Сөз таптары. Қазақ тілінен сабақ жоспары

0
3308
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: Сөз таптары

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға сөз таптары туралы алған білімдерін кеңейте түсуге мүмкіндік туғызу; 2.Білім, білік, дағдыларын іс жүзінде сауатты қолдана білуге дағдыландыру, өз ойларын айтып, оны талқылауға үйрету, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту;

3.Бірінің сөзін бірі зер салып тыңдай білуге, құрметтеуге үйрете отырып,
ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабaқтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру, іздену, көрнекілік, ой қозғау,топтастыру

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, плакаттар, слайдтар, кестелер.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, дүниетану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

— Қазақ тілім, өз тілім — ана тілім,
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім!
Қастерлейді ұл-қызын мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім!
— Міне балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Психологиялық дайындық

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді.

Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

Ендеше топқа бөлініп алайық.(сурет арқылы екі топқа бөлу) I- Тапқырлар, II- Алғырлар.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5– жаттығу.Жұмбақты оқып, көп нұктенің орнына қ\ғ әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз.

I- Тапқырлар — қар, II- Алғырлар-мамық сөзіне түбірлес сөз жаса.

Көкте жастық сөгілді,

Аппақ мамығы төгілді. (Қар)

2.Үй тапсырмасын бекіту.

Тапсырма.

1 топқа
1) Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр.
2) Сөз құpaмына не жатады?
3) Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
2 топқа
1) Түбiр сөз дегенiмiз не? Мысал келтір.
2) Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
3) Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр.

3. Қалауынша сөздер жаса. Оларды сөз құрамына талда.
Түбір жұрнақ жалғау

«Ой қозғау»
Келді тағы қыс,
Дала аппақ түс.
Екі аяқты шаңғымен
Дөңге шықтық бәріміз.
Өлеңнен заттың атын, қимылын, түсін, санын білдіретін сөздерді табу.
ІҮ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс(слайд арқылы жұмыс жасау.)

1-жаттығу.Мәтінді оқы. Неліктен сөздер сөз топтарына (сөз таптаына) топтастырылғанын ойлап көр. Көп нүктенің орнына тиісті сөз табын қойыңдар. Сөздер арқылы сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру:

Айналаңа бір уақыт зер салып қарашы. Сені жан-жағыңнан заттар қоршап тұр. Осы заттардың атын білдіретін сөздерді зат есімдер дейміз.

Заттырдың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер етістіктер деп аталады.

Заттар әр түрлі белгілерге (түрі, түсі, сапасы, саны) ие. Тілімізде мұндай белгілер сын есім және сан есім арқылы беріледі.

2-жаттығу.Топтастыру. Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар екен? Олар қандай сұрақтарға жауап береді? Әр сөз табы туралы білетініңді айтындар. Мысал келтір.

Сөз таптары

Нені білдіреді? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Сын есім. Қандай? Қай?

Сан есім. Қанша? Неше? Нешінші?

Зат есім. Кім? Не? Кімдер? Нелер?

Етістік. Не істеді? Не қылды? Қайтты?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:

а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. Ққ

3-жаттығу. «Кестемен жұмыс».

Сөздерді оқу, оларға сұрақтар қойып, мағыналарына қарай кестеге орналастыру:Жұлдыз, ата, ақын, адам, құс, оқыды, жуынды, жүзді,көк, үлкен, биік, жасыл,екі, жеті, отыз.

Зат есім Етістік Сын есім Сан есім

Жұлдыз, ата, ақын, адам,

құс

оқыды, жуынды,

жүзді

Көк, үлкен, биік, жасыл. Екі, жеті, отыз.
5-жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айту, жазу, сөздердің сөз таптарына талдау.

Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім.
Неше кіші ішік піштім?
б) Сергіту сәті:

Күн ұйықтайды.

Күн оянады.

Жел соқты

Жаңбыр жауды.

Бұлт шатырлады.

Күн ашылды.

Жел басылды.

ҮІ. Бекіту: 6 – жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтіннен борсық туралы не білгеніңді айтып бер.

Мәтіннің бастапқы бөлігін көшіріп жазып, сөз таптарына талдау.

(Слайд көрсету, борсықтың емге пайдалы жануар екенін айту)

Борсық майының құрамы, емдік қасиеті.

Адам баласы борсық майының шипалық

қасиетін ерте заманнан – ақ білген.

Халықтық медицинада борсық майы құяң,

туберкулез ауруларынжәне іріңді жараларды

емдеуге қолданылады. Борсық етінің сыртында

екі елідей майы болады, майын шыжғыртып

өкпе ауруына пайдаланады, сонымен бірге

барлық адамдар күнделікті өмірде емге,

азық ретінде пайдаланады.

7 – жаттығу.Сөздермен сөз таптарын сәйкестендер.

Зат есім әдепті, қызық, қоңыр, қышқыл

Етістік жеті, тоғыз, жиырма, елу, мың.

Сын есім аққу, емен, оқулық, ауа

Сан есім биледі, өсті, тазалады, ұшты.

ҮІІ. Қорытындылау.

  1. Тест жұмысы. (өзін-өзі бағалау)
  2. Балалар, бүгін біз не білдік? Не үйрендік? Нені білгің келеді?
  3. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?(жазып тақтаға ілу)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 4-жаттығу, 145 бет.

ІХ. Бағалау. Топты бағалау және оқушыларды жеке бағалау.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ