Республикамыздағы әрбір төртінші ғылыми зерттеу жобалары ҚазҰУ-да орындалады

0
1599

Ақпарат ғасыры болған  ХХІ  ғасыр, барлық салаларда бәсекелестіктің барынша дамыған дәуірі. Ғаламдық қауымдастықтың да жаһандану үдерісі күн сайын күшейе түскендіктен, ЖОО біртіуші жас мамандарғада қойылатын талаптар региондық деңгейден өтіп, әлемдік деңгейге қөтерілуде, яғни бұл талап ЖОО бітірген жас маман  өз елінде ғана жұмыс істеуге қабілетті болып қалмастан, ол әлемнің кез-келген елінде жұмыс істей алатын болуы керек.Міне осындай мәселелерге байланысты, мектеп бітіруші жас талапкердің алдында, адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі болған мамандық таңдау яғни ЖОО таңдау мәселесі тұрады.

Жас талапкер мамандықты қалай таңдауы керек?

Мамандық таңдау әрине өте қиын мәселе, себебі жас талпкерлер психологиялық жағынан толық жетілмеген тұлға болып саналатындықтан, оларды әр нәрсеге тез қызықтырып бауырап алады, әрі көптеген жастар өз қарым-қабілетіне немесе жекелік әуесіне қарамастан, қоғамдағы көп ақы төленетін, сұранысқа ие мамандықтарды таңдауға әуес болып келеді. Міне осындай жағдайды пайдаланған еліміздегі, әсіресе шетелдердегі кейбір жеке меншік ЖОО ғылыми базасы мен техникалық жағдайларына қарамастан өздеріне қабылданатын студенттердің санын көбейтіп, пайда табу мақсаттарын көздей отырып, сондай мамандықтар ашып, жас талапкерлерді, әр-түрлі жолдармен өздеріне тартады, ал қызғындылығы жоғары жас талапкер оларға сеніп сапасыз білімге тап болуы мүмкін.

Мамандық таңдауда, талапкер сол мезгідегі сұранысқа ие, көп ақы төленетін мамандықты ғана көздеуі әрқашанда дұрыс бола бермейді себебі бүгінгі үлкен сұранысқа ие, жақсы жалақы төленетін мамандық ертеңгі күніде сол қалпын сақтап тұруына ешкім кепілдік бере алмайды, яғни ол ертеңінде сұранысқа ие болуы екіталай, бұл біздің өткен тарихмыздан да анық көрініс тапқан.

Міне осындай құбылмалы жағдайдан құтылудың жалғыз жолы ол талапкердің, іргелі білім ордасы болған, тәжірибесі мол,  кәсіби деңгейде білім беріп отырған жоғары оқу орындарынтаңдай білуі керек.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – міне осындай тарихи негізі терең, білім саласымен ғылыми жұмыстарда ұзақ жылдық тәжірибесі бар бірден-бір іргелі білім ордасы.

Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңестігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізіне ие.

Жас талапкер әл-фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсу арқылы ең алдымен іргелі де сапалы кәсіби білімге, мәңгілік естен кетпес, қызықты студенттік өмірге, сонымен бірге жалғасты тікелей ғылыммен айналысуға тамаша жағдайларға ие болады.

ҚазҰУ студенттерге сапалы білім беріп қана қоймай, үздік студенттерді әр қашан қолдап, шет елдермен студент алмасу бағдарламасы бойынша сол елдердің жоғары оқу орындарында бір жыл немесе жарты жыл оқуына болады және студенттерді университтегі ғылыми зерттеу институттарының ғылыми жұмыстарына тартып, оларды ғылыммен айналысуға ынталандырып, алған теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндіктер туғызады.

Республикамыздағы әрбір төртінші ғылыми зерттеу жобалары ҚазҰУ-да орындалады.

Егер сіз математика, механика, информатика салаларына қызығатын болсаңыз, онда сіздің орыныңыз механика-математика факультетінде, бұл факультет ҚазҰУ-дың тарихы ең ұзақ, ғылыми ірге тасы өте терең факультет болып, мұнда республикамыз бойынш техника, математика саласы бойынша ең мықты ғалымдар, профессорлар қызмет етеді. Факультетте Қазақстанға белгілі ғалымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясынын академиктеріарнайы курстар бойынша дәрістер оқиды. Факультет оқытушылары республикалық жоғары оқу орындары үшiн арнайы оқулықтар және оқу құралдарын жарыққа шығаруда.

ҚазҰУ түлектерінің көпшілігі Қазақстан қоғамының элитасын құрастырады және еліміздің даму жолдарында өз үлестерін қосып келеді.

Құрыметті жас талапкерлер сіздерді университетімізге шақырамыз, сапалы білім мен жарқын болашақ сіздерді күтуде.

 

Алтыбай А. 

Адилжанова С.А.

Жумартов М.А.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ