СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ РОМАНДАРЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР ЖҮЙЕСІ
Кейіпкерлердің тілдік мінездемесін бір – бірімен салыстыра талдау, табиғат суретін, кейіпкерлер портретін жасаудағы автор шеберлігіне нақты мысалдар келтіріп талдау жасау. Ғалым Б. Шалабаевтың пайымдауынша “Қай жазушының болмасын шығармаларының тілін талдауда жүзеге асырылуға тиіс маңызды шарттардың бірі – салыстырмалы талдау жүргізу. Сондай – ақ Сөз өнерінде адамнан тыс, адам тағдырынан тыс бірде – бір өрнек – өмір
Суреті жоқ және болуыда мүмкін емес (З.Қабдолов) десек, онда сол адамның алуан сезімін, мінез – қылығын, типі, қимыл – қозғалысын, жүріс – тұрысына дейін бейнелеуде жазушылық шеберлік тұратыны ескерлуі керек. Сонымен бірге жазушының тілдік қолданыстары шығарманың идеясы мен мазмұнына, композициялық құрлымына қарай әсері барын да ажырата білу қажет.
Жазушы Сұлтанмахұмыт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романын башылыққа ала отырып басқада ақын – жазушылардың шығармаларымен салыстыра отырып, кейіпкерлер портретін , мінез – қылығын сол сияқты тағы басқа қырынан ашуды жөн көріп отырмыз.
С.Торайғыровтың осы тұста жазған алғашқы эпикалық туындысы «Қамар сұлудың» да негізгі тақырыбы. Бұл тұрғыдан оны әулеметтік роман есебінде қарауға әбден болады. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздіктегі күйін көрсетуге құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғымнанымын терең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреткен, тоздырып бара жатқан әдет – ғұрыптың керттартпа жақтарын әшкерлейді. Сол негізде феодалдық – патриархалдық қоғамның күйреуін көрсетеді. Осыған жалғас жазылған «Кім жазықты?» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға арналады.
Мұнда ол қазақ қоғамы жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез – құлқы жан – жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық – болыстық қызметі де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық – зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті қуып шығуға күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жанаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейнесіне көтереді.-деді Серік Қирабаев.
Бұл романдар – дәуірдің тарихи тақырыбын тап баса білген жаңашыл шығармалар. Әрине, ақын тарихшы емес. Ол тарихи уақиғаны түгендемейді. Мәселе – заманның рухын, дәуір сырын аңғартар моментерді де дәл басып, оған тән белгілерді айқындауда. ХХ ғасырдың басындағы қазақ аулы өмірін, ескілшілдік жайлап тозып, іріп бара жатқан салт – сананың көріністерін энциклопедиялық суреттелген іргелі туындылар, ол көпті қинаған шындықты ашынып, батыл, ашық айтып, онымен күреске шықты. Бұл – Сұлтанмахмұт реализмінің ең бір биікке көтерілген тұсы. Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол – «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді.
Өзінің тегі жағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз. Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға, жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді. Басына күн туып, ескі салтпен айқасақнда ғана Қамар өршелене бастайды. Сөйтсе де ол махаббат сезімнен құр емес. “Ахметтің алғашқы хатында оқығанда, ол бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынымсыздықта қалады”.
Мұнда пән сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе – өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық. Тағы мұнда «Қамар сұлу» романында теріс сипаттарын көреміз. Мынау залымдықты көргенше, қанғып өлейін. Мұнда Ахметтің кетер алдында Қасен деген досына жазған хатында байқаймыз.
Шыдай алмай күйіп – жанып кеттім қашып,
Қышмауға көре күйік жан таласып.
Бұл күнде өлетінім сол қайғыдан,
Қамардың халін ойлап жаным ашып
дейді. Оқуды сылтау қылып, екі жүз шақырым жерден шаһарға кетті. Бұл арадан Ақметтің Қамарға деген сезімі бар және ғашығы үшін қиналуы, жаны ашуын байқаймыз. Енді бірде Қамардың қандай халге түскенін байқайтын болсақ, мына шумақтан көреміз.
Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар,
Амалсыз бәріне де көнген Қамар
Айдай әлем аузының суын құртып,
Арманда арсыздардан өлген Қамар.
Ал романның басындағы Қамар портретін ақын былай суреттейді. Бастапқы келтірген шумаққа қарағанда мұнан мүлде өзгеше, оны мына шумақтан аңғарамыз.
Жіңішке сымға тартқан әні қандай,
Бал ауыз, балбыраған тәні қандай.
Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп,
Толысып, толып тұрған сәні қандай.
Сұлтанмахмұт Торайғыров жоғарыда келтірілген екі шумақта Қамардың портретін сәтті суреттеген. Жаңа заманның қызының бейнесін ашуға ден қойған. Ақын кешегі еркін де балғын өскен сұлу қыз, озбырлыққа душар болып, бақытсыздыққа ұшыраған сәтін байқатса. Мұндағы қарсыласқан екі түрлі портрет автордың осы гуманистік, азатшылдық идеясын береді.
Осындай мысал келтіретін болсақ Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романындағы Жамал бейнесі алатын болсақ. Жамал – өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиындыққа да қарсы тұратын қайсар жан. Жамалдың рухани жан дүниесі, ішкі әлемі ғашығына жазған өлең хатында ашылады.
Қосылсам нәсіп болып сеніменен,
Кім айтар жүрмеді деп теңіменен?
Сенімен отқа түссем – арманым жоқ,
Жуылмаған Жұман атты періменен.
деген үзінділер ден байқауға болады. Енді бірде Жамал басындағы қиындықты автыр былай деп жеткізеді. Сүйгені Ғали қайтыс болғандағы Жамалдың монологі – бостандық бақыты жолындағы күресте жеңіліс тауып, өмірден үміті үзілген жанның трагедиясын былай суреттейді. Анасы Шолпан: “Енді қайтеміз?” – дегенде. Жамал: “Апа, енді мен үшін жаманатты болмаңыз, маған енді, Ғали болмаған соң, бәрібір, суға батырып, отқа жандырса да, ықтияр бере беріңдер, алла тағалла меннің маңдайымды ашайын десе, Ғалиды мұндай қылмас еді”, – деп мұңын шағады.
Ана мен қыз арасындағы дәрменсіздік, өмірден күдерін үзуі және өз ризашылығымен түседі. Осындай дәрменсіздікті біз Ахмет сүйгеніне қолы жетпей арманда кеткен Қамар сұлудан да байқаймыз.
Ағатай болдым ғашық мұрыныңа,
Көк бурыл иектегі құрымыңа.
Кірпідей аяқ – қолы жиырылған,
Қосылар күн бар ма екен тұлыбыңа, –
деген Қамар өлеңінен Нұрымды сүймейді тіпті мейлінше жек көреді. Оның кәрлігін, ұсқынсыздығын мазақ етіп, өлең шығарады. Ал екінші бір шумақтан Қамардың зорлық, зомбылығына шыдамай Нұрымға былайдейді.
Айтайын шын сырымды ауызба – ауыз,
Дөңкиген күйек сақал, сасық ауыз!
Ақ жүзді, ақыл – ойлы ақ сұңқарға,
Дәрі емес мал секілді малды жауыз.
Уай, шіркін, өмір сүрмек мені менен,
Мал шашып, маңызданған еңбегіңнен.
Өлсем де отқа түсіп, суға түсіп,
Бір минут тұра алмаспын сеніменен, —
дейді. Бұл сөзінен қандай қорлық көрсе де алған бетінен таймайтынын ашық айтады. Және Нұрымға көнбес үшін өлімге де дайын екенін сездіретінін мына шумақтан көреміз.
Бір өлем, күнде өлгенше саған тиіп,
Кетемін келмес жерге жаным қиып.
Ол жерден ала алмассың, бара алмассың,
Болыспын деп айқайлап, кісің жиып, —
Ақын бұл шумақтарда Нұрымға бетпе – бет кездесу үстіндегі жасаған зұлымдығын бетіне баса айтатынын ашады. Алғашқы шумақта ақын кейіпкердің ішкі мінез – құлқының беріктігін, қайсарлығын, күйініш – сүйінішін суреттейді.
Жамалға анасы жаны ашыса Қамарда әкесі жаны ашып араша түседі. Бұл сол кездегі қазақ қыздарының басындағы ең бір қайғылы да ауыр қиын кезеңді ақын заман кінәлі дей отырып бір қырынан ашса, екінші қоғамдағы әр түрлі келеңсіздікті баса сынап айтады.
С.Торайғыров Омар бейнесінен әлсіздік, шыдамсыз, панасыз, дәрменсіздікті танытады. Біріншіден, “Омар Қамарды Нұрымға беруге бірден қарсы шығады. Оспан мен Қалтан келіп, Қамарды Нұрымға беру жайлы сөз еткенде, шошып кетеді. – “Сыпыра бұзылған иттер, дендерің саума? Мәжүн болмасаңдар, қаражүрек болмасаңдар… Апырмай, апырмай, ұялмай – қызармай періштедей қарашығымды аяқты малдан жаман дөңкиген жауызға ұйғардық деп не беттеріңмен айтып отырсыңдар? Неден қысылдыңдар? Неден жүректерің үзілді?…” , – деп Омардың бірінші батылдығын , дәрменділігін танытса.
Екінші мына суреттеуден “Қамар секілді асып туған қарашығым сендердің надандықтарыңа шынымен – ақ қара тоқты болғаны – ау! Көз жасы, обалы мойындарыңда! Илайым көздерің ашылмасын ! Мейлің, итіңе, құсыңа бер. Ай, бағы ашылмаған қарағым – ай! Надандық – ай! – деп барып, еңіреп бүк түсіп жатып алады”, – десе. Шамасы келмей ақыры дәрменсіздік танытып, қайғырып қиналса
Үшінші бір суреттеуде “Омар қайтсін, амалы бар ма?! Іші – түтін, сырты – бүтін өлмегенге қара жер, құр сүлдері ғана, өрт сөндірген кісідей болып жүріп, тойын қылып, құдасын түсіріп жөнелтті”. Бұл арадан Омардың әлсіз наразылықтан аса алмайтынын танытады.
Романда Нұрымды суреттеуінің өзі – ақ оның ебдейсіз, дөрекі, зұлым екенін бірден байқатады. “Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді – бірге атыстырып, елді қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді” десе.
Екіншіден, “Құр Нұрымның залымдығы мен атағы болмаса, әліпті таяқ деп білмейтін надан, пішіні де жаман, ауызы толған боғауыз бен былш – былш насыбай, ішпей мас, әрі нас, елу шамасында жасы бар, қойсақтардың басындай басы бар, жай форымның өзі сұп – суық, бүйі секілді, түксиген, күпсиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді”.
Үшіншіден, Феодалдық ғұрыптың барлық тізгінін қолына берік ұстанған ол – елді жеп, қан қақсатып жүрген адам. Елдің оған шығарған бір шумақ өлеңінен де байқауға болады.
Халқыңды қан жылаттың, Жорға Нұрым,
Болдың ғой заманында сорға Нұрым.
Оспан деген жұтқышы тағы шықты,
Бара – бара қайтерсің, қайран күнім.
Деп, Нұрым мен оның сыбайластарының жауыздығын әшкерлейтін осы өлеңде халықтың басына төнген ауыртпалықтың мұңылы сарыны байқалады. Ақын Жорға Нұрым бейнесін Қамар арқылы тіпті ашыла түседі. Ол Қалтан мен Оспан арқылы Қамарды ризашылықсыз, күшпен айтырады. Қамардың наразылығымен есептеспей, оны зорлықпен тартып әкетеді. Осындай қым – қиғаш қайшылықтар арқылы ақын әр нәрсенің бетін ашып көрсетеді.
Осындай келеңсіз қатыгез алаяқ жауыздардың қолына түскен Қамардай қыздың бүкіл өмірі, қазақ қыздарының басындағы ең бір қиын жағдайда өмір кешкен бақытсыз махаббаттары үшін күрескен жаңашыл жастарды ақын қинала суреттейді. Демек осындай келеңсіз жағдайды біз “Бақытсыз Жамал” романынан да қарастырсақ. Ақын Жамалдың әкесін былай суреттейді. “Жүздеген жылқысы, үш жүздей қойы, дөңгелек шаруасы бар, негізі жұмсақ, момын адам”
деп ақын суреттейді. Роман орта шеніне келгенде Сәрсенбай бұрын момын, жуас, қақ – соқпен шаруасы жоқ жан енді билік үшін, байлық үшін неге болса да белін буады деп көрсетеді. Автор Сәрсенбайды қазақ жерінде капиталистік қарым – қатынас дами бастаған тұста билікке ұмтылған жаңа дәуірдің қаһарманы ретінде бейнелейді.
Көркем шығармада кейіпкерге баға беру әр кейіпкерге сай даралау мен жинақтау, кейіпкер мінез – құлықы, жүріс – тұрысының іс әрекеті арқылы автор жан –жақты ашып сипаттап көрсетеді. Сол арқылы көркем шығарманың идеясы ашылып, кейіпкердің мінез – құлқы қарама – қайшылықтары арқылы жазушы тілінің шеберлігін аңғарамыз. Ғалымның пікірлеріне қосыла отырып, көркем шығарманың тілін автордың өзіндік сөз қолданысына сүйене отырып, екі ақынның шығармасын салыстыру – салғастыру арқылы мақаламды ұсынып отырмын.
Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармасының тілі мен көркемдік ерекшеліктеріне ден қоя отырып, ондағы образдар жүйесінің өсу, даму деңгейін қарастыру және тиіптік, жанама образдарды ашуда басқада ақындардың шығармаларымен салыстыра отырып, жан-жақты зерттеу, жұмысымды қарастырмақпын.
Исследовательская работа направлена на всестороннее раскрытие образов оснавных героев произведений С.Торайгырова в сравнении с образами героев произведений других поэтов, а также на исследование особенностей изобразительно- выразительных средств и языка.
The research worh is devoted to the aee – round veve eation jf the imaqes of min heroes in s. Toraiqyrovis worhs in comparison nith the images of heroes in worhs of other poets, and also to the research of pecularities of the representative and expressive means and lanquaqe.
Әдебиеттер тізімі
-
Шалабаев Б. Көркем шығарма тілі және оны мектепте оқыту Алматы, “Мектеп” 1982
-
Қирабаев С. Алматы, “Мектеп баспасы” 2001
-
Аймауытов Ж. Шығармалары Алматы, “Жазушы” баспасы 1989
-
Дүйсенбаев Ы.Т. Сұлтанмахмұт Торайғыров “Жазушы” баспасы 1967
-
Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Алматы, “Санат” 1994
-
Міржақып Дулатов “Бақытсыз – Жамал” романы Алматы 1998