Сөйлеу туралы жалпы түсінік

0
18601
Әбіш Кекілбаев

Жоспар

І.Кіріспе

Сөйлеу туралы жалпы түсінік

ІІ.Негізгі бөлім

1) Сөйлеу түрлері

ІІІ.Қорытынды

Сөйлеу туралы түсінік

Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл – қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым – қатынасқа түседі.Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, ана тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.

Адам баласының сана – сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуы – ның маңызы зор болды.Ф.Энгельс «маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің шешуші ролінкөрсете келіп, сөз коллективтік еңбек процесінде қа – лыптасып келе жатқан адамдардың бір – біріне бірдеңе айтқысы келу мұқта- жынан» пайда болғандығын айтты.Тілдің пайда болуы мидың даму организмінің анатомиялық өзгерістерге түсуіне де қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде адамдарда дыбыс артикуляциясында қабілеті бар сөйлеу аппараты пайда болды.Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән – мағынасы бар сөздерді айта алатын қа – білетке ие болды.

Дыбысты тіл еңбекпен бірге адам санасы дамуының негізгі бір факторы болып табылады.Сондай – ақ тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады.Ал, кісінің санасы сыртқы ортаның ықпалымен, оқу – тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады.Бұл екеуінің дамуы бірімен – бірі шарттас.Тіл қатынас құралы ретінде коммуникативтік қызмет атқаруы,тілдің негізгі функциясы. Тіл сондай – ақ адам баласының қандай екендігінің психологиясының көрсеткіші де.

Тіл адамды қимыл — әрекетке де итермелейді.Онда белгілі мән – мағына болады.Бұл оның атқаратын экспрессивтік сигналдық қызметі деп атайды.Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады.Олар үнемі қосақтаса, бірі екіншісін демеп, толықтырып отырады.Мысалы: «Мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.

Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірле – седі, өзінің күнбе – күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді,біртіндеп оның сөздік қоры молайып отырады.Бала алғашқы кезде көптеген дыбыстарды, жекелеген сөздерді үлкенденден еліктеу арқылы үйренеді.

Ол өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын алдымен стихиялық түрде мектепке барған соң саналылық – пен үйрене бастайды.Бала есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғара- ды.

Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамның дербес әрекетін сөйлеу деп атайды.Сөйлеу – бұл пікір алысу процесінде адамның белгілі тіл- дә өзінше пайдалануы.Бір тілдің өзіне сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін екінші біреуді танып – білу, оған әсер ету үшін қызмет етеді.Сөйлеу процесі арқылы кісі өзінің білімін іс тәжірибесінде байытып қана қоймай, со- нымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады.

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір – бірімен тығыз байланысты.Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды.Жеке сөздерді қабылдау, оны ұғынуды қажет етеді.Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бір – бірінсіз іске аспайды.Ал интонацияны қабылдау, артикуляциялық аппа- ратпен де адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады.

Мысалы: бұйрық адам интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонация- сына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.Бұларсыз сөйлеу өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екінші оның мәнерлілігі.Сөй – лейтін сөзде мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды.Сөздің мағына- лылығы дегеніміз – екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы.Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлілігі деп – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді.Мәнерлі сөйлей ала – тын адамның дауыс интонациясымен паузасы орнықты (сөз арасындағы кідіріс), қолайлы сөздермен сөз тіркестерін таңдап, таба білушілік қабілеті оларға ілесіп отыратын кейбір ым – ишараттарымен дұрыс қабысып келіп отырады.

Сөйлеудің оыс жақтары кімге болса да аса қажетті сипат.Мұның, әсіресе, мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекті педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде «балалар сөздің сөзіңізден еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай,ауыз қуысының бұлшық еттері т.б) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.

Сөйлеу әрекеті ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.Бұл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, әріп түрле- рін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан, екіншіден, сезім сигналдарының бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұр – ғыдан сөздің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүние – ден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сиг – налдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер – екінші сигналдар, яғни сиг – налдардың сигналы болып табылады. Олар сондықтан дерексіздену болады да жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы, бізге ғана тән ең жоғарғы ойлауды құрайды.

Адамдардың ми жарты шарларының сол жақ бөлігінде Брока жүйке саласы бар. Ол – кісінің дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын орталық. Сөзді қа- былдау көптеген талдағыштардың (көру, есту, қозғалыс т.б) бірлескен қыз – метін қажет етеді.Басқа біреудің сөзін есту мидың сол жарты шарындағы самай бөліктің арт жағында орналасқан. Верникс жүйке саласының қызметіне байланысты.Сөзді қабылдауда, оның мәнісін түсінуде мидың есту, көру, сипап – сезу, қозғалыс зоналарының, төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше.

Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан – ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құ – былысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады. Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанымен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бңр түрінде адам өзі сөйлей алғанмен басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісінуі т.б. – афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.Мұның емін дәрігерлер жасап отырады.

Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде әр қилы көрінеді.Жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде болады.Мысалы, ол «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол затқа ұқсас ды- быстардың қалай айтылуын дұрыс айыра алмайды.Бұл жағдай баланың ми қабығындағы талдау мен жинақтау әрекеті әлі де жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, оны түсіну мардымсыз екендігін көрсетеді.Сөз – дерді жалпылай алу, адам ойлауы мен сөйлеуінің басты ерекшелігі.Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болады.

Сөйлеу түрлері

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.Пікір алы – судың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай түрлі сөйлеу ерекше- ліктерімен көрінеді.Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді.Алдымен ол сыртқы және іштей сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.Сыртқы сөйлеу ауызекі және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.Ауызекі сөйлеу тілдің негізгі түрі болғандықтан сөйлеудің қалған түрлері де соның төңірегін- де құрылады.

Мысалы, жазу кезіндегі әріптер ауызша сөздің түрлі дыбыстарын белгілей- ді.Былайша айтқанда, ол ауызекі сөздің қағаздағы таңбасы, аса күрделі түрі болып табылады.

Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалог сөйлеу.Бұл екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмен – дегідей:

1) Мұндай сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тіле – мейді; 2) бұл ылғи да сүйемелдеп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгі – мелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады.Мысалы: «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемде осындай нөмірі бар автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады; 3) диалогтың қисындық жағы (жоспарлылығы, біртінділігі, дәлелділігі т.б) кемдеу болады; 4) диалог сөз ым-ишарымен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтың қозғалысы т.б.) толықтырылады.

Монолог бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың, мұғалімнің сөздері.Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері: 1) монолог сөз әр кез белгілі жоспарға сәйкес құрылады.Бұл алдын – ала даярлықты ті – лейді;2) бұған логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мысалы, баян – дамашы мен лектор өз сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі); 3) монолог сөз адамға әсер ететін мәнерлі сөздің жақтарын (сөзді назына келтіріп айту) көбірек қажет етеді; 4) монолог сөздің грамма – тикалық құрылысы белгісіз жүйеден ауытқымайды.

Диалог, монолог сөздер көп жағдайларда бет мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады.Орынды ымдар біздің сөзімізді мәнерлі етумен қатар оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады.Бірақ осындай ым – ишаралардың дербес күйінде ешбір маңызы жоқ.Бұлар жеті мүшесі сау адамдар үшін қарым – қа – тынас құралы болып саналмайды.Адам мұңы сөзіне демеу ретінде ғана пайдаланады.

Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де ) актив және пассив сөздер болады.Актив сөздер күн сайын жиі қолданылатын сөздер. Пассив сөздер сирек пайдаланылатын мән – мағынасын түсінгенімен күн сайын қолданылмайтын сөздер.Мұндай сөздерге, көбінесе, ғылыми – техни – калық атаулар және ескірген сөздер жатады.Актив сөздер мол болуы адам – ның сөйлеу әрекетіне айналысқан кәсібіне байланысты.Егер ересек адамдар – дың актив сөздері орта есеппен 6000-7000-дай болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000-13000 актив сөзге жетіп оты- рады.Мысалы, Шекспирдің актив сөзі 12000-дай болған.

Сөйлеудің ерекше бір түріжазбаша сөз.Бұл арнаулы әдістер арқылы негі – зінен мектепке келегеннен кейін меңгерілетін сөйлеудің түрі.Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді.Жазбаша сөйлеу қолдың қалам – қағаз ұстауға жараған адамның сөйлеуінің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бас – тайды.

Жазба сөйлеудің кейбір ерекшелігі:

1) жазған кезде адамның қасында сүйемелдеушісі болмағандықтан мұнда ешбір ым – ишара қолданылмайды; 2) жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатты талап қойылады; Мысалы, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кез – де адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже шығару қиын; 3) жазуда грамматикалық ереже – лерді сақтау қатаң ескеріледі; 4) жазғанына адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап оған қажетті баламалар, мағыналы сөз тіркестерін іздейді.Бұл күрделі ой жұмысын қажет етеді.Мысалы, адамға өзінің туысқандарына, таныстары – на хат арқылы ойын білдіргенде де осы жағдай байқалады.Жазба сөйлеудің түрлері мен стильдері өте көп.Олардың бастылары ғылыми – техникалық, публицистика, көркем сөз, іс – қағаздары т.б сөздер.

Сөйлеудің жеке бір түрі – ішкі сөйлеу.Бұл тілдік материалдар негізінде дауыстамай – ақ сөйлей алудың көрінісі.

Қорытынды

Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды.Осындай кезде адам ішкі сөйлеуін пайдаланады.Ішкі сөйлеу сол тілді шала білетін адамда тумайды.Ол басқа адамдармен тікелей қарым – қатынас жасауға арналмаған.Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады.Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге де болады.Өйткені, мұнда оның жұмысы жөнінде еленбейді.Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталған.Ішкісөйлеу жөнінде И.М.Сеченов «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы,еріннің жы – бырлауымен айтылады.Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі.Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның, ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде де тілсіз сөйлеумен,(яғни ауыз қуы – сында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен) қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса наза аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын».Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді.Өйткені, адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады.Сондықтан оған осы жөнінде ұзақ тұжырым жасап жа – тудың қажеті де болмайды.

Қарым – қатынастың негізгі түрі сөйлеумен бірге оның басқа да түрлері бар екендігі (ымдау, жылау, қас қағу, беттегі, денедегі әр түрлі қозғалыстар, стенографиялық жазу, Морзе әліппесі, әр түрлі таңбалар,т.б.), мұны тиісті жерінде пайдаланып отыруымыз қажет екендігі де естен шықпай тиіс.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1) Т.Тәжібаев Жалпы психология «Қазақ университеті» А 1993ж

2) Жалпы психология «Білім» Алматы 1996 жыл

3) Ол кім,бұл не? Энциклопедия

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ