Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы

0
8832
Әбіш Кекілбаев
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Тарау. Тіл, қатынас және сөйлеу.
2 Тарау. Сөйлеудің физиологиялық механизмі. Сөйлеу
әрекетінің рефлекторлық сипаты.
3 Тарау. Сөйлеудің түрлері.
4 Тарау. Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Адамның сөйлеуі – мәнерлікті көрсетуге негіз болатын ерекше бай мұра. Дауыстың өзі сөйлеушінің көңіл-күйін көрсетеді. Сөйлеуші адамның санасының бағыттылығын, оның басқа мінез-құлық ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Адамның жан-дүниесін айқындауда сөйлеудің мүмкіндігі шексіз.
Мінез-құлық тұрғысынан сөйлеу – субъектінің сыртқа өз ойын шығару, соның нәтижесінде оның маңызды психологиялық мүмкіншілігінің болуы. Сөйлеу бақылау үрдісін психологиялық феноменге айналдырады.
Жеке ұлт тілінің қасиеттерін білу үшін Америка антропологы және тіл зерттеушісі Б.Уорф «ойды тіл билейді» дейтін болжам құрды және осы болжау жер жүзіне бірсыпыра пікір таратты. Бұл болжамда тек ой туралы ғана емес, қабылдау туралы да айтылады. Заттарды қабылдауда тілдің әсері бар дейтін Б.Уорфтың жорамалын түгелдей жоққа шығаруға болмайды. Қабылдау тілге қатысты деген адам бір нәрсе көзіне іліккенде, мысалы, галереядағы картиналарды көрген кезінде үнсіз сөйлеп, сол суреттер жөнінде іштей ойланады. Адам іштей сөйлемесе, көріністі қабылдай алмайтыны байқалады.
Бала сөздерінің маңызының сол сөздерді ересек адам қолданғандығы маңызынан елеулі айырмашылығы болатынын көрсетіп берді. Бұл айырмашылық сөздік жалпылаудың формасына да, мазмұнына да қатысты. Формалар тұрғысынан алғанда бұл жалпылаулар негізінен бейнелік сипатта болады, ал олардың мазмұны заттың жалпы және елеулі белгілері туралы ой болып саналатынын үлкендер ұғымына біртіндеп қана жақындайды.
І Тарау. Тіл, қатынас және сөйлеу
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс-әрекеттің бірі және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым-қатынас жасап, іс-қимылы мен өмір-тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.Тіл – дегеніміз сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.Осы белгінің қасиеттеріне орай әр алуан іс-әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар.
Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құралдеуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні – оның қоғамдық-әлеуметтік мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әр түрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді. Мысалы, көшелерде жүріп-тұру мен жол белгілері. Бұл – белгі, ал сөз – қару. Тілдік белгілердің екінші мәні – олар арқылы адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді.
Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір-бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативті қызмет деп атайды. 3. Әрбір адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілікте қолданып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат-міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл-ойымен байланысты.
Ақыл-ой не интеллекті әрекет ең алдымен, іс-әрекеттерді жоспарлайды,
екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді, үшіншіден, орындалған іс-әрекеттердің жемісін алға қойылған мақсат-мүдделермен салыстырады. Осындай ақыл-ой нәтижесінде әр адамның мінез-құлқындағы даралық
ерекшеліктері қалыптасады. Және әрбір адамның тәжірибесі, оның іс-әрекет түрлері, өзгелердің ісі қоғамдық тәжірибелер арқылы байып, жаңа сипаттарға ие болып отырады. Адам өзінің іс-әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы оларды тиісті міндеттерді шешуге қолданудың жолдарын іздестіреді, жүзеге асыру тәсілдерін қарастырады. Мұның бәрі де тіл, сөйлеу әрекеті арқылы дамиды. Осы жайт тіл адамның ақыл-ой әрекеттеріндегі қатынас құралы екендігін тағы да бір қырынан ашып көрсетеді.
Адамның қоғамдық болмысы жан-жақты әрі көп деңгейлі аралық қатынастардан құралатынын жоғарыда әңгіме еткенбіз. Ал осы қатынастар арасында өзінің ерекше мәні мен құрылымы жағынан танылатын құбылыс – бұл тілдестік қатынастар. Тілдесу барысында адамдар өзара әрекеттік байланысқа келіп, тұрмыс-еңбек тәсілдері мен нәтижелерін, әрекетке орай туындаған болжамдар мен идеяларын, ниеттерін, қызығулары мен сезімдерін және т.б. өзара бөліседі, алмасады.
Тілдестік қатынас біршама дербес құбылыс ретінде қабылдануымен, субъекті белсенділігінің ерекше бір формасы ретінде көрінеді. Тілдесу қызметінің нәтижесі — өзгертілген, болмаса қайта жасалған дүниелік не идеалдық өнім емес, ол адам мен адамның, адам мен қауым арасында орныққан байланыс қатынасы. Бұл ретте әңгіме тек бірдің екіншіге бағытталған жай әрекеті, не оның ықпалы жөнінде емес, ал өзара, бір-біріне болған әсері туралы. Тілдесу үшін міндетті түрде әрқайсысы өз алдына субъективті мағынаға ие ең кемінде екі адам болуы қажет.
Тілдесу деген не? Тілдeсу – біркелкі іс-әрекет қажеттігінен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзі. Тіл қатынасы негізінен әңгімелесушілердің өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тіл қатынасының коммуникативтік сипатын құрайды. Тілдесудің екінші тарапы – сөйлеушілердің өзара ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бір-бірінің әрекетін, қылығын танып,
оны өзгеріске келтіруі, жауап беруі. Үшінші, ақырғы тарапы тіл қатынасы сөйлесу арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдап, өздерінің психологиялық бейнесін түзуі.
Сонымен, біртұтас тілдесу процесінде үш бағытты байқаймыз: коммуникативті (ақпарат алмасу), интерактивті (өзара ықпалды әрекетке келу) және перцептивті (адамның бірін-бірі қабылдап, түсінісуі). Осы үш, бір-біріне байланысты тілдесудің қырлары бірлікті қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың өзара қатынасын ұйымдастырудың әдістерін құрайды. Тілдесу мен іс-әрекет өзара тығыз байланысты екені сөзсіз. Бірақ, әңгімеге арқау болып отырған тілдесу қызметі іс-әрекеттің бір бөлігі ме, не бұл екеуі өз алдына дербестігі бар, теңдей құбылыс па? – деген сұрақ туындайды. Бірлікті іс-әрекет барысында адам қажетсінуден міндетті түрде басқа адамдармен қауым түзеді, сөйлеседі, пікір алысады, яғни байланысқа келіп, өзара түсінумен ақпарат алысып, беріседі.
Бұл жағдайда тілдесу қызметі іс-әрекеті бір бөлігі сипатына қарастырылады, бірақ адам мұнымен шектеліп қалмайды. Тілдесе отырып адам басқаларға өзінің ерекшелігін, даралық қасиетерін танытады (қазақтың «аузын ашса, көмекекйі көрінеді» деген қанатты сөзі осыдан).Өндірілген зат (құрылған үй, отырғызылған ағаш, жазылған кітап, орындалған ән)бұл бір жағынан, іс-әрекет нысаны, ал екінші жағынан — адамның өзін-өзі қоғамдық тұрға ретінде көрсетуінің қажетті құралы, себебі өнім басқалардың мүддесіне бағышталған. Осы зат арқылы адамдар арасындағы қатынас тіке емес, жанама сипат алады да, өндіруші мен пайдаланушыға теңдей ортақ тіл байланысын туңындатады.
Сонымен, іс-әрекет – тілдік қатынастың бір бөлігі, ал сезім іс-әрекеттің құрам бөлігі, ал екеуі қосылып барша жағдайларда тұтас бірлікті құрайды.
Тілдесу әрекетінің сипаты, аймағы мен әдістеріоған қатынасқан
адамдардың әлеуметтік қызметтермен, қоғамдық қатынаста тұтқан орнымен,
қоғамдық қатынаста тұтқан орнымен, қандай да қаумға мүшелігімен анықталады да өндіріс, сондай-ақ қоғамда орныққан заңдар, ережелер, талаптарға сай әлеуметтік мекемелер тарапынан реттеліп барады.
Шынында да, қай тарапынан болмасын тілдесу процесіне қатыспайтын арамға тән психикалық құбылыстарды атау өте қиын. Іс-әрекетпен біртұтас байланысқан осы тілдесу арқылы адам бүкіл қоғам жаратқантәжірибені игереді. Жеке адам дамуы тұрғысынан тілдесу барысында біріне-бірі қайшы екі диалектикалық бағыт өзара байланысқа келеді: бір жағынан, жеке адам қоғам өміріне арналады, адамзат топтаған тәжірибені игереді, ал екінші жағынан — адамның даралығы айқындалады.
Тілдесудің жеке адам деңгейіндегі сипаты өз алдына. Бұл жағдайдағы оның қызметі үш түрге бөлінеді: ақпараттық тілдесу, реттеу тілдестігі және сезім білдіру тілдестігі. Осыдан тілдестік қатынастың үш түрлі мазмұны ашылады: ақпарат алмасу, адам аралық өзара ықпал жәнеадамдардың бірін-бірі түсінуі.
Коммуникативтік процесте, біріншіден, ақпарат бір жақты біреуден біреуге жеткізіліп қалмастан, екеу арасындағы хабар алмасуы, яғни бір адамның өз ақпаратының мазмұнына сәйкес екіншісі жауап хабар алуға бағытталған әрекеті үздіксіз жүріп жатады. Егер осы ақпарат тілдесу барысында түсінікті қабылданса ғана, тілдескен адамдар үшін өз мәніне ие болады.
Екіншіден, адамдар арасындағы ақпарат алмасу сипаты қоғамда қабылданған таңбалар жүйесі негізінде адамдардың бір-біріне ықпалды әсер ете алуына байланысты келеді. Бұл жағдайдағы коммуникативтік ықпал бір адамның екіншісіне жасаған психологиялық әсеріне теңгеріледі.
Үшіншіден, ақпарат алмасудың нәтижесі болған коммуникативтік ықпал тілдесуге қатысқандардың тіл жүйесіндегі таңбаларды теңдей таныса ғана пайда болады. Бірақ, ескеретін жәйт, бір сөзге тән мағынаның өзін біле тұра,
адамдардың бірін-бірі түсініспейтін жағдайлары болады, мұның себебі сол адамдардың әртүрлі әлеуметтік, саяси, жас ерекшеліктерінің болуында.
Төртіншіден, адамдар өзара сөйлесу барысында ерекше тіл қатынастары кедергісіне ұшырауы мүмкін. Бұл, бір жағынан, әңгімелесушілердің өзара сұхбат өзегін түсіне алмауынан, яғни, әртүрлі көзқараста, нанымда, пікірде болуынан, екінші жағынан, кедергілер сөйлесушілердің даралық психологиялық бітістерінен немесе екеу арасындағы тілдесуге мүмкіндік бермейтін адам аралық қатынастардың белең алуынан туындайды.
Ақпараттың қайсысы болмасын таңбалар жүйесі арқылы беріледі. Біздің қолдануымыздағы бұл таңбалар дыбыс, сөз, сөйлеу. Сөйлеу мен ойлау генетикалық байланыста, қоғамдық еңбек желісінде, адамзаттың әлеуметтік-тарихи дамуында қалыптасты. Сөйлеу процесі санамен реттеледі де, адамдар арасындағы тілдесуде қалыптасады. Сананың негізгі қызметі болмысты өрнектермен бейнелесе, сөз бен тіл сол болмысты арнайы қабылданған таңбалармен белгілейді. Болмыс бейнесінің белгісі ретінде сөйлеу де тілмен бірлікті байланыста болады. Сөйлеу – тілдесу әрекеті, тіл негізінде мағына білдіру, ықпал жасау, ақпарат алмасу, яғни сөйлеу — әрекеттегі сана мен ойдың көрініс формасы.
Сөйлеу – тек адамға тән тіл қатынасының ең жетілген формасы. Бұл қатынас айтушы және тыңдаушының міндетті түрде болуымен жасалады. Айтушы ойды жеткізуге қажет болған сөздерді іріктеп, грамматика ережелеріне сай оларды байланыстырады, артикуляция ағзаларын іске қосумен дыбыстайды. Тыңдаушы сөзді қабылдап, онымен өрнектелген ойды түсінуге әрекет жасайды. Айтушы мен тыңдаушы арасындағы сөз түсіністігімен белгілі ойды қабылдау үшін, сол ойды өрнектеуге бағытталған екі тұлғаға да ортақ сөздерді жүйелеу құралы мен ережелері болуы шарт. Мұндай құрал және ережелер тобы сипатында көптеген әулеттердің өмір барысында өзара сөйлесуден қалыптасқан белгілі бір ұлттық тіл қызмет
етеді.
Тіл – сөйлеу құралдарының қатаң қалыпқа келтірілген жүйесі, ал сөйлеу – ой мен сезімді жеткізуге арналған тілдің екеуара қатынасты әрекеттік қолданымы. Тілдің өзінде мағына-ой болмайды, ол тек ойды өрнектеуге арналған әртүрлі таңба-белгілердің жиынтығынан тұрады. Ал осы қордан сөйлеу үшін қажетті белгілі тілдік құралдар (дыбыстар, сөздер, ережеге сай сөз тіркестері мен сөйлемдер, әуен, ырғақ т.б.) іріктеліп алынған шақта ғана, ой білдіру мүмкіндігіне ие боламыз.
Қатынас дегеніміз не? Адамдар өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды меңгереді, білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік-тарихи тәжірибелерін дамытады.
Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым-қатынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні (басқа адамдар, ал оның мәнін білдіретін құрал — тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект — өзге адамдар және олардың санасы мен ниет-тілектері, сезім күйлері мен эмоциясы. Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең алдымен, білімдік маңызы бар жаңа хабарларды алмасу болса, екіншіден, сол қарым-қатынас жасау нәтижесінде адамдардың ниет-тілектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер. Қарым-қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі психологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.
Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауы жеке адамдар арасында, не көптеген адамдар тобымен де болып отырады. Мұндай қатынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да қатынастар балады.
Қарым-қатынас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып отырады. Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылырдан тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары деп атайды. Бұлар –
а) сөйлеуге даярлық; ә) жоспарлау; б) жүзеге асыру; в) бақылау сатылары.
Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас. Ойлау әрекеті адамның танып, білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас жасау мақсаты көзделеді.
Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған түрінің бірі – зат алмасу қатынасы болып саналады. Этнопсихологиядағы әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрпы, мысалы, абысын-ажын арасында сақина-жүзік, білезік алмасу, ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу, сауға тарту, сәлемдеме жолдау тәрізді қатынастың басқа да сан алуан түрлері болған.
Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады. Қатынас жасаудың ым-ишара білдіру, бет құбылычы мен көзқарас арқылы түсінісу сияқты түрлері де бар. Сонымен, қатынас – дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйі мен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады. Коммуникативті әрекет сөзсіз де жүзеге асады. Дегенмен, адамдардың қатынасында сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасаудың маңызы зор.
Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлеу арқылы әрқилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық процесс. Мұндай жағдай сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы тұрғысынан ғана зерттеумен шектеліп қоймай, тіл білімі арқылы да қарастырады. Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызметін, адамның мінез-құлық бағытын белгілейді. Соңғы 30-35 жыл ішінде тіл білімі мен психологияның түйісуінен психолингвистика деп аталатын ғылым саласы пайда болды.
Сөйлеу әрекеті психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми
тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға топтастырылып қарастырылады :
1.Сөйлеудің коммуникативтік қызметі. Мұның мән-жайы жоғарыда баяндалды. 2. Сөйлеудің сигнификативтік қызметі. Бұл латынның «сигнал» — белгі, таңба деген сөзінен шыққан. Сигнификативтік қызмет бойынша сөйлеуде адамдар бірін-бірі белгілер мен таңбалар арқылы түсінетін болады. Мәселен, қауіпті жағдай туғанда берілетін белгі, адамдардың түрлі қимыл-қозғалыстары мен ым-ишаралары, зат алмасулары арқылы қарым-қатынас жасау – сөйлеудің сигнификативті қызметін білдіреді. 3.
Сөйлеудің экспрессивтік қызметі — әр алуан хабарлар мен жай-жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын шымырлатып жібереді. Сондықтан, сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап айту мен ой жүйесінің қисынды болуын талап етеді. Сөйленген сөз, айтылған ой – адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.
ІІ Тарау. Сөйлеудің физиологиялық механизмі. Сөйлеу әрекетінің рефлекторлық сипаты.
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады да, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз «сигналдардың сигналы» (2-сигнал жүйесі, бұл-адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркендіру нәтижесінде нәрселердің мән-жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине, ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда, сөйлеудің физиологиялық негізі И.П.Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда «Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді» деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы
тікелей таным арқылы бейнеленетін заттар құбылыстардың қасиеттері
түйсік, қабылдау, елес процестерінің шектеулі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән-мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші-танымдық ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.
Сөйлеудің динамикалық локализациясы. Осыдан 130 жылдай бұрын (1861 ж.) француз ғалымы П.Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын анықтаған. П.Брока мидың бұл бөлігін «сөздерді бейнелеудің қоөғаушы орталығы» деп атады. Кейінірек, 1874 жылы К.Вернике мидың осы бөлігінің самай жағындағы жоғары қатпарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д.Джексон (1835-1911 ж.) сынаған болатын.
Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар П.К.Анохин, Н.А.Бернштейн, А.Р.Лурия, А.Н.Леонтьев, Д.Н.Узнадзе, АҚШ-та Дж. Миллер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі Брока мен Вернике түсініктерінің дәлелдері жеткіліксіз екендігін ашып көрсетті. П.К. Анохин сөйлеу әрекетінің физиологиялық механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндірді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлел- дейді. Сөйлеу мехонизімі- Н.И. Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі салалы процесс. Сөздерді қабылдау мен түсіну күрделі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Адамның сөйлеуі күрделі психологиялық процесс және ол жоғары жүйке қызметімен байланысты болып түр-түрге бөлінеді. Мәселен, ауызша сөйлеудің орталығы мидың маңдай алабында орналасқан болса, жазу сөзінің
орталығы мидың желке бөлігінде орналасқан.
Сөйлеу әрекетінің бұзылуы мидың белгілі алабының зақымдауына байланысты.Осындай зақымдану салдарынан адам сөзінің жүйесі және бірізділігі жойылып, афазиялы жағдайға ұшырайды. Афазиялар үлкен ми
жарты шарларының белгілі бір алаптары жарақаттанып, ісік пайда болғанда, не түрлі ауруларға ұшырағанда пайда болады. Афазиялар денамикалық, эфференттік, афференттік қозғалысты және семантикалық, сенсорлы болып бөлінеді. Осы салада зерттеу жүргізген әйгілі псхолог ғалым А.Р.Лурия еді. «Афазия» деген грек сөзінің мәнісі- мидың зақымдануы салдарынан адамның сөйлеу қабілетінің толық жойылуы, не өзге адамдар мен қарым-қатынасындағы сөйлеу қабілетінің мардымсыздығы дегенді білдіреді. Сөйлеу қабілетінің мұндай кемістігінің түрлері әрқилы. Динамикалық афаразияға ұшыраған адам сөздерінің реттік құрылымы бұзылатын болса, ал эфференттік қозғалыс афазиясында сөздер мен сөйлемдердің граммотикалық жүйесі бұзылады.
Афференттік қозғалыс афазиясы- сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Се- мантикалық афазия- әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің ағасы» не «әкесінің інісі» деген сөздердің мәнін ажырата алмайды. Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздері дұрыс қабылдай алмай, олардың дыбыстық бөлшектерінің мәнісін түсінбейді.
Сөйлеуде кездесетін афазиялық кемістіктердің бәрі де- жан жүйесі күйзеліске душар болған немесе өзінің кім екенін де аңғара алмай, әр түрлі сандырақтарды айтып, елірме ауруғаұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болып отыратын құбылыс.
ІІІ Тарау. Сөйлеудің түрлері
Адамның сөйлеу әрекеті түрлі белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Біріншіден, сөйлеу қабілетіне, өзінің психикалық және физиологиялық механизіміне орай, көпшіліктің бірге қосылып айтатын сөзі- хормен сөйлеу және қарапайым түрде қайталау болып отыратын- жаңғырық сөзі болып бөлінеді. Осы негізде сөздер атауы сөздер мен коммуникативті сөйлеу болып та бөлінеді. Ал сөйлеудің жоспарлы түрде мақсат-міндеттерді көздейтін түрі
бағдарлы сөйлеу делінеді. Бұл орайда, сөздер үнемі бағдарлы түрде активті сөйлеу мен сөйлеудің құрылысын талап ететін реактивті сөйлеу болп жіктеледі. Сондай-ақ, сөйлеудің тағы бір түрі қосалқы сөз деп аталады. Сөй- леудің қосалқы түрі сөйлеудің қалыпты құрылысын қатаң талап етпесе де, өздігінен сөйлеу түрі болып саналады. Қосалқысөйлеуге, мәселен, жазба текетерді оқу жатады.
Сөйлеу әрекетін топтастырып ажыратуда ерекше маңызы бар жайт- сөйлеудің еркін болуы. Бұл сөйлеуді топтастырып бөлудегі үшінші негіз болып сангалады. Ал төртінші негіз бойынша сөйлеу сыртқы және ішкі белгілеріне орай жіктеледі. Осы негізге сүйене отырып, сөйлеуді сыртқы сөз- дауыстап естіртіп сөйлеу және іштей сөйлеу (үнсіз сөйлеу) деп екі топқа бөлеміз.
Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекшіқызмет атқаратын түрі- коммуникативті сөйлеу. Ол күнделікті қарым-қатынас барысында кеңінен қолданылады.Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сөйлеу (дара адамның сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесу, әңгімелесуі), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөзболып төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл салаларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
а) Монологтық сөйлеу- сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі.Мұнда айтылуға тиісті ой-пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл-қозғалыстар арқылы
қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс-тәсілдерін қамтиды.
ә) Диалогтық сөйлеу- оқиға мен болмыс көбінесе, нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады. Бұл — сөйлеудің ұтымды бір түрі.
б) Үнсіз (іштей) сөйлеу- адамның практикалық іс-әрекеті мен теориялық мен теориялық ой-пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Мысалы, бір жерге бару үшін адам немен барады, қалай барады, алдымен соның бәрін
жоспарлап алады. Іштей сөйлеуде адамның ерні жыбырлап, тілі қозғалады, дыбыс сыртқа шықпайды. Ішкі сөйлеудің психологиялық мәселелері психолог А.Н. Соколовтың зерттеулерінде қамтылған.
в) Жазу сөзі-мұны монологтықсөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге қарағанда, ой-пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті етіп білдіре алады.
ІV Тарау. Сөйлеудің оқыту процесінде дамуы
Сөйлеу- ақыл-ой иесі- адамның хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп тұртын тұрақты белгісінің бірі және өзара қарым-қатынасының қуатты құралы.
Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы саты- сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі ай лығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты- баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтып, бүлдіршін сөздердің мәе-мағнасын және қолдануын, жеке сөздердің қызметін де түсіне алады. Бала тілінің шығуы оның дүние таным шеңберін
кеңейтіп,сөйлеу тілін дамытады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырылып, ғылыми жүйеге келтірген- әйгілі мамандар Л.С. Выготский мен Швейцария психологы Жан
Пиаже.
Қазақ этносы баланың тілін дамытуға айрықша мән беріп, оны бесік жырымен сусындатқан, бала кезінен-ақ оған қысқа-қысқа өлең-жыр, жұмбақ пен тақпақ, жаңылтпаш пен ән үйретіп, оның ақыл-ойын, пайымын, сөйлеу мәнерін өрістетуге тырысқан.
Тілді менгеру осы заманғы ғылымда айрықша маңызы бар мәселе болып саналады. Әсіресе, баланың ана тілінде айқын сөйлеп, тіл грамматикасын меңгеруінің шетел тілдерін меңгеруге тұрақты тиянақ
болатынын нақты деректер дәйектеп отыр.
Тіл адамның санасы мен ақыл-ойын дамытушы фактор екендігін К.Маркс бір сөзбен ғана түйіндеп, «Тіл-сананың жиынтығы»дейді. Осы орайда, тіл ғылымы мен психология пәнінің сабақтасқан буыны психололингвистика ғылымының зерттейтін мәселелері- тіл мен ойдың байланысын және өзіндік ерекшеліктерін тіл білімі, психология, логика, социология, этнография,тарих т.б. ғылымдар тұрғысынан қарастыру, тілдің ұлттық сипаты мен дүниетанымдық рөлі, тіл мен сөйлеу әрекетінің жеке психикалық процестері менсөйлеу әрекетінің жеке психикалық процестері мен өзектестігі сияқты жайттар.
Тіл- қоғамдық құбылыс және табиғаттың адамға берген дарыны. Карталар, сызулар, есептеу құралдары сияқты т.б. шартты белгілермен бірге ол да психологиялық құрал болып табылады. Өйткені, сол белгілердің бәрі объективтік шындықты біздің санымызда әр алуан таңбалармен бейнелеп, олардың сыр-сипатын,мән-жайын білдіреді. Осы бағытта қрарстырғанда тілдің өзі, сөздердің бәрі- таңба, заттар мен құбылыстардың белгісі. Табиғат шындығы, болмыстығы нәрселер мен олардың сыр-сипаттары адам санасында түйсік, қабылдау, елес, ес пен қиял,
ойлау мен сөйлеу, сезім мен ерік сияқты психологиялық таным процестері арқылы бейнеленіп, сезімдік таным мен ақыл-ойды дамытады. Олардың әралуан қасиеттері бейнеленеді.Бейнелеудің аса күрделі сипат-сырлары,
өзара байланыстары және қасиет-ерекшеліктері сөз, анық сөйлеу арқылы таңбаланып, адамның жалпы дүние анымдық көзқарасы мен санасын, ақыл-ойын қалыптастырады.
Адам дүниетанымының күрделі, қасиет-сипаттарының әр тарапты және терең болуының мән-жайы да оның сөйлеу әрекетіне, болмысты дыбысты анық тіл арқылы тепе-тең етіп бейнелей алуына байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Белгілі бір тілде сөйлейтін адамдар (сол тілге жататын әрбір сөзге белгілі бір ұғымды түсінік ретінде енгізіп, қалыптастырады. Сөздің мағынасы әдетте сол тілдің түсіндірме сөздіктерінде көрсетіледі. Адамдар сөйлескенде бірінші кезекте бір-бірімен сөздердің мағыналарын ауыстырады және тиісті сөздердің мағыналары бірдей түсіну нәтижесінде өзара түсінушілікке жетеді. Демек, сөздің мағынасы – бұл сөйлеумен үздіксіз байланыста, Выготскийдің айтуынша «сөйлеу патшалығына» жатады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
  1. Сәбет БАП-БАБА. Жалпы психология. А., Дарын, 2003.
  2. Психология. Под ред. Е.И.Рогова, М., ВЛАДОС, 2005.
  3. Намазбаева Ж.И. Жалпы психология. Алматы: 2006.
  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. СПб: ПИТЕР. 2005.
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ