Сатиралық ертегі

0
848

Айдын жүзі арбаша домалана өткен күнінің бірінде сал-серілерден
тәрбиені инемен құдық қазғандай басына құйып алған ауылдың баласы мен
заманның ырығында қылтым дүниеге масайған қала баласы азулы талас
әңгіменің үстінде бір – бірімен «кім мықты» дескен сұрақта мақтана
шүйрігеді. Қазақтың қара боп ескен ауылдың торы баласы асық ойнаудан
бері, ұлт дәстүрінен бірнеше иірім тарта дәріптеуге тырысқанмен, қаланың
баласы инстаграм желісіндегі жасаған небір челендждері мен түсірген «тик-
ток» бейнелерімен дес бермейді. Одан аса «Ютуб» каналындағы контентпен
қанша қаралымға ие болғандығымен танау көтеріп, «жақында әкем «Iphone
11 Pro» ұялы телефонын алып береді» деп сескіндірмек болады. Қаймықмай
азуын қиыстырған ауылдың баласы да қанша баланы осы уақытқа дейін
қазақша күрестен жеңіп, әлемдік дода да қаншама жанның арқасын қызыл
кілемге байлағанын жеткізеді. Екеу ара біршама қызу талқыластың әсерінен
жандарында тұрған балалар да бөліскендей, тең жартыдан екі санасқан
баланың қолдаушысына айнала «алға, бас!» деп қояды.

«Осы уақытқа дейін дым бітірмеген екенмін-ау» деген сынды оймен
қалалық бала айлалыққа басып, «Корей» жігіттерінен өнеге аламын деген
сөзін аңдамай айтып қалады. Ашуы ыршыға түскен ауылдың баласы шыдамы
таусылып, намысқа тырысып, онымен ауыр тас көтеруден, күрестен, асық
ойнаудан, теңге алудан батлға шақырады. Қалалық бала да бірден келісе
кетіп, бес минуттың ары-берісінде дайын болып шыға келді.

Ортада шаңмен арпаласқан екі баланың боқтық сөздері желдей гуілдеп,
көше бойындағылардың барлығын өздеріне телміртіп қойды. Қанша жерден
тырысқанмен қалалық баланың ебедейсіздігі бір елі қылығынан шығар емес.
Ұяттық сөздермен оқтауласа, барлық ойыннан жеңіліс тапқан қалалық бала
екі беті қызыл қызанақтай қоюланып, әп-сәтте жыларман күймен қаша
жөнеледі.

«Қазақ жігіттерінен үлгі ал!» деген соңғы сөзімен ауылдық бала да өз
жөнімен Қайрат Нұртастың «Ауырмайды жүрек» әуенінің ыңылымен кете
береді…!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ