Шөл және шөлейт зонасы

0
14934
Әбіш Кекілбаев

Шөл және шөлейт зонасы

Қазақстанның 900 км солтүстіктен оңтүстікке, 3000 км шығыстан батысқа дейін алып жатыр. Бұл зона өзін ің өте құрғақтығымен ерекшеленеді. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 10-200 мм, ал судың булануы 10-12 есе жоғары. Қыстың өте суық айының температурасы орташа -5,15 С. Қар жамылғысы болымсыз 5-10 см. Жазғы температура +40-45 С дейін жетеді. Солтүстік бөлігінде шілденің орташа температурасы +25 С- ға дейін барады. Жердің шаңын көтеріп, жапырақтың үстінгі қабатын кептіріп соғатын жел де осы зонаға тән. Шөл және шөлейт зонадағы вегетациялық кезең орта есеппен 220-240 күнді құрайды.

Әдетте бұл зона екі зонаға бөлінеді- солтүстік және оңтүстік. Экожүйенің мамандары бес ендік зонаға бөледі- солтүстік далаға айналған жерлер, орта, оңтүстік, құрғақ тау етегі және өте құрғақ тау етегі. Шөлдер рельефтердің ерекшелігімен ажыратылады. Қазақстанда құмды шөлдер көп ( Қызылқұм, Мойынқұм, Сары-Есік Атырау, Арла бойы Қарақұмы). Қазақстанда сазды шөлдер, құмды шөлдердің арасында немесе солармен қатар тұрады. Ең ірі сазды шөлдер – Үстірт пен Бетпақдала.

Тасты шөлдер Орталық Қазақстанға тән. Лессті сазды жерлер — Оңтүстік Қазақстан тауларының айнала кең алқабын алып жатыр. Сорлы шөлдер барлық шөлді аймақта ұсақ сулы орындарда кездеседі. Шөлді аймақтағы өсімдіктер бірлестігін негізінен астық тұқымдастары- бұталы, құмды бұталы, эфимериодты-жартылай бұталы, бұталы-сексеулді, эфимериодтарға бай үлкен шөптермен және жартылай бұталықты және эфимериодты — псаммофитті- бұталы. Шөл зонасы жайылымға қарқынды пайдаланылады. Кейде күш мөлшерден тыс түседі.

Сексеуіл отқа жағу үшін кеседі. Сондықтан белгілі бір жерлерді қорғауға алу қажеттігі туады. Тау етегі шөлдері белгілі бір мөлшерде пайдаланылады. Соңғы жылдары шөлдердің жекелеген аймақтарына техногенді күш түсіру ұлғайп келеді. Шөл зонасы табиғи күйінде сақтау үшін құрылған- Үстірт, Барсакелмес және Алакөл қорықтары бүкіл зона бойынша кездесетін биологиялық алаун түрліліктің сақталуын қамти алмай отыр.

Құмды шөл өсімдіктері. Қазақстанның құмды шөлдерінің өсімдіктері бірқатар көп және әр түрлі болып келеді. Араларында қуыстары көп борпылдақ құмды топырақтан сутөмен қарай тез өтіп, тереңде тығыз тау жыныстарының үстінде жиналады; бұдан су өте алмайды.

Әдетте, шөл жерлердің түні салқын, күні ыстық келеді. Соның салдарынан салқындаған құмның бетіне су буы тамшы түрінде шық болып түседі. Бұл су тамшыларынан құмды топырақ астында ылғал жиналады. Су мол болған жерде- өсімдік те көп болады. Қазақстанда құмды шөлдер көп, олар миллиондаған гектар жерді алып жатыр. Амудария мен Сырдарияның арасында Қызылқұм жатыр. Мұның солтүстігін ала Арал теңізінің жағалауларында Арал маңы құдары келеді; бұлардың арасындағы ең ірі участоктарын Үлкен және Кіші Борсықтар деп атайды. Одан да солтүстіктк Волга мен Орал өзендерінің аралығында Каспий маңы құмдары жатыр.

Шу өзенінің төменгі ағысында Мойынқұм, ал Балқаш көлінің оңтүстік жағын және Іле өзенінің аяғын ала Тауқұм, Сарыесік Атырау деп аталатын Оңтүстік Балқаш маңындағы құмдар жатады. Көлемі кіші құмды шөлдер Орталық Қазақстан жерінде де кездеседі. Құмды өсімдік алдымен құм төбелер арасындағы ойпаттарда, беткейлерінде, содан кейін ғана құм төбелердің үстінде өседі. Жапырақтары өте кішкене . Бұтақтарында ұсақ, жұмыр, шырынды, күңгірт жасыл болып өсетін өркендері ғана бар. Кішкене ғана, көзге әрең көрінетін, күрең түсті қабыршақтар болады.

Органикалық заттар өркендерде түзіледі. Көктемнің бас кезінде өркендерінде ұсақ-ұсақ жасыл түсті гүлдер шығады да, тұқымы күзде піседі. Тұқымы жалпақтау келеді де, оның бозғылт немесе қызғылт түсті үлпектері болады, сол арқылы бір жерден екінші бір жерге ұшып кетеді. Сексеуілдің өркенін ауызға салып шайнаса, оның дәмі сортаң-кермек татиды. Сексеуілдің жас бұтақтары мен тұқымын түйе жыл бойы, ал қой мен ешкі күзде жәнеқыста ғана жейді. Құм төбелер мен құм жалдарының төбесі мен беткейлерінде жүзгеннің әртүлі түрлері кездеседі. Жүзгенде де жапырақ болмайды. Мұның сұрғылт немесе сарғылт түсі и жас бұтақтарнда салбырап тұрады. Жүзгеннің гүлі ақ немесе қызыл түсті, ұсақ хош иісті келеді.

Жүзгеннің жемісі кішкентай кірпі тәрізді: жан-жағында жал-жал болып біткен құрғақ өркендері бар, олар ұшы тойтарылған ине тәрізді келеді. Жемісінің ішінде тұқымы бар. Домалақ құрғақ жемісті жел айдап қырдан-қырға , беткейден-беткейге домалап, ақырында, ықтасын жерге әкеледі. Бұл жерде жүзген жемістері көбейіп, қабат-қабат болып жиналып қалады. Тұқымдары өніп шыққан кезде, ұяда өскен еменнің тұқымдары счияқты қалың болып өскен көгі жақсы сақталады.

Құм қараған немесе қоян сүйек өте әдемі өседі. Бұл бұта тәрізді де кішігірім ағаш тәрізді де болып келеді. Жапырақтары жиденікі тәрізді жіңішке және бозғылт түсті болады. Бұршақтар тәрізді күлгіндеу келген гүлдері шашақтанып бітеді. Олар бозғылт түсті жапырақтардың арасынан ерекше көрінеді. Кішкене бұршақ тәрізді жемісі болады. Қоян сүйекте де барлық барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердегі сияқты, белок көп, сондықтан ол қой сүсініп жейтін шөптердің бірі.

Құмда көптеген шлактарда жақсы өседі. Солтүстік шөлдердегі құмдардың төбесі мен беткейлерінде жалпақ және ұзын жапырақтары бар, масақтары кере қарыс, сабандары жуан келетін қияқ та алыстан көзге түседі. Мұның сабақтары қатты; білеуленіп біткен шырынды тамырсабақтарынан шашақтанған жіңішке тамырлар жан-жаққа таралып, кең аймақ алып жатады да, жылжымалы құмдарды жақсы тоқтатады. Қияқтың тамырсабағын жылқы құмнан тұяғымен теуіп жейді. Баурайлар мен ойпат жерлердегі тығыздау құмды топырақта қияқтың орнын еркекшөп алады.

Далалы жердің ойпаттарында өсетін екркекшөптің масақтары-жалпақ, үш бұрышқа ұқсас келсе, ал оның құмда өсетіндерінің масқтары-жіңішке және ұзын болады. Мұның биік және көп сабақты келетін түптері қопа болып та өседі. Еркекшөп жазық жердегі құмдарда да өседі, жазық құмда өскен еркекшөпті пішенге арнап шабады.Оңтүстік құмды шөлдерде қияқтың орнына бетегеге ұқсас селеубояу деген злак өседі. Бұл тіпті шағыл құмдарда да кездеседі. Шағыл-сусылдақ жылжымалы құм, желмен бірге сусылдап жылжып отырады. Тынық күндері де жоғарыдан төмен қарай су төгілгендей болып,құм сусылдайды да жатады.

Алматы облысының Іле өзені жағасындағы Сарыөзек паселкасы мен Аяққалқан курорттарына таяу жердегі шағылдан адамды таңқалдыартан дыбыс естіледі; бұл дыбыс сусыған құм түйіршіктерінің бір-біріне үйкесуінен туады. Селеубояу жан-жағына мықты, жуан және қамшының өрімі тәрізді тамырлар шығарады. Селеубояудың жер бетінен биіктігі жарты метрдей-ақ болғанымен тамыры айналасындағы метр жерге дейінгі сусымалы құмды бекітеді.

Алматы облысының Іле поселкасында жақын жердегі Қазақстандағы ең ірі Қапшағай су электр станциясын салу үшін даярлық жұмыстары басталған жердің маңында, Қаскелең өзенінің сол жағалауларында , Қаскелең маңы Мойынқұмы дейтін құмды шөл бар. Бұл арада бір жылдық жабайы қара бидай өседі. Мұның сабаны жіңішке, масақтары сынғыш, дәндері мәдени қара бидайдікі тәрізіді, бірақ майда болады. Көктемі жылы және жауын-шашын болғанжылдары, бұл шөлдің кейбір жерлерінде жабайы қара бидай адам қолдан еккендей қалың өседі.

Құм түйірлерінің де , шыны тәріздері сияқты өткір қырлары болады. Злактардың жіңішке және нәзік шашақ тамырларына құмды аралап жерге кіріп бара жатқан жерге кіріп бара жатқан кезде, құм түйіршіктері зақым келтіруі мүмкін. Мұндай жағдайда өскен құм злактарының тамырларында тамаша қорғаныштық пайда болған: тамырдың бет жағынан желім тәрізді зат бөлініп шығады. Бл затқа айналасындағы құм қиыршықтары жабысып, өіп келе жатқан айналасында жіңішке қатты түтікшелер пайда болады. Осы қатты түтікше злактардың нәзік тамырларын құм түйірлерінің өткір қырлары кесіп кетуден қорғайды.

Құмды шөлдерге малға жем-шөпке арнап көпжылдық қара бидай тамырларының айналасында ,құм злактарынікі сияқты, қорғаныш боларлықтай қатты түтікше бірінші жылдың өзінде-ақ пайда болады. Бұған қарағанда, өсімдіктер өздерінің өскен жерінің жағдайына қарай бейімделе келіп, өзгеретінін көреміз. Құмдарда майда шөл қияқтары көп өседі. Шөл қияқтары аласа, тамырсабақтары бар, оларарқылы өсімдік өзіне керекті суды маңындағы топырақтан сорып алады. Қияқтардың жапырақтары ұсақ болады, олар жазда кеуіп кетеді, сол кепкен күйінде қыстап қалады. Сондықтан бұларды «тік тұрған пішен» дейді.

Құрғақшылық түсе бастаған кезде қияқтың жапырақтары ұшынан төмен қарай көбейе бастайды: алдымен қызарады, содан кейін сарғаяды, сөйтіп ең ақырында күреңдетеді. Бұл кезе хлрофил мен қоректік заттар жапырақтардың түп жағына келіп, одан ары тамыр мойнына жылжыйды. Алайда, жапырақтары кеуіп және уақытша қурап қалғаны мен, олардың құрылысы бұзылмайды. Жауын-шашын болса болғаны, әлгі қурап қалған жапырақтар қайтадан бұрынғы қалпына келіп, жапырақ тақталары түбінен бастап ұшына дейін көтереді. Шөл сияқтары- қой үшін негізгі шөптің бірі. Құрғақшылық түскен кезде шөл өсімдіктерінің көпшілігі ұйықтаған сияқты болып, тыныштыққа көшеді. Құм төмпешіктердің арасында көптеген төбешіктер болады.

Бұл ойпаттарға қоректік заттар және үрлесін қар көп жиналады да, көктемде ол араға қақ тұрады. Көп ұзамай-ақ бұл қақ кеуіп кетеді. Осы жердің қатайған топырақтарын мүктер қоныстайды. Көктемде мүктер көгереді, өседі және көбейеді. Осы күйінде бір-екі апта тұрады. Одан соң су буланады, оның орны тағы да көбейеді; мүктер де кебірсиді, күтерлек болып, түсі бозарады. Осындай күйдегі мүкті дымқыл құмның үстіне қойып, оның бетіне бу көбею үшін олардың үстіне шыны стақан төңкеріп қойса, біраздан соң көз алдымызда ылғалды бойына тартып көгере бастайды.

Шағылдың сусылдақ жылжымалары құмдарында алабота тұұымдасына жататын біржылдық өсімдік құмаршық көп өседі. Мұның жасылдау келген реңсіз ұсақ-ұсақ гүлдері болады. Құмаршықтың шумақтанып жатқан тамрлары өзінің өсіп тұрған айналасындағы бірнеше метр жердің құмын бекітеді. Құмаршықтың тұқымы ұсақ болғанымен, оның белогы және майы көп келеді.; сондықтан да кейде мұнй жиып алып, жергілікті ел жарма жасайды. Борпылдақ құмды топырақта көбінесе ебе қаңбақ өседі. Ол қалампыр тұқымдастарға жатады.

Гүлдері өте ұсақ және түсі сәл қызғылттау, барлығы бірігіп сиректеу біткен шашақ бас гүлшоғырына айналады, сондықтан да ол анадайдан көзге түседі. Ебе қаңбақтың жап-жасыл топырақтары сары түсті құмның үстіне төселе жатады; тамырлары жуан келеді, онда дәрілік және желімтік заттары болады. Құмда өсетін шырыш өсімдігінен де көп желім алуға болады. Тығыз құмдарда атам заманнан бері қылша дейтін бұта өседі. Мұнда жапырақ жоқ десе де болады. Ол, сексеуілдікі сияқты қабыршаққа айналып кеткен. Қылшаның жасыл өркені шыршаның жасыл немесе қарағайдың өркендеріне ұқсас.

«Гүлдері»-нағыз гүлге ұқсамайды: гүл желектері жоқ, оның орнына қабыршықтары ғана болады. Жемісі –қарағайдың бүрі сияқты: оның қабыршағында тәтті шырыны болады. Таңдайың кеуіп, ернің кебірсіп келе жатқанда қылшаның жемісін шайнасаң мейіріңді қандырады-шөл жердің шөлі ыстық,ауасы құрғақ болады. Қылшаның жер бетінде өсе бастағанына бірнеше ондаған миллион жылдар өтті. Кейбір ғалымдар қылшаға ұқсас ертедегі өсімдіктер, осы кездегі гүлді ағаштардың, бұталардың және шөптердің ата-тегі деп есептейді.

Қылшада дәрілік заттар болады, сондықтан дәрі алу үшін оны әдейі дайындайды. Осы кездері мұндай құмды шөлдерден бұрғылап жүздеген құдықтар қазылды. Құдық суымен мал суарылады, құдық маңындағы участок суландырылады, ол жеррлерде бау-бақшалар егіледі, жоңышқа себіледі. Құмды шөлдерде қыста көктайғақ болмайды. Ашық күндерде қойды құмның қырқалары арасындағы ықтасын жерлерге жаяды. Құмдардың шетінде шөп дайындалып, қой қоралар салынған.

Сазды шөлдер өсімдігі. Қазақстанның сазды шөлдерінің ауа-райы қатаң, жері құнарсыз. Үстірт, каспий мен Арал теңіздерінң аралығы Маңғыстау түбегі, Орталық Қазақстанның көп жерін алып жатқан Бетпақдала, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы Мырзашөл құлазыған сазды шөлдер.Саз топырақ тығыз келеді, жаңбыр жауса болғаны ми батпаққа айналады. Саздың майда түйірлерінің арасында тар саңылаулар болады. Су жоғары көтерілгенде тұзды жер жер бетіне ала шығады да, сортаң топырақ пайда бола бастайды.

Ойпат жерлерге өте жұқа тұнба қабаттары және тұз кристалдары жинала бастайды; көктемде және жаңбырдың соң мұндай жерде қақ тұрады. Мұндай жерге тұзды топырақтарға төзімді келетін бактериялар мекендейді. Су тез буланып кетеді. Жер кебісімен, ондағы бактериялар мен микроскоптық ұсақ балдырлар мекндейді. Су тез буланып кетеді. Жер кебісімен ондағы бакктериялар мен балдырлардың сыртындағы сілекейі құрғағаннан кейін , мұндағы жердің бетін шымыр, бозғылт, кейде жылтыр түсті теп-тегіс қабық басады. Мұндай жерлерді тақыр деп атайды. Құрғақ кезде тақырлардың бетіне тағалаған аттың ізі де түспейді. Автомобиль асфальт төсеген жолмен жүргендей зымырайды.

Көктемдегі жаңбырдан соң, сортаң саз бен тақырдың сілекейі қабаты жібіп ми балшыққа айналады, да кейін тақырдағы тіршілік құбылысын бақылау өте қызықты. Құрғақ тақырдың беті- ақшыл түсті және шыт-шыт болып жарылып кеткен, үлкенді-кішілі көп бұрышты қыш төсеп тастағандай болып көрінеді. Тақырдың бетіне. Жайпақ табаққа құйылған секілді, су тез жиналса да, бірнеше минуттан соң оның үсті сарғаяды, су тез жиналса да, бірнеше минуттан соң оның үсті сарғаяды, одан соң жасыл тарта бастайды. Балдырлардың тыныштық жаздағы жаңбыр дәуірі тез бітеді де, олар судың ішінде қозғалып, көбейе бастайды.

Бірер сағат өтісімен , көп кешікпей-ақ су буланады, тақыр құрғап, баяғы бозарған күйіне қайта келеді. Тақырға да өсімдік шығады. Тұзға төзімді шөптердің тұқымдары тақырдың жартысына түсіп, сол арадан өніп шығады. Бұл шөптердің көпшілігі алаботалар тобына жатады, оларды сораң немесе күйреуік деп атайды. Бұтақтары мен жапырақтарында сор жиналады да , ауызға салса дәмі сор татып тұратындықтан бұл өсідікткрді сортаң деп атайды.

Күйреуіктің көптүрлерінің шырынды кішкене жапырақтары болады, ал кейбір түрлерінің жапырақтары болмайды, не нашар дамыған бүршік тәрізді жапырағы болады. Бұлардың өркендерінің түсі жазда жасыл болады да күз айларында қызарып және күлгінденіп кетеді. Тақырлардың төңірегін көмкеріп, түрлі-түсті шөптер өседі. Күйреуіктің тұқымдарында да, сексеуілдікі тәрізді, ұшуға бейімделген көнтектеу үлпіктері болады. Бұлар көбінесе сары, қызғылт сары, қызыл және күлгін түсті болып келеді. Күйреуіктер айқын түсті гүлге оранған тәрізді болып көрінеді.

Тақырға тән өсімдіктің бірі-бұйырғын; ол-өте аласа болып өсетін бұта. Бұл да жапырақсыз және бұтақтары шырынды өсімдік. Кішкентай болып өсетін түбінің топыраққа терңдеп кететін жуан тамыры болады, солар арқылы ондағы суды сорып алады. Жапырақсыз өсімдіктер әрқашанда да суды үнемдеп буландырады. Су көбінесе өсімдіктердің жапырақтары арқылы буланады.

Судың булануы шөл жерлерде өсетін өсімдіктердің жер бетіндегі мүшелерін салқындатады, күнге күйдірмейді. Су аз ,шөлді жерлерде жапырақтардың болмауы жағдайға бейімділік. Соның арқасында күн сәулесінің зиянды әсерінен қорғанады және ылғалды үнемдеп буландырады. Қоректік зат жасауға қажетті жылуды, көмірқышқыл газды жасыл бұтақтары арқылы сіңіреді. Жел тақырға құм айдап келеді. Соның арқасында құмның астында қалған тақырдың тығыз беті жұмсайды. Сондықтан бұл жерлерге көп жылдық бұйырған мен бір жылдық күйреуік тез өсіп кетеді.

Сазды шөл топырақтарының бет жағын қатты қабыршақ жауып жатады, өйткені мұнда жер астынан сумен бірге көтеріліп шыққан тұз бен жел айдап келген тұздар саз ұнтағы мен бірігіп қатты қабыршық түзеді. Бұл жерлердегі топырақтың беті де, тақырдікі сияқты, шыт-шыт болып, көп бұрыштанып, жарылып кетеді. Мұндай топырақты – тақырға ұқсас сұр топырақ деп атайды. Бұлар әсіресе сазды шөлдерде көбірек кездеседі.

Сазды топырақ, құмға қарағанда, әлдеқайда құрғақ және тұзды болғандықтан, бұл шөлдерде өсімдік сирек және біртүрлі болып келеді. Мұнда әртүрлі бір жылдық шөптесін және көпжылдық бұта күйреуіктер кездеседі. Бұларды мал күзде және қыста сүйсініп жейді. Өйткені олардың жапырақтары мен сабақтарындағы тұздарды күзгі шық пен жауған жаңбырдыңң суы жуып-шайып әкетеді.

Сазды шөлдерде күйреуіктен басқа жусанның көптеген түрлері өседі. Шөл жусандар мен күйреуіктердің негізгі қонысы. Жусанның көп түрін әсіресе күзд, қой жақсы жейді.

Жусандардың ішінде дәрі-дәрмек жасауға қажетті түрлері де бар. Қазақстанның оңтүстігінде Шымкент облысында дәрмене өседі. Мұның жапырағы мен зәмбіл гүлінен сантонин дейтін дәрі алынады. Бұл дәрі малдың және адамның ішінде паразиттік тіршілік ететін құрттарды – глисталарды өлтіреді. Бұл затты дәрі жасайтын арнайы заводтарда дәрменеден ғана алады. Соңғы жылдары сантонин Оңтүстік Қазақстан жерінде өсетін жусандардың басқа түрлерінен де табылды.

Сазды шөлдердегі өсетін өсімдіктер үшін жылдың ең ауыр маусымы құрғақ жаз айлары. Шөл өсімдіктерінде осы қолайсыз жағдайларға қарсы түрлі бейімдіктер пайда болған. Өсімдіктердің көпшілігі тұқымнан өніп шығады. Үлкейіп көлемі артады, құрылысы күрделенеді,өседі, гүлдейді сөйтіп жаңа тұқым шығарады.

Өсімдіктер тіршілігінің ескі тұқымынан жаңа тұқым пісіп шыққанға дейінгі кезеңін вегетациялық дәуір деп атайды. Шөл жерлерде көктемнің аяғында немесе жылдың бас кезінде топырақ кеппей тұрып, тұқымы өніп, өзі жетіліп, бір,бір жарым айдың ішінде жаңа тұқым беретін өсімдіктер де өседі. Осы сияқты вегетациялық дәуірі өте қысқа өсімдік топтарын эфемерлер деп атайды.

Қызғалдақтар сияқты өсімдіктердің сабағы мен жапырақтары және гүлдері көп ұзамай қурап қалады. Тұқымдары жазғы құрғақшылыққа дейін піседі.Одан соң жер бетіндегі мүшелері қурайды да жер астындағы баданалары немесе тамыр сабақтары жаздағы құрғақшылықпен қыстың қақылдаған аязды күндерінде топырақ астында қыстап шығады.

Көктемде баданадан және тамырсабақтардан жас сабақтар өсіп шығады. Сабақтарының өмірі қысқа болатын көпжылдық өсімдіктерді эфемероидтар деп атайды. Эфемероидтар мен эфемерлер құрғақшылықтардан осылай қашып құтылады, сондықтан да олар әсіресе сазды жерлерде өсетін өсімдіктер арасында көп болады. Эфемерлер мен эфемероидтардың көптеген түрлері болады.

Бұлар көктемде қаулап өсіп шөл жерлерді шабындық тәрідендіріп, отайтып жібереді. Шығымы мол болған жылдары эфемерлерлі шабындықтардың жерін шауып алуға болады. Қыстан қысылып шыққан мал эфемерлі шөпке аузы тисе тез көтеріліп кетеді. Көктемде малға азық болатын эфемерлердің бір- морттық дейтін злак. Мортық еркекшөпке ұқсас, бірақ мұның көпжылдық еркекшөптен айырмашылығы – вегетация дәуірі қысқа. Өсімдіктердің өсуіне өте қолайсыз құрғақ сортаң жерлерде, бойы бір-екі сантиметрдей кішкентай түйеқарындарды көруге болады.

Бұлардың жапырақтары, тамырлары да мардымсыз;денесінің тең жартысын алып жатқан бір, екі жемісі бар. Өсімдік мүшелері қоректік заттар мен бірдей дәрежеде қамтамасыз етілмейді. Егер қоректік зат жетімсіздеу болса,қоректік заттарды ең алдымен өсімдіктің жемісі мен тұқымы алады. Өсімдіктің бүкіл денесі жөнді өсе алмай кәдек болып қалғанымен, қалыпты ұрпақ беретін аздаған тұқым салады.

Қазақстан жеріндегі ең үлкен шөл-Бетпақдалада өте тамаша спиреантус дейтін бұта өседі. Мұның жылтыр жасыл түсті жиегі иректелген,ұсақ қатты жапырақтары бар, сонымен қатар шашақтанып біткен ақшыл көгілдір түсті әдемі гүлдері болады; олар ұқсақтығы болмаса, көбіне алмұрт гүліне ұқсас келеді. Спиреантус Бетпақдаланың кейбір жерлерінде ғана өседі.

Бұл бұта- ертеден бері келе жатқан өсімдік. Бірнеше ондаған миллион жылдар бұрын жер жұзінде адам болмаған кезде Бетпақдала шөлінің орны ылғалды дала болған және мұнда тропик ормандары өсіп, климаты ыстық келген. Спиреантус – сол заманнан қалған өсімдіктердің бірі. Өзінің сақталып қалуына сыртқы жағдайы қолайлы болғандықтан аздаған жерлерде ғана сақталып қалған ескі заман өсімдіктерін реликт деп атайды. Спиреантус Қазақстан жерінің шөлдерінде өте сирек кездеетін реликт болып табылады.

Бетпақдаланың оңтүстігін Жамбыл облысындағы Қаратау және Алматы облысындағы Шу-Іле шөқл қыраттары алып жатыр. Жайпақ қыраттар арасынан тау жыныстары кездеседі. Бұлар бұдан көптеген миллион жылдар бұрын, Қазақстан жерінің шөлдері орнының теңіз алып жатқан кезде пайда болған. Тастар, түрлі түсті саздар, извест тастардан шұбар түсті қалың тау жыныстары қабаты пайда болған. Бұл сияқты тау жыныстарының бетіне извест көп болатын шөл топырақтаоры түзілген. Бұл топырақтарда реликтілік өсімдіктердің бірнеше түрлері өседі.

Бұлардың ішіндегі ең сирек кездесеті медзвецкия. Бұл 1909 жылы жүргізіәлген ботаникалық экспедициялар кезінде Шу-Іле тауынан табылған. Недзведския көпжылдық шалабұта; Мұның жапырақтары ұсақ болады, сабағының ұшында қызғылт көгілдір түсті әдемі гүлдері бар; гүлдері бақшада өсетін петунияға ұқсас. Пішіні сопақтау келген құрғақ қауашағында тұқымдары болады. Бұл өсімдік, певолюциядан бұрын Жетісуда суландыру каналдарын қазған В.Е.Недзветский деген белгілі инженердің есімімен аталған.

Нездвецкияға туыстас өсімдіктер- осы күні тек оңтүстік Африкада ғана өседі. Бұлар баяғы бір замандарда жоғарыда айтылып кеткен жылы теңіздің жағалауында өскен. Ол теңіздер Африкадан Азия арқылы солтүстікке дейінгі аймақты алып жатыр. Тнңіз кеуіп кетіп, оның орнында көлдер, мысалы: Балқаш қана қалған. Кепкен тнңіздің түбі шөлге айналып, шұбар түсті қалың қабаттар қалған. Шу-Іле тауларының шұбар түсті тау жынысы шығып жатқан бірнеше жерінде нездвецкия кездеседі. Нездвецкия Қазақстанда сирек кездесетін реликт болып табылады. Мұны сақтап қалу үшін, осы күні ботаника бақтарда өсіріп көбейтуде.

Тастақ шөл өсімдіктері. Шөл таулары ауа-райының әсерінен бұзылуының нәтижесінде жазық бетін қиыршық тастар басады. Жартастардың үлкенді- кішілі сынықтары араласқан топырағы бар жерлерді тастақ шөлдер деп атайды. Бұл шөлдерде өсімдік өспейді деуге болады. Құрғақ және құнары аз келетін қиыршық тасты топырақтағы өсетін өсімдіктер- аласа және өте сирек –селдір болады. Жартастардың жарығында дала шиесі мен сіңір дейтін бұталар өседі.

Тастардың бетіне, қабыршықтана жабысып, түрлі-түсті қыналар өседі. Кейбір қыналардың денесі шар тәрізді болады. Құрғақ кезде жел оларды үрлеп, ұшырып әкетеді. Кейде қызған ауада алай-түлей құйын шығып, шаң тозанды түтілген жүндей бұрып аспанға көтереді де, оны шөлдерге алып кетеді. Шар тәрізді жеңіл қыналар, әлгі құйынмен бірге басқа жерлерге барып түседі.

Топырағы аз, климаты қаһарлы болғанына қарамастан, адам тастақ шөлдерді де игеріп келеді. Каспий теңізінің жағалауындағы осы күнгі Форт Шевчнко қаласы тұрған жерде, Украинаның ұлы жазушысы Т.Г.Шевченко айдауда жүрген кезеңде, өткен ғасырда бағ орнатты. Сол жерде ақынның өзі тіккен талдары әлі де өсіп тұр.

Сортаң шөл өсмдігі.Сортаң шөл өсімдікке ең қолайсыз мекен. Бұл жердегі топырақ тұз ерітіндісін құйғандай болып жатады. Өсімдіктер мұндай жерлерге ғасырлар бойы бейімделу нәтижесінде ғана өсе алатын болды. Сортаң жерлерде өсетін өсімдіктердің көбі сукуленттер тобына жатадыү. Бұл жерлерге,әсіресе, сораң шөп шыдамды келеді. Сортаң топырақтарда тұз мөлшері әр қилы ьолуы мүмкін.

Мұндай топырақ шөл аймағының ойпат жерлерін, өзендер мен көлерінің жағалауларын алып жатады. Бір кезде егістек, бақша және бақ болған қолдан суарылған жерлердің топырақтарын да тұз басады. Мысалы:Сырдария, Шу, Іле өзендерінің төменгі ағысындағы өзендер. Топырақтың көбірек тұзданған жерлеріне төзімді келетін өсімдіктердің бірі ақтікен. Ақтікеннің көп өскен жерінде, жемістері піскен кезде жабайы шошқалар үйір-үйірімен топтанып жүреді.Қазақстанның сортаң топырақты шөлдерінде сирек кездесетін, синомори деген паразит өсімдік өседі.

Мұның ұзындығы 1 метрге дейін баратын етженді сабағы болады да, оның топыраққа кіріп жатқан ұшының сорғыштары болады. Бұл сарғыштары арқылы басқа бір өсімдіктің, әсіресе ақ тікен дейтін бұтаның тамырына сүлікше қадалып алады. Осы сорғыштар арқылы қоныс тепкен өсімдіктің денесіне қадалып алып,сол өсімдіктің денесіндегі сумен даяр қоректік заттар мен ерітіндісін сорады. Бұл сияқты паразит өсімдіктің денесіндегі сумен хлорофилл дәндері мен жасыл жапырақтар болмайды. Қазақстанда өте көп кездесетін паразит өсімдіктер – сұңғыла мен арамсояу. Бұл Қазақстанның барлық жерінде өседі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Қажымұратов М «Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер»

«Қайнар» баспасы Алматы 1975ж

  1. Ж.Лұқпанов Р.Әлімқұлова М.Тәртенова «Өсімдік өмір өзегі» Алматы «Қайнар» 1991ж
  2. Б.Муханов Т. Мұсақұлов «Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары»
  3. А.А.Иващенко «Қазақстанның өсімдіктер әлемі суретті энциклопедия» Алматы кітап 2004
Басқа да материалдар Мұғалімдерге Ашық сабақтар Сабақ Жоспарлары Оқушыларға Рефераттар ҰБТ Шығармалар СӨЖ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ