«Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы

0
6756
ҰБТ 2017

ОБЛЫСТЫҚ  ОЛИМПИАДАҒА   ҚАТЫНАСУШЫЛАРҒА   БАҒЫТТАЛҒАН  «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік – психологиялық тренинг  бағдарламасы   

Мақсаты: олимпиадаға қатынасушы оқушылардың  көңіл – күйлерін көтеру, өзара ынтымақтастықты қалыптастыру, ұжымдық бірлікті нығайту, арман – мұраттарға жетелеу, жағымсыздықтан, мазасыздықтан арылту, сенімділікке шақыру,  есте сақтауды, зейінді, қабылдауды дамыту, алға қойған мақсатқа ұмтылдыруды қамтиды.  

Көрнекіліктер: әуен, слайдтар, А3-А4 қағаз беттері, қарындаштар, жұмсақ ойыншық, үлестірмелі карточкалар, түрлі – түсті қима қағаздар, маркерлер.

Өтілу  бағдарламасы:

Тренинг — жаттығу: «Бүгінгі күнге сәлем»

Мақсаты:  оқушылармен танысу, қарым — қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.

Нұсқау: қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.
Талдау:
— Жаттығу сіздерге ұнады ма?
— Сіздің топ бұл тапсырманы қалай орындады?
— Сәлемдесу әдісі тез ойлап табылды ма?
— Сәлемдесу әдісінің идеясын топтан кім ұсынды?
— Қай сәлемдесу түрі сіздерге өте ұнады?
— Бір — біріңе өзгеше сәлем берген кезде нені сезіндіңіз?
«Кедергіні  жою»  тренингі

Мақсаты: оқушылардың  өз қорқынышын  жеңуге  көмектесу, мақсатқа бағыттау.                                                                                                           Нұсқау: Қатысушылар қарама қарсы екі топқа бөлінеді. Қолдарын бір — бірімен қайшылап тұрады. Оқушылар  жүгіріп кедергіден өтуі тиіс.

Тренинг:  «Бейнені құрастыр»

Мақсаты:  топтық байланыс орнату, көңіл – күйлерін реттеу, шығармашылыққа баулу, шаршағанды басу.

Ресурс: музыкалық әуен

Нұсқау:  жүргізуші  үш топқа «кеме»,  «табиғат», «тікұшақ» суреттерін  құрастыруы керек.  Берілген  қағаз қиындыларынан  топ  болып  бірігіп  макетті  құрастыруы керек.

Кері байланыс: Топ болып макеттерді құрастыру қиындық туғызды ма?

Құрастырылған макеттерді табу қиындық туғызды ма?

«Релаксация»  жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың бойларындағы жағымсыздықтары сыртқа шығарылып, дене – болмысын  ретке келтіру.

Нұсқау: Тренинг жүргізушінің нұсқауымен қимылдарды орындау.

  • Оң қолым ауырлады – оң қолды сілку 5 рет
  • Сол қолым ауырлады – сол қолды сілку 5 рет
  • Денем ауырлады – екі иықты қозғалту 5 рет
  • Барлық денем  жеңілдеді – қолдарын екі жаққа созу, 3 рет шапалақтау.

 

«Мені түсін» тренинг

Мақсаты: рөлдік қимыл – қозғалыс арқылы ұжымдық бірлікке,  көңіл – күйді көтеруге мүмкіндік береді.

Нұсқау: тренингке қатысушылар топтарға бөлінеді. Тренинг жүргізуші  әр топтарға тапсырмалар береді. Тапсырмада бір – бірден мақал – мәтел жазылған. Осы мақал – мәтелді олар қарсы топтарға мимикамен (ым – ишарамен) жеткізе білуі тиіс. Ал, қарсы топтар бұл мақал – мәтелді тауып айтулары керек.

«Мен —  ерекше  тұлғамын» тренинг

Мақсаты:  өзіндік ерекшелікті сезіну, өзін – өзі бағалауды көтеру, мақсатқа бағыттау.

Нұсқау: әр қатысушы 30 секунд ішінде, слайд арқылы көрсетілетін суреттерге  мақал – мәтел немесе ерекше сөйлем құрастыруы тиіс. Бұл жерде өзінің, жақсы қасиетін айтуға болады  болады.

Тренинг — жаттығу: «Маугли тайпасы»

Мақсаты: іштегі қысымды сыртқа шығару.

Нұсқау: қатысушылар тренинг жүргізушімен бірге бірдей байланыста іс – қимылдар жасайды.

«Кім тапқыр?» интеллектуалды тренинг

Мақсаты: оқушыларды жүйрік ойлауға, көре білуге, мақсатқа бағыттау.

Нұсқау: оқушыларға арнайы бейнефильм  көрсетіледі. Осы бейнефильм бойынша тапсырмаларды шешу қажет.

Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).
• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.
• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.
• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

Рефлексия: «Ақ тілек» Оқушылар шеңбер құра отырады да, жұмсақ ойыншықты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып, ыстық жылы лебіздерін, ақ тілектерін білдіреді.

 

Истигулова Мейрамгул Кантарбаевна

Ақтөбе   облыстық   мамандандырылған  физика – математикалық   мектеп-интернатының психологі  

                                                                                                                  


ПІКІР ҚАЛДЫРУ