Ш.Уәлиханов «Абылай хан» (ашық сабақ)

0
1482
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

 

Сабақтың тақырыбы
Ш.Уәлиханов «Абылай хан»
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып,белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу;

Сөйлеу барысында суреттерді (қиялындағы) қолдану.

Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: шығарманы оқу барысында оқудың түрлерін қолданады, қажетті ақпараттарды тауып, сын тұрғысынан бағалайды.
Көптеген оқушылар: мәтінге суреттер ойластырады.Кейбір оқушылар: берілген және өзі ойластырған суреттер бойынша еркін сөйлейді.
Құндылық: Елжандылық

Сабақ типі:

Сабақтың әдіс – тәсілдері:

Жаңа білім беру баяндау, түсіндіру, сұрақ – жауап, ізденіс жұмысы
Көрнекіліктер: Ш.Уәлиханов,Абылай хан портреттері, видеоролик, слайд,оқулық, «ББҮ»кестесі, семантикалық карта
Алдыңғы білім: М.Әуезов «Жолда»
Жоспар:
Уақыт Жоспарланған жұмыс түрі Ресурстар
Сабақтың басы

Психологиялық ахуал:

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық

Оқушылар шеңберде жиналып,мұға
ліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту:
Ұйымдастыру кезеңі:
— Қане,бәріміз бір – бірімізге шуақ сыйлайық.Қабағымызды ашайық.Әдемі күлейік.
Жасырын портретті табу.
1.Абай қайдан келді деп ойлайсың?
2.Әкесі Құнанбай кімді күтіп отырған еді.
3.Ол баласы Абайды қалай қарсы алды?
4.Ең алдымен Абай кіммен амандаспақшы болды, шешесі не деді?
5.Абайдың жанындағы жолдастары кім еді?
6.Құнанбайға сипаттама бер.
Сұрақтарға жауап беру арқылы «Абылай» тақырыпты шығарып аламыз.

Жаңа сабақ:
Бейне ролик көру:
Автордың өмірбаяны.
Шоқан Уәлихановтың азан шақырып қойған аты Мұхаммед-Қанапия. Ол 1835 жылы қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Қазақтың ұлы ғалымы , тарихшы,этнограф,географ, фоль-клоршы,ағартушы,демократ.Тегі төре, арғы атасы-Абылайхан. Абылай ханның үлкен ұлы Уәли, Шоқанның бел атасы.Шоқан Абылайдың шөбересі.Ұзаққа созылған дертінен айыға алмай 1865 жылы сәуір айында Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде , Тезек төренің ауылында қайтыс болды. Шоқан азғана ғұмырында аса құнды академиалық еңбектер жазып, құнды мәліметтер қалдырған.
I. Ой толғаныс
Балалар, «Абылай» кім ,ол туралы не білесіңдер?
«ББҮ» кестесі

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Әбілмансұр
Сабалақ
Абылай хан
Елді басқарған
Абылайхан ұрпақтары жөнінде?
Қандай ер-ліктер көр-сеткенін ?
ержүрек сарбаз,батыл қолбасшы,
әділ хан,
Шарышты өлтірген,
Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген

«ББҮ» кестесі

Абылай хан туралы видеоролик көрсету.
Абылай хан – қазақ ордасының ханы. Қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері

. Жиырма жасында хан сайланған Абылай жарты ғасырға жуық хандықты абыроймен басқарды. Абылай хан қазақ ханы, батыл қолбасшы. 15 жасында жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен. 1771 жылы Әбілмәмбет өлгеннен кейін хан болады.
Абылай хан – өктем әкім,айлакер дипломат,өте шешен,үлкен өнер иесі,арқалы күйші. Оның «Алабайрақ»,«Ақ толқы»,«Қайран елім»,«Қара жорға»,«Шаңды жорық» және тағы басқа күйлері осы күнге дейін жеткен.

Ресей патшасы,Қытай империясы, Жоңғар, Бұхар,Хиуа хандары Абылай хан тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. Он сегізінші ғасырда Қазақстанды жаулап алуды көздеген Жоңғар хандығымен Маньчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып күшін біріктіруде Абылай хан зор рөл атқарды.
Оқулықпен жұмыс
II. Мағынаны тану
Тізбектей оқу
Іштей оқу.
Сөздікпен жұмыс
Тауқымет – ауыртпалық, бейнет, азап.
Қоңтайшы – жоңғар ханы.
Ақ киізге көтеру – қазақтар хан сайлаған кезде, оны халық ақ киізге көтеріп, сонан кейін ғана таққа отырғызатын.
Тәңірі – құдай, Алла Тағала.
Тәбәрік – естелік үшін қасиеттеп берілетін дүние, мүлік.
Дәрмені – қуаты, күші.
Шығармашылық жұмыс
І топ «Баяндаушы»

Мәтін оқып,мазмұнын баяндап береді.
ІІ топ «Зерттеуші»
«Абылай хан» мәтінімен таныса отырып, хан Абылайға топтастыру стратегиясын құрыңдар.
Абылай хан

Ахмет Иассауи кесенесінде жерленген
1711 жылы туған.
Сабалақ.
Қоғам қайраткері.
Әділ хан.
Ержүрек, сарбаз.
Тәсілгер.
Еш теңдесі жоқ хан.
1781 жылы дүние салды
ІІІ топ «Өлең құрастырушы»
5 жолды өлең құрастыру
1.Зат есім Кім? Не?
2.Сын есім Қандай?Қай?
3.Етістік Не істейді?
4.4 сөзден құралған сөйлем
5.Тілек сөз

Постер қорғау
IV. Қорытындылау
1.
Шоқан кім?
2. Абылай ханның шын аты кім?
3. Халық неден қатты қиналады?
4. 1730 жылы шабуыл жасаған Жоңғар қонтайшысы кім?
5. Әңгімеден тағы не түсіндің?

«Абылай» сөзжұмбақ шешу.
ҚалмАқ
Башқұрт
аштЫқ
ҚаЛдан Серен
ЙАсауи
РесеЙ
ХVІІІ ғасыр мен ХХІ ғасырды салыстыру.

Бейне ролик

Слайд

Шоқан суреті

«ББҮ» кестесі

Абылай хан суреті

Оқулық

А 4 парақшасы

маркер

Сабақтыңсоңы

Үй тапсырмасы.Өлеңді түсініп оқып келу.

Кері байланыс.Білім ағашы
Стикерге өздеріне не ұнағанын жазып ,білім ағашына орналастыру.
Бүгінгі сабақ кызықты болды ма?

Не ұнады? Неліктен?

«ББҮ» кестесіндегі «Үйрендім» бағанасын толтыру.

Қосымша мағлұматтар

Дифференциация–

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау –Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс(тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(сабақ беру және оқытуға қатысты):1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізереді(сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ