ұялшақтық әдептіліктен пайда болады. «Зияты бардың ұяты бар» дейді қазақ. Әдеп сақтап, әдет-ғұрыптарды құрметтеп, ұлттық мәдениетті құндаған адам – ұлттық тұлға ретінде сол құндылықтарды игере алуға бейім.

«Арым, ұятым – барым миятым» деп, әрбір ұлттық тұлға адамдық арын биік қойып, ұлттық құндылықты толық игере алмағаны үшін ұялады, талпынады, шынығады.

Ұяттық сезім – адамдық қасиет. Әрбір адам өз кемшілігі үшін ұялады, абыройын «жабады». Сөз айтуда, киінуде, жүріс-тұрыста, мінезде өз кемшілігін сезген адам ұялады. Ол туралы «зияты бардың ұяты бар», «қазаннан қақпа» деп қазақ халқы ұяттылық туралы өнеге айтады.

Ұялшақтың ынжықтық емес (ол туралы айтамыз), ол – әдептіліктің бір белгісі. Мысалы ке-лін¬нің қайнағадан ұялуы – әдептілік болып табылады. Біз ұрпаққа «ұятқа қалмау» тәсіл¬дерін үйретіп, оларды ізеттілікке тәрбиелейміз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ