Сезімтал адамдарға тән 14 қасиет

0
1374
Сіз майда заттарға өзгелерге қарағанда көбірек мән бересіз бе? Айналаңыздағы адамдардың қандай сезімде екендігі туралы жиі ойлайсыз ба? Тыныштықты, жалғыз қалғанды жақсы көресіз бе?
Егер жоғарыда айтылғандар сіз туралы болса, сіз нағыз сезімтал жансыз. Мінездің бұл қыры алғаш рет 1990 жылдары зерттелген. Әлемдегі әрбір бесінші адам өте сезімтал болып келеді. Ал сіз ше? Мүмкін сіз де солардың бірі шығарсыз?

1. Сезімтал жандар заттың табиғатына терең үңіледі. Олар айналадағыларға қарағанда жақсырақ сезеді.

2. Олар өте эмоционалды. Кез келген ситуацияға қарсы жауап қайтарады. Яғни қиындықтарға байланысты қатты уайымдайды, жақындары үшін алаңдайды.

3. Олардан не себепті өте сезімтал екендіктерін жиі сұрайды. Мемлекеттерде сезімталдықты тым жақсы немесе тым жаман қасиет деп қабылдайды. Сауалнама нәтижесіне сәйкес Солтүстік Американың сезімтал адамдарына қарағанда тайландықтарда кішкентай кезінде аз ызаландыратын болған екен.

4. Олар жалғыз жаттыққанды ұнатады. Көп жағдайда командалық спорт түрлерінен бас тартады. Велосипед айдау секілді жалғыз жүріп орындайтын спорт түрлерін таңдайды.

5. Оларға шешім қабылдау үшін көп уақыт қажет. Тіпті, қате шешім жоқ болған жағдайда да ұзақ ойланады. Мысалы, қандай балмұздақ сатып алу керек мәселесіне келген кезде.

6. Қате нұсқасы бар шешім қабылдар кезде қатты қиналады. Барлық адам қате шешім қабылдаудан қорқады. Ал сезімтал адамдар барлығын жүрегіне жақын қабылдайтындықтан, бұл мәселеге аса сақтықпен келеді.

7. Детальдарға мән береді. Қоршаған ортадағы өзгерістерді жылдам байқайды.

8. Олардың барлығы интроверт емес. Шамамен сезімтал адамдардың 30%-ы экстраверттер. Бұл көбінесе олар тәрбие алып жатқан қоғамға байланысты.

9. Олар командада өте жақсы жұмыс істейді. Терең ойлай алу қабілеттерінің арқасында командадағы пайдалы адамдардың біріне айналады. Майда детальдарды анализдеп, барлығын ой елегінен өткізіп отырады.

10. Күйзеліске жылдам шалдығады. Жоғары эмоционалдылықтарының арқасында жүйкесі сыр береді.

11. Мазасыз болады.

12. Қорқынышты фильмдер көре алмайды. Барлығын жүрегіне жақын қабылдайтындықтан, аталған жанрдағы фильмдерді көрмеуді жөн көреді.

13. Олардың мінезі жақсы болып келеді. Ар-ождан сезімі өте жоғары. Кездесуге әрдайым кешікпей келеді.

14. Сынды дұрыс қабылдай алмайды. Кез келген сын бұл адамдарды уайымдатады. Сондықтан олармен сөйлескен кезде дұрыс сөздер айта білу керек.

Жоғары сезімталдық – нашар мінездің көрсеткіші емес. Мұндай адамдар табиғатынан адамгершілігі мол, әділ келеді


ПІКІР ҚАЛДЫРУ