ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ. ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҮЛГІЛЕРІ

2
10653

Ұлттық тестілеу орталығы;
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

      Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

 1. Шумерліктердің «Дуггур» терминінің  мәні:

A) қоймашылар

B) әскербасылар

C) салық жинаушы

D) шумерліктердің басшысы

E) сауда-саттық басшысы

 2. Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш мекендегендер:

A) Ассирия халықтары

B) Шумер және Аккад халықтары

C) Хетт халықтары

D) Финикия мен Палестина халықтары

E) Вавилон халықтары

 3. Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды бастаған Рим папасы:

A) IV Эдуард

B) III Иннокентий

C) VII Григорий

D) II Урбан

E) VI Генрих

 4. Араб халифатының құрамынан бөлініп шыққан Еуропадағы ірі халифат:

A) Фатимилер халифаты

B) Византия халифаты

C) Саманилер мемлекеті

D) Бағдад халифаты

E) Кордова халифаты

 5. Ежелгі Египеттегі шытырман оқиғалы әдеби шығарма:

A) «Рамаяна»

B) «Осирис пен Исида туралы миф»

C) «Махабхарата»

D) «Астық тасушының әні»

E) «Синухет әңгімесі»

 6. ХІХ ғ. басында Англия экономикасында бірінші орынды иеленген өнеркәсіп саласы

A) машина

B) тамақ

C) вагон құрылысы

D) тоқыма

E) көмір

 7. Ашқан жаңалығы арқылы адамның ішкі ағзасын бақылауға мүмкіндік жасаған ғалым:

A) Л.Пастер

B) И.Ньютон

C) В.Рентген

D) М.Складовская-Кюри

E) М.Фарадей

 8. ХІХ ғ. жаңалығы электроқозғалтқышты жасауға жол ашқан ғалым:

A) И.Ньютон

B) М.Фарадей

C) В.Рентген

D) М.Складовская-Кюри

E) Л.Пастер

 9. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның шығыстағы жерлері берілді:

A) КСРО мен Польшаға

B) Англия мен КСРО-ға

C) Финляндия мен Данияға

D) Жапония мен АҚШ-қа

E) АҚШ пен Францияға

10. АҚШ Жапонияның Хиросима қаласына атом бомбасын тастаған жыл:

A) 1945 жылы 8 тамыз

B) 1946 жылы  2 қаңтар

C) 1945 жылы 9 тамыз

D) 1945 жылы 6 тамыз

E) 1945 жылы  10 тамыз

11. Германияның экономикасын қалпына келтіруге негіз болған АҚШ-тың 1924 жылғы стратегиялық жоспары:

A) Трумен жоспары

B) Дауэс жоспары

C) Маршалл жоспары

D) Челлесфорд реформасы

E) Керзон талабы

12. 1956 жылы Франция үкіметінің тәуелсіздік беруге мәжбүр болған елдері:

A) Марокко мен Тунис

B) Лейте аралы мен Вьетнам

C) Судан мен Алжир

D) Бирма және Цейлон

E) Египет және Ливия

13. 1378 жылы Флоренцияда болған көтерілісі:

A) Саудагерлердің

B) Рыцарьлардың

C) Пополандардың

D) Ұсақ феодалдардың

E) Жалдамалы жұмысшылардың

14. 1477-1482 жылдары Габсбургтер қоластында болған ел

A) Грекия

B) Нидерланды

C) Швеция

D) Австрия

E) Бельгия

15. XIX ғ соңында Болгария, Сербия, Румыния бөлініп шыққан ел:

A) Герман империясы

B) Ресей империясы

C) Осман империясы

D) Австро-Венгрия империясы

E) Британ империясы

16. Ағартушылық-аса қуатты интернационалдық идеялық қозғалыс ретінде пайда болған ел:

A) Америка

B) Италия

C) Франция

D) Германия

E) Англия

17. 1998 ж. соңында АҚШ-тың Иракқа шабуыл жасау кезінде жүзеге асырылған әскери операциясы:

A) «Бұрқасын»

B) «Шөл дала түлкісі»

C) «Тайфун»

D) «Шөл дала бораны»

E) «Кондор»

18. 1940 жылы 9 сәуірде Батыс майданда шабуылға шыққан неміс әскерлері басып алған елдер

A) Швеция, Грекия

B) Польша, Румыния

C) Дания, Норвегия

D) Италия, Англия, Франция

E) Финляндия, Швейцария

19. Францияда 1934 жылы ақпанда басталған ереуілдердің басты ұраны:

A) «Франция француздар үшін»

B) «Фашизм жойылсын!»

C) «Коммунизм жойылсын!»

D) «Социал-фашизм жасасын!»

E) «Франция жасасын!»

20. Мәтінде қай ел туралы айтылған?

«…XIX ғ. ІІ ширегінде ………Үндістандағы жаңа жаулап алулары, Қытайға қарсы бірінші «апиын соғысы», ауғандармен соғыс және Жаңа Зеландия мен Австралияны интенсивті жаулап алуы жүргізілді».

A) Испания

B) Ресей

C) АҚШ

D) Франция

E) Ұлыбритания

      Нұсқау: «Сізге бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағындағы берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет».

21. Ежелгі Қосөзендегі қалалар:

A) Парфия

B) Египет

C) Дамаск

D) Лидия

E) Ур

F) Лагаш

G) Урук

H) Фивы

26. ХІХ ғ. «жабық есік» саясатын ұстанған, жері ірілі-ұсақты аралдардан тұратын мемлекет

A) Тайвань

B) Қытай

C) Вьетнам

D) Корея

E) Филиппин

F) Жапония

G) Камбоджа

H) Тайланд

22. Ежелгі  Қосөзендегі қалалар:

A) Карфаген

B) Ур

C) Дамаск

D) Урук

E) Тир

F) Лагаш

G) Фивы

H) Библ

23. XIV ғасырда тарихтағы ең ұзақ соғыс осы елдер арасында болды

A) Италия

B) Дания

C) Испания

D) Германия

E) Франция

F) Англия

G) Голландия

H) АҚШ

24. VII ғасырда Жапонияда ең жоғарғы билік пен барлық жер иелігі қолында болды

A) Бусилердің

B) Сегунның

C) Дайменің

D) Сеэннің

E) Микадоның

F) Рониннің

G) Сарациндердің

H) Самурайлардың

25. 843 жылы Верден келісімінен кейін пайда болған корольдіктердің орнында дүниеге келген елдер:

A) Италия

B) Португалия

C) Англия

D) Греция

E) Испания

F) Германия

G) Франция

H) Австрия

26. Еуропадағы Қайта өрлеу мен реформациядан кейінгі үшінші рухани төңкеріс

A) Париж Коммунасы

B) Голландия буржуазиялық революциясы

C) Христиан дінінің екі тармаққа бөлінуі

D) Ағартушылық идея

E) Халық қозғалысы

F) Ортақ идея

G) Ғылыми идея

H) Ян Гус қозғалысы

27. Үлкейткіш оптикалық телескоппен ең алғаш аспанға көз салған итальян ғалымы:

A) Р.Майер

B) М.Планк

C) Д.Бруно

D) Л.Пастер

E) Н.Коперник

F) Г.Лейбниц

G) Г.Галилео

H) Д.Дальтон

28. Күн жүйесінің сызбасын жасаған ғалым:

A) М.Фарадей

B) Р.Майер

C) Д.Дальтон

D) Т.Шванн

E) М.Ломоносов

F) Лейбниц

G) П.Лаплас

H) И.Ньютон

29. «Берлин-Рим белдігін» құру келісіміне қол қойылды:

A) 1933 ж наурызда

B) 1933 ж қазанда

C) 1936 ж қазанда

D) 1938 ж қыркүйекте

E) 1938 ж наурызда

F) 1936 ж наурызда

G) 1937 ж шілдеде

H) 1936 ж қарашада

30. Италияда тұңғыш фашистік ұйымдар пайда болды

A) 1917 жылы

B) 1933 жылы

C) 1918 жылы

D) 1929 жылы

E) 1925 жылы

F) 1919 жылы

G) 1914 жылы

H) 1920 жылы

31. 1947 жылы КСРО экономикасында болған өзгерістер

A) Темір жолдар салу тоқтады

B) Ақша реформасы енгізілді

C) Ұжымдастыру басталды

D) Табиғи байлықтарды игеру тоқтады

E) Баға үш есе өсті

F) Карточкалық жүйе жойылды

G) Шетелдік қаржы экономика әкелінді

H) Тың игеру басталды

32. 1940 жылы Жапон үкіметі өзіне қаратуға кіріскен елдері:

A) Гонконг, Корея

B) Гаваий аралдары

C) Мариан, Каролин аралдары

D) Малайзия мен Сингапур

E) Тайланд, Қытай

F) Манила, Филиппин

G) Монғолия

H) Вьетнам, Лаос, Камбоджа

33. 1054 жылы христиан шіркеуі екіге бөлінді

A) Православиелік

B) Католик

C) Иудейлік

D) Манихейлік

E) Эпископтық

F) Таураттық

G) Монахтық

H) Абаттық

34. Алтын Орда мемлекетінде егіншілер мен малшылардан алынатын алым-салықтың екі түрі

A) «Қалан»

B) «Тағар»

C) «Қапшуыр»

D) «Рента»

E) «Оброк»

F) «Барщина»

G) «Баж»

H) «Харадж»

35. ХІV-ХVғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет

A) Италия корольдігі

B) Румыния

C) Сардиния корольдігі

D) Венеция корольдігі

E) Осман империясы

F) Ресей империясы

G) Австро-Венгрия империясы

H) Ганза одағы

36. Жапониядағы ХVII ғасырдың соңынан бастап қалыптасқан принцип:

A) шығыстық мораль-батыстық техника

B) шығыстық ғылым — шығыстық мораль

C) батыстық философия- шығыстық техника

D) батыстық билік- шығыстық техника

E) шығыстық медицина-батыстық техника

F) шығыстық сауда-батыстық техника

G) батыстық шіркеу — шығыстық мораль

H) шығыстық техника-батыстық мораль

37. Даниямен соғыста Австрия мен Пруссия иеленген провинциялар:

A) Орхуст

B) Ютландия

C) Фарер аралдары

D) Шлезвиг

E) Ольборг

F) Гольштейн

G) Копенгаген

H) Гренландия

38. 1939 ж.  ІІ жартысында КСРО басқыншылық жасаған елдер

A) Закавказья

B) Молдавия

C) Армения

D) Финляндия

E) Литва

F) Батыс Украина

G) Латвия

H) Польша

39. Мәскеуде өткен Қытай компартиясының VІ сьезінде бекітілген күрестің жаңа тактикасының негізгі міндеттері

A) Сайлау жүйесін өзгерту, мәдени революцияны жүзеге асыру

B) Реакцияшыл Гоминьдан үкіметін құлату және кеңес үкіметін орнату

C) Помещиктік жер иеленуді және феодалдық бұғауларды жою

D) Ұлттық революцияны нығайту, сақшылар отрядын жасақтау

E) Индустрияландыруды жүзеге асыру, коммуналар құру

F) Империализмге қарсы, ұлттық тәуелсіздік, біріктіру жолында күресу

G) Жаңа реформа жүргізу, шетелдік  артықшылықтарды қалпына келтіру

H) Ұжымдастыруды тоқтату, шаруа қожалықтарын тарату

40. 1929-1934 жж. Монғолияда жүргізілген экономикалық саясат:

A) Коммуналар таратылды

B) Демократияландыру жүргізілді

C) Сауатсыздық сақталды

D) Айырбас сауда сақталды

E) Бай-феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу

F) Ұлы Хурал шақырылды

G) Революция жалғасын тапты

H) Бірыңғай салық еңгізілді

 

 ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ

 ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

 

 


2 ПІКІРЛЕР

  1. Өте жақсы! Маған ұнады, еңбегіңізге шығармашылық табыс тілеймін.

  2. Керемет! Аркашан бииктен корине бериниз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ