Психикалық дамуы тежелген балаларды жалпы мектепте оқыту оқыту (ПДТ)

0
4042
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Қазіргі инклюзивтік білім беру талаптарына сәйкес бастауыш білім берудің маңызды міндеттерінің бірі — барлық оқушылардың жеке даму ерекшеліктеріне байланысты жағдайды қамтамасыз ету, әсіресе оқудың ерекше жағдайларын ең қажет ететіндер — ақыл-есі кем балалар, оқуға қабілеті бар ПДТ қорытындысы бар балаларға жалпы орта мектепте арнайы жағдайдың болуы.

Ал стандартты меңгерудің алғышарты — жүйелі түрде арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету — арнайы білім беру қажеттіліктерін жүзеге асыруға барлықр жағдайлар жасау, соның ішінде толыққанды өмірлік құзыреттілікті қалыптастыруға көмек жасау.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту мұғалімдерді түзету үдерісіне тікелей қатысуын талап етеді. Инклюзивті сыныпқа сабақ беретін мұғалім барлық жағдайға дайын болуы керек.Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту үшін коррекциялық түзету бағыт болуы керек. Түзету жұмысына оқытудың арнайы әдістерін қолдану және оқу процесін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі.

Түзеу жұмыстарының сапасын жақсарту үшін келесі шарттар орындалуы керек:

— білім беру процесінің барлық кезеңдерінде арнайы түзету бағдарламаларын қалыптастыру;

— балаларды (идеяларды қалыптастыру процесінде) объектілердің сипаттамалық, маңызды белгілерін анықтауға үйрету, салыстыру, жалпылау, жіктеу, талдау, қорытынды жасау және т.б дағдыларын дамыту;

— сөйлеу әрекетіне баулу, балалардың сөйлеу әрекетін бақылау;

— қабылданатын объектіні ауызша белгіленуі мен практикалық әрекеті арасындағы байланысты орнату;

— оқудың баяу қарқынын қолдану, оқылған материалға бірнеше рет оралу;

— әрекетті жеке компоненттерге, элементтерге, операцияларға бөлу, олардың бір-біріне ішкі қатынасын түсінуге мүмкіндік беру;

— қабылдауды, зейінді, есте сақтауды дамытуға бағытталған жаттығуларды қолдану.

Түзету жұмысының мазмұны — балалар материалды толық түсінуі керек, оның негізінде олар қоршаған шындықты адекватты бағдарлай алуы және жалпы білім беру үдерісіне ене алуы. Түзету жұмысының мазмұнының элементтері балалармен нақты әлемнің объектілері мен құбылыстарымен тікелей байланыс нәтижесінде алған әлеуметтік бейімделетін білімді қалыптастыруға бағытталған.

Түзeту жұмысын ұйымдастырған кезде баланың мүмкіндігін ескеру шарт — міндет орташа қиындық аймағында тұруы керек, бірақ қол жетімді болуы керек, өйткені түзету жұмыстарының алғашқы кезеңінде оқушыны белгілі бір күш жұмсау аясында жетістікке жетудің субъективті тәжірибесімен қамтамасыз ету қажет. Болашақта тапсырманың қиындығын баланың өсіп келе жатқан мүмкіндіктеріне пропорционалды түрде арттыру керек.

Оқушылардың білім сапасын жақсарту және түзету жұмыстары үшін келесі принциптерді сақтау қажет:

1. динамизмді дамыту принципі — оқытудағы белгілі бір қиындық, проблемалық деңгеймен, білім беру туралы ақпаратты ұсынудың жеткіліктігі жоғары деңгейінде жүзеге асырылатындай етіп құру. Оқушылар осындай қиындықтарды жеңе отырып, білім беру жағдайындағы проблемалық жағдайды шеше отырып, өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашады.

2. өнімді ақпараттарды өңдеу принципі — мұғалім оқушыларға өз бетінше іздену, таңдау және шешім қабылдай аталатындай етіп ұйымдастырады, осылайша білім ғана емес, дағдылар да қалыптасады.

3. жоғары психикалық функцияларды дамыту және түзету принципі оқытуды әр сабақ барысында оқушылардың әр түрлі психикалық процестері: ойлау, зейін, есте сақтау және сөйлеу дағдылары дамитын етіп ұйымдастыруды көздейді.

4. оқуға ынталандыру принципі — өздік жұмысқа арналған тапсырмалар шығармашылық, проблемалық болуы керек.

Өзінің педагогикалық іс-әрекетін сыни тұрғыдан талдануы, қолайлығы, қазіргі заманауи оқыту әдістерін таңдау, арнайы және түзету педагогикасын зерттеп өз білімін жетілдіру қажет — онсыз қазіргі инклюзивті білім беруде арнайы білімсіз мүғалімге жұмыс жасау қиындыққа соғады.

Джумабекова Гаухар Халыковна
Әлкей Марғұлан атындағы 40мектеп лицей
Мұғалім-логопед
Астана қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ