Сағадиев ата-аналарды Е-күнделікті пайдалануға мәжбүрлеу фактілерін тексереді

0
1502

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушылардың ана-аналарын электронды  күнделік енгізуге мәжбүрлеу фактілері рас болған жағдайда, мұғалімдермен мән-жайды анықтауға уәде берді.
«Мектеп өзі келісімге келеді. Егер ата-анасы келіп, мектеп директорына: «сіздің электронды күнделік енгізуіңізді қаламаймын» десе, онда мектеп белгілі бір әрекеттер жасауы тиіс. Бірақ, ата-аналардың мектепке келіп, электронды күнделікті енгізбеуді талап еткендігі туралы ақпарат  түскен жоқ», — деді ол ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар министр оқушылардың ата-аналарын аталған электронды базаға тіркелуге мәжбүрлеу фактілері орын алатын болса, онда сол ата-аналардың және мұғалімнің аты-жөні атау қажеттігін баса атты.
«Сіздер маған сол ата-аналардың және тіркелуге мәжбүрлеген мұғалімнің аты-жөндерін айтыңыздар. Сонда біз бұл істің мән-жайын анықтаймыз», — деді Ерлан Сағадиев.
Айта кетейік, өткен жылы тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі 2017 жылдың соңына дейін еліміздің барлық мектептерінде электронды күнделік енгізілетіндігін айтқан болатын.  Жоба құны 30 млрд. теңгені құрайды. Ол инвесторлардың қаржысы есебінен өтелмек.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ