Сағыныш туралы өлең жолдары

0
4073
Сағын мені…

Сағын мені
Жыл құстары келгенде,
Гүл өскенде тауларғада белдерге.
Жердің жүзі көктегенде жаңадан,
Сағын мені қысты көктем жеңгенде.

Сағын мені
Қызғалдақтар өскенде,
Нөсерлетіп аспан нұрын төккенде.
Шарлай барып ойыңды да қырыңды,
Сағын мені тамшыларын сепкенде.

Сағын мені
Сарғайғанда аумағың,
Жапырақпен толған кезде жан-жағың.
Сағын мені сағын мені тағатсыз,
Қоңыр түске оранғанда тау жағың.

Сағын мені
Ызғар шалып тоңғанда,
Ақ көрпеге мынау ғалам толғанда.
Сағын мені ештеңеге мән бермей,
Отшашулы жаңа жылың болғанда.

Сағын мені
Өлең оқып жүргенде,
Білім алып ой санаңа кіргенде.
Мұқағали өлеңінен аумайтын,
Осындай бір өлең барын білгенде.
Сағын мені сағына бер тоқтама,
Жылағанда, қуанғанда күлгенде.

Авторы: Есхат Тәлетұлы

Акеге сагыныш

Келсенше аке, кірсеңші
келіп түсіме…
Әкелік көнің толама барлық ісіме?
Өтінем әке, көрінші маған, қызым деп,
Сағыныш толы сырымды менің түсіне…

Әкесіз өмір жазды екен маған несіне,
Деп кейде налып, көндікпей кетем күшіме…
Жылатып та кеп, жұбатып та кеп қинайды
Амалдың жоғы тағдырдың салған ісіне…

Ауылға барсам қыдырып, қалғым келеді,
Арнап бір, әке, басыңа барғым келеді,
Өмірге кейде өкпелеп қалам, сондайда,
Керексің әке, қасыңа барғым келеді.

Сарылта берме, сабылта берме сағыныш!
Жырларым тынба! Тозақтың торын алып ұш!
Періштелерім, сағыныш толы сәлемді,
Жұмақта жатқан әкеме менің алып ұш!

Авторы: Еламан Назира


ПІКІР ҚАЛДЫРУ