ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

0
29514

СҮЙЛЕМЕНОВА А.М.
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл
әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеуде,
осыған орай бүгінгі күні білім беру мекемелері мен ұстаздарға үлкен талап қойылуда.
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – шынайы өмірде оқушылардың ағылшын
тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады.Ағылшын
тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді.Орта мектепте ағылшын тілін
оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. Содан бері қарай көптеген өзгерістер
енгізілді. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология
бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады.Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын
тигізуде. Білім алушылардың жан–жақты дамуына, сапалы білім алуына,өмірде
жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы менгеруінің маңызы үлкен.
Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін
көптеген әдістер пайда болды. Сондықтан, әр мұғалім өзінің шығармашылығын дамыта
отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс. Сонымен, еліміздің мектептерінің
оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы
инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының
толығымен жаңаруына себепші болуда.Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз
ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету,өзіндік
пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру,оқушылардың,
танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде
танылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде
интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды роль атқаратыны анықталды.[1.14]
Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен
оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары
жүйесін негіздеп,олардың педагогикалық,психологиялық шарттарын жасау арқылы
айқындалды.
-инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту-мақсатты түрде жобаланып
саналы түрде ұйымдастырылатындығы зерттеу барысында нақтыланады;
-ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің өзара
байланыса, араласа қолданылуы зерттеуде айқын көрінеді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Жалпы білім беретін орындарда ағылшын
тілін ақпараттық коммуникативтік технологиялар жүйесімен оқытудың әдістемелік
тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық –мазмұндық болмысы мен технологиясы
туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі
ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады. Зерттеудің практикалық құндылығы. Жұмыста қарастырылған нәтижелер жалпы
білім беретін мектептерде шет тілін оқытуда оқушыларды коммуникативті оқыту
технологиясы негізінде сөйлеу дағдысын қалыптастырудың тиімді жүйесі ретінде
ақпараттық технологияны, компьютерді мультимедианы қолданудың артықшылығы
тәжірибе жүзінде дәлелденіп, негізделді; зерттеу нәтижелерін мектепте ағылшын тілі
сабағында қолдануға болады.
Бірінші тараудың бірінші тарамшасында ағылшын тілін оқытудың құрылымдық
және мазмұндық негіздері сипатталады. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап
есептелінеді, әрине осыншама уақыт ішінде оқыту әдістемесі де әр кезеңде тілдің әр
аспектісіне назар аудара отырып көптеген өзгеріске ұшырап отырды.
Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген екен:»Take care of the
first two stages and the rest will take care of itself». Бұл кездегі бағдарламада оқыту,түсіну және шет тіліндегі мәтінді аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен  жазбашаның негізін қалау. Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңге бірінші орынға оқып-түсіну және аударма
қойылады.1961жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша
бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Ауызша сөйлеуде өз ойын айта алу және
ауызша хабарлама жасауға(монолог)және ағылшын тілінде әңгіме жүргізе
білуге(диалог)мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді.
Орта мектепте мынадай талаптар қойылды: ағылшын тілінде әңгімелесе білу;
сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу. Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексиканың көлемі азайды. Бағдарламада тілді  тәжірибелік білу жағына басты назар аударылды.[2.25]
Тіл — сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда
оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша
және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік
мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде
пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге
жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын  тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша  түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады.  Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.
Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді
ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру  үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен  ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен  үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі  тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Сондай-ақ халықаралық қатынастар аясында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен  қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін  тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды.Сондықтан, әр мұғалім  өзінің шығармашылығын дамыта отырып озық іс-тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.
Сонымен, еліміздің мектептерінің оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп оқытудың жаңа түрлері,
әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңаруына себепші болуда.
Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық
педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын
тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалдарының
ақпараттық-коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін
мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі.Жеке тұлғалардың
қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту,
коммуникативті оқыту,ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға
өз бетімен ықпал ету,өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға
қалыптастыру,оқушылардың, танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып
табылады. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады.
Оқытудың негізгі үш түрі бар: 1.тәрбиелеу, 2.ағарту, 3.дамыту.
Оқытудың тәрбиелік мақсаты. Оқушылардың көпшілігінің ағылшын тілін оқуға деген
үлкен қызығушылықпен кірісуі, олардың ағылшын тілінде қалай сөйлейтінін естігісі
және сөйлегісі келеді. Олар алғашқы кезде амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың
атауларын біле бастайды. Осы кезеңде қарым-қатынас екі жақты болуды талап етеді
себебі, олар тыңдай білуге де, сұрай білуге де үйретілуі керек. Оқытудың ағартушылық
мақсаты. Кез-келген тілдің ағартушылық қызметі зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін
халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші және сол тілде сөйлейтін ел туралы хабардар
болуы; өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді. Оқытудың дамыту мақсаты. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттарының негізі
болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде
ойлауды дамыту-тіл білімін дамытудың басты міндеті.[3.4]
Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілін
инновациялық тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Еліміздегі білім беру саласында оқытудың жаңа түрлері, әдістері,жаңа бағыттағы
технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының жаңаруына себепші болуда.
Осындай оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай бағдар деп инновациялық,
технологиялық білім беру жүйесін айтуымызға болады.«Инновация», «Технология»
терминдеріне жеке-жеке тоқталатын болсақ, инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды
ұйымдастыру, жаңалық енгізу, яғни инновациялық үрдістерді мазмұнды
ұйымдастыруды анықтайды. Қазіргі әдістемелік әдебиеттерде «технология» (technology)
деген ұғым «оқыту» деген ұғыммен қатар қолдананылады »Технология» термині
тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы дегеніміз-оқыту техникасы туралы ғылым, сондықтан,  оқыту ғылыми түрінде жүзеге асуы керек, яғни мұғалім қалай оқыту, неге олай оқыту  керек деген білім бірліктілігін білуі тиіс. Оқыту технологиясы қалай оқыту керек деген  ғылыми тұжырымдамамен тығыз байланысты, яғни қандай үдерістер арқылы, қандай әдістер арқылы, қандай оқыту құралдары арқылы, оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай факторларды ескеру қажет және ағылшын тілін үйретуде қалай ескеру керек деген сұрақтарға жауап іздейді. Сонымен, тәжірибелер мен зерттеулер нәтижесі бізге шетел тілінен берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау керек екендігін көрсетті.
Ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытуда көрсетілетін әдістердің барлығы
өзара байланыста,араласа қолданылады. Ақпараттық жүйемен оқытуда түсіндіру әдісі
кино, диафильмдер көрсету арқылы жүзеге асады. Мәтін, елтануға байланысты, мақал-мәтелдер т.б.түсіндіру осы әдіс арқылы жүзеге асады. «Мәтінді тыңдап қайтадан оқып
шығу», «Диалогты тыңдап,қайтадан кейіпкерлердің соңынан қайталап отыру» сияқты
тапсырмалар компьютер арқылы меңгеріледі.
Оқу материалын толықтыру, қорытындылау, қайталау, ал ең бастысы оның
практикалық қолдану дағдысы мен шеберлігін қалыптастыруда бұл ең тиімді әдістердің
қатарына жатқызылады.
Бірінші тараудың үшінші тарамшасында ағылшын тілін үйретудегі
коммуникативтік оқыту әдісінің негізгі ерекшеліктерінің сипаты ашылады.[4.22]
Қазіргі кезде тілді коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар
аударуда.Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін
ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді.
Қатынастық әдіс ХIХ ғ 60-70жылдарында ағылшын тілі халықаралық қатынастық тіл
статусын алған кезде Британияда пайда болды.
Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп,
оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда, болып, олар
білім мазмұнының толығымен түбегейлі жаңаруына себепші болуда.
Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі коммуникативтік оқыту
технологиясы. Осы мәселе жөнінде, яғни ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті
біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г.Нойнер,
Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс ырғағы
сияқты) әрекеттер арқылы болады. Ол алдын-ала жоспарланған, дайындалған болуы
немесе жоспарланбаған болуы мүмкін. Сабақ үстінде әдетте дайындалған, жоспарлы
сөйлеу коммуникациясына көп көңіл бөлінеді.
Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі, олардың түпкі
мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс. Осы
біліктілік коммуниктивтік біліктілік деп аталады.
Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды:
1.Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды
әңгімелесу, сөйлесу, қарым-қатынас туындайтын жағдайларды таба білуі керек. Ол
өзінің іс-әрекетінің, сөйлесуінің, қарым- қатынас жасауының барысында — осы
жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет.
2.Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін өзі қалай ұстайтынын
біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға қойған мақсатына басқалармен бірге жетуге ұмтылады, сондай-ақ қарым-қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тең жағдайда болуға тырысады.
3.Лингвистикалық біліктілік мақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын,іс-әрекетін сөйлеп жеткізе алуға ынталы болады.
Бұл үш компонент бөлек-бөлек емес,керісінше өзара тығыз байланыста болады
деп пайымдайды Г.Нойнер.
Осы аталған коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын іздестіруші
әдіскерлердің бірі Е.И.Пассовтың пікірінше шетел тілін оқытуда мына жайттарды
ескергенде коммуникативтілікке ие болатынын байқаймыз:
1 коммуникативтік сипаттағы оқыту тәсілдерін пайдалану;
2.арнайы жаттығулар жасау;
3.бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру.
Коммуникативтік әдістің жаңалығы неде, ол оқыту ісін қалай ұйымдастырады
оның ерекшеліктері мынада:
1.Коммуникативтілік оқу процесіндегі білік,дағдыны жетілдіруге бағытталады.
Ағылшын тілінде үнемі сөйлеу оқушылардың тілді білмеймін деген ойдан арылтып
оқуға деген қызығушылығын арттырады. Ол үшін барлық жаттығулар сөйлеуге
жетелейтін мақсатта болуы керек.
2.Коммуникативтік бағытта оқыту оқушының жеке бас ерекшелігін ескеруді
көздейді, яғни баланың бойындағы барлық жеке қасиеттері ескерілуі керек. Бұл оның
белсенділігін арттырып, оқуға ұмтылу үшін ең басты құралы болып саналады.
3.Коммуникативтілік функционалдықпен де байланысты, себебі кез келген сөз
коммуникация процесінде белгілі бір қызмет атқарады. Оқушы тілді үйрене бастағаннан
бастап сөздерді іс жүзінде сөйлеу барысында қолданып жаттықпаса, кейін оларды есіне
түсіре алмай, дұрыс пайдалана алмайды.
4.Коммуникативтілік, коммуникативті бағытта оқыту әдісі оқытудың ситуативті
болуын талап етеді. Өйткені, ситуативтілік сөйлеу дағдысының табиғи қасиеті болып
есептеледі. Ситуативтілік сөйлеуге ынталандырудың бір түрі ретінде,сөйлеу біліктілігін
жетілдіретін әдіс ретінде әрі белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету жолы екендігі бұрыннан
әдіскер ғалымдардың көптеген еңбектерінде қаралып келеді.
Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген
әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе
алады. Оқушыларды белгілі бір дәрежеде ағылшын тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға
жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, ағылшын тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады.
Коммуникативтік әдіс мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық
кедергіні бұзады. Коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын іздестіруші
әдіскерлердің бірі Е.И.Пассов оқытудың коммуникативтік әдісінің негізгі белгілері деп
мыналарды атап көрсетті:
1.Әдістің дифференциалдығы әр әдіс нақты бір мақсатқа жету құралы екендігінде
көрінеді. Бұндай мақсат сөйлеу әрекетінің әрбір түрі, нақтылап айтқан осы әрекет түрін
жасай білу.
2.Әдістің оқыту жағдайына байланысты еместігі. Әдіс оқытудың тактикасы емес
стратегиясын анықтайды және сол себептен осы таңдауды тілге,оқыту сатысына
байланысты.
3.Коммуникативтік әдістің мүмкіншілігі сөйлеу әрекетінің берілген түрін жан-жақты қамтиды.
4.Әдісте негізгі өзек бар болғандығы немесе М.В.Ляковскийдің сөздерін
пайдалансақ басты әдістемелік мәселенің шешуінің басымды ойы о бастағы әдістемелік
139
мәселені шешу қызметінің бір-біріне байланысты болуын шарт етеді. Бұл негізгі ой
әдіске кіретін кіретін принциптерді қарастырады, оларды интегралдайды. Осының
негізінде Е.И.Пассов бұл өзара жағдай жасаған жеке әдістемелік принциптер жүйесі, бір
стратегиялық оймен біріккен, сөйлеу әрекетінің қандай түрін болса да үйретуге
бағытталған әдіс деп анықтайды.
Коммуникативтіліктің қандай жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің тигізер
ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына да мұғалімнің үнемі көңіл бөліп
отыруы аса маңызды.
Сондықтан, ағылшын тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту әдістемесін
қолдану –оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бір-бірімен дұрыс
байланыстырып, еркін сөйлей білуіне мүмкіндік береді, бұл әдістемені жиі қолдану өз
нәтижесін береді.Тілді оқытудағы ең басты мақсат- оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын
жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу тілдік қарым-қатынасбарысында адамның өз oйын
жарыққа шығару процесі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан мемлекеті №3 2007ж
2. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2003ж
3. Шетел тілін оқыту әдістемесі №5 2007ж
4. Мектептегі шет тілі №3 2006ж


ПІКІР ҚАЛДЫРУ