Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері. Қазақ тілінен сабақ жоспары

0
3515
Гомотетия және оның қасиеттері
Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мұшелері
Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Мусагалиева Ж.Ш.

Джумагалиева Б.М.

Сыныбы: 4 Қатысып отырған оқушылардың саны: Қатыспаған оқушылардың саны:
Оқу мақсаттары:

аудио-бейнежазба мазмұнына өзіндік баға беру

сөз таптарының сөйлемдегі қызметін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы:

сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін ажырата алады, мәдени мұраларды қорғау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:

сөйлем ішінен дара және күрделі мүшелерді табады,өзі тұратын жердегі ескерткіштердің тарихын баяндайды.

Кейбір оқушылар:

сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін пайдаланып,мысалдар құрастыра алады,қазақстандағы тарихи мұралар жайлы пікірін білдіреді;

Бағалау критерийлері: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап береді.
Тілдік

мақсаттар

Оқушылар жұмыс барысында өзгелердің ойын тыңдайды, талдайды, өз ойын жеткізіп айтады, сұрақтарға жауап береді, мәтін түрлерін анықтап, өз шешімін түсіндіреді.

Тапсырмаларды орындау барысында әдемі, сауатты жазады.

Пәндік лексика және терминология:

  • Сөйлем мүшелері
  • Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Көне, алқабы, шөмеле..

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл:

  • Сөйлем мүшесі дегеніміз не ?
  • Сөйлемнің дара мүшелері қалай жасалады?
  • Сөйлемнің күрделі мүшелері қалай жасалады?
Құндылықтарды дарыту: Мәтінді түсініп оқуға дағдыландыру, сөздік қорларын молайтудың жолдарын қарастыру; шәкірттерді өз бетінше ойлай білуге, ізденуге үйрету; ұйымшылдыққа үйрету.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Әдебиеттік оқу
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта,аудио материалдар,флипчарт
Бастапқы білім: Сөйлем мүшелері, мәдени мұралар
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

«Сағаттың тілімен» ойыны.

Оқушылар әуен жүріп жатқанда жерде жатқан сөздерді айналып жүреді. Әуен тоқтағанда қай сөздің қасында болса, сол сөзбен сөйлем құрастырып айтады. Сөйлемдегі зат есімнің қай сөз табында тұрғанын айту.

мәдени мұра,ескерткіш,тарих,бағалы,кесене,күмбез,

ғимарат,ұлы ойшыл,орналасқан,мұражай,
Кесене– қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш;

Оқушылар шағын екі топқа топтасады
Сабақтың ортасы

 

Мұғалім бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаты және күтілетін нәтижесімен таныстырады.

Тыңдалым/Айтылым

Аудио жазба тыңдап, тыңдаған мәтін бойынша талдау.

-Мәтін не туралы?

-Қожа Ахмет Яссауи деген кім?

-Қай қалада орналасқан?

Тыңдаған мәтіннің алғашқы үш сөйлемін көшіріп жазу, дара, күрделі екенін ажырату.

Ұжымдық жұмыс

Жазылым.

«Балмұздақ таяқшасы» әдісі арқылы оқушыларды кезекппен шақыру

Сөйлемдерді тиісті сөзбен толықтырып, күрделі мүшелердің қай сөз табынан жасалғанын айт

1. …………. ………… — үлкен өнер.

2.Асқар әжесін …………. ………… .

3.Далада …….. ……. гүлдер өсіп тұр.

4. Сайысқа …….. …… елдің өнерпаздары келді.

5. Бибігүл теледидар ………… …….. .

Керекті сөздер:

Жұптық жұмыс

Оқылым

Дара

Күрделі

 

Дискриптор: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін сәйкестендіреді.

Бірлесіп жұмыс жасайды.

Топтық жұмыс

Тапсырма/Мәтінмен жұмыс/

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Оларға сұрақ қой және қай сөз табы екенін анықта.

Сөздер Сұрағы Сөз табы
ескі қандай? сын есім
міндік не істедік? етістік
қайық не? зат есім
келді не істеді? етістік

Дискриптор:

*берілген сөздерге сұрақ қояды;

*сөздерді сөз таптарына ажыратады;

Топтардың жұмысын «Карусель» әдісі бірін- бірі «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалау

Тақта, сөйлемдер жазылған парақша

 

 

 

А3 қағазы, маркер, түрлі түсті қарындаш

 

Сабақтың соңы

Рефлексия.

«Тест әдісі» арқылы қорытындылау

Әр оқушы жеке жұмыстанады, дұрыс жауаппен тексереді.

Үйге тапсырма: 3-жаттығу.

Сабақта не үйренгені жайлы өз ойымен бөліседі.
Қосымша ақпарат

Дифференциация –

Дара және күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрау.

 

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалайша жоспарлайсыз?

Жоспардағы тақырыпты қиыстырыңыз. Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру, АКТ-ны байланыстыру.

  • Дарынды оқушылардың шығармашылық тапсырма кезінде білгенін ортаға салып, ақпарат іздеуде басқаларға бағыт бере білуі маңызды
Сұхбат кезіндегі белсенділік.

  • Өз бетімен және топта жұмыс істеу білігі.
  • Рефлексиялық бағалау.
  • Интербелсенді тақта, ғаламтор желісі, ақпараттық анықтамалық әдебиеттер

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ