Сайын даланың сардары

0
1815
 
         Қойнауы құтты , тарихы тағылымды Қазалы жерінде биылғы жыл -Ұлы тұлғаның ұлылығын ұлықтап, күллі қазақ жұртының тарих тереңіне бойлар жылы болды. Өйткені, қасиетті өлке – Қазалы төрінде батыр баба Жанқожа Нұрмұхаммедұлына —  240 жыл. Бабаның  240 жылдық мерейтойы қарсаңында өскелең ұрпаққа тарихын танытып, олардың таным көкжиегін кеңейту мақсатында   №249 мектеп-лицейде  «Өнер»  орталығы мен тарих пәнінің мұғалімдерінің бірлесіп дайындаған  «Сайын даланың сардары» атты тарихи қойылымы мектеп көрермендерінің назарына   ұсынылды.
         Төрт бөлімнен тұратын сахналық қойылымда азаттық жолында басын бәйгеге тіккен халық батыры, Сыр қазақтарының Хиуа, Қоқан, Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы болған Жанқожа батырдың шыр етіп дүниеге келуі мен өткен өмірі, ерлік істері мен көріпкелдігінен хабардар ететін қыры мен сыры туралы сюжет жасалған. Зорлық-зомбылықты білмеген, қара қылды қақ жарған әділ  , біреудің біреуге жасаған қиянатын кеше алмаған  Жанқожа бабамыздың өмірінің тағылымды тарихынан сыр шерткен көріністерді аса шеберлікпен  сомдаған мұғалімдер мен жоғары сынып оқушыларының талантына тәнті болған  көрермендер өз ризашылықтарын білдіріп, «Бабаның бойындағы өрлік, өжеттік қасиеттерді сүйсіне тамашалаған бүгінгі ұрпақтың санасында  «Азаттық», «Тәуелсіздік» ұғымның  киелі екендігі жатталып, ендігі жерде  баба  рухына мәңгілік бас иіп, тағзым етуді адамдық парызым санайтын ұғым қалыптасқандай әсерде қалдық» деген ойларымен тарқасты. Әрбір ұлы тұлғаның бейнесі алдағы уақытта лицей сахнасының төрінен жарқырай бермек.
 
Қызылорда облысы, 
Қазалы ауданы,
№249 мектеп — лицей жаңалықтары 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ