Ұранды ердің – ұрпағы қайсар (ашық сабақ)

0
3829
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ұранды ердің – ұрпағы қайсар

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін , өлеңді мәнерлеп оқу манерін, өнерлерін көрсете білуге , сахнада өздерін көрсете білу арқылы эстетикалық қабілеттерін дамыту. Туған елін , жерін Отанын , тілін , мәдениетін құрметтеп , тарихты терең бағалай отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу

Сабақтың  көрнекілігі: Суреттер,  шарлар, слайд
Сабақтың барысы:    І.Ұйымдастыру кезеңі 
Қазақстан Республикасының гимні орындалады. 

Мұғалім:  «Қазақстан дейтін менің бар елім,
                   Жатыр алып жарты дүние әлемін»

деп Қасым Аманжолов жырлағандай, Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады. Осындай байтақ, бай елімізді көзінің қарашығындай сақтап қорғау – әр азаматтың парызы.
1992 жылы 7-мамырда Елбасымыз «Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы» жарлыққа қол қойды. Ал 1998 жылдан бастап бұл күн еліміздің күнтізбесіне Отан қорғаушылар күні ретінде тіркелді. Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 26 жыл. 9-мамыр-Жеңіс күні. Бүгінгі  тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік,бірлік нәтижесінде келді. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің,қаһармандық пен елдіктің нышаны.Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Бұл күн -казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды. Ата-бабаларымыз қазақ даласының еркіндігі мен елінің дербестігі үшін жан аямай күресті. Еліміздің батырлары ең алдымен Отанын сүйген, арын ардақтаған.

ІІ. Монтаж:

Әбілмансұр:

Ақ найзаның ұшымен, 
Ақ білектін күшімен, 
Ата-бабам мирас етті жерімді. 
Арыстандай айбаттым, 
Бойда құрыш қайратым, 
Мәңгі қорғап өтем текті елімді. 

Расул: 
Сүйсем әке-апамды, 
Сүйсем солай Отанды, 
Мызғымайтын шекарада тұрғанда. 
Отан үшін от кешем, 
Қаруыммен серттесем, 
Көк бөрінің киесі бар тұлғамда. 

Аңсар:   

Бейбіт қонған елім бұл, 
Ертіс пенен Еділдің, 
Арқа менен Алатаудың арасын. 
Мәңгі орнасын азат күн, 
Аспанына қазақтың , 
Ынтымақ пен тапсын бірлік жарасым. 

Сұлтан:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің , 
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің , 
Ұланымын туын көкке көтерер. 
Болашаққа алға бастап жетелер, 
Қиындығын қазағымның әрқашан , 
Қайыспайтын қара нардай көтерер. 

Санжар: 

Міне, осындай егеменді еліміз, 
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз . 
Туған елін, туған жерін сүйетін, 
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз. 

Әлихан:

Қазақ деген пейілі кең, бай халық,
Толды арманы егеменге айналып.
Бейбітшілік қорғанындай сенімді,
Сарбаздары сап түзеді сайланып

Зерде:

Желбіреген жалауымыз,
Ұлы Отанның ұланымыз.
Бейбітшілік қалауымыз,
Асқақтаған жыр-әніміз.

Кәмшат:   

Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Біздің ата-бабамыз.

Тілекші:  

Отанды жас, кәріміз де
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.

Айару:

Отан деген атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-Ана,Отан-үлкен,
Қазақстан туған ел.

 ІІІ. Отты жылдардағы қайсар рухты батырлар
  1. І.Үргенішбаев

Ержан:

Ідіріс Үргенішбаев  Шалқар ауданындағы Талдықұм ауылында туған. 1942 жылғы қаңтар айында қызыл әскер қатарына шақырылып, Орталық майданда ұрысқа қатынасты. Фашистердің батальонға 22 рет қарсы шабуыл жасаған кезінде Үргенішбаев жаудың 90-нан астам солдаты мен офицерін жойды. 1944 жылғы 15 қаңтарда бөлімше командирі, сержант Ідіріс Үргенішбаевқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

  1. Рафиков Шамсутдин Хасмутдинұлы

(1904 – 1972) 1904 жылы Орынбор облысының Соло-Илецк ауданындағы  Григорьевка селосында туған. Отбасы кейіннен Шалқар қаласына көшіп келді. 1941 жылдың қарашасында әскер қатарына шақырылып Оңтүстік – Батыс, Сталинград, Далалық, Оңтүстік және 4-ші Украин майдандарында ұрыстарға қатысты. Үш рет жараланды. Сержант Шамсутдин Рафиков 1944 – 1945 жылдары үшінші, екінші дәрежелері және 1945 жылдың 27 маусымында бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды.

ІV. Кітапханашы Ж.Раева Т.Шойғарин туралы түсінік береді

 V.«Бар мекен шежірелі Шалқар деген» Бегімсұлу

Мұражай -ұлттың ұлылығын ұлықтайтын қасиетті мекеме

 Имамадин Тұрғанбаев-интернационалист

Бибісұлу:

Аты аңызға айналған халықтың батыр ұлы Ә.Жангелдин атындағы орта мектепте түлеп ұшқан Имамадин Тұрғанбаев біз үшін орасан зор мақтаныш.  Ол Отан алдындағы азаматтық борышын қорғап, ерлікпен қаза тапты.

Ниязов Ерлан-әскер қатарына қабылданып,шекарашы болды. Отан алдындағы міндетін атқару жолында ерлікпен қаза болды.

 Интерпритация: Қайсар рухты батырларды халқымыз еш ұмытқан емес. І.Үргенішбаев атында орта мектеп бар. Т.Шойғарин, Рафиков атындағы көше бар. И.Тұрғанбаев атындағы түрлі спорт сайыстары аудан көлемінде өткізіліп, спортшылар бақтарын сынайды. Ұрпағы батырларын ұлықтаған халықпыз. 

VІ. Бейбіт өмірдегі даңқын асырған тұлғалар

  1. Әлем дәрігері-С.Ақшолақов
Асылай:

Әлем дәрігері атағын алған Серік Ақшолақов-Шалқар топырағында дүниеге келген. Жасынан білімге құштар болып өсті. Ақтөбе медициналық институтында білім алды. Білікті дәрігер болды. Көптеген адамдарға өмір сыйлады.

Жанэль:

Ол арманшыл адам — «Әлем дәрігері» атағын екі рет қатарынан иеленген, «Платиналы Тарлан», сыйлықтардың иегері, «Парасат» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған Жаратылыстану ғылымдарының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері- профессор Серік Ақшолақов болатын. 

Интерпритация:Серік Ақшолақовтың жетекшілігімен Қазақстанда бұрын соңды қолданылмаған 60 жаңа технология енгізілген. Оның 300-ден аса ғылыми жұмысы бар. Ми мен омыртқаға 5000-нан аса ота жасаған. Ақтөбе облысы Шалқар ауданында өткен республикалық жерлестер форумына әлемге танымал қазақ дәрігері де шақырылған болатын. Бұл форумға арнайы барған Серік Ақшолақов жерлестерін тағы қуантты. «Туған жерге тағзым» үлкен шараның жалғасы «Шұғылалы Шалқарым» біздің елге де жеткен. Мен қуаныштымын»,-дейді нейрохирург Серік Ақшолақов.

  1. Спорт шебері-М.Айнағұлов

Әлихан:

Мейрамбек Айнағұлов кішкентай кезінен Шалқар қаласындағы В.Н.Цеханович атындағы спорт мектебінде тәрбиеленді. Спортты жақсы көрді. Үнемі жаттықты. Нәтижесінде көптеген сайыстарда қарсыластарын жеңді.

Сезім:

Грузия астанасы Тбилисиде грек-рим күрестен халықаралыс жарыс өтті. «Грузияның Бас Жүлдесі» деп аталатын сайысқа 180 спортшы келді. « Бас Жүлдені» жеңген Мейрамбек Айнағұловқа алтын медаль мен 1000 доллар табысталды.

Искандер:

Мейрамбек Айнағұлов Францияның Париж қаласында  өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен  күміс медаль иеленді.

VІ. «100 жаңа есім» жобасы аясындағы шаралар

-Қалай ойлайсыңдар, 100 есімге кімдер лайық?

VІІ. Білім бәйгесіндегі табыстар

       Оқушылар өз жетістіктеріне жұлдызшалар арқылы мониторинг жасайды.

-Балалар біздің құрастырғанымыз пиктограмма ма әлде диаграмма ма? (Оқушылар пікірі тыңдалады)

VІІ. Рефлексия: 
  1. «Қазақстан» сөзінен жаңа сөздер жасау.

Иә, Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген . Патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады. Біздің халқымыздың ерлік дастаны ата – бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зобалаңдарын бастан өткеруі, еліміздің тәуелсіздік алу жолында өз жандарын шүберекке түйіп көтерілуі, сол сияқты қазіргі кезде өз еңбегімен қоғамымызға спорт, өнер, ғылым, әскери борышын атқаруда үлестерін қосып жүрген жастарымыздың бойынан өз еліне деген сүйіспеншілігін көреміз.Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. 

  1. «Егемен Қазақстан» хоры

Сарина Галия Асылбековна
«№4 ЖОББМ» КММ-сі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ