Құқық пәнінен рефераттар. Салыстырмалы құқықтанудың пәні және функциялары

0
3323

 \r\n\r\nӘр түрлі құқықтық жүйелердің ерекшеліктерін салыстырмалы құқытану арқылы зерттеу ертеректен бері қолданып келеді. Құқықт ық әдет-ғұрыптарды салыстыру арқылы Францияда жалпы әдет құқығының принциптері, Германияда неміс жеке құқығының принциптері белгіленген. Алайда ол уақытта «Салыстырмалы құқық» термині қолданылмаған. Салыстырмалы зерттеудің маңызы құқықтануда ХIХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында өседі.\r\n\r\nӘлемдегі құқықтық жүйелердің дамуы Қазақстанда социалистік құқықтық жүйенің орнын роман-германдық құқықтық жүйенің басуы қазіргі замандағы басқа елдердің құқық мәселелеріндегі тәжірибелерін қарастырып қана қоймай, құқықтанудың қазіргі танымдары мен әдістерін салыстыра зерттеуді қажет ете бастады. Ал дамудың біздің республикамызға ұқсас жолдарынан өткен елдердің тәжірибесін ескеру өз еліміздің құқығының өзіндік ерекшеліктерін мұқият талдап, шет елдік құқық институттарының жақсы үлгілерін өзімізде пайдалануға, соған керісінше, өзін-өзі ақтамағандарынан іргені аулақ салуға мүмкіндік береді.\r\n\r\nАл ондай мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану үшін әркелкі үлгілер мен институттарды біліп қана қоймай, оның артықшылықтары мен кемістік тұстарында мұқият зерттеуге тура келеді. Оған зерттеу мен зерделеу ісін сын көзбен қарай отырып, салыстыру үстінде көз жеткізуге болады.\r\n\r\nҚұқық ғылымының объектісі – құқық және мемлекеттің нақты құбылысы.\r\n\r\nНақты құқықтық құбылыс дегеніміз – мемлекеттегі әрекет ететін күші бар заңдар, ал нақты мемлекеттік құбылыс – мемлекеттегі нақты ресми билік. Құқықтық ғылымның объектісі екеу бола тура, оның пәні біреу. Ол құқық пен мемлекеттің мәніне негізделген оларға ортақ түсініктерді дайындап, зерттеуі керек.\r\n\r\nСалыстырмалы құқықтанудың пәні – ғылымның осы саласына тән әдістер арқылы алынған құқық түсінігі.\r\n\r\nСалыстырмалы құқықтану мынандай функцияларды атқарады:\r\n

    \r\n

  1. танымдық, яғни өз пәнін зарттейді;
  2. \r\n

  3. әдістемелік;
  4. \r\n

  5. идеологиялық, құқықтық сананың қалыптасуына қатысады;
  6. \r\n

  7. тәрбиелік, құқықтық мәдениеттің өсуіне көмектеседі;
  8. \r\n

  9. қолданбалы құқық шығару және құқық қолдану деңгейлерінің өсуіне мүмкіндік жасайды.
  10. \r\n

\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ