МЕКТЕП ОҚУ-ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ-ТӘРБИЕ КӨЗІ

0
5120

СЕРҒАЗЫ А.
Мектеп оқу тәжірибе алаңы ашық апан астындағы жасыл зертхана себебі, мұнда
практикалық сабақтар, тәжірибелер, бақылаулар жүргізумен қатар, оқушыларға онда
тәрбиенің де іске асырылатыны мәлім. Өкінішке орай соңғы жылдары оқу-тәжірибе
алаңына көңіл бөлінбей келеді. Сондықтан шәкірттерге берілетін тәрбие түрлеріне де
мән бермейді. Соны ескере отырып біз бұл мақалада оқу-тәжірибе алаңы арқылы
оқушыларға тәрбие берудің кейбір жақтарына тоқталмақпыз.Әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды. Сондықтанда Ұлы ұстаз Абу Насыр әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі», — деген екен. Бұл ақиқат сөз.
Оқу-тәжірибе алаңына бағдарламаға сай оқылатын өсімдіктер себілетіндіктен
оның төмендегідей бөлімдері болады:
1. Дәнді дақылдар бөлімі
2. Бақшалық дақылдар бөлімі
3. Жеміс-жидек, ағаш бұталар бөлімі
4. Сәндік өсімдіктер бөлімі
5. Өсімдіктер биологиясы бөлімі
6. Зоология бөлімі
Енді мектептің оқу-тәжірибе алаңының жеке бөлімдерінен оқушыларға тәрбиенің
қандай түрлерін берілетіндігіне қысқаша тоқталайық:Дәнді дақылдар бөліміне өндірістік мәні зор дәнді азықтық және техникалық өсімдіктер егіледі. Оқушылар өсімдіктерді өсіру, олардың биологиялық ерекшеліктерімен танысу, тәжірибе қою жұмыстарымен шұғылдану барысында олардың табиғатқа ауыл шарушылығына деген сүйіспеншілігін арттырып еңбек тәрбиесін беруде маңызы өте зор болады. «Бақшалық дақылдар», «Жеміс-жидек, ағаш бұталар»бөлімдерінде Организмдердің экологиясына арналған 3 бағытта тәжірибелер жүргізіледі.
I. Өсімдікке абиотикалық факторлардың әсері;
II. Өсімдікке биотикалық фактордың әсері;
III. Өсімдікке антропогендік фактордың әсері.
Мысалы: картоптың өсуі мен өніміне жарықтың әсері.
Мақсаты: өсімдіктің дұрыс өсіп дамуына жарықтың әсерін дәлелдеу.
Тәжірибенің барысы: I вариант – өсімдікті қараңғылайды
II вариант – өсімдікті қараңғыламайды
Тәжірибе жүргізу әдістемесі: белгілі мерзімде картопты 70х35см тереңдігін 6-7 см
етіп отырғызу. Өскеннің биіктігі 6-7 см-ге жеткенде I варианттағы жүйке 3 қабатталған
дәкемен көлеңке жасайды, тәжірибені 2 қайтара жасаған дұрыс.
Қорытынды:Бірінші варианттағы (қараңғылаған)өсімдік баяу өседі, барлығы бірдей
гүлдемейді түйнектері майда болады, саны да аз түзіледі.
Мектеп оқу-тәжірибе алаңында организмдердің сыртқы орта факторлары,
биотикалық және антропогендік факторладың әсерін білу үшін қойылған экологиялық
мазмұндағы тәжірибелердің оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде
маңызы зор. Ол оқушыларды шығармашылық ізденуге үйретеді, экологиялық
білімдерін кеңейтеді тереңдетеді және практикалық жұмыстарға дағдыландырады.
Сәндік гүлді өсімдіктер бөлімі – бұл бөлімді мектеп ауласына жақын
орналастырған жөн, себебі эстетикаклық тәрбие беруде, табиғаттың әсем көріністерін
білдіруде алатын орны ерекше.
Барлық жақсылықтарды гүлге теңейді. Бұдан адам баласының табиғатқа, гүлге
деген мейірімділігін көреміз. Гүл – шынайы достықтың, асқақ мақсаттың, шаттықтың,
қуаныштың, бір-бірімізге деген ыстық сезімнің белгісі. Жұпар иісті құрғақ шөптер
қызғылтты жасылды гүлдер сияқты табиғи факторларды дұрыс пайдалану эстетикалық
тәрбие берудің ең тиімді құралы.
Өсімдіктер биологиясы – бөлімінің мақсаты: оқушылардың табиғатқа деген
сүйіспеншілігін қалыптастырып оған мейірімділікпен қарап, аялап қорғай білуге
тәрбиелеу.
Зоология бөлімі — әсіресе ауылдық мектептердің оқу-тәжірибе алаңында
мәндетті түрде зоология бөлімі болады. Оқушылар жануарлар мен құстарды бағып
күту кезінде олардың өсуімен дамуын бақылайды, денесінің жеке бөлімдерін өлшейді.
Азық нормасының мөлшері арқылы алынатын өнімді есептейді. Сөйтіп осы саладағы
адам еңбегінің түрлерін үйренеді. Бұған қоса оқушылар өнімі әртүрлі бағыттағы
жануарлар тұқымдарын салыстыру арқылы берілген дәрумендер микроэлементтедің
антибиотиктердің жануарлар өсуі мен дамуына салмақ қосуына әсері жөнінде
тәжірибелер жүргізеді. Сондықтан да мектеп оқу-тәжірибе алаңын міндетті түрде
еңбек тәжірибесінің бірінші буыны деп қарау керек. Бұл шәкірттердің кішкентай
кезінен бастап ұжыммен еңбек етуге баулуға, еңбекке және еңбек адамдарына зор
құрметпен қарауына іс жүзінде тәрбиелейді. Жас ұрпақтың бойында еңбекке
ынталылықты, құмарлықты тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар береді. Табиғатқа ауыл шаруашылығына деген сүйіспеншілікті арттырып
қызықтыра отырып табиғат байлықтарын сақтап екі еселендіру жұмыстарын дамытуда
яғни экономикалық тәрбие беруде маңызы зор.
Оқу балаларға білім берсе, еңбек ынталандырады. Балалар өзінің аз да болса
өнімін өндіріп соның игілігін көрсе үлкен бақыт емес пе? Олар есейе келе, қайдан
құлақ шығарамын деп қиналмай, бірден іске кірісіп, өз елінің экономикасын шыр
айналдырып кететіні сөзсіз емес пе? Нарық экономикасында алға озып шығатындар
ақшасы көптер емес. Олар ақылмен, ойдың күшімен ұтып шығатындар.
Сапалы да, саналы да еңбек етуге әдеттендіру, Егеменді еліміздің экономикалық
байлығын арттырудың көзі. Гүлді су құйып аяламасақ құлпырып өспейді. Ұрпағымызда
сол сияқты аялап тәрбиелеу қажет.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ