УЛЫ ЖӘНДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДАН САҚТАНУ

0
7051

АДАМБАЙ Н.Е.
Жаз айларында география, бастауыш сынып, биология мамандығының студенттері оқу-дала практикасына, ал мектеп оқушылары жазғы демалыста, туған өлкесінің табиғатын
тамашалап, зерттеу үшін топсеруенге, саяхатқа шығады. Жазғы маусым, ауылшаруашылығы мамандарының (малшылар, диқаншылар, шөпшілер және т.б.) иелері үшін науқандық жұмыстардың қызған кезі. Олар көпшілік уақытын тікелей табиғат аясында өткізетін болғандықтан қай-қайсына да улы жәндіктер, жануарлар жайлы біліп, олардан сақтанып жүру артықтық етпейді.
Кейде улы жәндіктер ( қарақұрт, құршаян, бүйі ) мен жануарлар (улы жыландар: дала
сұржыланы, кәдімгі сұржылан, гюрза, Палласов қалқантұмсықты жылан) жайында шындыққа жанаспайтын әңгімелерді естуге болады. Олар адамдарға өздері шабуыл жасап, қуып жүріп шағатын сияқты. Шын мәнінде адам өзі байқаусызда қолымен ұстап қалады, кейде қолы тиіп кетеді немесе оларды аяғымен басып қалады. Сол уақытта олар қорғану үшін шағып алады.Қазақстан жерінде кездесетін улы жәндіктер мен жануарлардың уымен уланудың қиындығы ол тек удың денедегі мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар адамның қай жерін шақты, у қай мүшеге тарады соған да байланысты.
Дүние жүзінде жыланның 2700-дей түрі бар.Солардың 400-ге тарта түрі адамдардың
өмірі үшін қауіпті. ТМД елдерінде жыландардың 56 түрі бар, соның ішінде 11 түрі улы. Ал Қазақстанда жыландардың 19 түрі бар, оның 4- еуі ғана улы. Олар кәдімгі сұржылан, дала сұржыланы, гюрза ( бозжылан), Палласов қалқантұмсықты жыланы.
Қазақстанда жоғарыда айтылған улы жыланның төрт түрінен басқа оқ жылан кездеседі.
Оның улы тістері үстіңгі жақ сүйегінің артқы жағында. Сондықтан ол кесірткі және
тышқандарды ғана шаға алады. Адам мен ірі жануарларға қауіпті емес.
Жүздеген жылдар бойы адамдар табиғатта немесе елді мекендерде өрмекші тәрізділер
мен жыландарды кездестірсе болғаны олардың табиғатын жете білмегендіктен адамдар
қолдарына тас, таяқ алып оларды өлтіруге тырысады, тек улы жыландар ғана емес, ешқандай зияны жоқ усыз жыландар да жапа шегуде.. Мұндай ересек адамдардың жат қылықтарын көрген баланың бойында мейірімділік, адамгершілік т.б. қасиеттерді тәрбиелеу өте қиын.Туған өлкесінің табиғатын зерттейтін студенттер мен оқушыларды және ауылшаруашылық мамандарын улы жәндіктер мен жануарлардың құрылысымен, таралуымен, жыл мезгілінің және тәуліктің қай уақытында көбірек зиянын тигізетіндігімен, адам өміріне өте қауіпті екендігімен, одан қалай сақтана білу шаралары жөнінде түсінік беріп, білімін тереңдетіп, отыру қажет.Республика жерінің бестен екі бөлігін шөл, шөлейт жерлер алып жатыр, бұл өңірдің жазы ыстық, қысы суық, жауын-шашыны мардымсыз, ауасы өте құрғақ, міне осындай аймақтарда улы өрмекші тәрізділер (қарақұрт, құршаян, бүйі) мен улы жыландар (дала сұржыланы, гюрза, Палласов қалқантұмсықты жылан ) түрлері өте көп, олардың ішіндегі ең
улысы және қауіптісі қарақұрт.Қарақұрттар біздің республикамыздың оңтүстік аудандарында кездеседі. Қарақұрт өте әдемі, барқыттай қап-қара түсті. Аналығының үлкендігі 1,5-2 см, улы безі тырнақ тәрізді жоғарғы жағына ашылады, арқасында 13 ашық қызыл түсті дақтары болады; ал аталығының үлкендігі 4-7 мм, улы безі болмайды; аналығының улылығы улы жыланның уынан 15 есе
күшті. Қарақұрттар шөл және шөлейт жерлерде жоталарда, әсіресе жусаны мол жерлерде көбірек кездеседі. Көбінесе суы жоқ арықтың күн түспейтін жағында, кемірушілер мен тасбақаның тастап кеткен інінде немесе қураған ағаш астында және жусан, жантақ, тобылғылардың түбінде, тіптен көпшілік жағдайда ескі бұзылған үйлерде т.б. кездеседі.Қарақұрттың көбеюі үшін ең қолайлы-жаңбыры аз ыстық жаз айлары.Жаздың бас кезінде аналығы өзінің артынан өрмегін сүйретіп шөлді кезіп жүреді, оны аталығы осы өрмегі арқылы табады. Ал шілдеден бастап аналығын ұрықтандырғаннан кейін, табиғатта бірде-бір аталығы кездеспейді. өйткені өздері табиғи өледі немесе аналығы жеп қоядыү.Қарақұрттың көбеюі үшін ең қолайлы-жаңбыры аз ыстық жаз айлары. Жаздың бас кезінде аналығы өзінің артынан өрмегін сүйретіп шөлді кезіп жүреді, оны аталығы осы өрмегі
арқылы табады. Қарақұрттың құрсағының ұшында өрмекші аппараты болады, онда өтпегентесіктері бар, бес колус пішінді төмпешігі орналасқан, одан жабысқақ сұйықтық бөлінеді. Жер бетінен аздап биіктегі шөпке жұмыртқасы бар саны екіден он екіге дейін, диамеърі 1 см шар пішінді,пілләсін салатын қалпақ тәрізді тор тоқиды да оны ұясындағы өрмек жіптеріне іліп қояды. Әрбір пілләсінде 100-600-ге жуық жұмыртқасы болады. Қыркүйекте аналығы жұмыртқасын салып, пілләсін орналастырғаннан кейін өледі.Көбінесе пілләсінің түсі сарғыштау, қыстап шыққаннан кейін ақшылдау болады.Сәуір айында күн жылынысы мен әрбір өрмекші сыртқа шығып, ұзын өрмегінің арқасында жел арқылы тарайды.Маусымда бірнеше рет түлеп, жетілгенше аналығы, аталығы бөлек тіршілік етеді. Сонымен қарақұрттың даму циклі бір жылға созылады. Қарақұрт жас кезінде құмырсқамен, ал ересек кезінде бүрге, құршаян, кейде кесірткелермен қоректенеді. Қарақұрт түнде активті. Олар тек жалаң аяғыңмен басып кетсең немесе өсімдік жинап жүріп жаншып кетіп мазасын алсаң шағады. Сондықтан да біздің аталарымыз ”Қара тасты баспа, қара бүршікке тиме”,- деп айтып ескерткен.
Қазіргі уақытта ғалымдар зертханаларда осы улы өрмекшілердің уынан бағалы дәрілер
жасауда. Сондықтан оларды өлтірмей одан сақтана білудің, қорғанудың маңызы өте зор.
Құршаяндар көбінесе тасты болып келетін шөлді жерлерде кездеседі.
Құршаянның үлкендігі 50-100 мм (кейде 200 мм) жетеді. Оның ұзынша келген артқы
құрсағының артқы ұшында улы безі болады. Безінің кейінгі жағында іші қуыс, үшкір тырнақ түтікшесі болады, шаққанда сол арқылы уы құйылады.
Арахнологтар (өрмекшіні зерттейтін мамандар) өрмекші інінің аузына қарап, көп нәрсені айтады. Егер інінің ауызы өрнектелген мықты өрнекпен керісе, онда өрмекшінің жағдайы жақсы болғаны. Құршаяндар жазды күні өрмегі арқылы қорегін аулайды, ал қыста іннің ішін қаптап, суықтан, жаңбырдан сақтанады.
Көптеген құршаяндар баласын тірі табады, тек кейбіреуі ғана жұмыртқа салады. Көп
жағдайда 25-30-ға жуық балалары кейде бұдан да екі-үш есе көп балалары пайда болады. Түлегеніне дейінгі алғашқы жұмада құршаян балалары анасының арқасында болады, ал бірінші киімін тастағаннан кейін, ата-анасына ұқсайды, денесінің сыртында түк пайда болады, өседі, бірақ анасынан айырылмайды. Құршаян әбден өсіп-жетілгенде ғана өз алдына өмір сүреді.
Құршаяндар түнде активті, егер күндіз ыстық болса, олар баспанаға тығылып жатады.
Көбелек, шыбын, өрмекшілер, кесірткелерді тіптен тышқандарды құйырығындағы
тырнағымен ұрып, оны бөліп өлтіреді.Олар бір жарым жылға дейін аш жүре алады, су ішпейді.Сары түсті құршаянның уы онша қауіпті емес, бірақ удың тиген жері қызарады, ашиды, томпиып ісіп кетеді, адамдар аздап бейнет шегеді. Бүкіл дене қақсап ауырады. Құршаянның уының күші жас ерекшелігіне қарай әртүрлі болады.
157 Құршаяндар шаққан жерін ертінділерге батырылған мақта басып, тез дәрігерлерге апару керек. Құршаяндардың уының емдік қасиеттері зерттелуде. Бірақ, ертеде оны жүйке ауруларын емдеуге пайдаланған.
Сондықтан қазіргі кезде жаңа дәрігерлік препараттар дайындайды. Республика
ғалымдары зертханаларда сары құршаянның уын алып, оның пайдалы қасиеттерін зерттеуде, осындай өрмекшінің биологиясы, экологиясын және сақтану шараларын біліп, олардың пайдасын халыққа түсіндіре отырып, қорғау керек.
Бүйіде- өрмекші тәрізділерге жатады, ол көбінесе шөлді, шөлейт, орманды далалы
жерлерде, кейде өзен жағасында да тіршілік етеді.
Бүйінің үлкендігі 3,5 см, денесі түкпен қапталған. Онда сарғыш, қоңыр, ақ-сұр, қара
дақтары және жолақтары болады. Бүйінің улы безі жоқ, жақтары мықты болғандықтан,
тістеген жерін қатты ауыртады. Олар адам мен сүтқоректілердің өмірі үшін қауіпсіз. Ол күндіз тік қазылған інде жасырынып, түнде қорегін аулауға шығады.
Бүйі інінің іші өрмекпен қапталады, бірақ өрмекші торын құрып, қоректік затын
ұстамайды.Сондықтан өрмекшілердің (қарақұрт, құршаян, бүйінің) зиянынан болашақта пайдасы өте зор болғандықтан оны өлтірмей, олардан сақтану шараларын жүзеге асырып, қорғау қажет.
Қазақстанда улы жыланның 4 түрі (дала сұржыланы, кәдімгі сұржылан, гюрза
(бозжылан) және Палласов қалқантұмсықты жылан) кездеседі. Улы жыландардың басқа
жыландардан айырмашылығы басының пішіні үшбұрышты болады өйткені, көзінің артқы жағында улы бездері орналасқан. Оның уы үстіңгі жақ сүйектеріндегі екі тістің қуысы бойымен тістеген жеріне құйылады. Улы жылан шағып жарақаттанғанда екі ірі нүкте байқалады. Улы жыландардың жіңішкерген мойны жуан денесінен бөлінген, құйрығы қысқа, көзінің қарашығы тік орналасқан.
Сұржыландар тұқымдасының 3 түрі кездеседі.
1. Дала сұржыланының ұзындығы 30-60 см-ге дейін, сұр түсті, басынан құйрық бөліміне
дейінгі арқасында иректеліп, созылып жатқан қара немесе қоңыр жолағы бар. Қалың ши
арасында қыстайды, көктемде шөл, шөлейт жерлерге кең таралып кетеді.
2. Қазақстанның тек солтүстігінде орманды, далалық жерлерінде кәдімгі сұржылан
кездеседі.
3. Республиканың Қызыл-Құмында Пістелі тауда бұтасы сирек өскен жерлерде, шатқал
қуысында немесе тас астында ұзындығы 1,8 м дейін гюрза (бозжылан) мекендейді.
4. Палласов қалқантұмсықты жыланның ең көп мекендейтін жері шөлдің, даланың тау
етектеріндегі сазды, сары топырақты, тасты жерлері. Оның ұзындығы 70 см-ге дейін,
арқасында ұзына бойына көлденең орналасқан жолағы бар. Өзіне тән белгісі: танау тесігі мен көзінің аралығында орналасқан шұңқыршағы – термолокаторы арқылы маңындағы басқа жануарлар денесінен бөлінген жылуды сезетін сезім мүшесі болады. Қорегін түнде ұстайды, күндіз інінде тығылып жатады.Улы жыландар адам өміріне және ауылшаруашылық малдарына қауіпті болғандықтан, оның шағуынан алдын-ала сақтандыратын шараларды білу қажет.Қорыта келгенде, ерте заманда жыланның қастандықтан бөтен пайдасы жоқ деп келсе, қазір ғалымдар, оның ауыл шаруашылығына пайдасын былай қойғанда, адамның өзіне де
емдік-дәрілік қасиетінің бар екендігін ашып отыр. Сондықтан да улы жыландарды жаппай қыра бермей, оның өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасап, табиғатта жүргенде олардан қалай сақтануды еске сақтап, қорғау қажет.
Әдебиеттер
1. Банников А.Г., Даревский И.С. и др. Земноводные и пресмыкающиеся СССР. Москва.
Мысль. 1997.
2. Бобринский Н.А., Мотвеев Б.С. и др. Курс зоологии. Зоология позвоночных. Ч. 2.
Москва. Высшая школа. 1966.
158
3. Кузнецов Б.А. Определитель позвоночных животных фауны СССР. Т. 1-3. Москва.
Просвещение.1974.
4. Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. Ч. 1 и 2. Москва. Высшая школа.
1979.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ