Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталауға арналған жаттығулар

0
1350
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың  тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталауға арналған жаттығулар

Сабақтың  мақсаты:

білімділігі: Рационал сандарға  амалдар қолдану  ережелерін білу, есеп

шығаруда  тиімді  пайдалануға  үйрету, алған білімдерін

жинақтау, пысықтау.

дамытушылығы: Оқушыны  ұқыпты  тыңдауға, сұрақтарға  нақты  жауап

беруге, теориямен ұштастыруға, тез шешім  қабылдай

білуге, өз білімін  көрсете  алу қасиеттерін ашуға үйрету.

тәрбиелілігі: Оқушыларды  өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге,

шығармашылықпен  еңбек етуге баулу.

Сабaқтың  түрі:біліктілік пен  дағдыны  игеру және қалыптастыру.

Сабaқтың  әдісі: жұптық  жұмыс, деңгейлеп оқыту, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, карточкалар

Сабақтың  құрылымы:

Сабақ  4 деңгейлік  бөлімнен  тұрады.

  1. Оқушылық деңгей (ауызша сұрақтар)
  2. Алгоритмдік деңгей (тест тапсырмасы)
  3. Эвристикалық деңгей (математикалық лото)
  4. Шығармашылық деңгей (оқулықпен жұмыс, жеке оқушылармен жұмыс)

Сабақтың  жүру барысы:

І.  Ұйымдастыру

Оқушыларды  түгендеп,  сабаққа  ынтасын  арттыру.

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру.

Оқулықтағы  №562, 566  есептер.

ІІІ. Негізгі  бөлім.

1 деңгей.     «Міндетті, оқушылық»

Өтілген тарау  бойынша  ауызша сұрақтар  беріледі.

  • Теріс сандарды  қосу  ережесін  тұжырымдаңдар.
  • Екі теріс  санның  қосындысы  теріс  сан ба, әлде оң сан ба?
  • Таңбалары әр түрлі  сандар  қалай  қосылады?
  • Қарама – қарсы сандардың қосындысы  неге тең?
  • Рационал сандар қалай азайтылады?
  • Тaңбалары бірдей сандар қалай азайтылады?
  • Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту ережесін тұжырымдаңдар.
  • Тaңбалары бірдей  екі санның  көбейтіндісі  неге тең?
  • Таңбалары әр түрлі екі санның бөліндісі  неге тең?

10) Таңбалары  бірдей сандарды бөлу ережесін айтып беріңдер.

ІІ деңгей. «Алгоритмдік»

Оқушыларға  жалпы  тест жұмысы  беріледі.  Тестті  орындап болғаннан кейін  екі оқушы бірінің бірі  жауабын тексереді. Барлығы  болған  соң тақтадағы  дұрыс жауабын салыстырылады.

  1. Тізімдегі барлық  сандардың қосындысын табыңдар:

18,25      ; -11,6;  -23,05    .

а) -25,28;                 в) -16,4;                        с)10,68;               д)-10,68

  1. Берілген тізімдегі сандардың ең үлкен мен ең кішісінің айырмасын тап: -4,3; -8,5;  -17,18;  -9,014;  -7,38.

а) 12,88;                  в) -12,88;                      с)-4,714;              д)-3,08.

  1. Өрнектің мәнін тап: (-5,2+3,7)*(-2,5-5,2) : (-3)

а) 3,85;           в)63,91;                                  с)-3,85;                д)-1,85.

  1. Мәні 12-ге  тең  өрнекті  таңдап ал.

а)-6: (-5);        в)36: (-3);            с)-0,48*(-25);                д)2,4*(-5)

  1. Теңдеуді шеш: 6*(0,5-х)=12

а) 2,5;             в) -71,5;                        с)-1,5;                  д)72,5.

ІІІ деңгей. «Эвристикалық»

Математикалық  лото

8*(-3)+(-7) О -3(а+b) Т 23а-7b-4а+10b Т
32:(-4)+5 Қ 4(2a+3c) Е 8xy+9x-9xy-7x А
17-(-11):4 Ы -6(1,5+а) З 8-5x+x=16 П

 

Т З О А Қ T Ы E П
19а+3b -9-6а -31 2x-xy -3 -3a-3b 7 8a+12c -2

 

IV деңгей. «Шығармашылық»

а) оқулықпен жұмыс.

№583 (2,4,6);     №587 (1,3)

ә) Шығармашылық  жаттығу.

1)  а+7                      2) а+6                  3)     а2                      4) а — 9

4а                            а — 6                        а+1                           а2

өрнектеріндегі  а-ның  орнына  қандай  сандарды  қоюға  болмайды?

  1. IV. Бекіту тапсырмасы:
Сөзжұмбақ  «Рационал»
  • Оң санға қарама — қарсы  сан (теріс)
  • Бүтін және  бөлшек бөліктен құралған сан (аралас)
  • 100 кг=1…
  • Математикалық амал (көбейту)
  • Екі  таңбалы  ең кіші сан (он)
  • Қарама – қарсы сандардың қосындысы  неге тең? (нөл)
  • Қабырғалары өзара тең фигура (шаршы)
  • 1000 метр =1
  т е Р і с    
а р А л а с  
  Ц е н т н е р
к о б е И т у  
    О н  
Н ө л
  ш А р ш ы  
к и Л о м е т р

 

  1. Қорытындылау.
  2. Үйге  тапсырма: №582, 587. 

             VII. Бағалау

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ