Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына «Қалқаман-Мамыр» поэмасынан үзінді

0
1859
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына «Қалқаман-Мамыр» поэмасынан  үзінді

Қатысушылар:
  1. Әнет баба-Маратұлы Азамат- 10-сынып оқушысы
  2. Бала-Сақыпджанов Серікжан- 6-сынып оқушысы
  3. Қалқаман-Еркебуланов Елдос — 10-сынып оқушысы
  4. Мамыр-Мұхамеджанова Адель -10-сынып оқушысы
  5. Есбол- Советбеков Қайсар- 8 –сынып оқушысы
  6. Көкенай-Узханов Санжар — 9 –сынып оқушысы
  7. Олжай-Жакупжанов Азамат -8-сынып оқушысы
  8. Қыздар, жігіттер тобы- 9-10-сынып оқушылары

Сахнаға  Әнет баба мен бала шығады. (Сахна сыртынан әуен ойнап тұрады)

Бала: Баба, Мәмбетейлер бізге қалай туыс? Сол арасын ажыратып беріңізші? .

Әнет баба: Е, балам, білгің келіп отырғаны-Қалқаман мен Мамырдың жайы ғой… Менің атам-Кішік деген кісі, ал ол кісінің ағасының балалары Мәмбетей болады. Сонда олар немерелер ғой.

Бала: Қалқаман мен Мамырдың оқиғасын айтыңызшы, ата. Өз ауызыңыздан естиін.

Әнет баба: Ол-ұзақ әңгіме. Бірақ ел білген шындықты сен де білуің керек ғой. Айтайын, жүр, үйдің көлеңкесіне отырайық. (Сахнадан шығып кетеді. Мамыр ұлша киінген, қолында қамшы, қасында Қалқаман келеді)

Қалқаман: Мамыр құрбым, жылқыларың ұзап кетті ғой.

Мамыр: Ұзаса, көп болса сіздің ауылға барар. Қалқаман мырза, барған жылқы қыз емес қой, қайтарарсыздар. (Күледі)

Қалқаман (Мамырға жақындап):Мамыр, рұқсат етсең, өзіңе бір жұмбақ сауалым бар еді.

Мамыр: Құлағым сізде.

Қалқаман: Ей, Мамыр, адамды алла жаратыпты,

Хауа-Ананы адамға қаратыпты.

Бірін- еркек, біреуін — әйел қылып,

Екеуінен көп жанды таратыпты.

 

Мамыр:   Ей, Қалқаман, тегі жоқ, құдай жалғыз,

Мұқтаж емес жолдасқа тіпті армансыз.

Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз

Өмір қызық дегенді естен қалғыз.

Қалқаман:Тауып айттың, Мамыржан, ұқтым жайын,

Сөйтсе-дағы тағы бір сөзім дайын.

Махаббатты жарым жоқ, жәрдемшім жоқ,

Өлейін бе, қайтейін, кімге айтайын?

(Мамыр ұялып, Қалқаманға қарай жақындап келеді де, кілт бұрылып, сахнаның екінші бұрышына барады)

Мамыр:  Ей, Қалқаман,

Байқадым сөз аяғы бізге таман,

Қазір жауап берерлік уақыт емес,

Сөйтсе де үміт үзіп өлмек жаман…

(Екеуі бір-біріне жақындайды, Қалқаман Мамырдың қолынан ұстайды)

Мамыр: Мен кетейін.Қалқаман! (Жүгіріп шығып кетеді)

Қалқаман (артынан): Мамыр, Мамыр, қайран Мамыр! Сездірдім-ау әйтеуір. Айттым ба? Шынымен бе? (шығып кетеді)

Есбол: Қалқаман-ау, Қалқаман! Қайда кетті екен? (Қалқаман шығады). Ой, пәле, қайда жүрсің? Сүйіншімді бер.

Қалқаман: Не, не болды? Айтсаңшы зарықтырмай.

Есбол: Өзің былай құлап қалма, абайла дегенім ғой. Бүгін Мәмбетей ауылында үлкен той, ұлы жаңалық, Мамыр… (Ары қарай айтпай қалады)

Қалқаман (шошып кетеді): Мамыр, Мамыр дейсің бе? Оған не бопты?

Есбол: Мамыр бүгін тұңғыш рет қыздың киімін киіпті. Әрі бүгін бастаңғы жасамақшы. Бізді, мені, содан кейін сені шақырды.

Қалқаман: Шын ба? Шынымен атқан оғым тиді ме? Мен үшін қыз киімін киді ме? Әлде, әлде менен басқа біреуді сүйді ме?

Есбол: Сүйді ме? Киді ме? Басқа біреуді сүйсе, бас қосуға сені шақырады ма, ей? Өзің-де бір. Сөзді қой да, сүйіншімді бер. Сүйінші сұрап келсем, «сүйді ме?», «тиді ме?»,-деп, басты қатырады ғой өзі.

Қалқаман: Есбол, сүйіншің болсын, қалағаныңды ал. Кешке, кешке дейсің бе? Жүр, үйге барып дайындалайық. (шығып кетеді)

Қалқаман: Мамыр, күнді де, түнді де өткізе алмадым. Жауабыңды бер.

Мамыр: (жан-жағына қорқып қарайды)

Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,

Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.

Жас кісіде бар болса жігер-намыс,

Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.

Қалқаман: Ей, Мамыр, бұл іс оңай, алдамасаң,

Зорлық жоқ, өзің сүйіп таңдамасаң.

«Ержеткен қыз еркімен ерге тиер»-

Молдалардан есіттім әлдеқашан.

Мамыр:Қалқаман, рас болса айтқан сөзің,

Сен үшін келіп тұрмын, көрді көзің.

Сүйген жарым, сүйенген жаным сенсің.

Не қылсаң да біле бер, мейлі өзің.

Мамыр: Қыз алған жоқ жақынынан Тобықты әзір,

Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.

Өзімді аяп тұрғам жоқ, Сізді аяймын,

Сен сау болсаң, болар ем мен-ақ әзір.

Қалқаман: Мамыр-ау, айтып тұрмын әлдеңені,

Шариғат қосады екен немерені.

Қайғы ойлап, жаман ырым айта берме,

Алаңсыз сүйген болсаң анық мені. 

 

Олай болса, кетейін қазір алып,

Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып.

Азар болса, мал алар, адам алмас,

Тобықтыны жиярмын бара салып.Жүр кетейік.

(Екеуі жүгіріп сахнадан шығып кетеді. Әнет бабаға Олжай кіріп келеді)

Әнет баба: Олжаймысың, неғып жүрсің, асыққан жұмысын не?

Олжай: Қалқаман қашып келді, Мамырды алып,

Қапы болдық өзгеміз білмей қалып.

Алыс жерге кетсін бе, тоқтасын ба,

Ақыл сұрап келіп ем Сізге салып.

Әнет баба (басын шайқап):Айпыр-ай, бір жаман түс көріп ем бүгін, бітімсіз іс кез боп қалар ма екен? Көкенайдың мінезі қатаң еді.,

Кете алмас бір жас бала,

Тобықтыға хабар қыл бара сала.

Болған іс болған шығар, малды аяма,

Өзі оңдасын ақырын хақ тағала.

Болмады, болмады, амал не?

Олжай: Онда… (

(Сахнаға   Көкенай мен қойшы жігіт  шығады)

Олжай: Болар іс болды, ағайын! Білмей, қапы қалдық. Бәйеке, қыз жат жұрттық қой, қалауыңызша қалың мал алыңыз. Сонымен бітісейік.

Көкенай: Жоқ, Олжай, сандырақтама! Қалқаман мен Мамырды өлтірмесеңдер, Баба, өзіңді де көрмей кетуге бармыз.

Әнет баба:Өлтірер жұмыс емес,

Таспен атып өлтірмек бұл іс емес.

Біреудің некелісін бұзбаған соң,

Қанына ортақ болу дұрыс емес.

Көкенай: Олай болса, бұл қорлыққа шыдамаймыз. Тобықты басқа туысқан тауып алсын! Біз жер ауып көшеміз. (Шығып кетеді)

(Мамырдың қасында бір топ қыз. Әзілдесіп күліп келе жатады)

Көкенай (қасындағы біреуден): Анау бір топ жаяу кім?

Қойшы: Ол Мамыр, Мамыр ғой.

Көкенай (Садағың қолына алады): Әу, қыздар, Мамырдан аулақ жүріңдер (айқайлайды). Ұялмай жүзіқараның жүргенін. (Атып салады. Мамыр кеудесін басып, құлап түседі. Қыздар жүгіріп келіп, басын сүйейді. Көкенай келеді)

Мамыр: (басын көтереді, екі қыз сүйеп отырады):

Көкенай, қарғамаймын сөзіме бақ,

Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ.

Екі қан бір өзіңе ауыр болар,

Болма енді, болма енді Қалқаманның қанына ортақ.

Аман бол, Қалқаман! Қош!(Өледі. Қыздар жылайды)

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ