Балабақша қызметкерлері арасында «ЖАС МАМАН» І республикалық байқауы ұйымдастырылады

4
6511

2017 жылдың қаңтар айының 9 — 31 аралығында еңбек өтілі бес жылға дейінгі мамандар арасында ұйымдастырылатын «Жас маман» І республикалық байқауына қабылдаулар жүргізіледі.

«SKILLS ACADEMY» Жауапкершілігі шектеулі серіктесітігі Martebe.kz білім сайтымен бірлесе отырып республикамыздағы мектепке дейінгі мекемелердергі жас мамандар арасында өтетін «ЖАС МАМАН» І республикалық байқауын оnline режимде жариялайды.

Байқаудың ақпараттық демеушісі – Martebe.kz республикалық білім сайты. Байқауға келген жұмыстар www.martebe.kz сайтында жарияланады.

Қатысушы үміткерлердің жұмыстары 9 қаңтар  мен 31 қаңтар аралығында  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

 

«ЖАС МАМАН» І республикалық жас мамандар байқауының

         ЕРЕЖЕСІ

1.Байқаудың мақсаты 

  • Жас тәрбиешілердің біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу;
  • Республика бойынша жас мамандар ішінен ең үздігін анықтау;
  • Педагогикалық тәжірбие жинақтау және кеңейту, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жас мамандардың мәртебесін көтеру;
  • Жас тәрбиешілердің республикалық деңгейде педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттырып, ғылыми қабілеттілігін жетілдіру.
  1. Байқаудың өту тәртібі
  • Байқауды өткізу және ұйымдастыру ісімен ұйымдастыру алқасы айналысады. Ұйымдастырушы қатысушыларды тіркеуді, жұмыстарды сараптауды, қорытынды шығаруды, марапаттауды жүзеге асырады.
  • Байқаудың жеңімпаздарын анықтау үшін балабақша саласының өкілдерінен тұратын арнайы әділ-қазылар алқасы құрылады. Сонымен қатар, ұйымдастыру алқасының өкілдерінен арнайы ғылыми-әдістемелік кеңес құрылады.
  • Әділ қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Байқауға жіберілген материалдар мен жұмыстар кері қайтарылмайды.
  • Байқаудың марапаттау рәсімі жеңімпаздар анықталған уақыттан кейін екі апта ішінде жүзеге асырылады.
  • Байқауға кез-келген мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандары қатыса алады.
  1. Байқау тапсырмалары
  • ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала 5 (бес) білім беру салаларын қамти отырып, сапалы ұйымдастырылған оқу қызметі (word нұсқасы мен презентация түрінде);
  • Тәрбиешінің жеке портфолиосының электронды нұсқасы (тәрбиешінің жеке басын куәландыратын құжаттарымен бірге слайд түрінде жетістіктері толық қамтылуы тиіс);
  • «Тәрбиеші – бала жанының бағбаны» тақырыбында эссе жазу (көлемі – 2-3 бет, Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).

Ескерту: Басқа адамның және интернет желісінен алынған материалдарды қолдануға қатаң тыйым салынады.

 

  1. Байқаудың марапаттау рәсімі

Байқауға келіп түскен қатысушылардың жұмыстары Martebe.kz білім сайтында жарияланып, сертификат беріледі.

Бас жүлде (1) — диплом,  байқау жеңімпазы үшін арнайы тағайындалған                                                                                                               «Жас маман» төсбелгісі  беріледі.

І орын – диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

ІІ орын – диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

ІІІ орын – диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

«Ең үздік портфолио» номинациясы — диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

«Үздік эссе» номинациясы — диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

«Үздік ұйымдастырылған оқу қызметі» номинациясы — диплом, естелік сыйлық, ғылыми жинақ.

Барлық қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталады.

Байқауға қатысу құны — 4000 тг. Байқауға келіп түскен қатысушылардың      ұйымдастырылған оқу қызметі республикалық ғылыми жинақта жарық көреді. Алу құны — 4000 тг. Алам деушілер үшін байқау жарнапұлымен бірге аударылуы тиіс.

 

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

КНП 859

 

Қатысу үшін төлем жасау жөнінде және байқауға қатысты туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87.

 

Өтініш беру үлгісі

             «ЖАС МАМАН»  атты республикалық жас мамандардың байқауына қатысу туралы өтініш

Аты – жөні  
Туған күні, айы, жылы  
Мекен – жайы, индекс  
Жұмыс орны  
Еңбек өтілі  
Жетістіктері  
Эл. поштасы  
Байланыс номері  
Сапалы фото суреті (міндетті)  

 


4 ПІКІРЛЕР

  1. 2018 жылғы «Жас маман» байқауы болады ма?

  2. Қайырлы күн! Мереке құтты болсын. Жоспарда бар. Ақпан айында өткізіледі

  3. Сәлеметсіздер ме? II Республикалық «ЖАС МАМАН» байқауына қатысып едім. Оның жауабын қайдан білеміз. Осы сайттан кореді деп естігенмін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ