Республикалық «Ozattar энциклопедиясына» қабылдау жалғасуда

28
5971

«SKILLS ACADEMY» мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылып жатқан «100 жаңа есім» жобасы аясында республикамыздағы білім саласының дамуына зор үлес қосып жүрген үздік қызметкерлер мен озат оқушылардың есімін жинап, баспа өнімі ретінде жинақтау мақсатында Ozattar.kz – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясын жариялайды. Энциклопедияға жалпы білім беретін мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен мектеп оқушылары енгізіледі. Энциклопедия мұғалімдер мен оқушыларға арналып екі бөлек кітап болып жарық көреді.

Сонымен қатар қатысушыларға «Қазақстан ұстазы» және «Қазақстан үміті» төсбелгісі тағайындалады.

Энциклопедияға енген адамдар «Жылдың сапалы инновациялық жобасы» халықаралық байқауының жеңімпазы Ozattar.kz сайтына жарияланады.

Энциклопедияға енуге өтініштер 5 наурыз бен 20 сәуірге дейін  ozattar.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

Ozattar.kz – Қазақстан білім саласы үздіктері энциклопедиясының ережесі

 Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың есімдері мен олардың табысқа жету тарихына мән беріп, оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етуді қалыптастыруға шақырды. Қоғамға ең пайдалы топ өкілдері – білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаздар қауымы мен өнер, білім, спорт саласында жетістікке жетіп жүрген талапты жастар. Білімді азаматтарға деген қоғамның көзқарасын түзеп, беделін қалыптастыру үшін оларға насихат керек.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей ықпалымен заманауи Қазақстанның бүгінгі келбетін танытуға ықпал жасайтын «100 жаңа есім» жобасы жүзеге асырылды. Осы жобаларға қолдау ретінде  SKILLS ACADEMY мекемесі жаңа оқу жылында Ozattar.kz – үздіктер энциклопедиясы сайтын жасап шықты. Жоба жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне, сонымен қатар жоғарғы оқу орындары мен колледж білімгерлері мен оқушыларына арналған. Сайт арқылы кез-келген қолданушы өзінің онлайн портфолиосын жасап,  жетістіктерін жазып, дипломдары мен сертификаттарын жүктей алады. Жобаның басты мақсаты жетістікке жаны құштар жандардың еңбектерін интернет бетіне жариялап, бірыңғай білім платформасына айналдыру.

Білім саласының дамуына үлес қосуда SKILLS ACADEMY мекемесі жұмыстарды атқарып келеді. Мекеме құрамына martebe.kzqaztest.kz және ozattar.kz сайттары кіреді. 2016 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры ұйымдастырған «Үздік қазақ тілді интернет-сайт сыйлығы» байқауында Martebe.kz ақпараттық білім порталы «Білім бұлағы» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ал 2017 жылы аталмыш сыйлықты екінші сайтымыз Qaztest.kz қазақ тілді интернет олимпиада сайты иеленді. Өткен жылы SKILLS ACADEMY мекемесі мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры арасында меморандум жасалып, Қор басшылығы жобаларымызға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Ozattar.kz – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы жобасын жаңа оқу жылынан бастап республикаға таныстырылды. Жоба 2017 жылдың қазан айында  «Жылдың сапалы инновациялық жобасы» халықаралық байқауының ұлттық кезеңінің жеңімпазы атанып, Халықаралық сарапшылардың жоғары бағасын алды.

2017-2018 оқу жылының қорытындысы есебінде SKILLS ACADEMY мекемесі білім, ғылым, өнер және спорт саласында жетістігі бар республика ұстаздары мен мектеп оқушыларының есімін баспа бетінде насихаттау мақсатында Ozattar.kz – Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедиясын жариялайды.

Энциклопедияға енуге жетістіктері бар барлық мектеп оқушылары мен еңбек өтілі 3 жылдан жоғары білім саласының қызметкерлері өтініш бере алады. Жинаққа қабылдау 20 сәуірге дейін жүргізіледі.

Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс

  • Өтініш берушінің толық аты-жөні;
  • Қызмет атқаратын немесе білім алатын мекемесінің толық атауы;
  • Соңғы 5 жылдағы жетістіктері (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі рет-ретімен жазылуы керек);
  • Сапалы 3х4 суреттің электронды нұсқасы (JPEG форматта);
  • Мекен-жайы, индекс (жеткізілетін мекен-жай);
  • Электронды почтасы мен байланыс номері.

Мәліметтер Microsoft Office Word форматында Times New Roman 14 қаріп түрімен жіберілуі тиіс.

Энциклопедияны алу құны: қызметкерлерге – 6 000 KZT (алты мың теңге), оқушыларға – 5 000  KZT (бес мың теңге)

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жалпы ұстаздар қауымы мен оқушы жастардың күнделікті өмірде тағып жүруіне ыңғайлап жасалынған «Қазақстан ұстазы» және «Қазақстан үміті» төсбелгілерін шығарды. Төсбелгіні кітаппен бірге алу бағасы: мұғалімдерге – 10 000 теңге, оқушыларға – 9000 теңге (Төсбелгі суретін қосымшаның соңғы бетінен көруге болады).

Төсбелгілер

Жинаққа бір мекемеден 20 адамнан көп адам өтінім берсе, ұйымдастырушылар аталмыш мекемеге «Үздік ұжым» деген арнайы плакетка тағайындайды. Энцилопедияға енген адамға арнайы сертификат беріледі. Марапаттар кітаптармен бірге өтінімде көрсетілген мекен-жайға 20 мамырға дейін жеткізіледі.

Энциклопедияға енуге өтініштер 8 қаңтар мен 20 сәуірге дейін  ozattar.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

Кнп 859

Төлем мақсаты: Ozattar.kz энцилопедиясына ену үшін.

Ескерту! Төлемді Kassa Nova, Халық Банкімен, Қазпочта арқылы немесе martebe.kz  (595.kz) сайты арқылы онлайн төлеуге болады.

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және жинаққа қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87, 8 700 978 59 22.

«Ozattar.kz – Қазақстан білім саласы үздіктері» энциклопедиясына ену үшін білім саласы қызметкерлеріне арналған өтініш үлгісі

Аты-жөні
Жұмыс орны (Облыс, аудан, қала, мектебі)
Бітірген оқу орыны
Біліктілік санаты

Еңбек өтілі

(Үш жылдан жоғары)

Соңғы 5 жылдағы жетістіктері

(аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі және  сертификаттары)

Республикалық ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалардағы шәкірттерінің жетістіктері
Сапалы 3х4 сурет (JPEG форматта)
Кітап жіберілетін мекен-жай (Индекс)
Үміткердің электрондық поштасы мен телефон номері

«Ozattar.kz – Қазақстан білім саласы үздіктері» энциклопедиясына ену үшін мектеп оқушыларына арналған өтініш үлгісі

Аты-жөні
Мектебі (Облыс, аудан, қала, мектебі)
Сыныбы

Жетістіктері

(аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі)

Жетекшісінің аты-жөні
Сапалы 3х4 сурет (JPEG форматта)
Кітап жіберілетін мекен-жай (Индекс)
Жетекшісінің электрондық поштасы мен телефон номері

Ескерту! Жұмыстар Word нұсқада көрсетілген үлгіде және сапалы суреттер бөлек JPEG форматта жіберілуі керек. Жұмыстары талапқа сай келмейтін үміткерлердің жұмыстары кері қайтарылады.

Энциклопедия қатынас хатын алғыңыз келсе, пікірге электронды почтаңызды жазыңыз. Біз сізге қатына хатты жібереміз. 


28 ПІКІРЛЕР

  1. Екі балаға төлемді жеке-жеке жасау керек пе?

  2. Сәлеметсіздер ме! Оқушыға Республикалық қашықтық олимпиада, конкурстардан алған жетістіктері санала ма?

  3. Ұстаздар мен шәкірттердің жетістіктері ( дипломдар, сертификаттар,, грамоталар) Сіздерге көшірме түрде жіберіле ме немесе тізім түрінде жазылып, әкімшіліктің мөрімен расталып жіберіле ме?

  4. Қайырлы кү! Жетістіктер тізімін элдектронды нұсқада, мөрсіз жіберу керек

  5. «Үздік ұжым» плакеткасының үлгісін көрсетсеңіздер болады ма? Онда оқу орнының атауы мен жетекшінің аты- жөні жазылады ма?

  6. Қайырлы күн! Біздің байланыс номерімізге ватсап арқылы жазсаңыз суретін жібереді. Плакеткаға ұжым атауы, облыс, қаласы жазылады. Жетекші аты-жөні көрсетілмейді

  7. Сәлеметсіз бе!Энциклопедия мен төсбелгіні алу құны ,екеуі 10000 теңге тұрады ма?

  8. Қайырлы кеш! Энциклопедияны асыға күтудеміз. Істеріңізге сәттілік тілейміз! Энциклопедия қашан шыққалы жатыр? Рахмееет!!!!

  9. 2017 жылы 14 наурызда ҚР мұғалімдерінің энциклопедиясына материал мен ақысын ( он екі мың теңге) берген едік.Жинақ шықты ма?Қалай алуға болады?

  10. Қайырлы күн! Ия, шығарылып барлық адамдарға кітаптары жеткізіліп берілді. Сіз бізге хабарлассаңыз. Біз сізге кітабыңыз қайда жіберілгені туралы ақпарат бере аламыз?

  11. Өте жақсы жоба. Біздің ұжымнан бірнеше мұғалімдер мен оқушылар енді. Сапасын өте керемет. Алып, риза болдық. Сіздерге Рахмет! Жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Осы жылы да қайта шығарсаңыздар жақсы болар еді

  12. Пікіріңізге рахмет! Сізге де табыс тілейміз. Биылғы жылы да шығарамыз деп жоспарлап отырмыз

  13. Сәлеметсіздер ме! Озаттар жобасына қатысу қашан басталады?

  14. Cәлеметсізбе! Осы жылдың соңынан бастап қабылдауды бастау жоспарланнып отыр. Сайттарымызды қадағалап отырыңыздар!

  15. Сәлеметсіздер ме.
    Озаттар энциклопедиясына қабылдау қашан басталады екен? Жəне бастауыш сынып оқушылары да қатыса ала ма?

  16. Өтініш беру уақыты бітіп калдыма оқушыларға жеңілдік барма

  17. Қайырлы күн! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.Өте жақсы жоба екен,мұғалім мен оқушының еңбегін жарыққа шығарып отырған сіздерге үлкен рахмет.

  18. Саламатсыздар ма? 1-2 сұрағым бар еді, телефондарыңыз өшік тұр екен.

  19. Саламатсыз ба сизбен хабарласкым кеп еди телефон оширули

  20. Саламатсыз ба Мен бүгін сіздерге құжатттарымды жиберем. Кеш қалмадым ба. Хабарын айтыңызшы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ