Рухани жаңғыру: Ұлттық сананың негізі

0
2125

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты-интеллектуалдық ұлт қалыптастыру. Сондықтан «Интеллектуалдық ұлт-2020» ұлттық жобасында жаңа Қазақстандықтарды тәрбиелеу мақсатында елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады»-,деген болатын.

2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды айрықша таңуға,рухани байлықты арттыруға байланысты болды. Сонымен қатар 2013 жылы «Халық-тарих толқынында» атты бағдарламада негізгі ұлттық санамен рухани жаңғыруға сабақтасып жасалған.Бұл бағдарламалардың мақсаты тарихымыздан санамызға сіңген салт-дәстүр мен тәрбие үндестігін жаңғырту,әдет-ғұрыпты дәріптеу мақсатында болды.

Рухани жаңғырудың өзіне тоқталатын болсам адам баласы өмірге келгенен өзінің туған тілі,мәдениеті,еліне деген сүйіспеншілігі мен этникалық кодына байланысты болады. Рухани жаңғыру адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Ата-бабамыздан келе жатқан мәңгілік мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа берілуде.Елбасымыздың қазіргі «рухани жаңғырудың» алты бағытын белгілейді:

  1. Бәсекеге қабілеттілік;
  2. Прагматизм;
  3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
  4. Білімнің салтанат құруы;
  5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
  6. Сананың ашықтығы.

Бұл алты бағыттың негізгі идеясы ұлттық ерекшелігімізді сақтау,жастардың қабілеттерін ашып арттыру мақсаты көзделіп отыр.Тарихпен үндесе отырып ұлттық менталитетті көтеру басты ойды талап етіп отыр. Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің,тума иесі болып, ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді.

Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Өмірге ширыққан адам елге жаны ашитын, бойында бар қабілетті, қолы жеткен бар игілігін елге арнайды.Әрбір тұлғаның басты міндеті ұлттық сананың қоғамда көрініс табуына әсер етуі болып табылады.

Сөзімнің түйіні елбасы айтқандай,«Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады» дегені осы мақалаға арқау болмақ дегім келеді.

 

Гульвира Абдрахман

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлім тілдері факультетінің 1-курс студенті.

Ғылыми жоба жетекшісі: Ф.А.Қозыбақова

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих және археология,этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры


ПІКІР ҚАЛДЫРУ