Сөйлеу тілінің дамуы

0
25826
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Мазмұны

Кіріспе

I – бөлім

Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері.

1.1. Сөйлеу тілінің дамыту ерекшеліктері, жолдары

1.2. Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілінің ерекшеліктері

1.3. Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы

Қортынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алу жағдайында қоғамды жаңарту демократиялау процесі болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл деген статусқа ие болу ол рухани мәдени- тарихтың өткен мұрагерін жаңғырту ең маңызды мәселердің бірі.

Адамды адам қылған, ары қарай даммытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл- адам ойын жетілдіру үшін, әлемді қоғамды танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізе алады, қоршаған ортамен қарым- қатынысқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөздік қорының және оны орынды қолдануына байланысты. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушының сөздік қорларын дамыту, жетілдіру, қалыптастыру болып табылады.

Мектеп мұғалімдерінің негізі міндеттерінің бірі – оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету және машықтандыру. Демек, ттіл дамыту жұмысы метепте үздіксіз және мақсатты түрде жүргізіледі.

І- бөлім Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері.

    1. Сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып қалыптасқан. Сондықтанда сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты. Тіл- тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық тұрмысы болады. Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жоқ. Халықтар қашанда тұйық өмір өмір сүрмейді, өзге халықтармен эконимикалық, саяси мәдениетте байланыста болады. Ал бұл қатынас тілге әсерін тигізіп отырады. Соның ішінде тез қабылданатын, тез өзгеріске түсетін лексика болады.

Қазақ халқы да әр дәуірде әр түрлі халықтармен байланыста болып, сөздік құрамынбайытып отырған. Тілдің сөздік құрамындағы басты нәрсе барлық сөздің ұйытқысы болып табылатын түбір сөздер- негізгі сөздік қор. Демек, тілдің негізгі қоры талай ғасырды басыныа кешіргендіктен, олар байырғы көне сөздер деп аталады.

Тілдегі сөздердің бәрі қосылып, тілдің сөздік құрамы дегенді жасайды. Тілдің сөздік құрамы үнемі дамуда, өзгерісте болады. Тіл қоғам тарихымен қоғам өндірісімен тікелей байланысты, әрі талай ғасырдың жемісі болғандықтан, сөздік құрамы біркелкі болуы мүмкін емес.

Сөздік құрамда байырғы төл сөзднрге, шеттен кірген сөздер болуы заңды. Тілдің даму барысында жаңа сөздер пайда болуымен қатар, оны қайсы біреулері күнделікті өмірдің қажетіне қарай қосымша жаңа мағынаға, кейбіреулері бұрынғы көп мағынасы бір мағынамен шектеліп келеді.

Тіл тілдің өзара бір- бірімен байланысты екі жағы болады. Оның бірі- тілдің грамматикалық және фонетикалық жақтары. Тілдің осы екі жағының бірлігінің тұтас тіл құралы да, айтылатын ой түсінікті болып, тіл нағыз қатынас туралы ретінде қызмет ете аладаы.

Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі біллікте жұмсалады. Олардың қайсынының өзіне тән ерекшіліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан, тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрлысын грамматика ғылымы зерттейді.

Бірақ тіл ғылымыныңы бұл саларныңы тексеретін объектілері басқа болғанымен, өзара байланыстары да күшті, өйткені оның бұл екі саласы- лексикология да граммматикада өздернің тексеру объектісінің негізі етіп сөзді алады, демек тексеруді жеке сөзден бастайды.

Сөз дегеніміз- қыр сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздік мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолданылуы, ерекшілігі, жасалу жолы өзегру жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.

Тіл ғылымыныңы әр саласы сөзді әрқилы тұрғыда қарап тексеоеді. Мысалы: сөздің дыбыстық жағының сыр сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілініін айтамыз.

Білігілі әдіскер ғалым Ш.Х. Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесенің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйретілітін сөздерді таңдауға мән берген. Бұл ретте ғалым оқушыларға нақтылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген. Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер сен сөз тірекстері бір- бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген. Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал- тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған, дәлеледенген бірсыпыра құнды пікірлері бар.

Ш.К.Сарыбаев сөздік қорды жинау, байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту, көру, сезіну, сияқты қабілеттрін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелелдеген. Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе. Сабақ оқылатын бөлме, оның ішіндегі заттар, оқушы, мұғалым оқу құралдарының аттарын үйрету табиғи жағдайда үйрету қиын.

Диссертацияда ғалым дәлелденген келесі құнды пікір оқушыны сөз мағынасына мән беруге баулу. Мысалы; мағынасы жақын сөздерді тану, қарама- қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшелкітерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін диссертацияда ғалым арнайы сөз еткеен. Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды. Әрине, бұл қағиданың тілід саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.

Қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы, тіл дамыиу, сөздік қорын молайту сияқты мәелелер бір- бірімен жүргізіеледі деп санайды. Неігзгі міндет- оқушылардың сөз қорын молайту, тілдерін дамыту.

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздрідің дұрыс қолдануына үлкен мән беріп, баланың тілін, сөздік қорын дамыиудағы түсіндермелі оқу ісінің маңыздылығын көрсетті. Ал А.Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келе, айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты. Сондықтан ол өз ойын өзгелер қиналмай түсінетін қлып айту керектігін ескертті. Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білу тиіс деген талап қойды.

С. Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін оқушының сөз сапасын арттратын, ойлағыны дәлелдеп, жүйелеп айтуға дағдыландарытын, дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Ш.Сарыбаев оқушыардың тілін дамытуды, оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуді қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағынасын игерту әдіс- тәсілдеріне мән берді.

Қазақ тілін дамыта оқыту арқылы баланың сөздік қорын байыту мәселесіне Д.Әлімжанов, И.Маманов, Х.Арғынов, С.Рахметова Қ.Шәукенов т.б. Тұжырымдай айтқанда, баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен оның мағынасын игрітледі. Сонымен бірге ол сөздерді бір- бірмен байланыстырып сөйлем құрасыьруға жаттығады. Соның негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу әпекеті, икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылды.

Сөздік қорды байытудың мазмұны мен жүйесі тармақшасында сөздік қорды байытудың ьла тілін дамытудағы маңызы, алатын орны және тіл дамыта оқыту жүйесі мен қалыптастыралтаын имекділіктер мен дағдылар қарастырылды.

Қазақ тілін оқытуда тіл туралы білм берумен бірге оқушыны тілдік қарым- қатынасқа дарялау міндеті қойылады. Ол баланың тілін дамыта оқыту, сөздік қорын молайту; сөз , сөйлем, мәтіннің мағынасы мен ұғымы, ойы және мазмұны арқылы оқушылардың ойында ұлттық танымды қалыптастыру.

Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділіг пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттерні орай жүргізіліп, екніші жағынан әлеуметтік норамалар, яғн тіл мәденитенің негізінде ұйымдастыру болып табылады.

Баланың сөздік қорының қалыптасу ерекешеліктері және сөздік қор психикалық үрдістер арасындағы байланыстар мен олрдың рақатынасы сипатталады.

Баланың таным үрдістері ұлғайған сайын оның сөйлеуге қажетсінетін сөздер саны да өсіп отыр. Мұның өзі баланың психикасы мен сөздік қорының арасындағы байланысты білдіреді. Сондықтан, оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстырында сөздік қор мен психикалық қаситтерның арасындағы қатынастар анықталды. Мәселен,сөздік қор мынадай психикалық қаситттермен байланысты:1) сөздік қор және ойлау; 2) сөздік қор және сөйлеу; 3) сөздік қор және ұғым.

Игертуге тиісті материалдар мен оқу амал- әректінің бірлігін қамтасыз ететін ойлауды дамыту тілді дамытудың негізгі шарты. Сондықтан баланың сөздік қорының баюда да ойлау әрекетіне байланысты болады.

Адам әрекеті- күрделі үрдіс. Оның құрамына қозғалыстырдың жүйесі де кіреді. Бала әректтер мен амалдар арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде ьайланыс жасап, оны өз шамасында өзгертіп, дамытып отырады. Сондықтан адам писихкасы іс- әрекет үсьтінде дамып қалыптасады. Ал адам әреткетінің әрқайсысы) ойын, оқу, еңбек, және нұсқаулар) әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.

Бұл теориялық пікірлер тіл дамту мәселесінде ерекше орны алмақ. Сөйлеу әрекетінің жүйелі мазмұнды болуы ақыл- ойы еңбегінің нәтижесімен бірге логкалық ой амалдары туралы( жинақтау, талдау, нақтылау, бстракциялау, жалпылау, салыстыру, жіктеу, қортындылау) дағдысына байланысты. Ал оны одан әрі дамыту, түрлі ойлау тәсілдеріне сүйене отырып жасайды. Демек, логикалық ойлау анализдеу мен синтездеуден, салыструдан дерексіздендіру мен ой қорытудан тұрады.

Сөйлеу әрекетінің дұрыс жүргізіліуі оқушыда психолгиялық категорилардың қалыптасуына негізделеді. Өйткені сөйлеумен бірге ой дамиды. Сондықтан оқу материалдарын ұғынуда талдау мен жинақтау маңызды роль атқарады. Өйткені ойлау дегеніміз- түйсік пен қабылдаудағы талдау мен жианақтаудың жаңа мазмұнға ие болған түрі. Талдау дегеніміз- ой арқылы түрлізаттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөлшектерге ажырату арқылы тану деп есептеледі.

Тұжырымдай айтқанда, адамға қорашан ортадағы шындықты дұрыс тануға көмектесетін, әртүлі құбылыстардың бір- бірінен айырмашылықтары мен ұқсас белгілірін анықтайтын ұғымдар логиклық ойау амалдары негізінде жасалып, ойлау мен сөйлеуді жетілдіреді, нәтижесінде сөздің мағынасы, ұғымы игеріледі.

Қазақ тілін игеру мұғалімнің сөздерін немесе оқулық материалдарын құрғақ сөздер ретінде есте сақтау емес. Ол күрделі ақыл- ой еңбегі, балалардың санасында шындық дүниедігі заттармен құбылыстардың туралы елестерді, ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың үрдісі, құбылыстардың өзара байланыстары дамыиуға байлансыты жұмыстарда балалардың жас ерекшелктерін мен жеке ерекшіліктері, олрдың зейін, ес, ойлау, қабалдау, сезім, қиял ерекшеліктерін ескеріледі.

Л.С.Выготский, А.Н. Леонтьев, В.И.Лубовский, А.Р. Лурия осы психологтар баситауыш метеп оқушыларының ерекшеліктеріне байланысты зейіннің тұрақтылығының әлсіздігін ескертеді. Осыған байланысты мұғалім оқушы зейінін сабақ материалдарның ауытқуымен тәрбиелеуі керек. Бұл тіл үйренуді жеңілденетін мәселеге жатады. Психолог пен педагог ғалымдарының пікірінше оқушының сөйлеу тілін дамытту, оны жазбаша тілін,ғ сөздік қорын байыту жұмыстарымен байланыстыра оқыту да оқушылардың жас еркешеліктерін ескеріге негіздейді.

Баланың сөздік қорын қалыптастыру туралы Л.С.Выготский, А.Н. Люблинская баланың психолгиялық үрдістерін дамытуға, олардың түрлі іс- әрекеттерін жетілдіруге сөздің әсері туралды А.Р. Лурия; ал сөздің дбыстық құрамын меңгеру ерекшеліктері жөнініде Н.В.ИхвачкинА.В.Гвоздев граматикалық ерекшеліктердің бала тілінде қалыптастыру үрдістері жөніндегі Ф.А. Сохин, И.Н.Попова сөздік қорды меңгеру заңдылықтары туралы Н.А. Рыбникова, К.И.Чуковский еңбектерінің алатын ролі зор.

1.1 а. Оқушының сөздік қорын байытудың лингвистикалық негіздері.

Тіл – адамдардың бір – бірімен қарым – қатынас жасауының құралы болса, адамдар тіл арқылы қарым – қатынас жасау үшін алдымен сөзді, сонан соң сөздерді қалай қолдануды білуі шарт. Міне, сондықтан да тілді үйретуде оқушының сөздік қорын байыту мен сөздердің қалай қолданатынын үйрететін грамматиканы оқыту қатар жүріп отырады.

Ана тілін оқыту әдістемесінде де оқушының сөздік қорын байытуға ерекше мән берілетіні де бұл мәселердің сөйлеуде атқаратын зор қызметіне байланысты. Ал екінші тілді оқытуда сөзді білу, сөздік қорының мол болуы оқушының тілді меңгеру дәрежесінің негізгі көрсеткішінің бірі.

Оқушының сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым оқушының ойын толық, дәл, анық жеткізуге мүмкіндігі мол болады. Бұлардың әрқайсысы өте үлкен мәселелер, олар қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі объектісі.

Сөйлеу үшін, ойын басқаға жеткізу үшін адамдаро ойын жеткізуге қатысты сөздерді білу керек. Сөздерді білмейінше адам ойын басқаға жеткізе алмайды. Сөсіз тіл арқылы қарым – қатынас жасау мүмкін емес. Тәжірбиеде екінші тідлі үйрене бастаған адамның ойын жеткізуге қажетті сөзді білмей дағдарып, әдепті тұрғаны жиі кездеседі. Сөздік қоры мол адамдар ондай қиындыққа кездеспейді. Сондықтанда халықта тіл байлығы мол, шебер сөйлей білу адамның мәдениетінің көрсеткішінің бірі болып саналады. Ол туралы әдістемеші ғалым А.В. Текучевтің пікірін келтірейік: « Әрбір жеке адамның сөйлеу тілі – оның жалпы мәдениетінің деңгейлік көрсеткіші ».

Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту барысында әрбір оқушының табиғи өзінің сөйлеу тілін дамытуға үлкен көңіл бөлу керек;

Сөйлеу тілін дамытудағы жаттығулар үнемі көркем әдебиетпен тығыз байланыста болу керек.

Әдеби мәтін оқушылардың сөйлеу тілін дамытудағы ең маңызды әдебиет, сөйлеу тілін дамытудағы және тағы да қосымша әдебиеттер, газет – журналдар, іс-құжаттар, қоршаған ортағы сөйлеу тіл;

Сөйлеу тілін дамытуға тағы бір негізгі мән беретін мәселе ол мәтінді анық,дұрыс оқу,оқушылардың лексикалық,әдістемелік,грамматикалық және де ана тілі байлығы және сөйлеу тілінің әдеби нормадағы сөзі.

Сөйлеу тілін дамытудағы жетістік жұмыстың мазмұнды,мақсатқа бағытталған негізге жетеді.

Егер де біз оқушылрдан сөйлеу тілінде олардың түсінбейтін сөздерді талап ететін болсақ, ол ешқандай жақсы нәтижеге жеткізбейді. Дағды мен біліктілікті білмей келесі әңгімеге өтіп кетпеу керек.

Сонымен, сөйлеу тілін дамыту барысында мынадай жұмыс жүйесі ұсынылады.

  1. сабақтың әр түрлігі
  2. Біртіндеп жұмыстың сыныпқа, тақырыпқа байланысты қиындауы.
  3. Кейбір енген жаңа формаларда әрбір сыныптың басында соңында қолдану Сонымен, сөйлеу тілін дамыту барысында мынадай жұмыс жүйесі ұсынылады.

4. сабақтың әр түрлігі

  1. Біртіндеп жұмыстың сыныпқа, тақырыпқа байланысты қиындауы.
  2. Кейбір енген жаңа формаларда әрбір сыныптың басында соңында қолдану

Сыныптағы сабақтарға қарай сөйлеу тілін дамыту жөнінде сыныптан тыс :

қабырға газет шығару, шығармашылық әдеби және лингвистикалық үйірмелерге қатысу т.б.

Міне,бұл лексиканы оқыту,жаңа сөздерді үйрету,оқушының сөздік қорын байыту мәселерін зерттеудің қаншалықты қажет екенін көрсете алады.Оқушының сөздік қорын байытудың жолдары мен амал – тәсілдерін белгілеу,сөздерді меңгерудің ұтымды жолдарын анықтау,сөзді оқушының күнделікті қолданысындағы белсенді сөзге айналдыру,оқушыда сөздерді орынды саналы қолдану дағдысын қалыптастыру сияқты толып жатқан мәселерді анықтау оқушының сөздік

қорын байытуға жол ашады.

Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді.Оқушыны алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету қажет.Ол үшін оқушыға синоним сөздерді де үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп,оқушының сөздік қорында ондай сөздерде болуға тиісті.Оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жас сәбидің жанына жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, оны мектепте жүйелі түрде оқыту қазір күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отырған кезде оқушының тілін байыту өте қажет болып отыр. Сондықтанда бұл мәселедегі ғалымдар пікіріне, алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжірбиесіне 38-39ж өз тәжірбиемізге сүйене отырып арнайы зерттеуді қажет деп таптық.Оқулық авторлары да, тіл оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселеріне арналған еңбектерде де, әдістеме мәселеріне арналған еңбектерде де ғалымдар оқушыларға, студенттерге, тіл үйретушілерге үйретілуге тиісті сөзді таңдап алуға ерекше мән беріп отырған, ол осы ғылыми мәселенің маңыздылығына байланысты деп түсіну қажет.

Қорыта келгенде, сөздік қорды байыту,лингвистикалық білім негізінде жүргізіледі.

  • фонетикалық білім беру сөздің дыбысталуы арқылы мағына мен ұғымын, сөйлемдегі ойды, мәтіндегі мазмұнды,пікірді түсіну арқылы өзіне таныс не таныс емес жаңа сөздерді игеру арақылы жүзеге асады;
  • лексикалық білім беру арқылы сөздердің мағынасын(тура, ауыс мағыналарын),белсенді,енжар лексикалары игеріледі. Соның нәтижесінде оқушылардың сөздік қорын сандық жағыныа, яғни сөздерді сөйлеу әрекетінде қолдана білуге жаттығу арқылы дамытылады;
  • грамматикалық білім беру арқылы жеке сөздерді бір-бірімен байланыстыру арқылы қолдана алуға жаттықтырылса, қосымшалар арқылы сөз таптарына сәйкес сөз жасау қабіліттері мен дағдылыары қалыптасады.

Оқушылар сөздің мағынасы,сөйлемнің ойы,мәтіннң мазмұны арқылы ұлттық сана-сезімі қалыптасады, ұлттық таным негізінде тәрбиеленеді.

1.1 б. Сөздік қорды байытудың психологиялық негіздері.

Тіл- тарих халыктың даналық көзі.Тіл- арқылы балаға ата-аналарымыздың асыл мұрағаттары өмір тәжірбиелері, нақыл сөздері мен ұғындырылады.

Бұл ұлттық қалыптасуы мен өмір сүруінің, жеке ұлт ретінде өмір

сүруінің алғы шарты. Бұл жөнінде М.Жұмабаев « Тілсіз ұлт,тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып, жасай алмақ емес,ондай ұлт құрымақ» деген.

Сонымен бірге, тіл – бүкіл адамзаттың жеткен жетістіктерінң жиынтығы мен білім қайнарының бұлағы. Тілді үйрену арқылы балалар, білім негіздерінің ұңғыл-шұңғылдарын үйренеді.

Тілдік қарым-қатынаста берілетін ақпараттарды адамдар қабылдау,түйсіну, ойлау, секілді психикалық процесс негізінде сөйлеу процессі арқылы меңгеріп, оны қайтадан сыртқа шығарады.

Тілдің осындай көпжақтылығына байланысты тілді үш жақтама зерттеудің бағыттары бар:

  1. лингвистикалық
  2. психолингвистикалық
  3. социолингвистикалық

Бұл бағыттар тілді әр қырынан:тілдің теориясы(лингвистика), тілдің психикалық ерекшелегі(психолингвистика), тілдің әлеуметтік ерекешелігі(социолингвистика) туралы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бізге қажеттесі психолингвистикалық бағыт.Себебі тілді меңгеру психикалық ойлау, қабылдау, қиял, зейін т.б. процестер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан тіл психикалық зерттеудің объектісі болып табылады.

Психология ғылымында тілді-тіл және сөйлеу деп бөледі. Тілді тіл және сөйлеудің алғаш рет жіктеген Ф.де Соссюр, Е.И.Негневицкал мен А.М.Шахнорвич те Фде Соссюрдің қозқарасын ары қарай дамытып былай « Когда мы употребляем слова «язык» мы имеем виду вещи- язык и «речь»,деп, тілдің сөйлеумен байланыстылығы атап көрсетеді»

Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, қатысым әрекетінде ғана өзінің бүкіл қызметін айқындап, көрсете алады.” Лишь рассматривая язык в процессе речевой деятельности, мы способны вскрыть реальный механизм общественного функционирования языка “ (А.А.Леонтьев) Бұл пікірге Б.В.Беляев те қосылады: « Если язык есть явление лингвистическое, то владение, языком есть явление психологические»

Олай болса, психикалық тұрғысынан тілге адамдардың өз ойын, пікірін басқа адамға жеткізуі жатады. Себебі бала өзінің ойлаған ойын, мұң-мұқтажын, қуанышын, ренішін, пікірін тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланған кезде ғана сырқа шығарады. Бла сөйлеу процесінде өзінің сөз байлығын пайдаланады. Сондықтан сөздік қордағы әрбір сөз баланың ойлау қабілетіне, жеке тұлға болып қалыптасуына әсер етуші рөлінде қолданы.

1. Сөз затты, оның белгісін, қалпын әрекетін, байланысын білдіре отырып,оларды «көрінетін» етеді. Сөзбен бейнеленген

жинақталған сипатқа не заттар мен олардың қасиеттері тураалы

мұндай сезімдік сигнал таным объектісчі бола тұра,жағдайға арналған оқып үйренбей-ақ сол орнында тез танылады.

  1. Кез- келген сөз жинақтаушы мәнге ие болғандықтан, балалар анық қабылдаған заттарын белгілі бір категорияға жатқыза алады.
  2. Табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы ьайланыстар да сөзбен беріледі.
  3. Қажет және болмайды деген сөздерде ересектердің бала тәртібіне , мінез құлық ережесіне қойылатын негізгі талаптары білдірілген.Бұл ережелерді бала меңгере отырып, оларды өз бетімен әртүрлі жағдайда қолданады, соған сәйкес әрекет жасап үйренеді.
  4. Сөз әрекеттің мағынасын білдіреді.
  5. Сөзбен өзінің қайғы-қасіретін бастан өткізген сезімдерін, өзінің бір нәрсегее қатыстылығын білдіреді.
  6. Ақыл-ой әрекетін бағыттарын сұрақ қойылып, сөзьен міндет жүктеледі.
  7. Балада іс жүзінде ең алдымен заттармен өзара әрекетте және адамдармен қарым-қатынасында, өз күшін байқау формасында сана –сезім дамиды.Алайда бала әрекеттің субъектісі екендігін тек сөз арқылы түсінеді.
  8. Сөйлеуді меңгере отырып, бала басқа адамдармен араласуды, оларды түсінуді, оларға әсер етуді,ересектермен және бақа балармен сөйлесуді үйренеді.

Демек, тіл арқылы бала өзінің қоғамының бір бөлшегі, қоғамға қатысты екендігін сезінеді. Бұл баланың психикалық дамуына оның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпалын тигізеді.Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, сөздік қорда тек қоғам бар жерде ғана жинақталады. Қоғам жоқ жерде сөздік қор дамымайды, жетілмейді.

Ғалымдар (Л.С.Выготский, А.В. Ярмоленко сәбидің күлкісін, былдарлауын, ым- шараларын ( қолымен бір затты нұсқағанын ) « қатысым амалдарына жатқызып, мұның барлығы баланың қаршаған ортаға өзінің сезімін көңіл- күйін білдіреді дейді. Бала былдырлап сөйлегенде қршаған ортаиысындағы естіген дыбыстарын қайталайды.

Сәбилер 3-9 айлық арасында тілдің бүкіл дыбыстық жүйесін дбыстай алады.Осы кезеңнен бастап сәбилердің сөздік қоры зор қарқынмен дамиды.Бала психикасының дамуына оның тілді меңгеруі, оны сөйлеу процесінде қолдануды ерекше роль

атқарады. Сөйлеу әрекетінде бала өзінің жинақтаған « қамбасы» сөздік қорды пайдаланады. Сондықтан оның түсінікті сөйлеу

дағдыларының жетелуі, лексикалық қорының сандық және сапалық жағынан дамуы т.б. Мәселелер психолог, дефектолог- педагог, тілші ғалымдарды ғасырлар бойы мазалап келеді.

Тұжырымдағанда сөздік қор сөйлеудің құрамдас бөлігі болғандықтан, оның баланың ойлау қабілетіне де қатысы бар. Психолог ғалымдар сөздік қордың бірлігі сөздің ойлауға қатысы “барлығын айта келіп, сөз ойлаудың ,, клеткасы дейді . Бұл жөнінде А.Р. Лурия : “ что слова является не только средство замещения вещи, представления, оно является и клеточной мышления,»- деп сөздің ойлау құралы екендігіне де көңіл бөледі.Л.С Выготский ой сөзде өмір сүрмейді, сөзді құраушы мағынаны сөз бен ойдың арасындағы дәнекер деп атайды. “ мысль не выражается в слове, а совершается в нем, значение находиться как бы между мыслью и словам, вот почему значение пересекается коммуникация и мышления.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеудің, ол туралы ғылыми ой – пікірлердің айтыла бастағанына талай уақыт өтті, оның бастау көзі тереңде жатыр.

Бұл ретте қазақ халқының оқу – ағарту ісінің бастау кезінде тұрғаны атап кетуге болады.

Ы.Алтынсарин өз еңбектерінде оқушының сөздік қорын қамтамасыз етуді бірінші орынға қойып отыр. Оның ішінде адам сөйлеуіне нысана болатын зат атауларын үйретуге ерекше мән берген. Сонымен бірге оқулықта келтірілген сөздерден шектелмей, одан « молырақ тоқталу қажет » деу арқылы оқушының сөздік қорын байытып отыру мәселесін көтерген. Ұлы ғалымның бұл пікірлерін қазіргі әдістемеші ғалымдар да өз зерттеуіне жұмысына өзек етеді.

Тілдің үйренудің негізгі мақсаты — сөйлесе пікірлесе білуге үйрету. Ал сөйлесу үшін алдымен сол тілдегі сөздерді білу қажет, сөзсіз ойын жеткізу мүмкін емес. Адамның сөздік қоры неғұрлым бай болса, соғұрлым ол ойын толық дәл жеткізе алады. Әрине тек сөздерді ғана білу сөйлесуді қамтамасыз ете алмайтыны түсінікті. Сондықтан да Ы.Алтынсарин оқушыға сөздердің өзгеруін игерту керек екенін жоғарыда көрсеткен. Сөйтіп; бұл еңбекте ғалым жаттығу жұмысына, ойын ауызша және жазбаша дұрыс айтып, жаза білуге еркін сөйлеуге үлкен мән берген Ы.Алтынсарин оқулығындағы берілген мәтіндер оқушының сөздік қорын молайтып,тілін дамытуға,халықтілін білуге атап айтқанда мәтін барысында баланың тілін дамытудың негізін салғандығын анық байқауға болады.

Оқушының сөздік қорын байыту,біртіндеп оны дамыту тілдің байлығын ұғынуға жетектеуді қажет етеді. Оқушының алғашқы кезден бастап ойын жеткізуге мағыналас сөздердің ішінен ойын дәл білдіретін сөзді таңдай білуге үйрету керек. Сондықтан бастауыш сыныптарында синоним сөздерге тиісті орын беріп оқушының сөздік қорына кіретін сөз мазмұны, мағынасы жағынан ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін, жақсылықтың нұрын себетін сөздер болғаны дұрыс.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, оны мектепте жүйелі түрде оқыту қазір күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналып отырған кезде оқушының тілін байыту өте қажет болып отыр. Сондықтанда бұл мәселедегі ғалымдар пікіріне, алдыңғы қатарлы мұғалімдер тәжірбиесіне 38 – 39 жыл өз тәжірбиемізге сүйене отырып арнайы зерттеуді қажет деп таптық. Оқулық авторлары да, тіл оқыту әдістемесінің әр түрлі мәселеріне арналған

Бұл аталғандарған шығатын қортынды мектеп оқушының сөздік қорын байыту ең маңызды мәселе болып табылады. Оқушының сөздік қорына кіретін сөздерді ғылыми енігізде, белігілі жүйеге асыру қажет. Оқушының сөздік қоры мұғалімнің бақылауымен, белгілі жүйеде қалыптасуына керек етеді.

Оқушының белсенді сөздік сөздік қорын белсенді қорға айнылдыру үшін мұғалім сөздерді қолданудың жолдарын көрсетіп отырады. Оқушының оқу кезінде сөздік қорын белсенді қорға айналдыру үшін сабақ үстінде арнайы ұйымдастырған жұмыстары, сондай-ақ дағдыландыру жаттығулары үнемі жүргізіліп отырылады.

Оқушының сабақта сөздік қорын дамытуда сөздік жұмысы дұрыс ұйымдастырудың қажеті зор. Ойланбай, жүйесіз жүргізген оқыту үстінде жақсы нәтиже бермейді. Бұл жұмыс түрі әр сабақта өткізілуі тиіс,оқытушы үйренген сөзді мағынасын түсініп саналы меңгеріп, мұны есінде сақтауы қажет.

Орыстың ұлы педагогы К.Ушинский ана тілінің білім алудағы асыл қазына екендігін айта келіп:”өзінің ана тілінің мазмұнын мағынасын жете түсінбеген,оны жазбаша сөйлеу дағдысын дұрыс түсінуге қабілеті бломайды,ол бүкіл өміріне зиян келтіреді”-деген еді.Сондықтан К.Д.Ушинский ана тілін оқыту арқылы баланың ой өрісін кеңейтіп мәдениетін игеру керектігін айтады.

Сонымен бірге үйренген, меңгерген сөздерді сөйлеу тілінде қолданып, өз ойын айта алу қажет.

Бастауыш сыныптардағы сөздік жұмысының негізгі сабақ сайын жаңа сөздерді үйренуден басталады. Мұның өзі сынып жоғарылаған сайын оқушыны сөздік қорын жылма – жыл молаюына, баюына апарады.

Сөздік жұмысы – тілді дамытудың негізгі – қадамы.

Қазіргі қоғамның мемлекеттік тілде сөйлей алатын, қоғам талаптарына сай, іскер тұлғаларды дайындауды қажет етіп отыр. Осындай тұлғаны дайырлау бағытында қазақ тілі, әдебиет пәндерінің мұғалімдерінің міндеттері ерекше. Ең негізгі мақсат – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру ауыз

екі тілдерін дамыту. Сөздік жұмыс тек жаңа сөздерді жаттау мен шектелмей,оның түрлі жолдарын тиімді пайдаланған дұрыс. Жоғарғы сыныпта сөздік жұмысы түрленіп оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, шығармашылыққа жетелейді. Бұл сыныптарда сөздік жұымысы сөздің ой тұлғасы деген шартты атпен жүргізіледі. Оқушылар жаңа сөздердің ой тұлғасын қарастырып, өз бетінше сөздік қорын байытып отырады. Мысалы:

күзету күзетіп отыр күзеткім келеді

күзетеді күзетсең

Күзет

күзетті күзететін

күзетші күзетермін

Оқушылардың сөздік қорын дамытудың бір жолы – оқушы сөздік қоры туралы мұғалімнің үнемі толық мағлұматты болуы мен байланысты, ол сөзді оқытып жүрген сыныптарға оқушылардың қаншылықты сөздік қоры барлығын үнеиі біліп отыру қажет. Сондықтан оқушының сөздік қорының даму барысын мұғалімін қадағалап отыру қажет.Сонда ғана мұғалім бұл үсте кемшілік болса, оны жоюдың жолдарын оны түзетуге алады.

Оқушының сөздік қорын анықтау түрлі жолдармен жүргізіледі. Ол үшін оқытушылар мен белгілі бір тақырыптарда әңгімелесу мазмұндама жазғызу, мәтін мазмұнын ауызша баяндау сияқты тақырыптарға түрлі жұмыстың түрлері жүргізіледі:

1. Айналадағы қоршаған орта туралы

2. Мектеп, сынып оқу құралдарының аттары

3. Киім-кешек, үй – жиһаздары, ыдыс – аяқ атаулар

4. Отбасы мүшелері туралы

5. Ата – аналардың кәсібі, мамандығы

6. Қоғамдық өмірлерге байланысты атаулары (мерекекөліктер, көшелер, қала аттары, кинолар, мектептер.)

7. Оқи алу біліктерін түсініктерін байқау

8. Табиғат құбылыстары туралы

9. Жылдың төрт мезгілдерінің атаулары

10. Бау – бақша атаулары

11. Үй жануарлары, жабайы жануарлар, құстар, өсімдіктер т.б.

12.Түрлі дидактикалық ойындар арқылы диафильм, кинофильм көрсету арқылы оқушылардың сөздік қорын анықтауға мүмкіншіліктері бар.

Бұл орайда сөздік жұмысы, оны жүргізу әдістерін түрлендіріп қолдануының маңызы зор. Оларға төмендегідей талаған түрлер жатады:

1. Әңгімелесу, әңгіме құрату — өзін қоршаған орта туралы: Үй іші, мектебі, сыныбы, ата – анасы оқу құралдары т.б.

2. Оқушының күнделекті жиі пайдаланатын заттарды көрсету арқылы оны

атау (киім – кешек, ыдыс – аяқ, төсек орын, үй жиһаздары )

3. Сөзді түсініп айту дәрежесін тексеру (таныс емес затарды көрсету)

Сөздік жұмысын жүргізудің әдіс — тәсілдері алуан түрлі мұғалім оқу жылының алғашқы күнінен бастап – ақ сабақта өтілетін грамматикалық тақырыптың тұсында сөздің жұмысын жоспарлы,белгілі бір мақсат қоя отырып жүргізіледі.

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты ұстамына – оқушының логикалық материалын белсенді түрде меңгеріп, оны сөйлеу тілінде түрлі тұлғада қолдана білуі, яғни оқушы ол сөзді кез – келген грамматикалық мағынада қолдана алу қажет. Мысалы: оқу, оқып, оқыған, оқығанда, оқитын, оқыса, оқымақ т.б. Сөздік жұмсының екінші ұстанымы – жаңа сөзді оқушыға бірінші рет түсіндіруде зат есім, сын есім, есімдік, сан есім түрлері.

Сөздік қорды байытудың мазұны мен жүйесіне толығырақ тоқталып өтелік.

Сөздік қорды байытудың бала тілін дамытудағы маңызы,алатын орны және тіл дамыта оқыту жүйесі мен қалыптастырылатын икемділіктер мен дағдылар қарастырылады.

Әдістемеде оқушы сөздігі ұғымы бар.Ол оқушының белгілі сатыдағы меңгерген сөздік құрамының көлемін білдіреді.Ал енді оқушының сөздігін байыту деген-оның сөздігінің сандық өсуі ғана емес, ұғым көлемін кеңітетін сапалық өзгеруі, сөз мағыналарын нақтылай тусуі,белгілі сөздің жаңа мағыналарымен таныс болу, сонымен қатар сөзді орынды, жатық қолдану.

Қзақ тілін оқытуда тіл туралы білім берумен бірге оқушыны тілдік қарым-қатынасқа даярлау міндеті қойылады.Ол: баланың тілін дамыта оқыту, сздік қорын молайту;сөз, сөйлем, мәтіннің мағынасы, ұғымы, ойы және мазмұны арқылы оқушылардың бойында ұлттық танымды қалыптастыру.

Оқушының сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен, оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормалырын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігімен дағдылары сөйлеу әректінің оқу, тыңдау,айту, жазумен байланысты болады.Сондықтан қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым-қатынастың түрткісіне мақсат-міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғни тіл мәдениетінің негіізінде ұйымдастыру ьолып табылады.

Мектеп көлеміндегі оқылатын тілдік теориялық мәліметтер мен материалдар қазақ тілі пәнінің типтік бағдарламасымен белгіленеді.Ал тіл дамыту сол бағдарламалық тілдік материалдарды игертуге негізделіп, нәтижесінде мынадай икемділік пен дағдылар қалыптастыырылады:

  • баланың сөздік қорының бай болу, сол сөздердің мағынасына, стилистикалық мәніне байланысты дұрыс қолдана білу шеберлігі;
  • бір мағына, ұғымды әртүрлі синоним вариант, тәсілдермен бере біліу икемділігі;
  • ойын орай сөйлем құрастыра алу қабілеті;
  • белгілі мазмұнға сай сөйлемдерді байланыстырып, бір ой-пікір білдіретін қайырым құрастыра алу дағдысы;
  • бірнеше қайырымнан мәтін түзе білу икемділігі;
  • мәрінді функциональды силь түрлеріне сай құрастыра білу машығы;
  • ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау біліктілігі.

Сөйлеу икемділігі мен дегеннің мнәі мына төиендегі мәселерді қамтиды:

а) қатысымдық әрекеттің белгілі жылдамдығы, мәселен, бала өз ойын сипаттап образды айтуға төселу үшін, белгілі бір жылдамдықта тілдің көркедегіш және бейнелегіш құралдарын таңдай ьілу дағдысы мен қалыптасқан болуы тиіс;

ә) дағды жүйелі, бір тұтас болуы яғни бала белгілі бір тақырып, мәсле жөнінде әңгімелеп бергісі келсе, сөөздерді байланыстыра білу арылы сөйлемдердегі ойдың жүйелі құрылыуы; оқушылардың сөздерді тіркестере білуі,сөздермен сөйлемдерді айтылатын ойға сәйкес байланыстырып қайырым құра білу дағдысы қалыптасуы;

б) сөздерді дұрыс таңдай білу,сөйлем әректіне қатысуға даяр болуы, мәселен, диалогтағы шақырушы сұраққа жауап беру немесе әңгімені одан әрі жалғастыра білу дағдысы,тақырыпқа орай, мәтін құрастыра білу дағдысы мен икемділігінің қалыптасуы;

в) дағды сапасының тұрақты болуы;мәселен, бала бір мәтелдерді білу,оны өзінің сөйлеу әрекетінде дұрыс ыңғайлы қолдана алуы;бала мәтел мазмұынын, ондағы сөз тіркестерінің грамматикалық мағыналарын өзінің сөзінде тұрақты байланыстырып қолдану дағдысының қалыптаспағынын қалыптастыру;

г)сөйлеу әрекетіне бейімділіктің қалыптасуы( бұл құбылыс жаңа ахуалға,жағдайға байланысты сөйлеу әрекетіне бейімді болу дағдысы және тілдік құралдарды жаңа сөйлеу әрекетіне ыңғайлы түрде қолдана білу дағдыларының қалыптасуы негізінде жүргізіледі.Бұлардың барлығы да сөз ұғмын игеріп, оны тәжірбиесінде қолдана білу икемділігіне тәуелді);

Сондықтан сөздік қор ойлау үрдісін іске асырушы.Тілд дамыту ой дамытумен байланысты дедік, олай болса, ойды жеикізудің тілдік құрамы сөйлем.Сөйлем сөздердің тіркесе байланысуынан жасалады, яғни сөйлеудің ең кіші бөлігі сөйлем болып есептеледі.

Тұжрымдағанда, көмекші мектеп оқушыларының сөздік қорын байыту мақсатында жүргізілетін жұмыстар сөздік қордың психологиялық негіздеріне жете түсініспен жағдайда ғана нәтижелі болады.Баларға сөздерді үйреткен кезде оның жеке тұрғанда мағынасы( антоним, синоним) мен контекстегі мағынасын ескере отырып меңгерту қажет. Сөздік қор ұғыммен, сөйлеумен ойлаумен тығыз байланысты.Олардың құраушы компоенеті, жоғарғы сынып оқушыларының сөздік қорын байыту арқылы олардың басқада психикалық қабілеттері дамиды.

Швейцар психологы Ж.Пиаже жас балалар үшін көрнекті амалдық ойлауға тән, ал логикалық (сөздік) ойлау олар үшін асак күрделі деп қортынды жасаған болатын. Бұл пікірді неміс психологы Э.Мэйман, А. Бинэ қолдады, ал Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша бала мектепке келуімен байланысты ойы үлкен өзгерістерге ұшырып, бала қарапайым практикалық ойдың мәдени яғни ұғымдар.

Бұл пікірді дұрыстығын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Н.А.Люблинская т.б. мектепте жүргізілге тәжірбиелердің нәтижесінде дәлел деп шықты.

Қорыта айтқанда, адам ой әрекетімен ашылған заңдық байланыс тәуелдік қатынастар сөздік және грамматикалық формаларда өмір сүреді. Ой танымның жоғарғы сапасы ретінд де үрдіс ретінде ойлау мен сөйлеудің тұтастығы сайып келгенде, тіл мен ойлауды дамыту болып табылады.Ал логикалық заңдылықтарға сүйенсек, үрдістің керісінше жүруі даусыз.Яғни, ой дамыту, тіл дамыту болмақ.

Ойлау мен сөйлеудің әрекетінің бір- бірімен тығыз байланстылығы ойлау- сөйлеу әрекетін тудырады.Сөйлеу әрекеті негізінде тіл білімінде емес, ойлаудың үрдісіне сүенгенмен бала тілін дамытушылық басты шарттарының бірі- ана тілінде ойлауын қалыптастыру.

Логикалық ойлану қабілетіне баулу сөйлеудің нәтижелі болуына әкеледі.Өйткені логикалық ойлаудың баланың ақыл-ой деңгейінің жоғарғы сатысы болғадықтан, дамытудыңұзақ жолымен өтеді.Бала сөздің ұғымын меңгере отырып, пайымдауынша, пікір айтуға қортындылар жасауға үйретеді.Сондықтан баланың ойлауын, сөйлеуін дамыту үшін ең алдыменсөздік ұғым игертіледі.

Баланың ойы логикалық құрлымға ғана емес, сөздің ұғымдармен, олардың бір- бірімен байланысын есте сақтауға негіздейді.Сөйлеу тілін дамыту үшін есте сақтаған сөздерінің байланысы білім мен таным нәтижесінде өзінің өмір тәжірбиесінде, сөйлегенде қолдана білу дағдылары мен икемділігін қалыптастастырады.Оқытуда сол арқылы сөйлеу икемділігі арттырылады.

Тілдің дамуы бұл өте күрделі процесс болып табылады. Эмоциялық түрде мұны жеткізу мүмкін емес.Ең бастысы бұл сөйлеу тілінің дамуында икемділік,анықтылық, түсінушілік қажет.

Сөйлеу тілінің дамуы бір ізділікпен жүйелекпен дамиды.Адам бүкіл өмірін сөйлеу тілін меңгерумен, оны байытумен өткізеді. Алғашқы балалық шақта қарапайым сөйлеу тілін меңгереді. Өз ойын жеткізу мүмкіндігі жас ұлғайған сайын дамып, сөздік қоры молая түседі. Бала даму үстінде күрделі сөз түрлерін пайдалана бастайды, сөйлеу тілінің ережлерін сақтай бастайды, көптүрлі синтаксистік сөздердіқұрай бастайды.

Басқа сөзбен айтқанда бала өз ана тілін тілдік қызмет арқасында меңгере бастайды.Міне сондықтанда оқушылардың тілін дамытуда күнделікті мақсатты түрде жұмыс жасау қажет.

Баланың алғашқы даму шарты қарым-қатынас қажеттелігінен, туындайды. Ол жалпы бәріне түсінікті тілде ғана қарым- қатынасқа түсе алады.

Екінші шарты бұл баланың сөйлеу ортасына байланысты. Балаға әрдайым сөйлеуге жағдай жасап отыруы керек.

Үшінші шарт ол баланың қабылдауына, сөйлеу байлығына байланысты.

Тіл тек қарым-қатынасқа түсуге ғана көмектеспейді, ол дүниені тануға да көмектеседі. Басқа сөзбен айтқанда тілдің дамуы ол тек тілдік қажеттілік емес, сонымен бірге материалдық қажетіліккеде кіреді.

Бала сөйлеу тілді бір қалыпты баяу меңгереді.Ол қарым- қатынас үстінде, сөйлеу процесі кезінде меңгереді. Бірақ бұл балаға жеткілікті емес, бір қалыпта баяу меңгерген сөйлеу тілі әрқашанда дұрыс деп есептелінбейді.

Негізгі сөйлеу тіл дағдылары бастауыш сыныптарда қаланады.Міне дәл осы кезде балалар алғаш әдеби тілмен танысады. Сөйлеу тілі адам өмірінде өте үлкен қызмет атқаратын кең көлемді аймақ болып табылады.

Тілдің дамуы негізінен 3 жолмен дамиды: сөздермен жұмыс, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен жұмыс, сөздердің байланыстылығымен жұмыс. Бұл үш жолдың жұмысы бірдей параллельді түрде дамиды. Бұл үш жол әңгімелеу алдында, шығарма, мазмұндама жазу алдында оқушыларға беріледі.Онымен алдын ала мағынасын түсіндіріп, қалай жасалу жолын көрсетіп, арнайы көрнекілік пайдалану арқылы түсіндіріп өтеді. Сонда ғана оқушылардың естерінде әлде- қайда жақсы сақталады.

Сөйлеу тілінің түрлері.

Сөйлеу тілінің 2 түрі бар: сыртқы және ішкі сөйлеу тілі. Сыртқы сөйлеу тілі өз ішінде 2-ге бөлінеді: ауызша және жазбаша сөйлеу тілі.Ауызша сөйлеу тілі диалогты және монологты болып бөлінеді.

Ішкі сөйлеу тілі- бұл ой тілі.Бұл тіл тек өзі- өзімен сөйлесу үшін керек.Бұл тіл тек өзімізге ғана түсінікті тіл. Ол үзілді кесілді болып айтылса да ол өзімізге ғана түсінікті.Ішкі сөйлеудің қалай құралғанын біз өз-өзімізге бақылау жасай аламыз. Ал оқушылардың ішкі дүниесіне еніп, ішкі тілін нықтау өте қиын.Тілдік тапсырмаларды шешу үшін ішкі сөйлеу тлінде қолдану креек. Ол үшін оқушыларға сабақ үстінде өздерінің ішкі сөйлеу тілі бойынша әңгіме айтуға байындату керек.Баларға өз ойларындане бар сол арқылы әңгімелеп беруін сұрайды. Дәл осы кезде балардың ішкі сөйлеу тілдері анықталып, айқын бола түседі.

Тіл – ойды дамытушы құрал.Ой тілдік материалсыз айтарлықтай жақсы дами алмайды. Тіл ойды басқарып отырады. Баланың сөйлеу тілі жақсы дамыса, ойыда соншалықты жақсы дамиды. Сондықтанда сөйлеу тіліне байланысты. Психолог Н.И.Жинкин былай деп жазған: « Тіл- бұл интелліктіні дамытушы амал.Тіл қаншалықты тез меңгерілсе, соншалықты жеңіл түрде білімді меңгереді. Тілдік байлық ойдың дамуына әсерін тигізеді. Ең негізгісі оқушылар жаңа сөздерді меңгергенде ол ойда жинақталып қала береді. Бұл ой мен тілді қамтамсыз етеді.

Жаңа сөздер мен мағыналарды меңгеру.

Ғылымының дамуымен бірге мәденеитте де техника да дамуда. Сонымен бірге жаңа сөздерде дамып көбеюде .Сөздердің баяуы бұл бүкіл қоғамның, сонымен бірге жеке адамның дамуына әсерін тигізеді. Сондықтанда мектепте сөздіктермен жұмыс үлкен мәселе болып саналады.

Сөздік қорын дамытуға 4 бағыт кіреді.Бріншіден, сөздік қорын дамыту.Оқушылар алғашында білмеген таныс мес сөздер, екіншіден сөздіктерді анықтау,таныс сөздерін терең түсіндіру. Ол сөздердің айырмашылықтарын , ол сөздерге антоним сөздердіпайдалану.Үшіншіден, сөздіктерді белсендіру, әрбір оқушының тілдеріндегі сөздерді кеңейту.Бұд сөздерді сөйлемдерде, басқа сөздермен, басқа мәтіндерде қосып пайдалану.Төртіншіден, әдеби емес сөзді оқушылар қолданданғанда әсіріесе бастауыш сынып оқушылары қателер жібереді.Әлбетте 4 бағыт бір-бірімен тығыз байланысты.Оқушылар айтарлықтай жеткілікті сөздік қорларды жинау үшін күніне 4-6 жаңа сөздерді меңгеру керек.

Интеллектуалды дамудағы және тілдік компоннетегі тілдің дамудағы бұзылыстың құрлымдардың зерттеу бұрынғыдай күрделі мәселе жеткілікті зерттелмеген.Бұл мәселені терең түсіну үшін тілінде кемшілігі бар акыл- ойы артта қалған балалар мен тілінде күрделі кемшілігі бар балалардың арқасында түсіне аламыз.Мұнымен бірге міндетті түрде теориялық компенсация қатарын талдаудан өткізу керек, оймен тілдің байланыстылығы, біріншілік және екіншілік бұзылыстары мен тілдік процестердің құрлымының деңгейі жайлы ілу керек.

Ой мен сөйлеу тілінің байланыстылығы.

Қазіргі жаңа замандағы психология мен психолингвистика тіл адамның ақыл-ойын құрайтын органикаретінде қарастырылады.Тілдік икемдік бұл қарым қатынастағы және танымдағы жүйелік ережелерді меңгереді.Алғашқыда бала бұл ережелерді түсінбейді, бірақ сол ережелерді балалар біліетіндей өздерін ұстайды.Тілдік қабілеттілік өз ішіне білгірлік пен дағдыларын және іс әрекет схемасы мен сәйкес келуі керек ( А. Валлон, Л.С. Выготский,Ж.Пиаже т.б. ) тілдің туындауы белгілі бір когнитивтік базада негізін қалады.Балаларда тіл шықаннан кейін ойлауға үлкен әсерін тиігзеді, ол баланың тілдік жүйесінің қалыптасуына да әсерін тигізеді.Балалардың тілді меңгеруі ересектермен тығыз байланыстылығының арқасында тексереді.

Ақыл- ойында ауытқушылығы бар балаларға психолингвистикалық эксперименттік зерттеулер жасауда интеллект сөйлеу тілінің дамуына өте үлкен әсерін тигізетін әртүрлі аспектедегі балаларды алған:

1.ақыл- ойы кеміс балаларда сөйлеу кезінде логикалық ойдың бұзылыстары байқалады, күрделі мағыналық ойдың жоқтығы немесе әлсіздігі байқалады.

2. Интеллектісі төмен оқушылар ертегіні оқу кезінде кейіпкерлерді шатастырып түсіне алмайды.

3. сөйлеу тілін безендіру қаншалықты қиын болса, соншалықты қиыншылықпен меңгереді.

4. тілдік жаңалықтарды саналы әрі дәлдік түрде көлемді және жылдамдықпен жеткізу.Инттелектісі төмен балалар бұларды айта алмайды.Бұл баланың импресивтік және экспресевтик тілдірене теріс әсерін тигізуі мүмкін.

Біріншілік және екеншілік кемшіліктердің байланыстығы.

Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша бірінші кемшілік екінші кемшіліктің және үшінші кемістіктің туындауына әкеліп соғады.Ақыл-ойында ауытқышылығы бар балаларда бас миының зақымдауымен бірге екіншілік кемшілік психикалық процестердің жоғарғы психикалық функциалардың бұзылуына әкеліп соады және сөйлеу тілінің бұзылуында әсерін тигізбей қоймайды.Ақыл-ойы артта қалған балалрға келесі мінездемелер беріледі.

— сөйлеу тілінің жүйелеігінің дамымауы және олардың компоненттерінің байланыстылығының жоқтығы

— сөйлеу процесіндегі интериоризацияның бұзылыстары

— информацияны жеткізудегі жылдамдық көлемдіктің және сапасының жоқтығы

— жоспарлау және когнитивтік функциаларының сөйлеу тілінің айтарлықтай төмендігі

— сөйлеу тіліндегі бұзылыстары оның әртүрлі функциалардың бұзылыс деңгейіне байланысты.

Қазіргі кездегі кемістіктерің құрлымына берілген түсініктемелері.

Зерттеудің талдаудан өткізген нәтижелері инттелектісі бұзылған жоғарғы сынып оқушыларында сөздің мағыналық деңгейі бұзылғаны байқалды. Морфологиялық құрлымға қарағанда оларда синтаксистік құрылым анағұрлым бұзылған. Морфологиялық жүйедегі жай, нақты мағыналы сөздерді тез меңгереді. Ақыл- ойы кеміс оқушылар сөз тудыруш үшін қатты қиналады. Сөйлеу тіліндегі сенсорлық деңгей кейбір балаларда сақталған болса, ал кейбіреуінде сақталмаған.

Психолингвистикалық талдау кезінде экспериментаторлар ақыл- ойында кемшілігі бар балалардың сөйлеу тілі ерекшеліктеріне қарай 3 типке бөлінеді.

  1. тип- сөйлеу тілі бұзылыстары. Бұл балаларда кемістіктері күрделі емес. Фонематикалық прцестердің жете дамымауы байқалады, функциянальды дислалия және жазу тіліндегі жеңіл бұзылыстары байқалған.
  2. тип- сөйлеу тілінің асқынған типі. Бұл балаларда артикуляциялық аппараттарындағы бұзылыс және педогогикалық жағынан байқаусыздан жіберілген балалар жатады.
  3. тип- сөйлеу тіліндегі күрделі кемістік. Олардың бас миының диффузиялық жағы зақымданған, сонымен бірге толықтырушы патологиялары бар балалар. Бұған кіретіндер дизартрия, ринолалия, алалияның күрделі синдромдары байқалған.

Ауызша сөйлеу тілі- дыбыс шығару сөйлеу тілі. Ол есту арқылы қабылданады, ал дыбыстық органдардың іс- әрекеті іске асады.Ауызша сөйлеу тілін меңгеру процессі баланың миына әсерін тиігзе отырып сөздердің дыбыстық және кинезтиялық бейнесімен сөз тіркестері, әртүрлі қабылдаулар арқылы тікелей қарым- өатынасты орнатады. Сөйлеу тілі ол адамның санасының іс- әрекетінің ұйымдастырылған арнаый қиын формасын ұсынады. Қарым- қатынастың негізгі тәсілі бола отырып, ол екі субъектінің қатысуын ұсынады біреуі шығарады, екіншісі қабылдайды. Баланың сөйлеу тілінің ең тиімдісі ауызша сөйлеу ітілі болып табылады.

Бәрімізге белгілі болғандай дұрыс жетілген балаға ауызша сөйлеу тілін меңгеру оңай, өйткені ол арнайы оқытусыз өзі тікелей қарым- қатынасқа түсе алады. Дұрыс жетілген баланың сөйлеу тілін қою үшін көптеген совет және шет елдік ғалымдар айналысқан.( Л.С. Выготский, А.Н.Гвоздев, Н.А.Швачкин, Д.Б. Эльконин, А.Н. Соколов,Ж.Пиаже)Интеллектісі бұзылған балалрдың ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру баяу және сөйлеу тілін өзінше фонетикалық қатары меңгеру арқылы жүзеге асады, сөздік құрамын меңгеру мен сөйлемді құру кезіндегі диалогтық және монологтық сөйлеу тілі арқылы қалыптасты.

Диалогтық сөйлеу тілінің ерекшелігі.

Диалогтық сөйлеу тілі- бұл ауызша қарым- қатынас бұған екі адамның біріне – бірі белгілі бір мазмұнды сөздер арқылы тілдесу.

Диалогтық сөйлеу тілін бір-біріне ықпал ету, ол сөйлеу арқылы екі немесе бірнеше адамдардың көбінесе бір жағдайда болғандардың сөйлеу тілі болып саналады.

Диалог психолиялық тұрғыдан қарағанда сөйлеу тілінің қарапайым түрі болып саналады. Ол сөйлеушіденайтатын ойн байланыстырып құруын аз мөлшерде талап етеді.

Л.С. Выготский жазған ауызша сөйлеу тілінің жағдайы әрбір минутта тілдің бұрмалауына жаңа түрткі ретінде сөздердің диалогтық жағдайы болып табылады.

Диаологтық сөйлеу тілінің интеллектісі бұзылған балаларда қалыптастыру мәселесі көп жағдайда маңызды сұрақтардың синоним ретінде оқытушымен тәрбиелуімен тығыз айланысты. Диалог ақыл-ойы кеміс балаларда кейбір жағдайда ғана туындайды. Мұндай балалар кейбір кезде ғана қоршаған орта туралы сұраныс. Оларда ересектерге сұрақ қойып, олармен әңгімелесу аз жағдайда кездеседі.

Диалогтық сөйлеу тілінің бір қиындығы ол әрбір сөйлеушінің сөйлеу позициясынан тыңдау позияциясына ауысып отыруының бір біріне байланысында.Сонымен қатар диалог мынаны талап етеді: әрбір диалогқа қатысушы өзімен қарым- қатынасқатүсіп отырған көршісімен айтылатын мәселесінің мазмұна сәйкес келуі керек.

Яғни, оқушы әркезде көршісінің ойын бақылай отырып өзінің сөйлеу тілін сұрақтар арқылы байланыстыру. Бұл мәселе инттеллектісі бұзылған балаларға қиын соғады. Олардың көбісінде бақылау қабілеті бұзылған, мұнда балалар бір- бірімен әңгіселесуге келгенде қиын бейімделеді.

Көмекші мектепте ең маңызды мәселесі қатысушыларды жаңа бір нәрсені білуге тәрбиелеу. Сонымен қатар баларға дұрыс сұрақ қоюға үйрету, оның сұрағы сөйлеушіге түсінікті болыпжауап бере алатындай болу керек.Сұрақ қоюын қалыптастыру үшін әртүрлі тәсілдер қолдануға болады. Мысалы:қызықты мәтінді, әңгіме айтқызу. Осындай процесс оқушыларды әрі қарай сұрақтың туындауына әкеліп соқтырады, яғни оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.

Көмекші мекиеп оқушылары арсында көп сөйлейтін балаларкездеседі, бірақ олардың сөздеріде боссөздер көп;яғни, мағынасыз, қызықсыө болып келедіүКөп жағдайда олардың айтқандары қойылған сұрақтарға байланыстыемес,мұндай балалар тез жеңіл түрде бір ойдан ауысып көп жағдайда тақрыптан ауып кетеді.

Монологтық сөйлеу тілінің ерекшеліктері.

Монологтық сөйлеу тілінің диалогты сөйлеу тіліне ерекшелігі ол айтылып жатқан жағдайға байланысты емес, бұл бір өзінше қиын сөйлеу тілі болып табылады. Интеллектісі бұзылған балалардың осы жағдайға байланысты қиындықта болады, толығымен сұрақтарға жауап бере алмайды, жеткілікті түрде сөздерді байланыстырып құруы қиын, келесі ойға ауысып кете алмайды.

Монологтық сөйлеу тілін дамыту тек қана бір нәрсені айтып беру жоспарында ғана емес, сонымен қатар сөйлеушінің сөйлеу тілін қабылдап, тыңдай білу мен айтылған ойға жүйелі түрде қарау.

Сонымен қазақ тілі сабағында оқыту, жазу, оқу грамматикасы,тіл дамыту, сөздік қорын молайту сияқты мәселелер бір- бірімен жүргізіледі деп санайды. Неігзгі міндет- оқушылардың сөз қорын молайтып, тілдерін дамыту. Баланың танымын, ойын, тілін дамытып қатысымдық әрекетін жүйелі де нәтижелі жүргізу үшін алдымен сөз бен ойдың мағынасы игертіледі. Сонымен бірге ол сөздерді бір- бірімен байланыстарып сөйлем құрастыруға жаттығады. Соның негізінде ауызша және жазбаша сөйлеу әрекеті, икемділіктері мен дағыдалары қалыптастырылады. Соның нәтижесінде сөз қорын дамытып, өз ойын белгілі жағдайда жеткізуіне мүмкіндік туады.

1.2 Көмекші мектеп оқушыларның сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Интеллектісі бұзылған балалардың сөз қорлары таным қызметтеріне, олардың ойлауына және қарым- қатынасында, жалпы психикалық дамуына байланысты дамиды.Бұл оқушылардың сөздік қорларының қалай дамитындығын бақыласақ мекиепте оқу кезіндегі оларда айтарлықтай өзгерістер байқалады.

Интеллектісі бұзылған оқушылардың сөздік қорларының кедейлігі олардың ақыл- ойының дамуының төмен деңгейлігіне байланысты.Көмекші мектептегі астауыш снып оқушылырының сөздік қорлары кедей болады.Ол күнделікті көріп жүрген заттарының атауын білмеуә мүмкін.Мысалы: қолғап,қар, парақ, нан т.б.

Іс- әрәектеттерді айтуда олардың сөздері тұйықталған, санаулы ғана болады.Мәселен, « жазды қалай өткіздің « деген тапсырма беріп әңгімелеп беруді сұрасақ олар аз сөздерді қолданады. Интеллектісі бұзылған оқушылардың 1- сынып оқушылары өз сөздерінде 15 етістікті қолданса, ал жалпы мектептің 1-сынып оқушылары өз сөздерінде 46 етістікті қолданған.

Интеллектісі бұзылған оқушылар: желімдедім, қидым, құрдым, жасадым деген сөздерді пайдаланғанннан гөрі бір сөзбен « жасадым » деп жауап береді. Себебі, бұл сөздер олардың сөздік қорында кездеспейді.

А.Н. Гвоздев, 1961ж отандық авторлардың бірі, ол оқушылардың сөйлеу тілінің құрлымына өз үлесін қосқан.Ол жазады: « Интеллектісі бұзылған оқушылардың сөздік қорында зат есімді меңгеруі қалыпты нормалардағы қарағанда тез меңгеріледі.Содан кейін етістікпен сын есімді меңгеру проценті жоғарлай береді.Ақыл ойы артта қалған балалардың қатарларында әртүрлі сыныптағы балалар көп сөйлейді, сөздік қорының мол деп саналады, бірақ олардікі тек құр бос сөз болып келеді. Есте сақтауның дұрыс еместігінен меңгергендігі олардың көп және аз мөлшерде естіген сөздерін қайталайды.

Сыныптан келесі сыныпқа көшу барысында олардың сөздік қоры молаяды. Ол өзіндік өзгешілікті сипаттайды.Оқушылардың сөйлеу тілі етістік пен сын есіммен толады.Жоғарғы сыныптың оқушылары қоршаған заттардың аттарымен қоса, өздері еңбек сабағында қолданылатын заттардың атауын біледі, құралдарды, материалдарды, қала атауларын біледі.

Жоғарғы сынып оқушылары (VII- VIII) әртүрлі бақылаған және өздері орындаған іс- әрекеттерді сипаттап бере алады.Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушылары 4 сыныпқа етістіктер мен жанама мағынада қолдана алады.

М.С.Соловьева (1969) оқушылардың 7 сыныбы етістікті қолдануын арнайы зертей отырып оларда сөздік қорының кедейлігін байқанын айтмыз. Оның мәлеметі бойынша етістіктегі қолданулардың жартысыы қозғалыс пен кеңістегі заттар мен араластырып шатастырады.

Көмеші мектептегі интеллектісі бұзылған оқушылардың сөздік қорлары кедей және ақыл- ойлары шектеулі болып келеді.Олар көп сөздерді түсініп, пайдалана білмейді,оларға көп сөздер таныс емес грамматикалық категориядағы жекелеген сөздерді біле бермейді.Әсіріесе абстрактілі сөздерді ( бақыт, зор.)Олар өсімдіктердің түрлерін және олардың тектерін біле бермейді( емен, қайың, терек.) Сөздік қорларының кедейлігіне байланысты ақыл-ойлары кеміс оқушылардың сөздері қысқа, нақты емес, түсініксіз және өте қарапайым болып келеді.

И.П. Феофанованың айтуы боынша қалыпты дамыған 5-6 жастағы балаларға 22 көмекші сөздер жақсы таныс және олар өз сөздерінде жиі қолдана бастайды. Ал ақыл ойы арттақалған балалар 8-9 жастарында немесе тура 10 жасында өз сөздерінде қолдана бастайды.

Интеллектісі бұзылған оқушылар сөйлеу кезінде лексиканы дұрыс қолданбайды.Балалар бір сөзбен ұқсас заттарды атай береді( қоңыз беп масаны, өрмекшіні, құмырсқаны және шегірткені).Сонымен бірге мағыналары ұқсас заттарды да бір сөзбен атай салады ( баскиімдеп: қалпақ, малақай, тақия, кепка).

Ақыл-ойы артта қалған оқушылардың белсенді және енжар сөздерінің арасында айтарлықтай айырмашылық бар.Белсенді сөздері аз, енжар сөздері тіпті аз болып келеді.

Кузницованың айтуы бойынша интеллектісі бұзылған балалар үш грамматикалық категориларды ( зат есім, сын есім, етістік) енжар сөздер белсенді сөздерден екі есе көбейтеді.Сөйлеу тілі баланың ақыл-ойының дамуына әсерін тигізеді.

Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша « ой сыртқа шықпайды, бірақ ол сөз арқылы орындалады» деген.Тіл дамыған сайын ойда дамиды.Оқушыларды өмірге дайындау тек жалпы мектепте емес, сонымен бірге көмекші мектепте де негізгі мәселе болып саналады.

М.П. Феофановтың пікірінше әңгіменің мазмұнын жеткізуде ақыл- ойы кем оқушылардың тілдерінде біршама өзгерістер болады. Ол өзгерістерде әңгіменің мазмұны кедейленеді, тілдік формасы жеңілденеді. Зияты бұзылған оқушылардың мәтіндегі сөздерді өздерінің күнделікті тілдерінде кездесетін сөздермен алмастырады.

Н.В. Тарасенконың айтуынша көмекші мектептің оқушылары өз сөздерінде сын есімдерді өте аз қолданады. Оларға тағы мынадай тапсырма берілген болатын: сын есім бойынша заттың сапасы, көлемі бойынша сөздері беріледі. Олар сол сөздерге қарама- қарсы сөз тауып айту кереук болған. Олардың берген жауаптары төмендегідей:

Салмақты- мейірімді

Ашулы – ашулы емес

Жақсы- жақсы емес сол сияқты

Көмекші мектетегі ең негізгі міндеттерінің бірі зияты бұзылған балалардың ойлау қызметтерін және сөйлеу тілдерін белсендерту, алыптастыру. Осы зияты бұзылған оқушылардың ойлау мен сөйлеу тілдерін дамытып, қалыптастырудың арқасында әлеуметтік ортаға тез бейімделіп кете алады. Ақыл- ойы артта қалған оқушыларға мынадай сипаттама беріледі: селсоқ, икемсіз, әлсіз, қызығушылық танытушылығы жоқ, жаңғалақ шаршағыш болып келеді.( Морозова Н.Г.)

Бұл мәселенің бір бөлігі оқушылардың сөйлеу тілі мәдениетінің қалыптасуына байланысты. Сөйлеу тілін дамытып, жетілдіру мәселесі көмекші мектепте әсіресе басты орын алады.Бұл мектепте интеллектуалдық қызметтері бұзылған және есту сөйлеу анализаторлары бұзылған балалар оқиды.Мұның барлығы сөйлеу тілін меңгеруде қиыншылықтарға әкеліп соғады.

Бұл мәселемен айналысқандар: Г.М. Дульнев,М.Ф.Гнездилов, В.Г.Петрова, З.Н.Смирнова, В.А.Лапшин, С.Н.Комская, Г.М.Данилькина, Е.А. Гордиенко, Н.В.Тарасенко,Ө.Ө Өмірбекова, К.Ж. Бектаева т.б. Бұл мәселеде интеллектісі бұзылған оқушылардың еңбек қызметіндегі сөйлеу тілі, грамматикаға байланысты сабақтарда, оқу және жазу сабағындасөйлеу тілі мәселері қарастырылады.

Интеллектісі бұзылған оқушылардың ойлау ерекшіліктері мынадай: олар оқу мен жазу сабақтарында көп қате жібереді, сөздік қорлары кедей, сөйлем құрауда жіберетін қателері көп.Көмекші мектеп оқушыларының сөйлеу тілдері айтарлықтай толық емес.Олар көп жағдайда күрделі, қиын сөздерді айтудан қашқалақтайды, олардың көп қолданылатын сөздерінің біріол онда, мында, міне т.б.

1.3. Сөйлеу тілін дамытудағы халық ауыз әдебиетінің маңызы.

Балалар әдебиетінің қалыптасып, даму тарихын терең зерттеп, іргелі еңбектер жазған белгілі академик-жазушы М.Әуезов, зерттеуші-ғалымдар М.Ғабдуллин, Ш.Ахметов т.б. атауға болады.

Академик-жазушы М.Әуезов ауыз әдбиетінің тәлім-тәрбиелік мәнін зерттеу отырып, халық санасындағы Отаншылдық езімді, халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты үміті – оптимизмді «… әдет-ғұрпын, халықтың коллектившілдік тәрбиесінің жемісін көреміз», — деген болатын. Қорыта келгенде, ауыз әдебиетін жасаған – халық. Сондықтан да, ел ертеңі, келешегі, ұлттық ұрпақтың болашағы, — деп халықтың бала тәрбиесіне баса назар аударғанын көреміз.

Халқымыз балаға деген ыстық сүйінісін, жұмсақ лебізін, жылы жүрегін, тәтті қиялын өлең-жырмен жеткізген. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, мақсат-тілектер өлеңмен, жырмен, көркем сөзбен айтылған. Ал, халық ауыз әдебиетін жастайынан естіп өскен бала, өсе келе оны сүйіп оқып, қызыға тыңдайтын болған. Балалар әдебиеті бала тәрбиелеудегі халықтық педагогикамен тығыз байланысты. Ауыз әдебиеті балалардың даму ерекшелігімен, психологиясымен анасудан туған. Олай болса, халық ауыз әдебиеті – халық педагогикасының тынық мұхиты.

Ұлт әдебиетінде халық мұрасы ерекше орын алады. Белгілі ұстаз-ғалым М.Ғабдуллин мақал-мәтел жөнінде: «қай мақалды алсақ та, оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға, әңгімелер жатады, мақал соларға берілген даналық қорытынды, тұжырымды түйін болып отырады. Ал, мәтедерде бұл секілді мазмұнды, оқиғалы әңгімелер өте аз кездеседі. Мәтелдерде көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы ретінде қолданылады. Мысалы: «Көппен көрген ұлы той», «Тілге тиек жасап» т.б. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бұл екеуінің бірі ғана болады.

Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, р түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Бұл мәтелді өзіне тән ерешелігінің бірі болып табылады», — деген. Зерттеуші-ғалым халық мақалдарының тақырыптарын былайша топтастырады: еңбек ету жайларына арналған, мал бағу, мал басын өсіру, егіншілік-кәсіп жайында, ынтымақ-бірлік жайында, ерлік, батырлық, қоғамдық қарым-қатынас, әлеуметтік-таптық мәселелер, оқу-білім, тазалық тәрбие, мінез-құлық, әдт-ғұрып жайлары.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ