Сезім мүшелері. Құлақ, мұрын, көз, тері, тіл. Оларды күту ережесі

0
25479
 
Абикеева Тлеукүл Ахтаевна
 
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кентіндегі жалпы
орта білім беретін мектептің мұғалімі
 
МЕКТЕПТЕГІ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ДҮНИЕТАНУ» ПӘНІН ЖҮРГІЗУДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ
 
   Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері.  Құлақ, мұрын, көз, тері, тіл. Оларды күту ережесі.
   Сабақтың мақсаты:   
\r\n

    \r\n

  1. Сезім мүшелерінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру.\r\n 2.«Сезім мүшелері» арқылы заттарды таныта отырып, ой-өрістерін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
  2. \r\n

  3. Сезім мүшелерін күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.\r\n Сабақтың түрі:\r\nКөрнекілік құралдар: 1. Сезім мүшелерінің суреттері.\r\n                                       2. Үнтаспаға жазылған әуендер, суреттер. 
  4. \r\n

  5. Жұмбақтар.\r\n  I. Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларын 3-қатарға бөліп отырғызу.\r\n     Сәттілік тілеу: – Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.   
  6. \r\n

\r\n

    Бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені біз сендермен өзіміздің сезім мүшелеріміз туралы қызықты мәліметтер  аламыз.
 II.Психологиялық дайындық:
  Балалар – гүлім менің,
  Балалар – күнім менің.
  Балалар нұр сыйлайтын,
  Бүгінгі күнім менің, – дей отырып балалар, сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңеймін.
Оқушылар:
  Кеудемізде күн күлсін,
  Бізге шуақ нұр құйсын.
  Мейірімді жан өзіңмен,
  Көңілім жайнап құлпырсын!
  Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
 
III.Өткенді қайталау: Қайсысы қалай дыбыcтайды?         Бүркіт, қарға, арыстан, әтеш, 
 кірпі, жылан, құрбақа, балықтың суреттерін жеке-жеке шығарып, көрсету.
 Тақпақты хормен айтқызу. Балалар, мына суреттерді не арқылы танып білдік? Әрине, көз арқылы.
 Табиғатқа қарап не үйрендік? Жаңбырдың жауғанына қарап – егістікті қолдан жауында-
 тып суаратынын; Ұшқан құсқа қарап – ұшақты; Балыққа қарап – сүңгуір қайықты, кемені.
 Қоңызға қарап – жүк көліктерін т.б.\r\n  IV.Жаңа сабақ:
 
Мұғалім: Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып  қабілеттер бізге 5сезім мүшесі арқылы беріледі.
 — Олай болса, сезім мүшелерінің қызметімен танысайық.\r\n V.Тақтамен жұмыс. (Тақтада сезім мүшелерінің суреттерін жеке-жеке шығара отырып, 
     түсіндіру).\r\n  Мұғалім: Балалар, әр сезім мүшесіне байланысты жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтың жауабы бойынша жеке-жеке мағлұмат аламыз.
 
\r\n

    \r\n

  1. Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін? (Көз). (Суреті көрсетіледі).
  2. \r\n

\r\n

 — Көз не үшін керек? Көз адамның негізгі мүшесі.
 « Көз – адамның айнасы». Көзді шаршаудан және зақымданудан сақтау керек.
Қазір теледидар, компьютер және басқада электронды құрылғылар көп қолданылу үстінде. Олармен жұмыс істеу үшін гигиена ережелерін сақтау қажет. Ең алдымен дұрыс отыра білу керек. Қол мен  білек үстелде еркін жатуы тиіс. Дене шамалы алға еңкейеді. Компьютердің экраны көзден 50-55 см. қашықтықта болғаны дұрыс. Теледидарды көп көруге болмайды. 
 Есіңе сақта!-Жатып оқыма; көлікте және қараңғы жерде кітап оқуға болмайды. (Суреттерін көрсету)
 VI.Сергіту сәті: ‘Сауықтыру минуты”.  
 
Келесі жұмбақ:
\r\n

    \r\n

  1. Күмбір-күмбір қарағым,
  2. \r\n

\r\n

Қартайғанша жарадың. (Құлақ).
-Бұл қандай мүше? Есту мүшесі. (Музыка қою).
Көрмей-ақ, жануарларды бір-бірінен қалай ажыратып, анықтауға болады? Дауыстаған дыбыстарын есту арқылы.\r\n   Есіңе сақта: а) Құлақты аса қатты дыбыстан, шудан қорғау;
ә) Желден қорғау;  
б) Су кіргізіп алмау. Дұрыс тазалау. (Суреттерін ) көрсету.
 
VII.Сергіту сәті: Музыкалық әуен тыңдалады.
 Келесі жұмбақ:
\r\n

    \r\n

  1. Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын).
  2. \r\n

\r\n

(Суретін шығару).
 Сарамандық жұмыс: (иіс су) шашырату, иісін сездіру.
 (Суретін шығару). Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынымен сезіп,  ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. Мұрындарын қолмен  басып, демалдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату.
 
\r\n Келесі жұмбақ:
\r\n

    \r\n

  1. Дәм сезетін жүйрік,
  2. \r\n

\r\n

    Денесі жұмсақ сүйрік. (Тіл). (Суретін шығару).
    -Тіл туралы не білеміз? Нені сеземіз?
    Тіл – сөйлеу мүшесі. Ғалымдардың айтуы бойынша тіл ұшы – тәттіге жауап береді екен. Ал тіл шеттері қышқыл мен ащыны жақсы ажырататын көрнеді. 
 Тіл арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі.
 
 Сарамандық жұмыс: Лимон дәмін сездірту.
 Дәмді тілмен сезеді. Тіл – дәм сезу мүшесі. Балалар, сезім мүшелері күтімді қажет етеді.  
 (Шеге, қалам, қайшы, пышақ, ине) суреттер көрсетіледі. Құлақты  үшкір заттармен тазалауға болмайды. Тісті, тілді, құлақты таза ұстау керек.
 
VIII.Дәптермен жұмыс:
 Суреттерді сәйкестендіру.
 Мұғалім: Балалар, мен сендерге суреттер беремін. Сол суреттерге қарап әр сезім мүшелерінің  сәйкестігін табасыңдар. Әр бала жеке-жеке жауап береді. Өткен сабақтарда үй- жануарларының төлдерін  сәйкестендірген болатынбыз.\r\n IX. Қорыту: Не жалғыз? Көз екеу, қол екеу, екі аяқ, екі құлақ, не жалғыз? (Мұрын, тіл).
 
 
      Сұрақ-жауап. (Суреттері шығып тұрады).
      Мұғалім:
      -Екі қолың не үшін қажет? Елге көмек беру үшін.
      -Екі көзің не үшін қажет? Жақсыларды көру үшін.
      -Екі құлағың не үшін қажет? Ақыл кеңес тыңдау үшін.
      -Екі аяғың не үшін қажет? Сабаққа кешікпей, уақытында келу үшін.
    -Ендеше балалар әр нәрсені сезу үшін нелер көмектеседі екен? (Сезім мүшелері).
 
   X.Бағалау: Әр сабаққа қатысып отырған оқушыға жұлдызшалар мен смайликтер таратып беру.\r\n          — Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?\r\n          — Сендерді не қызықтырды?\r\n\r\n
   XI.Үйге тапсырма: Сезім мүшелері туралы әңгімелеп келу.
 
 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ