Ресейдің ауыл шаруашылығы және көлігі

0
2401
Collaborative lesson planning: Maximizing the influence of lesson study

Білімділік: Оқушыларға Ресей федерациясының экономикалық аудандары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Сабақтың әдісі:1. Сұрақ-жауап. 4. Кестемен жұмыс.

  1. Әңгіме-дәріс.
  2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Әңгіме-дәріс.

ХҮІІІ ғасырдың І жартысында Ресейге тән нәрсе: қолөнер мен мануфактура өндірісінің, сондай ақ ауыл шаруашылығының дамуы болды. Мемлекет Батыс елдерінен анағұрлым артта қалды. Ресейде әлі де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды, капиталистік өндірістің элементтері енді ғана ене бастады, ал Батыста бұл кезде капитализм қанат жайып, өркендеп тұрған еді.

Елдің ауыл шаруашылығының өркендеуі өңделетін жер көлемін арттыру есебінен іске асты. Ресейдің оңтүстік аудандарында қой өсірудің дамуы ауыл шаруашылығына үлкен үлес қосты. Бұдан басқа мемлкеттік өнеркәсіп үшін зығыр мен сора шикізатына көтеріңкі сұраныс пайда болды. 1715 жылы үкімет жарлығы бойынша барлық губернияларда зығыр мен сора егістігі ұлғайтылды. Сондай ақ жылқы өсіру, темекі егу ісі жолға қойылды.

ХІХ ғасырдың ортасында жаңа агротехниканы, ауылшаруашылық машиналарын қолдану арқасында өндіріс өнмідері кебейе бастады. Балтық жағалауындағы Ресейдің батыс губернияларындағы, Украина, Жаңа Ресейдегі ірі помещиктер иеліктері шаруашылықтың капиталистік жүйесіне ауысты.

ХХ ғасырдың 20-жылдары жаңа экономикалық саясат негізіндегі бағыт қалыптасты. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру басталды. Ол Сталиннің 1929 жылғы 7 қарашадағы «Правда» газетінде «Ұлы бетбұрыс» деп аталатын мақаласының шығуымен басталды. 1928 жылы ұжымдастыру қарқынын тездету үшін МТС-тер ұйымдастырылды. Ресей аймағы бірнеше аймаққа бөлініп, әр аймақтардағы шаруаларды ұжымдастырудың мерзімі бекітілді. Шаруаларды ұжымдастыру кезінде ауыл-селоларда бай-кулактарды тап ретінде жою шаралары іске асырылды. Ұжымшар қағидаларын өрескел бұзу жаппай сипат алды. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылану көбейді.

Соғыстан кейінгі жылдарда

Ауыл шаруашылығындағы тәжірибелер 1950 жылдары өз жалғасын тапты. 1953 жылы қыркүйекте КОКП ОК пленумы ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдайды талқылады. Пленумда мемлекет басшысы Н.С.Хрущев баяндама жасады. Баяндамада аграрлық саланың артта қалу себептері талданды. Күштеп ұжымдастырудың зардаптары, миллиондаған шаруалардың ашаршылық пен саяси қуғын–сүргіннің құрбаны болғандығы атап көрсетілді. Сонымен бірге, өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы есебінен дамыту ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының төмендеуіне әкелді. Қыркүйек пленумы ауыл шаруалығының артта қалуын жою жөніндегі нақты шараларды белгілді. Мал шаруашылығының артта қалу себептері: матералдық-техникалық негізінің әлсіздігіне, жайылымдардың тың игеру кезінде егістікке айналуына тікелей байланысты болды. Ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсарту үшін жемдік дақылдар егісінің көлемін ұлғайту жүзеге асырылды

  1. Жаңа сабақты бекіту.
  2. Сұрақ-жауап.1. ХХ ғасырда ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың басты себебі неде?
  3. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығына сипаттама бер
  4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы жетістіктер мен кемшіліктер
  5. Ресей мен Қазақстанның ауыл шаруашылық саласындағы басым бағыттар қандай?
  6. ХХ ғасырдың ІІ жартысында мал шаруашылығын өркендету үшін қандай шаралар іске асырылды?
  7. Қоныс аударушы орыс шаруаларынң өзге аймақтарда дамытқан кәсіп түрлері
  8. Ел экономикасын арттырудағы ауыл шаруашылық салаларының артықшылықтары қандай
  9. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ