CТУДЕНТТЕРГЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУ

0
2035

Қазіргі кездегі экологиялық жағдайлар бүкіл адамзатты толғандырып отырған
күрделі де келелі мәселенің бірі.Жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру биология, география, педагогика ғылымның өзекті міндеттеріне айналып отыр. Мұндай ізгілікті істерді жүзеге асыруда экологиялық білім мен тәрбие берудің алатын орны ерекше.
Әсіресе, республикамызда экологиялық кризис жағдайы қалыптасуда. Мысалы Арал әлі
де тартыла беруде. Соның нәтижесінде апат қаупі ұлғая түсуде. Қазір тұзды жауынның
салдарынан Памир мен Тянь-шаньның мұзарттары үдемелі еруде. Сондықтан бізге Арал
теңіз үшін теңіз қажет емес, теңіз тіршілік көзін сақтау үшін қажет. Бүгінгі таңда
Балқаштың өлі көлге айналып кетуі ғажап емес. Орталық Қазақстанның миллиондаған
тұрғыны су ішіп отырған Ертіс өзені де өнеркәсіп орындарының суымен үдемелі түрде
уландырылды. Екібастұз ГРЭС-і де айнала қоршаған ортаға айықпас зиянын тигізіп
отыр. Республикамыздың адам ең тығыз орналасқан Тараз жерінде − сары фосфор
өндірілуде. Семей полигонының туған өлкемізге 40 жылдан астам уақыт жасаған
қиянаттары елге, жерге, адам өмір сүретін табиғат ортаға келтірген зиянды зардаптары
т.б.орасан зор. Сондықтанда «Алматы» университетінің педагогикалық пәндер
ұстаздары: п.ғ.к., доцент Ибрагимова З.А., п.ғ.к.,доцент Тлеубергенова К., магистр
Өмірзақова Н. мазмұнына қарай,дәрістерінде зертханалық, практикалық сабақтарында
студенттерге осы проблемаларды комплексті түрде шешу үшін табиғат байлығын тиімді
пайдалануды көздейтін экономикалық механизмдерді, ғылыми, қоғамдық тұрғыдан
экологиялық шараларын жетілдіріп, ұлғайта түсуде.
Биология сабақтарындағы практикалық, зертханалық жұмыстарда да экологиялық
фактордың әсерін білу үшін тәжірбиелер қойылуда .Мысалы: өсімдіктанудан тұқымның
өнуіне қажетті жағдайлар (жарық, температура, ылғал және т.б .).
Биология пәндерінің оқу-далалық практикасына ендірілген экология ұғымы жер
құнары, ауа тазалығы, су, өсімдіктер, жануарлар дүниесі т.б. толығымен ашылды . Оқу-дала практикасында жүргізілетін топсеруен оқу — тәрбие жұмысының бір түрі. Онда
студенттер туған өлкенің табиғатымен, түрлі объектілердің экологиясымен табиғатта,
хайуанаттар паркінде, ботаника бағында, ауылшаруашылық өндірістерінде танысады.
Олардың оқу-дала практикасында өзбетінше істейтін жұмыстары кейіннен курстық
немесе дипломдық жұмысқа жалғасады.
Біздің биология мамандығының студенттері экологиядан ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізу мақсатында Медеу, Ақсай, Қапшағай су қоймасы аймақтарына оқу
— далалық практика, топсеруендер т.б.жүргізеді. Студенттер бүкіл адамзатты атом
апатынан аман алып қалу жолында күресуші дүние жүзінде ең қасиетті қоғам «Невада-Семей» қозғалысының белсенді мүшелері болды. Экологиялық білім мен тәрбие «Жас биолог» биология үйірмесінде «Арал тағдыры – адам тағдыры», «М.Д.Зверев және табиғат»; тәлімгер сағаттарында «Саулығы үшін адамзат –таза болсын табиғат», «Туған өлке — алтын бесік» т.б.; «Қазақстан туған өлкем, табиғаты аса көркем» атты кештермен жалғасады.Студенттер институт қабырғасында алған экологиялық білімдері мен тәрбиесін педагогикалық практика кезінде оқушыларға биология сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда да пайдаланады. Сыныптан тыс жұмыстарда табиғатты қорғау жағдайындағы аңыз-әңгімелер, өнеге сөздер, мақал –мәтердер, жұмбақтар т.б.
пайданылады. Мысалы: А. Байжанов мектебінде «Табиғатым-тал бесігім»- атты кеште
оқушылар «Төлебидің қарлығашқа қамқорлығын» қысқаша үзінді етіп көрсетті.
Жонғар шапқыншылары жолдарындағы елді көшіріп, қырып жойып келе жатып алдында әлі жығылмай тұрған бір киіз үйді көріп қалт тоқтап қалып, танғалып басшысы дереу елші жібереді. «Ана үйге барып біліп кел, неге көшпей отыр»-деп; елшіні Төлеби қарсы алады. Аман жоқ, сәлем жоқ едіреңдеп келген жау неге көшпей отырғанын сұрайды, сонда Төлеби тұрып: «Үйімнің шаңырағына қарлығаш ұя салып еді, балапандары жұмыртқаны жаңа ғана жарып шықты, әлі сарыауыз солар қанаттанып ұшып кеткенше үйді жықпаймын. Ханның да баласы бар шығар, құс баласы адам баласынан кем емес, осы сөзімді Ханға айта бар»-депті.
Елші Төлебидің сөзін Ханға жеткізгенде Хан тұрып: «Опырмай бұл өте табылған
ақыл екен, шынында да балаға қамқорлық керек-ау» деп аттарының басын кері бұрып
кетіпті. Содан Төлебиге «Қарлығаш би» деп ат қойылған екен.
Міне, студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беру ісі табиғатпен өзара
үйлесімділікті сақтаудың кепілі бола алады. Өйткені, біздер «Отанды қорғау− табиғатты
қорғау»- деп түсінгенде ғанаэкологиялық жауапкершілігімізді толық сезінетін боламыз.
Табиғат-адамзат атаулының алтын ұясы, аяулы бесігі, құтты қонысы өсіп-өнер мекені
екенін ұмытпайық.
Қорыта келе, Егеменді еліміздегі студенттерге экологиялық білім мен тәрбие
беруде экологиялық ана тілінде оқулықтар, көрнекті құралдар мен оқу фильмдерін
көбейтсе деген тілек білдіреміз.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ