Абай сөзі (арнау өлең)

0
1236
Абай сөзі

Абай сөзі кешегіден маңыздырақ бүгінде,
Құрандайын табылса екен әр қазақтың төрінде.
Өнегесі,үлгісі өлеңнен орын тапқандай,
Мың өлеңі өзгелердің алмастырмас бірінде.

Ұлы ақынның әрбір сөзін бақилық мен дер едім.
Тарихта да,біздер де,болашақ ұрпақ керегін
Өлеңінен Абайдың ала алады білемін.
Адалдық пен адамдық қой ұрпаққа тек берерің.

Бүгінгі бұл күніміз ертеңгі тарих білеміз.
Кейінгі толқын жүзіне қалай қарап жүреміз?
Дәл осылай жалғасса надандардың сұм сайраны,
Тыйылмаса қоғамда жемқорлардың ойраны,
Келер ұрпақ жирене бүгінгі топқа қарайды.
Тыя алмаған біз,осал,мәселені санайды.
Бұдан да жаман болады,өршісе бұл сұмдықтар
Ұрпақтан сонда шығады адам түсті құбыжықтар.

Дауа қайдан табамыз,қояйық қазір нүктені.
Абай атам өлеңдері қай түйінді шешпеді?!
Жоқтаушысы адамдықтың,небір ізгі асылдың
Нағыз бағы қазақтың-Абайлық жырдың жеткені.

Түйіні бар қазағымның шешімі де дайын тұр,
Өлеңімен Абайдың іргеңді ХАЛҚЫМ мықтап құр.
Ерігіп малды құр шашпай,ғылымды да табайық,
Түзу жолға арнамызды дәл қазірден бұрайық.

Абай айтқан білімді кеш болмай тұрып алайық,
Мақтан үшін малды да көрсетпек үшін жимайық.
Қарны жуан би-болыстай ақын өзі сынаған
Көтеріліп биікке,сүліктей елді сормайық.

Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек үш қасиет,
Табылса екен әмме жұрттан көкейде тұр сол ниет.
Айтқандай бас ақыным мәңгі емес бозбалалық,
Жамағат! Қартаймастай көрмелік ойланалық.

Біріңді қазақ бірің дос көрмесең,істің бәрі бос.
Өсиетті ұстанып, бірігіп ұлтым басты қос.
Тұғыры биік ел болып,болашаққа қадам тастауда,
Абайдың жанды сөзіне бар пейілмен құлақ тос!

Авторы:Түркістан облысы,Жетісай ауданы, «Ынтымақ»ЖОМ КММ 11 сынып оқушысы Ильяс Мерей


ПІКІР ҚАЛДЫРУ