Путин студенттермен бірге гитарада ән салды

0
1423

25 қаңтар күні  Мәскеу мемлекеттік университетіне барған Ресей президенті студенттермен қосылып ән салған.  «Четырнадцать минут до старта» («Заправлены в планшеты космические карты») — аталатын әнді  басшы өзіне тән ерекше үнімен орындап, көпшілікті басқосуда тәнті етіпті. Жоспар бойынша аталмыш әнмен  хорға тізілген студенттер  Владимир Путинді  күтіп алмақ болады. Ел презитентін тікелей кездескен олар әннің мәтінінен жаңылысқан. Владимир Путин сәйкесінше сабырлық танытып, әнді өзі бастап оларға береді. Ән орындалып біткенде басшы өзінің студент болған кезін көпшілікпен сағына бөліскен.
— Мен студент атанған жылдан бастап оқумен қатар тынбай еңбектендім. Екінші курс оқығанымызда  студенттік құрылыс мүшелері, достарым мені самбодан спорт шебері ретінде таныды. Әрине, спорт шебері болған жақсы, алайда ұжыммен, қоғаммен бірлесе жұмыс атқару да ерекше еңбекті қажет етеді. Сіздерге өмірдің қазіргі бұзылмас заңдылығына айналып отырған білім шыңын бағындыруды тілеймін! — деп жүрекжарды тілегін білдірген.  Сондай-ақ президент   студенттік жасақта қызмет атқара жүріп, төртірші разрядтағы ағаш шебері атағын алғандығын әлі де мақтан ететіндігін кездесуде ерекше тебіненіспен баяндапты.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ