Республикалық ғылыми жинаққа қабылдау басталды

32
6472
ғылыми жинақ

«SKILLS ACADEMY» мекемесі білім беру қызметкерлерінің республикалық масштабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру және заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл педагогтарды анықтау мақсатында «Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы жаңашыл үдерістер»   атты республикалық ғылыми жинағын жариялайды.

Жинаққа мақала жариялау тегін. Қатысушылардың өтініштері 16 қаңтар мен 31 қаңтар аралығында skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады.

Ғылыми жинақтың мақсаты

Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік білім беру мамандарының жұмыстарын танымал етіп, жас педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, мұғалімнің дарынды балалалармен және мектеп жасына дейінгі балалармен шығармашылық жұмыстарын дамыту,  ұстаздардың    республикалық масштабта педагогикалық тәжірибелерімен бөлісу тәсілдерін, біліктіліктерін арттыру, заманауи білім беру жүйесіне сәйкес жаңашыл педагогтарды анықтау, мұғалімдердің ғылыми қабілеттілігін арттыру.

Ғылыми жинақтың салалары

Ғылыми жинаққа мектепке дейінгі білім беру орындары қызметкерлерінің, жалпы білім беретін оқу орындарындағы, сонымен қатар арнаулы орта оқу орындарында оқытылатын барлық пәндер және т.б білім саласы бойынша ғылыми баяндамалар, ашық сабақтар, ашық оқу қызметтері, сабақ жоспарлары, ғылыми мақалалар  мен имидждік мақалалар қабылданады.

 Қойылатын талаптар: Материалдың мәтіні сурет, сызбалармен қосқанда А4 форматында болуы тиіс. Бет санына 2-4 бет. Мақаладағы орфографиялық қателіктерге мақаланы жіберуші жауапты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады. Қаріп түрі Times New Roman, қаріп өлшемі – 12, интервал 1 болуы тиіс. Әдебиеттер тізімі мақала соңында көрсетіледі. Мақаладағы мәтіннің орналасу реті төмендегіше:

  • Облыс, аудан (қала) немесе ауыл;
  • Мекеме немесе ұйым атауы;
  • Автордың аты-жөні(толық);
  • Материал тақырыбы.

 Ғылыми жинаққа өтініштер мен материалдарды қабылдау 

Ғылыми жинаққа материалдар қаңтар айының 31 жұлдызына дейін  skillsacademy.kz@mail.ru электронды почтасына қабылданады. Жинаққа материал жіберу тегін. Жинақты алу ақысы — 4000 тг. Жинаққа жұмыстары енген мұғалімдерге жинақпен қатар сертификат беріледі. Материалдар жарнапұл түбіртегімен бірге жіберілуі тиіс. Жинаққа 10 мұғалімнің материалын жинаған мұғалімге ғылыми жинақ пен сертификаты тегін беріледі.

Біздің реквизит:

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ; БИК: KSNVKZKA

«SKILLS ACADEMY « ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17

КНП 859 

Төлем ақы мақсаты: «Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы жаңашыл үдерістер» атты ғылыми жинақ (қатысушының аты-жөні мен төлемақы мақсаты міндетті түрде көрсетілуі тиіс).

Tөлем жасау жөнінде туындаған сұрақтар бойынша қосымша ақпарат алу телефоны: 8775-998-83-87.

 

«Білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудағы жаңашыл үдерістер» атты ғылыми жинағына өтініш

Аты – жөні  

 

Мекен – жайы, индекс  

 

 

Жұмыс орны  

 

Электрондық поштасы  

 

Байланыс номері  

 

32 ПІКІРЛЕР

  1. Сәлеметсіздер ме? менің сұрағым бар еді. Жинақ пен сертификаттф электронды түрде жібересіздер ме?

  2. Сәлеметсіздер ме?! Сертификатты электронды түрде поштаға алу үшін де 10 мұғалімнің жұмысын жіберу қажет пе, әлде басқа жағдайлар қарастырылған ба?!

  3. Сертификаттын электронды түрде алудың жинаққа қатысы жоқ. Ол сайтта жүргізіледі. Ал жинақ пен сертификат казпочта арқылы жеткізілетін болады

  4. Сәлеметсіз бе? Жіберілген жұмыс 4 беттен аспау керек пе?

  5. Салеметсиз бе! 10 мугалим жумысын жиберу миндетти ме, алде оз жумысын жиберсен болады ма?

  6. Саламатсыз ба!10 мугалимнин жумысын жберсем.10шы озим болсам да тегин сертификат пен жинакты косымша алам ба.алде ол он мугалимнин катарында мен болмау керекпин бе?

  7. Сәлеметсіз бе! Кешіріңіз, мен алдыңғы пікірлердің қатарында жауап бердім деп ойлаппын. 10 мұғалімнің жұмысын төлем квитанциясымен қоса жібересіз. Ал соны ұйымдастырған еңбегіңіз үшін сіздің материалыңыз тегін еніп, жинақ пен сертификат берілетін болады

  8. Сәлеметсіз бе?! Бұл жинақ қашан жарық көреді?

  9. Сəлематсыз ба ақпан айына жинаққа материал қабылдау қашан басталады. Жұмыстарыңызға сәттілік

  10. Саламатсыз ба,жинаққа мақала жиберип едим,қашан шығады?

  11. сәлеметсіз бе! Ғылыми жинақ баспадан шықты енді жер жерге жіберіп жатырмыз. Осы аптада аласыз

  12. Жұма. Ғылыми жинақ алда тағы шыға ма екен?

  13. Салеметсіз бе? Респуб.к жинак осы немесе келер айда бола ма?

  14. салеметсизбе сиздерде казирги уакытта конкурс және республикалық жинаққа материал жинақтап жатырған жоқсыздарма қалай білуге болады екен

  15. Ғылыми жинақ шығару туралы сайт бетінде хабарлап отырамыз. Сайтты қарап отырыңыздар! Осы айда қабылдау басталады

  16. сәлеметсіздер ме? Ғылыми жинаққа жұмыстарды қай кезден бастап жиайсыздар.Келер жылдың қаңтар айы ма? әлде өтіп кетті ме? Одан кейін мұғалімдерге арналған қашықтан өткізілетін сайыстар, байқаулар, олимпиадалар жиі өткізіліп тұрса екен деген өтінішім бар.

  17. сәлеметсіздер ме? Ғылыми жинаққа жұмыстарды қай кезден бастап жинайсыздар.Келер жылдың қаңтар айы ма? әлде өтіп кетті ме? Одан кейін мұғалімдерге арналған қашықтан өткізілетін сайыстар, байқаулар, олимпиадалар жиі өткізіліп тұрса екен деген өтінішім бар. Өтіп жатқан олимпиадаға қатысуға үлгермей қалдық.Алдағы айларда осындай олимпиада ұйымдастырылады ма?

  18. Қайырлы күн! Біздің сайттарды қадағалап отырыңыздар! Міндетті түрде ұйымдастыратын боламыз!

  19. Cәлеметсіздерме martebe.kz «SKILLS ACADEMY» мекемесі ұйымдастырған ІІ республикалық «ЖАС МАМАН» байқауына қатысып жатыр едім. 9 қаңтардан 9 ақпан айына дейін делінген Бүгін төлем жасап жіберсем қабылданады ма? Жазылған телефон номерлер өшіп тұр. РАХМЕТ! Жауап күтемін…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ