Сөзжасам

0
16708
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Кіріспе Негізгі бөлім

  1. Сөзжасамдық талдау
  2. Сөзжасамдық тізбек
  3. Сөзжасамдық ұя.

Қорытынды Пайдаланылған әдебеттер

Кіріспе

Сөзжасам тіл білімінің жеке, дербес саласы, оның өзіндік зерттеу объектісі бар. Бұл саланың объектісіне сөз жасаушы тэсілдер, сөз жасаушы тілдік нұсқалар сөзжасамдық типтер мен тізбектер, сөздердің жасалу үлгілері, туынды сөздер, олардың түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар мен мағына, сөзжасамның сөз таптарына қатысы сияқты күрделі — күрделі мэселелер жатады. Басқаша айтқанда сөзжасам тілдегі сөзжасау процесімен байланысты барлық қүбылыстар мен заңдылықтарды зерттейді.

Қазақ тілінің қазіргі кезде эбден қалыптасқан өте күрделі сөзжасам жүйесі бар. Бұл тілдің дамуымен бірге дами отыра, талай даму сатыларынан өтіп, эбден толығып, күрделеніп, екшеліп, қырналып қазіргі өте жүйелі дэрежеге жеткен. Басқаша айтқанда, тіліміздің эбден қалыптасқан, орныққан, күрделі, өте жүйелі сөзжасамы — үзақ уақыттағы дамудың нэтижесі.

Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік қүбылысқа жататыны белгілі. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бүл мэселеге толық куэ бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздер-мен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айт-қанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жүрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды (күнтүз, Темірцапыг, Қара ңүм, Ілте-ріс, арцыш-тіркіш, секіз он, йеті йуз), сол сияқ-ты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сөзжасам жүйесіне жатады: (қат, 1) қабат, қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру). Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның синтетикалык, аналитикалық, семантикалық тэсілдері болғанын анық көрсетіп түр.

Ғ. Айдаров жазба ескерткіштер тілінде сөзжасам тәсілдерінің түрлілігін, оның тілдің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады.1 Көне түрік тілі қазіргі түркі тілдерінің алғашқы түп негізі екеніне сүйенсек, онда көне түрік тілінің сөз жасалымы қазақ тіліне де жат емес. Ғ. Айдаров өзінің еңбектерінде көне жазба ескерткіштер тілінде сөз тудырудың қазіргі тірі түлғаларының бірсыпырасы барын және өлі түлғалардың кездесетінін де айтады.

Бүдан тілдің сөзжасам жүйесі көне күбылыстарға жататыны анық байқалады. Өйткені сөз жасаушы элементтер, — сөз жасаудың тәсілдері, модельдері күнде қүбылатын, күнде жаңаратын қүбылыстар емес. Алайда бүл жүйе тілдің даму процесінен де тыс қала алмайтыны жоғарыда айтылған. Сондықтан сөз тудырым жүйесінде де өзгеріс болады, бірақ ол өте баяу болады және ол көбіне тілде бар модельдердің белгілі бір кезеңде активтенуі, не пассивтенуі, мағынасының кеңеюі, кейбір типтердің қолданудан шығуы сияқты өзгерістер ретінде болады.

Сөзжасамдық талдау

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесіндегі белгілі сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасам типтері мен үлгілері, жалпы тілде сөздің жасалу механизмін анықтау сөзжасамдық талдаудан басталады. Мысалы: малгиы, етікші, өлеңші сияқты түбірлердің туынды екенін дэлелдеу үшін оларды мал, етік, өлец сөздерімен салыстырамыз. Бүлардың алғашқыларының күрамы соңғыларға қарағанда күрделі, әрқайсысының қүрамында екі морфема бар. Соңғы топтағылар бір морфемадан ғана түрады. Сондықтан туынды түбірлерге алғашқы топ жатады, соңғы топтағы сөздер — туынды түбірдің жасалуына негіз болған сөздер.

Өйткені тілде қалыптасқан заңдылық боиынша туынды сөздің морфемдік күрамы негіз сөздің морфемдік күрамынан күрделі болу керек. Басқаша айтқанда, туынды сөздің қүрамындағы морфемалардың саны негіз сөздің морфема санынан көп болады. Бүл ерекшелік туынды сөз бен негіз сөзді ажыратудағы негізгі белгілердің бірі.

Мағыналық жағынан да осы ерекшелік көріну керек. Туынды сөздің лексикалық мағынасы негіз сөздің лексикалық мағынасынан жасалатындықтан, оның туынды мағыңасына негіз сөздің мағынасы айғақ болады. Жоғарыда келтірілген мысалдардағы малшы, етікші, өлецші деген туынды түбірлер мағынасының жасалуына мал, етік, өлец деген заттардың аты негіз болған. Бұл жансыз заттардың атының негізінде малды бағатын адам, етікті тігетін адам, өлеңді айтатын адам деген сияқты олардан мамандық аты жасалған. Алғашқы топтағы сөздердің мағыналық қүрамында белгілі заттардың аты жэне оған мамандық мағынасы қосылғаны көрінді. Сөйтіп, белгілі мамандығы бар адамдарды атайтын сөз жасалған. Бүл туынды сөздердің мағына күрделілігін байқатады.

Сонымен бірге, осы сөздердің күрамындағы мал, етік, өлец деген сөздер оған қосылған қосымшаларсыз жеке де қолданылады, басқа қосымшалармен де қолданылады: Мысалы: мал өрісте, етік аяцка киетін киім, өлец сөздіц патшасы, малсыз, малды, етіксіз, етікті, өлецшіл, өлецсіз т. б. Осылайша салыстыру арқылы мал, етік, өлец деген сөздердің -шы, -ші жүрнағынсыз қолданылатын негізгі түбір сөз екенін және олардың мағынасында мамандық мағынасы мүлдем жоқ екені анықталады. Ол арқылы малшы, етікші, өлецші деген туынды сөздердің мал, етік, өлец деген негіз сөздер арқылы жасалғаны дэлелденеді. Туындылардың түп негізі атаулының бэрінде тілде жеке қолданылу қабілеті бар деу дұрыс болмас еді. Тілімізде аз болғанмен, тек туындының күрамында ғана қолданылып, жеке қолданылмайтын түп негіздер де кездеседі. Мысалы: үял, үят, момын, момакан, шалкасынан, шалцалай т. б. Мүндағы үя, мом, шалца

сияқты түп негіздер тілде жеке қолданылмайды. Олардың түп негіз саналуына бірнеше туынды сөздің қүрамында қолданылуы негіз болып түр. Бүндай фактілер сирек, сондықтан негізгі қүбылыс болып табылмайды. Ал көптеген өлі түбірлер түбір мен қосымшаға бөлуге келмейтін дэрежеге жеткен, эбден кірігіп, біртүтас түбірге айналған. Бірақ олардың жагдайы басқаша.

Туынды түбір атаулы тек қана негізгі түбірден жасала бермейді. Туынды сөздің түп негізі туынды түбір, күр-делі сөзден болуы да кездеседі. Мысалы: егінші, білім-паз, жинал-ыс, көркем-дік, өнер-паз, өнеркәсіп-тік т. б. Мүнда да түп негізден туынды сөздің морфемдік қүрамы күрделі. Бүл заңдылықтың, ерекшеліктің жалпылық қасиетін байқатады. Егінші деген туынды түбірдің түп негізі — егін. Ол екі морфемадан түрады, одан жасалған туыпды түбір —егінші үш морфемадан түрады. Тағы да соңғы туынды түбір морфемдік жағынан өзінің жасалуына негіз болған сөзден күрделі болып түр. Білімпаз бен білім, жиналыс пен жинал, жинал мен жина дегендердің де морфемдік қүрамы соны көрсетеді.

Қорыта келгенде, туынды сөздің жасалуына негіз болған сөздердің морфемдік күрамы олардан жасалған туынды сөздердің морфемдік қүрамынан кіші. Бірақ олар да жалғыз морфемадан түратын сөздер емес, өйткені олардың өздері де — туынды сөздер. Олар туынды сөз бола түрып, өздерінен басқа туынды сөздердің жасалуына негіз болған. Бүдан туынды сөздер де жаңа туылымға негіз болатыны анықталды. Жоғарыда келтірілген өнеркәсіптік деген туынды сөзге біріккен сөз негіз болған. Екі сөздің бірігуінен жасалған туынды сөздің келесі бір туынды сөздің жасалуына негіз болуы — тілде кездесе беретін қүбылыстардың бірі.

Бүл арада жаңа сөз тудыру амалына қатысатын түлғалардың негіз сыңарына қойылатын талапқа көңіл аудару қажет. Жаңа сөз жасауға қатысатын түлғалардың негіз сыңары негізгі түбір сөзден болуы міндетті емес екені жоғарыдағы мысалдардан анық көрінді. Ол ешбір талас тудырмайды, негізгі, туынды, біріккен, кейде қысқарған (колхозшы) түбірлер жаңа сөздің жасалуына негіз бола береді. Әрине, олардың әрқайсысының сөзжасамдық қабілеті бірдей емес.

Негізгі түбір сөзден өте өнімді туынды түбірлер де дэл негізгі түбірлердей өнімді болмағанымен, тілде сөз жасауға бірсыпыра қатысады, белгілі дэрежеде тілді жаңа сөзбен байытуға араласады. Ал біріккен сөз бен қысқарған сөздердің бүл түрғыда қызметі онша өнімді емес. Сонда жаңа сөз жасауға түбірдің түрлі болуы кедергі емес екен, өйткені олар қайсысы да сөзжасамдық процеске қатыса алады. Олай болса, сөзжасамның негіз түлғасына қойылатын шарт қандай деген заңды сүрақ туады. Жаңа сөз жасауға негіз сыңар болып қатысатын сөзге қойылатын негізгі талап — оның лексикалық мағынасы болу керек. Ол

лексикалық мағынаның туа (алғашқы) лексикалық мағына болуы, элде туынды лексикалық мағына болуы жаңа сөз жасау түсында ешбір қызмет атқармайды. Бірақ негіз сөзде лексикалық мағынаның болуы міндетті, өйткені жаңа лексикалық мағына негіз сөздің лексикалық мағынасының негізінде жасалады.

Жоғарыда жасалған талдауларда тағы бір ерекшелік байқалды. Сөзжасамда туынды сөз болса, оның жасалымына негіз болған сөз болады да, осы қос пар негіз сөз бен туынды сөз жүбын жазбайды. Туынды бар жерде туынды сөз бен түп негіздің қосағы міндетті түрде болады. Сондықтан оны туындының бір белгісі ретінде қарау керек. Мысалы: егін ек, жиын ~ жи, өнім өн, агар — ац, бөлме — бөл, тілек — тіле, өнім — өн, ацта — ац т. б.

Туынды түбірлерді талдауда тек негіз сөзге ғана сүйеніп’ қою жеткіліксіз. Мүнда жүрнақ та — негізгі түлғаның бірі. Сөзжасамдық талдауда жүрнақтың атқаратын қызметі үлкен. Мысалы, келтірілген мысалдардың туынды түбірлігіне көз жеткізу үшін -шы, -ші жүрнағының басқа туынды түбірлерде қолданылуын алып салыстыру керек: балташы, тракторшы, биші, әнші т. б. Бүл мысалдарда да мамандық мағынасы бар. Салыстыру -шы, -ші жүрнағы бар сөзде мамандық мағынасы болатынын көрсетті. Сол арқылы -шы, -ші жүрнағының тілдің сөзжасамдық түлға екені анықталды. Осы талдаулар малшы, етікші, өленші сөздерінің туынды түбір екенін толық дэлелдейді. Жүрнақтың басқа туындыларда қолданылуы, ондағы мағынасы арқылы екінші бір туынды түбірді дэлелдеу қабілеті жалпы қүбылысқа жатады.

Сондықтан туынды сөздің қүрамын талдауда ол пайдаланылады. Бірақ бүның да тілде қайшылығы жоқ емес. Жент, ойпат, киіт, тоңазы, шынтуайт, көрсет сияқты туынды түбірлерді сөзжасам формантының басқа сөзде қолданылуы арқылы дэлелдеуге келмейді. Өйткені олардағы -нт, -пат, -іт, -азы, -туайт, -сет жүрнақтары басқа сөздерде кездеспейді. Сондықтан мүндай жағдайда түп негізге сүйену керек. Олардың жеке қолдаиылуы, жеке қолданылғандағы мағынасы мен туындылардың мағына байланыстылығы сөз тудырушы жүрнақты бөлуге, оның туынды түбір жасағанына айғақ, дэлел болады.

Алайда тілде сөзжасам тэсілдері түрлі болғандықтан, туынды сөздің қүрылымы, оның қүрамындағы сөзжасамдық түлғалардың қатысы бірдей болуы мүмкін емес. Мысалы: шекара < шек + ара, тацертец < тац + ертец, цызыл ала < цызыл + ала, цара көк < цара + көк, он бес < он + бес, ютыз алты < отыз + алты, кіріп шыц < кіріп + шыц, алып кел < алып + кел, кемпірцосац < кемпір + цосац, темір цазыц < темір + цазыц, цызмет ет < цызмет + ет, өнеркәсіп < өнер + кәсіп, ацсацал < ац + сацал т, б.

Бүлардың бэрі — аналитикалық тэсіл арқылы жасалған сөздер. Осы

күнге дейін бүлардың жалпы термині жоқ.

Оларды аналитикалық сөздер деп атап отырмыз, өйткені олардың басын қосатын аналитикалық тэсіл. Күрделі деген терминнің қалыптасқан, қолданылатын орны бар: күрделі етістік, күрделі сын есім, күрделі сан есім, яғни күрделі сөздер. Күрделі сездер аналитикалық сөздердің бір түрі ғана. Аналитикалық сөздер мен олардың қүрылымына кірген сыңарларды салыстырганда, ондагы сөзжасамдық түлгалардың көбі лексикалық магынаның жасалуына бірдей қатысады да, олардың сөз жасауга қатысы тең екені байқалады, яғни бүл тэсілмен туынды сөз екі негізден жасалады. Осы тэсілмен жасалған биыл, бүгін, әкел, апар, экет, әпер, өйткені, бүйткені сияқты туындылардың морфемдік қүрамы тарихи түрғыда ғана тең, өйткені олардың қазіргі қүрамы кірігу, жымдасу арқылы морфемдік жіктен айрылған.

Тілімізде эбден қалыптасқан, орныққан колхоз, совхоз сияқты сөздер де осыған үқсас. Олардың күрамы сөздердің буындарынан ғана күралған, оларды тэжірибеде жеке сөз деп қабылдау жоқ, оның жігі де мамандардан басқаларға көріне бермейді. Сондықтан әр буынды жеке сөздің уэкілі ретінде алғанда ғана, қүрам теңдігі туралы сөз болуы мүмкін.

Алайда бүлардың өзіндік ерекшелігі бар, мүнда күрделі сөздің күрамы екі түбірден күралған, сондықтан олар осы ерекшелігі арқылы күрылымы жағынан туынды түбірлерден ерекшеленеді. Туынды түбірдің күрамы.түп негізден күрделі болса, күрделі сөздерде олар тең болып келеді. Туынды сөздердің қүрамына байланысты ерекшелік мүнымен бітпейді, тілде сөз-жасам тэсілдері түрлі болғандықтан соған орай туынды сөздің қүрамында да ерекшелік болады. Тілде көне замандардан келе жатқан сөзжасамдық тэсілдің бірі — лексика — семантикалық тәсіл. Лексика — семантикалық тэсіл арқылы жасалған цүн, мәжіліс, үлгі, еліктеу, дыбыс, үн, салдар т. б. сөздерді алайық. Бүлардың бэрі де — революцияға дейін күнделік өмірде жай мағынада қолданылып жүрген сөздер.

Қазір де олар сол мағыналарын білдіреді. Бірақ басқа мағынада да қолданылады. Мысалы: күн — экономика ғылымындағы термин, мәжіліс — қоғамдық мэн алды, совещание деген мэнді білдіреді, үлгі модель мағынасындағы термин, еліктеу, дыбыс, үн, салдар тіл білімінің терминдері. Бэрі де жаңа мағынаға ие болған, қазір олар екі сөздің орнына қолданылады. Бірақ олардың түп негізі мен туынды түрлерінің морфемдік қүрамдары тең, ал мағыналық жағынан туындының мағынасы кең, күрделі. Сөйтіп, бүлар да қүрамы жағынан туынды түбірлерден басқаша, бір ғана негіз сөзден түрады.

Сөйтіп, қорыта айтқанда, туынды түбірлер екі морфемадан түрады, оның біреуі — негіз сөз, екіншісі — көмекші морфема (жүрнақ). Негіз сөз туынды

түбірдің жасалуына негіз болып, туынды лексикалық мағынаға арқау болады. Аналитикалық туындылар да екі морфемадан құралады, бірақ аналитикалық туындының жасалуына қатысатын тұлғалар негізінен тең болып келеді екі негізден құралады олар жаңа сөздің лексикалық магынасын жасауға бірдей қатысады. Ал семантикалық тэсілмен сөз жасалғанда, сөздің құрамында ешбір өзгеріс болмайды, ол бір ғана негіз сөзден тұрады, өзгеріс тек мағынада болады. Сонда туынды сөздердің ішінде туынды түбірлер ғана негіз сөз бен көмекші морфемадан тұрады, қалған туындылардың бэрі тек негіз сөздерден жасалады. Сондықтан бұлардың кұрамын негіз, көмекші деп бөлудің де қажеті жоқ.

Туынды сөздің сөзжасамдық талдау арқылы кұрылымындағы ерекшеліктерді анықтадық, онымен сөзжасамдық талдау аяқталмайды, өйткені ол туынды сөздің сырын толық аша алмайды. Туынды сөздің сыры толық ашылу үшін, түп негізбен мағыналық қатысы ашылу керек.

Туынды сөзді мағыналық жағынан қарастыру — сөзжасамдық талдауында негізгі орын алатын объектінің бірі.

Мағыналық талдауда да түп негіз сөз бен туынды сөз негізгі объекті болмақ және көңіл сол екі сөздің мағыналық байланысын ашуға бағытталу керек. Мысалы: жацсы мен жацсар, көк пен көгер, балта мен балтала,алып кел мен әкел, бүл күн мен бүгін, коллективное хозяйство мен колхоз, цүн мен цүн т. б. барлығында туынды сөздің жасалуына негіз болған сөздің (сөздердің) мағынасы мен олардан жасалған туынды сөздің мағынасы өте тығыз байланысты.

Бүл мағыналық байланыс түрліше көрінеді. Туынды түбірлерде негіз сөздің мағынасының негізінде жаңа мағына жасалады. Жоғарыдағы мысалдардан оны көруге болады. Жацсар деген туынды етістіктің мағынасы жацсы сөзінің негізінде жасалған. Көгер деген туынды түбір көк деген сын есімнің негізінде, балтала деген балта сөзінің мағынасына жалғаса, байланыса, негізделе жасалған.

Оны бүдан да анығырақ байқау үшін, бір түбірден тараған түрлі түбірлес сөздерді алған дұрыс. Мысалы:

Жацсы сөзінен жасалған туынды түбірлердің бэрінің мағынасы осы сөздің мағынасымен байланысты, сол сияқты біл деген сөздің мағынасына

барлық одан тараған туынды сездердің мағынасы байланысып жатыр. Сөйтіп, жацсы және біл сөздерінің мағынасы олардан тараған туындылардың мағынасының өзегі ретінде қалып отыр. Негіз сөздің мағынасының одан жасалған туынды сөздің мағынасына өзек болуы негіз сөз бен туынды сөздің мағына байланыстылығын қамтамасыз етеді. Бірақнегіз сөз бен одан тараған бірнеше туынды түбірлердің бэрі де мағына жағынан байланысты болғанымен, лексикалық мағыналарының бірінен-бірі басқа -басқа екені есте болу керек.

Негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы басқа тэсілдермен жасалған туынды сөздердің бэріне қатысты. Мысалы: алып кел деген екі түбірден жасалған жел сөзінің мэнінде де оның түп негізінің мағынасы бар, бүл күн деген сөздің мағынасы бүгін деген сөзге, коллективное хозяйство деген екі сөздің мағынасы колхоз сөзіне, цүн деген сөздің бүрынғы мағынасы цүн деген термин сөздің қазіргі мағынасына негіз болып түрғаны — ешбір талассыз мэселе.

Түп негіз бен туындының мағыналық байланысы — сөзжасамға ортақ, жалпы заңдылық, ондай мағыналық байланыстың болмауы мүмкін емес. Сөзжасам талдауында бүл қүбылыс қатты қадағаланып, талдауда оған сүйену керек. Сөйтіп, әрбір туынды сөздің мағынасы оған негіз болған мағынаның барына айғақ болады. Басқаша айтқанда, бүл заңдылық туындыларды ажыратудың бір тірегі, белгісі болып саналады.

Туындылар сөзжасам процесінің жемісі, нэтижесі болғандықтан, олар тілдің сөздік қорына қосылады, оны байытады. Өйткені сөзжасамның нэтижесі — лексикалык единицалар. Сондықтан да түп негіз бен туынды сөздің мағынасы қаншалықты байланысты болғанымен, олардың мағынасы еш уақытта дәлме — дәл болуы мүмкін емес. Сөзжасам процесі нэтижесінде жасалған туынды сөздің мағынасы оның қүрамындағы элементтердің жеке алғандағы мағынасына байланысты болады да, бірақ негіз сөздің лексикалық мағынасынан басқа мағына болуға тиісті. Жоғарыдағы есім сөздерге етістік жүрнағы жалғанып, олардан туынды етістіктер жасалған.

Ол туынды етістіктер қимыл мағынасын білдіріп, есімнен етістікке айналды. Сондықтан осы негіз сөздер (май, ац, сыр) мен олардан жасалған туынды түбірлердің (майла, ацта, сырла) лексикалық мағыналары басқа — басқа. Негіз сөздер мен туынды түбірлер екі түрлі сөз табына жатады. Соған орай олардың түрленуі де өзгеше, май, ац, сыр сөздері есімдерше түрленеді: майды, майга, ацтау, агырац, ацшыл, сырмен, сырда т. б. Ал майла, ацта, сырла етістіктері етістіктің көрсеткіштерін қабылдайды: майлайды, майлаган, майласа, ацтапты, ацтайтын, ацтамац, сырламайды, сырлагай т. б. Сөйлемде де олар түрлі қызмет атқарады.

Олай болса, май мен майла, ац пен ацта, сыр мен сырла лексикалық мағына жағынан басқа — басқа сөздер. Тілде жасалған әрбір туынды түбір тілге жаңа лексикалық единица ретінде қосылып, сөздік қорды байытып отырады. Бірақ туынды түбірлердің лексикалық мағынасы негіз сөздердің лексикалық мағынасына негізделе жасалғандықтан, негіз сөздер мен туынды түбірлердің (май — майла, ац — ацта, сыр- сырла) мағына байланыстылығы сақталып отырады да, олардың лексикалық мағына түрғысында бірінен-бірінің дербестігіне мағына байланыстылығы ешбір кедергі болмайды.

Келтірілгең мысалдар сөзжасамдағы талассыз, анық жалпы заңдылыққа жатады. Бірақ сөзжасам қатарына бірде жатқызылып, бірде жатқызылмай жүрген фактілер де баршылық. Мысалға сын есім шырайына бірде жатқызылып, бірде саналмай жүрген — ғыш, ғылт, — ғылтым, — аң, — шіл,

— шілтім сөз таңдап, бірлі — жарым сөздерге ғана жалғана алатын
жүрнақтардың сөзге қосатын мағынасы жоғарыдағыдай ап — анық емес.
Сондықтан түстің сэл бэсең дэрежесін білдіреді деп танушылар оны шырайға
жатқызады, олардың бэрі де түстің солғындығын білдіретіні рас, бірақ олар
грамматикалық категорияның көрсеткіштерінің сөз талғамай, белгілі топтағы
сөздердің бәріне жалғану критериясына сай келмейді. Олар түсті білдіретін
сын есімдердің де бэріне бірдей жалғанбай, жалғыз жарым сөздің қүрамында
ғана кездеседі. Мысалы: саргыги, цызгылт, саргылт, бозгылт, цызгылтым,
саргылтым, бозгылтым, бозац, көкшіл, көкшілтім.
Басқа сөздердің
қүрамында осы жұрнақтар кездеспейді. Сөйтіп, сын есімнің жоғарыда
көрсетілген жүрнақтары категория көрсеткіштерінің негізгі критериясына
кайшы келеді. Сонымен бірге көк пен көкшіл, көкшілт, көкшілтім сияқты
түстердің шындық өмірде айырмасы үлкен деп қарау да бар. Олар орыс тілі
сияқты тілдерде түрлі сөздермен аталады: синий, голубой, оны да ескеруге
болатын сияқты. Бірақ көкшіл мен көкшілт, көкшілтім сияқты сөздердің
арасындағы айырманы көрсету өте қиын. Өмірдегі олар белгілейтін
түстердің айырмасы анық емес.

Көне тілде олардың эрқайсысы белгілі түсті білдіріп, мағыналарында айырма болуы да мүмкін. Сонда бір түстен екінші түсті жасаушы жүрнақ ретінде қызмет атқаруы ықтимал. Бүл олардың түс мағынасын білдіретін сын есімдерге жалғануына сай келеді, өйткені түс мағынасын жасауға түс мағынасы ғана арқау болуы орынды. Бірақ олар қазір белгілі түбірлердің күрамында ғана сақталған деп қарауға болады.

Сол сияқты зат есімнің — шық, шік, жан, тай, пан, ша, қай,

еке, ке, — а, — й т. б. жүрнақтарының мағынасы элі ашылмай келеді.
Олардың сөз мағынасын өзгерту лексикалық мағына жасау қабілеті бар,
жоғы — даулы мэселе. Соған орай олардың сөзжасамға қатысы да

анықталмаған. Бүл түрғыда мына жағдай ескеріледі:

  1. Сөзжасамның жалпы теориясында сөзжасам элементтерінің сөз мағынасын өзгертуі (деривационное значение) жэне сөз мағынасына үстеме мағына қосуы (модифицирующее значение) танылып жүр.
  2. Қазақ тілінің грамматикаларында да осы жүрнақтардың сөз жасаушы жүрнақтар тобында беріліп жүргені де бар.
  3. Сонымен бірге, иттің үйшігі мен үй деген сөздің, бала деген мен балапан, көке деген мен көкетай, Қасым деген мен К,асымжан сияқты қолданудың мағыналық жағынан да, түлғалық жағынан да дербес сөз ретінде танылуын тіл тэжірибесі көрсетіп отыр.

Әрине, дәл осы жүрнақтардың сөздің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертіп жібермей, үстеме мағына қосып, тілде өзінше сөз ретінде қолданылуы да көп. Мысалы: ага, агеке, апа, апай, ага, агай, кітап, кітапша сияқты қолданылуда мағына мүлдем өзгерген деп дэлелдеу қиын. Бірақ сөз түрғысынан, сөз функциясын атқаруы жөнінде олардың эрқайсысының дербестігін тануға болады.

Осы жағдайлардың бэрін ескеріп, ондай көрсеткіштердің мағынасын да сөзжасамдық мағына қатарында аламыз. Аналитикалық сөздердің де мағынасын анықтау оңай емес, әлі күнге дейін күрделі сөздердің мағынасы, оның компоненттерінің мағыналық қатысы толық анықталған жоқ. Қазіргі тіл білімінің даму дэрежесімсн салыстырғанда, ол осал кемшілікке жатпайды.

Аналитикалық сөздердің өзі түрлі топтардан түрады, олардан — бірік-кен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, күрделі сөзді атауға болады.

Сөзжасам өзалдына жеке сала болып қалыптаспағандықтан, оның терминдері де жеткіліксіз, элі толық жасалып болған жоқ. Оны жоғарыдағы атаулардан да көруге болады. Мұнда біріккен сөз бен кіріккен сөз — бір топтың ішкі түрлері, олар бір тәсіл арқылы жасалған. Ал екеуін де қамтитын жалпы термин элі жоқ, сондықтан ол үшін қосынды сөз деген терминді қолданып отырмыз.

Аналитикалық сөздің мағынасы оның қүрамындағы сыңарлардың мағыналарынан жасалады, бірақ екі сыңардың ешқайсысының мағынасы жеке алғанда, аналитикалық сөздің мағынасымен пара — пар бола алмайды. Мысалы, колхоз деген сөздің мағынасы оның күрамындағы сөздердің ешқайсысының жеке түрғандағы мағынасымен тең емес: колхоз бен коллективное, колхоз бен хозяйство деген сездердің мағынасы тең емес. Жиырма бес пен жиырманы, жиырма бес пен бесті, кара торы мен караны, кара торы мен торыны, келіп кет пен кел деген етістікті, келіп кет пен кет деген етістікті салыстырып қараңыз. Олардың мағынасы бірдей

емес. Мүнда аналитикалық сөздің мағынасы кең, онымен салыстырылып отырған күрделі сөздің бір сыңарының мағынасы одан элдеқайда тар. Өйткені аналитикалық сөздің мағынасы оның күрамындағы екі сыңардың (сөздің) мағыналарының косындысынан жасалған күрделі үғымның аты. Сондықтан ол еш уақытта күрамындағы сөздердің эрқайсысының жеке түрғандағы мағынасымен сай келе алмайды.

Сонымен бірге, аналитикалық сөздердің мағынасы оның күрамындағы сөздердің жай ғана қосындысы емес, ол соның қосындысының негізінде туған басқа үғымның атын білдіреді. Мысалға шекара деген сөзді алайық, ол шек, ара деген сыңарлардан жасалған. Мүндағы шек қандай болмасын заттың, мекеннің шегі дегенді білдірсе, ара екі заттың арасындағы кеңістікті білдіреді. Осы екеуінің мағынасының жай қосындысы қазіргі ол білдіретін мемлекеттің, республиканың, облыстың, районның шекарасы (границы) деген мағынамен тең емес. Сөзжасамда өмірдегі жаңа затты, күбылысты, сапаны, эрекетті білдіру мақсатымен екі сөзді қосып, одан жаңа атау жасалады. Жасалған жаңа атау тілде бүрыннан бар атаулармен оның мағынасы дэлме — дэл келуі мүмкін емес. Сондықтан да олар аналитикалық сөздердің сыңарларының жай ғана мағына қосындысы емес.

Оны аналитикалық сөздердің қай түрінен көруге болады: аяц — табац деген қос сөздің қүрамындағы сыңарлардың эрқайсысы нақтылы жеке ыдыстың аттары, бірақ аяц — табац деген сөз — тек аяц пен табацтың ғана аты емес, жалпы ыдыстың аты. Олай болса, оның мағынасы тек қүрамындағы сыңарлардың ғана мағына қосындысы емес, одан элдеқайда кең үғымды білдіретіні көрініп түр. Сондықтан ол басқа бір лексикалық мағына болып саналады да, оны білдіретін сөз өзінше жеке лексикалық единица болып танылады. Бірақ осы жаңа лексикалық мағына аналитикалық сөздің күрамыңдағы сыңарлардың мағынасының негізінде жасалады, жаңа мағынаға олардың мағыналары арқау болады. Мүнда да мағына байланыстылығы анық көрінеді.

Сонымен аналитикалық сөздер күрамындағы сыңарларының мағыналарының негізінде жасалған біртүтас лексикалық мағына береді. Мысалы, жиырма бес, үш бүрыш, цаптесер, жемшөп сияқты аналитикалық сөздерді алайық. Бүлардың бэрі — біртүтас лексикалық мағына беретін сөздер. Олардың әрқайсысының лексикалық мағынасы аналитикалық сөздің күрамындағы сөздердің мағынасының негізінде қалыптасқан. Әр аналитикалық сөз екі сыңардан түратындықтан, ол сыңарлардың бірінің мағынасы жаңа лексикалық мағына жасауда басым, екіншісі солғын деуге болмайды, өйткені бір аналитикалық сөз жасаған екі сыңардың күрделі сөздің лексикалық мағынасын жасауға қатысы тең. Аналитикалық сөздердің

өзінде іштей ерекшелік бар. Мысалға қүранды етістіктерді алайық. Жэрдем ет, мысал ет, әсер ет, көмек ет дегендер — қүрамы екі сыңардан түратын кұранды етістіктер. Екі морфемадан құралған бұндай кұранды етістіктердің де беретін біртұтас лексикалық мағынасы бар. Олар қимыл мағынасын береді. Оны мына салыстырудан көруге болады. Жэрдем ет — жэрдемдес, көмек ет — көмектес, мыссиі ет — мысалда. Құранды етістік екі сөзден құралған, олардың соңғы сыңарлары — көмекші етістік. Ол есім сөзге тіркесіп, оны қимылды білдіретін сөзге айналдырып тұр. Мұнда есімнен етістік жасайтын жүрнақтың қызметі көрінеді. Бұл сөздердің жасалуын талдағанда, жалпы аналитикалық сөздерге тән кұрам теңдігімен бірге мағына тұтастығына, есімнен қимыл мағынасы жасалғанына сүйенген жөн. Сонымен бірге кұранды етістіктердің мағынасын талдағанда, төмендегі оның ерекшелігін ескеру керек.

Құранды етістіктердің мағынасына есім сөз арқау болады, жаңа лексикалық мағына есім сөздің негізінде жасалады. Құранды етістік пен оған негіз болған есім сөзден олардың мағына байланыстылығы шығады: әрекет ет дегендегі әрекеттену мағынасы мен әрекет деген сөздің мағыналары байланысты екені анық көрініп тұр, өйткені эрекет кұранды етістіктегі негіз сөз. Сол негіз сөз мағынаның байланыстылығын тудырып тұр. Бұл арада аналитикалық сөздердің бұл тобының туынды түбірлерге ұқсастығын көріп отырмыз. Ол ұқсастық көмекші етістіктің мағынасының абстракциялану дэрежесінің күштілігіне байланысты туған.

Сөйтіп, синхрондық зерттеуде сөзжасамның нэтижесінде туған туынды сөздің мағынасын эрқашан оның күрамындағы морфемалар арқылы түсіндіруге болады. Сондықтан сөзжасам түрғысында туынды сөзді анықтау оның қүрылымындағы түп негізбен салыстырғанда, түп негізден оның күрылымының күрделілігіне жэне оның мағынасының түп негіздің мағынасымен байланыстылығына сүйену арқылы жүзеге асады.

Сөзжасам арқылы жасалған мағына оның қүрамындағы морфемалардың мағынасының жай ғана қосындысы емес, солардың негізінде жасалып, жаңа үғымды білдіреді. Сондықтан ол үғымды білдіретін бір кезде жасалған туынды сөз сөйлеу үстінде дайын қалпында алынады.

Туынды сөз барлық басқа сөздер сияқты сөйлемдегі айтылуға тиісті ой үшін қажет, оның қүрылымындағы морфемалар сөйлемдегі басқа сөздермен байланыстыру қызметін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен байланыстыру үшін, оған сөйлемде грамматикалық формалардың көрсеткіштері жалғанады. Бүл да талдауды керек етеді, өйткені туынды түбірлердің күрамындағы қосымшаның сөз түрлендіруші емес, сөз жасаушы жүрнақекенін де дэлелдеу қажет.

Туынды сөздердің күрамындағы морфеманың сөз түрлендіруші емес, сөз тудырушы морфема екенін сөйлем күрылысы арқылы тексеруге болады. Ол үшін сөйлем қүрамын өзгертпей, ондағы туынды сөзді өзгертіп көру керек. Мысалы: Жүмыскер халыц байлыгын жасайды. Колхозшы халыц байлыгын жасайды. Жиын (алыс) өткізді.

Мысалдардан бір туынды түбірдің орнына екінші туынды түбірді қолдану сөйлем өзгертуді керек етпейтіні көрініп түр. Бүл — лексикалық түлғаға тэн белгі. Егер осы сөздердің қүрамындағы морфемалар сөз түрлендіруші, форма жасаушы болса, оларды өзгерту сөйлем күрылысын өзгертуді талап етер еді. Жоғарыдағы мысалдарды жүмыскерді, колхозшыныц, жиналыстан сияқты өзгерту сол сейлем күрылысын өзгертуді керек етеді. Мысалы: жүмыскерді (колхозшының) халыц байлыгын жасайды, жиналыстан өткізді түрде сөйлем күралмайды. Өйткені сөздің грамматикалық формасы сөйлем күрылысына байланысты. Сөз формасының өзгеруіне сай сөйлем күрылысы да өзгереді.

Сөйтіп, жоғарыда туынды сөзді өзгерткенмен, сөйлем күрылысы сақталды, өйткені олар — туынды сөз жасаушы морфемалармен жасалған дайын лексикалык түлғалар.

Туынды сөз жэне тілдің лексикалық түлғасы деген үгым өте тығыз бай-ланысты, өйткені туынды сөзді, басқаша айтқанда, лексикалық түлға деуге толық болады. Бірақ лексикалық түлғаға жалғыз туынды сөз ғана жатпайды, оған негізгі түбірлер де жатады. Лексикалық түлға ретінде туынды сөз бен негізгі түбірдің дэрежесі бірдей. Олай болса, туынды сөздің күрамындағы морфемалар сөзжасам форманттарына жатады. Сондықтан туынды сөзді ауыстыру сөйлемді өзгертуді талап етпейді, өйткені оның қүрамындағы морфема сөз түрлендіруші емес, сөз жасаушы формант. Сөзжасамдық тал-дауда туынды сөздердің қүрамындағы морфемалардың сөйлем күрылысына немқұрайды қарауы оның сөзжасамдық түлға екеніне дерек бола алады.

Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің қаңдай үлгі (модель) бойынша жасалғаны, оның сөзжасамдық қандай типке жататынына да ерекше көңіл бөліну керек. Тілде қандай туынды сөз болса да, тілдегі сөзжасамдық үлгілердің бірі арқылы жасалады. Мысалы, егін, жиын, түйін, цолда, емде, жацта деген туынды түбірлерді талдауда олардың тілде бар екі түрлі үлгі арқылы жасалғаны да ескеріледі. Олардың алғашқы: үшеуі зат есімнің түбір етістік + ын (- ін) түріндегі сөзжасамдық үлгісі арқылы жасалғанын, соңғы үшеуі етістіктің есім сөз + — да (- де) түріндегі сөзжасамдық үлгісі арқылы жасалғанын есепке алу қажет. Сонда бүл туынды түбірлердің зат есімнің, етістіктің өнімді үлгілерінің бірі арқылы жасалғаны сөзжасамдық талдаудың объектісінің біріне жатады.

Қорыта келгенде, туынды сөз жан — жақты талдаудан өтуі керек. Сөзжасамдық талдауда туынды сөздің жасалу жолынан бастап, қүрамы, мағынасы, жасалу түптері мен үлгілері, сөйлемдегі қызметіне дейін барлық ерекшеліктері қамтылуы керек.

Сөзжасамдық тізбек

Негіз сөздің өзі басқа сөзбен салыстырғанда негізді сөз бола береді. Мысалы, жиын деген сөз жина сөзіне негіз сөз болады, ал жи деген сөзбен салыстырғанда, ол негізді сөз.

Мүндай сөздер сөзжасамдық тізбекте кездеседі. Мысалы: біл —> білім —> білімді —> білімділік, жи —> жиыр —> жирыл > жирылгыш —> жиырылгыштыц, өн —> өнім —> өнімді —> өнімділік, бос -> боса —> босац —> босацдьщ > босацдат —» босацдаткыз, ен -> енші —> еншілес —> еншілестік, кіш —> кішір —> кішірей —> кішірейт —> кішірейткіш, сүй —> сүйін —> сүйініш —> сүйінішсіз —> сүйінішсіздік т.т.

Сөзжасамдық тізбектің әр буынынан эрі қарай тағы да басқа тізбектер жасалуы тілде жиі кездеседі. Жоғарыда келтірілген біл етістігінен тараған сөзжасамдық тізбектің екінші буынынан эрі қарай басқа тізбектер өрби береді. Мысалы: біл —> білім —> білімпаз —> білімпаздан, біл —> білім —> білімдар —> білімдарлыц. Бұдан сөзжасамдық тізбектің бірнеше тармақты болып келетінін көреміз. Ондай тармақтар екінші, үшінші буындардан басталады.

Бір негізгі түбірдің бірнеше сөзжасамдық тізбек беруі — тілде • жиі кездесетін құбылыс. Оны төмендегі таблицадан көруге болады.

Таблицадағы стрелка негіз сөзден туған негізді сөзді көрсетеді. Біл етістігінен басталған стрелка біткен жерде сөзжасамдық тізбек те бітеді.

Сөзжасамдық эр тізбек негіз сөзден басталып, негізді сөзбен аяқталады. Сөзжасамдық тізбекте негізсіз сөз жэне негіз емес сөз біреу, қалғандары негізді сөздер болады. Тізбектің алгашқы мүшесінен бастап, ең соңғы мүшеге дейінгілердің бәрі өзінен кейінгі сөзге негіз болады. Мысалы, біл —> білім —> білімсіз —> білімсіздік деген сөзжасамдық бір ғана қатарды алсақ, онда біл-білімніц, білім- білімсіздіц, білімсіз — білімсіздіктіц негізі. Ал осы қатардағы негізді сөздер — білім, білімсіз, білімсіздік. Сөйтіп, келтірілген сөзжасамдық қатарда төрт сөз бар, бірақ негіз сөз де үшеу, негізді сөз де үшеу ғана. Әр қатардың бірінші мүшеден бастап, соңғы мүшеге дейінгі сөздер негіз сөз бо-лады, екінші мүшеден бастап, қалған мүшелердің бэрі негізді сөзге жатады.

Сөзжасамдық бір тізбектегі бірінші жэне соңғы мүшеден басқалардың бэрі эрі негіз, әрі негізді мүше қызметін атқарады. Мүнда бір негізсіз мүше бар, ол — біл, негіз емес бір мүше бар, ол — білімсіздік.

Қазақ тілінде әр сөзжасамдық тізбекте 3 сөзден бастап, бес, кейде алты сөзге жетуі мүмкін. Бірақ тізбекте 6 сөз өте сирек кездеседі, 3 сөзден түратын сөзжасамдық тізбек өте жиі кездеседі. Оның есесіне бір түбірден бірнеше сөзжасамдық тізбектің жасалуы тілдегі өте жиі кездесетін қүбылысқа жатады.

Жоғарыда келтірілген таблицадан бір ғана біл етістігінің өзі 13 сөз-жасамдық тізбек бергенін көріп отырмыз. Әр тізбекте 4-5 сөзден жасалғанын ескерсек, оның қанша сөздің жасалуына негіз болғанын аңғару оңай. Бұл қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздердің сөзжасамдық күшті қабілетін және тіліміздің лексикалық байлығын арттырудағы қызметін көрсете алады. Өйткені мұндай жағдай — негізгі түбір сөздерге ортақ құбылыс. Басқа негізгі түбір сөздер де осындай талай сөздердің жасалуына негіз болған. Оған мысалды көптеп келтіруге болады. Мысалы: ек —> егін егінші —> егіншілік ->

егіншШксіз, бүр —> бүрке —> бүркеме —> бүркемеле —> буркемелет —> бүркемелеттір, ор —> орын —>. дыц —> сыз, өр ім —> өрімде —> өрімдет —> өрімдеткіз, бір —> бірік —> біріктір —> біріктіргіз, ой —> ойла—> ойлат—> ойлатцыз, бас —> баскар -> баскарма —> баскармагиылыц, бат —> батым —> батымды —> батымдылыц, өн —> өнім —> өнімді -> өнімділік, т.б.

Мұнда бір түбірден тараған бір ғана сөзжасамдық тізбекке мысал келтірілді. Осы түбірлерден тек келтірілген сөзжасамдық тізбек қана жасалып қоймайды, олардан тағы да басқа толып жатқан тізбектер жасалған. Тек бас деген түбірден жасалған сөзжасамдық тізбектердің саны біл сөзінен жасалған тізбектерден көп.

Қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздердің тілге берген сөзжасамдық тізбектеріне қарап, олардың тілді байытудағы қызметі ерекше екенін толық бағалауға болады, Сөйтіп, бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек деп аталады. Бір сөзжасамдық тізбектегі сөздің саны ең кемі үш сөзден түру керек.

Қорытынды

Қорыта келгенде, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері қарай үнемі дамып, күрделеніп, қазір эбден қалыптасқан, бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін қүбылыс болғандықтан, оны біршама түрақты деп санағанмен, ондагы болып отырган үздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылжымалылық оның эр саласының қызметі эр дәуірде қүбылып түратынын жоғарыда анық байқалды.

Алайда тілдің сөзжасам жүйесінде өте түрақты қатаң сақталатын, тілдің даму тарихы бойында өзгеріссіз келе жатқан заңдылықтар да бар. Мысалга, жүрнақтың түбірге жалғануы — түбір сөздің бүрын, қосымшаның оған кейін жалғауын — тілде көне замандардан бері келе жатқан, эбден қалыптасқан заңдылық. Осы заңдылықты сөзжасам жүйесіндегі түрақты қүбылыс санауға эбден болады, өйткені жүрнақтың сөздегі бүл орнын өзгертуге болмайды, жүрнақ түбір сөздің алдынан қолданылмайды.

Сөзжасамдық бірліктердің сөзжасамдық қызметі, мағынаны жасаудағы алатын орны, атқаратын қызметі тілдің сөзжасам жүйесінде эбден қалыптасқан. Сөзжасамдағы лексикалық бірліктер мен сөзжасамдық жүрнақтардың сөзжасам үрдісіне қатысуы кездейсоқ күбылысқа жатпайды. Олардың әрқайсысының туынды мағынаны жасауы тілде қалыптасқан сөзжасамдық үлгілер арқылы, сөзжасамдық типтер мен сөзжасамдық тэсілдер арқылы іске асады.

Сөзжасамдық тәсілдер мен сөзжасамдық үлгілер жэне типтер-тілде бірнеше ғасырлар ішінде әбден қалыптасқан көне күбылыстар.

¥зақ уақыт ішінде өзгерістен өтіп, эбден қалыптасқан қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі бар, ол өмірде пайда болған барлық жаңа заттарды, жаңа күбылыстарды, жаңа үғымдарды атауды қамтамасыз етеді, сол үшін қызмет етеді.

Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ